Оқытушы басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысын (ОБӨЖ) ұйымдастыруына арналған Әдістемелік нұСҚау 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет7/14
Дата14.09.2023
өлшемі48,67 Kb.
#107434
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Жалпы тіл білімі ӨСӨЖ және СӨЖ

ОСӨЖ Тақырыбы:
Сын есімдердің басқа сөз таптарына ауысуы. Сын есімнің заттануы.
Мақсаты: Тіліміздің өз ішкі дамуы негізінде әр түрлі семантикалық процестер мағына дамуы (мысалы, сөз мағынасының кеңеюі) арқылы тілдің лексикасы байып жаңа сөздер атары толыға түседі. Бұл процес сөзжасамның семантикалық тәсілі екендігін, және тілдегі жалпы семантикалдық процестер бір жағы лексикология мен екінші жағы сөздің грамматикалық сипатымен, грамматикалық мағынамен байланысты екенін меңгерту. Сын есімнің басқа сөз таптарына (зат есімге, үстеуге, етістікке т.б.) ауысуын жаттығу жұмыстарын талдау арқылы меңгерту.
Оқыту әдісі: түсіндіру
Тақырып бойынша тапсырмалар: Көркем әдебиеттегі текстерден заттанған сын есімдерді тауып, сөйлемдегі қызметін ажыраттыру.
Бақылау сұрақтары:
Сын есім зат есімге ауысады ма?
Сын есім зат есімге қандай жағдайда ауысады?
Заттанудың түрлері қандай?
Контекстік заттану деген не?
Лексикалық заттану деген не?
Уақытша толық заттану деп нені айтады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қасым.Б. «Қазақ тілінің сөзжасамы».Оқу құралы. 2019ж.
2.Салқынбай А.Б. Қазақ тілі Сөздік құрам.Сөзжасам: Оқу құралы.
3.Салқынбай А.Б. «Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» 1,2,3-бөлім
4.Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ., Хамимульдинова Л.Ж. «Қазақ тілі» (Негізгі стандарттан жоғары) Оқулық.Алматы, 2015ж.
5.Әлкебаева.Д. «Қазақ тілінің прагмастилистикасы» Оқулық. 2017ж.

6 СӨЖ Тақырыбы: Б.Майлин əңгімелеріндегі жалпы есімдер жəне олардың ішкі мағыналық топтары.


ОСӨЖ Тақырыбы: Қазақ тіл біліміндегі шырай түрлерін топтастыру туралы пікірлер. Шырай категориясының морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы.
Мақсаты: Сын есімнің шырай категориясының орнын, сын есімнің семантикалық және грамматикалық сипатын меңгету.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары.
Тақырып бойынша тапсырмалар: көркем әдебиеттегі текстерден сын есімдерді тауып, шырай түрлеріне талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет