Жоғары білім берудегі академиялық жетістіктерге академиялық адалдықтың ең жоғары стандарттары сақталатын ортада ғана қол жеткізуге болады. Жетісу университетінің студенттері академиялық адалдықты қатаң сақтауға және оның сақталуын оқу процесінің барлық қатысушыларынан талап етуге міндетті. Академиялық адалдықтың кез келген түріне (плагиат, алдау, жасыру, қайталау, сөз байласу, алаяқтықжәне т.б.) тыйым салынады және ұсталғандар қатаң жазаланады. Академиялық адалдық саясатының толық мәтіні https://zhetysu.edu.kz/academic-integrity-policyсайтынан. Студенттердің тапсырмаларын плагиатқа тексеруге болады. Жетісу университеті https://www.antiplagiat.ru, бағдарламасын қолданады, ол көптілді жазбаларды, аударылған мәтіндерді және перифразиялық нұсқаларды тексереді.. Студенттерге жұмысты оқытушыға жібермес бұрын оның
бірегейлігін алдын ала тексеру ұсынылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету және оларды жалпы білім беру үдерісіне интеграция мақсатында тиімді көп салалы қолдау көрсету үшін оқытушы семестрдің басында әрбір инклюзивті студентпен жеке әңгіме жүргізеді. Бұл әңгіме ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге тиімді қолдау көрсетудің әдістері мен құралдарын анықтау үшін маңызды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін сабақта арнайы мақсаттағы құралдарды қолдануға, бақылау сұрақтарына жауаптар дайындауға көбірек уақыт беруге болады. Қажет болған жағдайда бақылаудың жеке нысандарын тағайындауға болады, оқу нәтижелерін бағалау
процедурасы жеке кесте бойынша және бірнеше кезеңде жүзеге асырылуы мүмкін.
Білім алушылар білімдерін бағалауда келесі критерийлер ескеріледі:
Критерийлері
90-100 балл: берілген материал бойынша толық және нақты мысалдар және фактілермен дәлелдеу негізінде дұрыс жауап құра біледі. Жауаптың мазмұны логикалық жүйелі баяндалған. Сонымен қатар, тақырыптан тек 1-2 шамалы ауытқулар, 1-2 нақты қателіктер бар.
70-89 балл: ғылыми терминдерді қолдануда немесе тұжырымдар мен жалпылауларда дәлсіздіктер кездеседі, материал белгілі бір логикалық дәйектілікпен баяндайды. Анықтамалық әдебиеттермен, оқулықпен, бастапқы дереккөздермен жұмыс істеу дағдысы жеткіліксіз (дұрыс бағдарланған, бірақ баяу жұмыс істейді).
50-69 балл: студент тек кейбір жағдайларда нақты тапсырманың жалпы проблемалармен байланысын, себеп-салдарлық байланыстарын түсіндіре алмайды, тұжырымдар жасалмайды, фактілер қарастырылып отырған мәселеге сәйкес келмейді, бағдарламалық материалдың кейбір мәселелері бойынша білімнің жоқтығын көрсетеді.
0-49 балл: талқылау тақырыбы туралы түсінігі аз, жауап мазмұнында қателіктер жібереді,
сабаққа жүйелі қатыспау салдарынан жауаптан бас тартады.
Бағалау түрі
Бағаланатын компоненттер
ОН- мен сәйкесті і
Баллмен
% үлесі
Жалпы % үлесі
Сабаққа қатысу
Кешікпей келеді, сабаққа үнемі толық қатысады
1,2,3,4
ОН
10
6%
60 %
Сабақ уақытындағы белсенділік
сабақта белсенділік танытады, хабарлама жасайды, сұрақтар қояды, өз ұстанымын дәлелдейді, оқытушының сұрақтарына жауап береді, басқа білім алушылардың жауаптарын
толықтырады
1,2,3,4,
5 ОН
15
9%
Қосымша тапсырмаларды орындау (практикалық жұмыс, тапсырмаларды орындау, топтық пікірсайысқа қатысу, және т. б.)
Ұсынылған материалды дәйекті, нақты және қисынды түрде ұсынады; теорияны практикамен байланыстыра алады; тапсырмаларға қатысты жауапта қосымша материал (монографиялар, мақалалар, зерттеулер) қолданады; оқыту бағдарламасында көзделген барлық оқу тапсырмалар орындалады, олардың орындалу
сапасы жоғары
1,2,3,4,
5,6,ОН
75
45%
Эссе
Орындау тәуелсіздігі, ережелер мен тұжырымдарды дәлелдеу қабілеті, нақтылық, проблеманы қоюдың өзіндік ерекшелігі, тақырыпты игеру деңгейі және материалды ұсыну (материалды таңдаудың негізділігі, бастапқы дереккөздерді пайдалану, фактілерді өз бетінше түсіну қабілеті, құрылымы және
логикалық жүйенің болуы).
1,2,3,5
ОН
100
10%
Ғылыми хабарлама
Хабарлама тақырыбы ашылған;
дереккөздерді таңдау белгіленген талаптарға сәйкес; ғылыми әдебиеттің көлемі жеткілікті және тапсырма мақсатына сай, ақпарат нақты, негізделген, бастапқы ақпарат көздеріне сілтемелер бар, келтірілген деректер мен
фактілер хабарламаның тезистері мен
ережелерін негіздеу немесе сипаттау мақсатына
сәйкес
1,2,3,4,
5,6 ОН
100
10%
Кесте
Кестенің ықшамдылығы және жазбалардың нақтылығы талаптарға сай,:
барлық зерттелген нысандар қарастырылған,
кесте нысандары логикалық түрде байланысты, тапсырма мазмұны ашылған
1,2,3,4,
5,6 ОН
100
10%
Талдау негізіндегі блок-схема
Тапсырма бойынша негізгі ұғымдар толығымен анықталған; мәндік және себеп - салдарлық байланыстар анықталған, ұғымдар блоктарының
өзара байланысы толық көлемде ашылған
1,2,3,4,
5,6 ОН
100
10%
Қорытынды
емтихан
100
100%
40%
Тапсыру мерзімдері (Дедлайн)
Оқытушы практикалық тапсырмалардың мерзімін өз бетінше белгілейді.
Оқытушы қабылдау мерзіміне сәйкес берілген тапсырманы қабылдайды және оны бағалайды, журналға тіркейді, орындау сапасын баллмен бағалайды. БӨЖ балдарын электрондық журналға қою мерзімі - 100 балдық шкала бойынша семестрдің 4, 7, 11, 14 апталары