ОСӨЖ, СӨЖ нысанының түрлері
Реферат
Рефератты жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек:
Бірінші бетінде рефераттың тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты-жөні жазылады.
Жоспар (мазмұны). Мұнда рефераттың негізгі бөлімі және қай бетте екені көрсетіледі.
Тақырыбы мен жоспардан кейін кіріспе жазылады. Мұнда берілген материалдың мақсаты мен міндеті және тақырыптың өзектілігікөрсетіледі.
Негізгі бөлім. Мұнда рефераттың жоспарланған бөлімдері жазылады.
Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен ұсынысы.
Рефератты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Реферат көлемі компьютермен терілсе 10 беттен, ал қолмен жазылса 12 беттен кем болмау керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне нөмір қойылмайды, бірақ жалпы сан бетіне кіргізіледі). Жаңа бөлімді міндетті түрде келесі жаңа бетке және оның тақырыбын жазу керек.
Тезисті конспект
Тақырыпқа байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады.
«» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау.
Толық конспект (жазбаша жұмыс)
Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады.
Пән бойынша СӨЖ-бен ОСӨЖ-дің тақырыптар тізімі мен тапсырмалары
№1 СӨЖ Тақырыбы: Сөзжасамның жалпы теориясы бойынша библиография жасау.
ОСӨЖ Тақырыбы: Грамматикалық мағынаның түркі тілдеріндегі әмбебаптық қасиеттері. Грамматикалық мағынаның түрлері.
Мақсаты: Студенттерге грамматика және оның салаларын, грамматикалық ұғымдарды,грамматикалық категория, анықтамасын, шарттарын,әр категорияның мағыналық құрамын, көрсеткіштерін, грамматикалық категориялардың сөз таптарына байнаныстылығын ,грамматикалық мағынаның өзіндік белгілерін меңгерту.
Оқыту әдісі: сұрақ -жауап
Достарыңызбен бөлісу: |