Оќытушы этикасы


Шәкәрімнің адамгершілік-этикалық көзқарастары



бет11/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
1.5. Шәкәрімнің адамгершілік-этикалық көзқарастары
Шәкәрім Құдайбердиев – өзінің артына мол да жан-жақты шығармашылық мұра, поэтикалық та, зерттеушілік те мұра қалдырған ойшыл-ақын, ағартушы.

Шәкәрімнің жарық көрген шығармаларының ішінен келесілерде атап өтуге болады, «Түрік, қырғыз, һәм хандар шежіресі», «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Мұсылмандық шарт», «Үш шындық» және т.б.

Шәкәрім Құдайбердиевтің жарық көрмеген шығармалары Қазақстан Республикасының ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында сақталуды, олардың ішінде – философиялық тарктаттары «Мұтылған өмірі», «Жаратылыс құпиялары», «Өмір- жан дүние туралы», «Қазақтардың түп тамыры», «Жастық пен кәрілік» және т.б.

Шәкәрім арнайы оқу орындарында білім алмаса да, оның шығармалары ойларының тереңдігі мен ой-өрісінің кеңдігін көрсетеді, және оны қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абайдың көзқарастары мен ойларының мұрагері, ізбасары ретінде танытады. Ол Абайдың ағасының баласы және әкесінен ерте айырылғандықтан Абайдың үйінде жеті жасынан бастап тәрбиеленеді. Өлерінің алдында Абай өзінің қаражатымен Шәкәрімді Түркияға, Араб елдеріне, Египетке саяхатқа жібереді, Шәкәрім Мекке, Мәдинеге, Александрияға, Парижге де барады. Түрік, араб, парсы және орыс тілдерін меңгереді.

Ана тілінің және классикалық шығыс тілдерінің классикалық поэзиясы, орыс және еуропалық мәдениеттің озық үлгілерін оқиы отырып, ол философия, этика, психология, дін туралы еңбектерді мұқият зерттеген.

«Түрлі жылдар ойлары» еңбегінде ол былай деп жазады: «72 жыл өмірімде мен шағын да ұлы оқиғалардың куәсі болдым, көпті көрдім, жақсыны да, жаманды да, өзімде қажетті, қажетсіз істер жасадым. «Өзіңнің піріңді тап» деп айтады. Менің пірім Абай болды. Оның жолын қуа отырып, мен руаралық даулардан ерте шеттедім, шындық пен адамгершілік жолын таңдадым, ғылыммен айналыстым. Арнайы білім алмадым, бірақ ылғи да ізденіс үстінде болдым - ұлы ойшылдардың еңбектерін оқыдым, түрлі уақыт пен халықтар жазушыларының өмірге деген көзқарастарымен таныстым, білімді, көпті көрген адамдармен кездестім, әңгімелестім, көп уақытымды жазушылыққа арнадым.

Елу жасымда күнделікті істен кеттім, жалғыздықта болдым және өз ойларым мен бақылауларымды жаза бастадым. Атағымды шығару үшін жазған жоқпын, атаққұмарлық үшін жазылғанның ешбір құндылығы болмайды. Өз өмірімнің келер жас ұрпаққа сабақ боулы үшін жаздым және жазамын....» /8,137/

Әнуар Әлімжанов «Басы мен аяғын жинақтап» атты мақаласында Шәкәрімнің ХХ ғасырдың басында, қырықтан асқан шағында сол кездегі саяси қақтығыстарға қатыспағанын, қанды көтерілістен теріс айналғанын атап өтеді. Теріс айналған несі? Көтерілісшіл топқа қосылмады, қолына қару алмады, қарсыласуға да шақырмады, ол зорлыққа бармады: Шыңғыс тауларына кетіп қалды, дүниеден безді, тек философиялық ізденулермен және өлең жазумен айналысты. Шәкәрім Құдайбердиев адам өмірін адамның жан дүниесін шектеу арқылы қайта құруға үміт артты. Қазақ ойшылы жаңа қоғам құру үшін адамдардан адамгершілік тазаруынан өтуді талап етті, оған өтудің кедергісі ретінде бұқараның адамгершілік тұрғысынан дайын еместігі мен артта қалушылығын көрсетті.

А.М. Құдиярованың «Шәкәрім Құдайберді-ұлының педагогикалық көзқарастары» атты диссертациясында, автордың әділ пікірі бойынша өмірі мен шығармашылығы «ақынның ағартушылық сопылығы» болып табылған Ш.Құдайбердиевтің қоғамдық-ағартушылық қызметі толығымен ашылған. А.М. Құдиярова жұмысында Шәкәрімнің экологиялық көзқарастарын, оның тәлімгерлік туралы ойларын, Ш.Құдайбердиевтің мұрасындағы психология мәселелерін ашады. Біздің ойымызша, диссертацияда павтормен Құдайберді ұлының жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру, оның педагогикалық ойлары мен адамгершілік көзқарастарының ұлттық және жалпы адамдық қайнар көздерін анықтау туралы ойларының генезисін қарастыруға алғашқы қадам жасалған. Осыған байланысты А.М. Құдиярова Шәкәрімнің мұрасындағы жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мәселелерін де назардан тыс қалдырмаған. А.М.Құдиярованың жұмыстағы алған қойған мақсаты Ш.Құдайберді ұлының педагогикалық өсиеттерінің рухани-адамгершілік негізін анықтау болса, біз ең алдымен Шәкәрімнің адамгершілік тәрбиесінің теориясына қосқан үлесін, жеке тұлғаның адамгершілік қалыптасуын деген көзқарасын анықтауға тырысамыз.

Ақынның адамгершілік тұрғысынан жетілген тұлға туралы ойлары оның «Адамгершілік тәрбиесі туралы» деп аталатын өлеңінде айтылады:

.................
Шәкәрім Құдайбердиев бар өмірінде ерекше, еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық - жан тазалығы мен қайырымдылығының барлығына сенді. Әрбір ойланатын, адамгершілікті адамның несібесі – жақындары мен алыс адамдарға қайырымдылық сезімін сезіну. Адамгершілікті адамның жаны басқалардың қайғысы мен қуаныштарына немқұрайлылық танытпайды. Шәкәрімнің айтуы бойынша нәресте таза жан дүниесімен, туа біткен кемшіліктерінсіз дүниеге келеді, жеке тұлғаның қалыптасуы барысында онда оң және теріс қасиеттері қалыптасады.

Өзінің шығармаларында философ жиі оң және терісті бір біріне қарама қарсы қоя отырып, жалпыадамдық моральдық құндылықтардың мәнділігін көрсете отырып адамгершілік категориялары туралы ой толғайды. Ойшыл келесі ұғымдарды қолданады, жақсылық пен зұлымдық, махабббат пен жеккөрушілік, жауапкершілік пен ұятсыздық, игілік пен оңбағандық, адамшылық пен хайуандық, бірлік пен ұрысм-талас, ақыл мен ақымақтық, сезім мен ақыл-ой және т.б.

Ш.Құдайбердиевтің пікірі бойынша, адам ең алдымен рухани жетілуге талпынуы тиіс. Жоғары мақсаттар, адал еңбек, қайырымдылық істер жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін қалыптастырады. Және керісінше, тек «дене» қызығушылығымен өмір сүретін адам, азады, ол эгосит болады, байлық пен билікке жету үшін бәрін пайдаланады. Бұлар болмауы үшін ерте бастан, уақытты босқа өткізу, кербездік, даңғойлық, сараңдық және басқа да адамның теріс пиғылдары қалыптаса бастаған кезден бастап дұрыс тәрбие беру керек. Шәкәрім тәрбиенің маңызды құралы ретінде жақсы үлгіні алады: «Адамның екі қажеттілігі бар - дене және жан дүниесі. Күнделікті өзіне қамқорлық жасау, өзін өзі жоғары қою, даңғойлық – бұл дене қажеттілігі. Ар-ұяттылық, адал еңбек етуге талпыныс - жан дүниенің қажеттілігі. Кімде бірінші қажеттілік жеңсе, ол байлық, бедел мен атақ үшін кез келген зұлымдыққа барады. Екіншісі еңбек пен қайырымдылық істерден басқа ештеңені іздемейді. Егер адам тәжірибесіздігінен жас кезінен әдемі киінуді және көңіл көтеруді жақсы көрсе, уақыт өте келе ол оған әдетке айналады. Кейбіреулер зұлым алдаушыны қайырымды періштемен шатастырады, және оған үйреніп кеткені соншалықты, одан ажырамайды, ал нағыз сұлулық пен пәктіктен обадан қашқандай қашады. Соңында олар өз билігінен айырылады, тіптен өз әрекеттеріне есеп те бере алмайды.» /9,194/.

Ш.Құдайбердиев өз еңбектерінде көп тәмсілдер береді, олардың негшізінде қайырымдылық, адалдық, жомарттық және т.б. секілді адамгершілік каетегорияларының негізі мен орны туралы ой тлғайды. Мысалы, оның жомарттық әрқашан да адамдарға пайда әкеле ме, сол туралы ойларын алайық:

«Бір күні дана Атымтай мал сойып, қаланың кедей, жарлыларын тамақтандыруға бұйрық береді.

Қаланың кедейлерін тамақтандырдым, бірақ далада да аштар бар емес пе»- деп, оларды іздеуге шығады. Ол жыртық шапанды қурай теріп жүрген адамға кездеседі. «Атыматайға бар, ол бүгін барлық жарлылырға тамақ береді»- дейді оған Атымтай.

Жарлы былай деп жауап береді: «Егер сені Атымтай жіберсе, оған былай деп айтып бар: «Өз наны адал еңбегімен тауып, отбасын асырап, ал артығымен басқалармен бөлісіп жүрген адамға садақа керек емес. Бүгін мен әйелім мен балаларыма тамақ табатындай қурай жиналым. Енді ана ақсақ шал үшін жинап жатырмын.

Атымтай өзінің садақаларымен еңбек ете алатын сау адамдарды бұзбаса болды. Екеуміздің қайсымыз шын мәнінде жомартпыз - өзі шешсін». /8,136/.

Өзінің шығармаларында Шәкәрім тәмсілдер айта отырып, өмірдің мәні туралы, адам бақытының негізі туралы ой толғайды және жалпы адамдық құндылықтардың маңыздылығы туралы қорытындыға келеді: мысалы, адалдық, еңбексүйгіштік, төзімділік, қайырымдылық және т.б.

«Нанның кесегі – жанның баға жетпес досы, ал ақша мен байлық - мақтаншақтық серігі деп бекер айтпайды. Тары түйірі мен бидай дәні адамды ашаршылықтан сақтап қалады , ал алтын-күміс – тек металл ғана». /8,135/.

«Кімнің басына қайғы түссе, ол өзін бақытсыз адаммын деп сезінеді, бұрынғы өткендерді ойлап қайғырады, қараңғы түннен кейін таңның ататынын ойламайды. Бұл қайғырулар - шыдамсыздардың нәсібі. Адамдардың ішіндегі жалқауланбай еңбек ететін, және төзімді адамдар ғана нағыз адамдар».

Ш.Құдайбердиевтің қатыгездікті, сараңдықты, шыдамсыздықты және т.б айыптаушы көптеген ойларын біз Шәкәрімнің моральдық кодексі ретінде қабылдаймыз.

«Кім жалқаулықтан бас тартпаса, жаман әдеттерден арыла алмайды. Адам мыңдаған жауынгерлерді алдаумен өлміге апаруы мүмкін, бірақ ол өзінің жаман әдеттерінен бас тарта алмайды.»

«Түйірлеп жақсылық жасай отырып, бәз таудай күнәмізден арыла аламыз. Біз бұдан кейін өзімізді адамбыз деп ұялмай айта аламыз.»

«Байлық пен даңқты күткен адамдар, ойланбастан өздерінің табиғатына қас өлімге бара алады.»

« Сақ адам сандықты да дұрыстап жаба алады».

«Адамның көзін байлауға болады. Ал жан дүниесінің көзін – ешқашанда».

«Азға қанағат қыл және адал еңбек ет.»

«Ерік-жігер қақапасы ешкімге өз еркімен ашылған емес»

«Ойшыл, өмірлік тәжірибесі мол адам алдағыны болжай алады. Міне соларды әулиелер деп айтады».

«Мен туралы жамандық айтқан адам, маған жамандық жасай ала ма».

«Алдауға үйренген адам зұлымдықтан қашпайды.»

«Ақылды адам тілін тартуы мүмкін, бірақ оны ойларын ештеңе тоқтата алмайды.»

«Адам өледі, ал жақсылығы қалады»

Шәкәрім дінді руханилық пен адамгершіліктің көздері ретінде қарастырады. Өмір мәні, адамның шығу тегі, өлімнің мәні туралы сұрақтарға жауап беруге тырыса отырып, ғалым көптеген діндердің негізін зертетйді: исламды, буддизмді, христина дінін, иудаизмді. Ойшыл Жаратушының әділдігіне күмәнданбады және дін оқуыннан бас тартпады, ол ислам догмаларына ешқашан ермеді.

Алғашында ол «адам жаратушының бар екендігіне ешқандай сенімсіз де адам бәріне қол жеткізе алады деп ойлады». Бірақ жылдар өте дін- жоғары мораль, «рухани көтерілудің берік тірегі» деген қорытындыға келеді.

«Мұсылмандық шарты» атты діни-философиялық трактатында мынадай тараулары бар: «Адам жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс», «Адамдар алдындағы борышы», «Әр адам әрекетке ұмтылады», «Қате әрекеттерден сақтану».

Бұл жұмыста адамдардың санасы мен мінез-құлқына пайдалы әсер ету мақсатында Шәкәрім Құранның жеке сөрелерін қазақ тіліне аударды және құран сүрелерін өзінің түсініктемесімен берді.

«Адам жақсы қасиеттерге ие болуы керек» тарауында адамның бойында болуы тиіс адамгершілік қасиеттердің бірқатарын атай отырып, Шәкәрім оларды Құранның сөздерімен береді.

«Кім дінді өтірік деп ойлайды?» - бұл жетімді қуып, жарлына тамақтандырғысы келмейтіндер..., екіжүзділер мен садақа бермейтіндер емес пе!»

«Жақсы сөз және кешірім менсінбеушілікпен немесе міндет ретінде берілген садақадан жақсы».

Құранның кейбір сүрелерін түсіндіруде ойшыл, өзінің тумаластарына арнай отырып, Алланың бұл қасиетті кітапты өзінің сүйікті құлдары – олардың бір-біріне шыдамдылықпен, жанашырлықпен қарайтын, қайырымдылық пен өзара түсінушілікте өмір сүретін адамдарға жібергеніне олардың назарын аударады. Шәкәрім Құдайбердиев адамдарды Аллаға сенудің бар мәні осында екендігіне сендіруге тырысты. Оның ойы бойынша, Жаратушы әрбір адамның жанын көреді, егер ол кімде кімнің жанынан қандай да бір жамандықты көрсе (зұлымдық, өтірік, әділетсіздік) , бұл жанның иесі Құран талаптарын қаншалықты орындаса да, пайда болмайды, не бұл өмірде, не арғы өмірде жазалануы мүмкін.

«Мұсылмандық шартында» Шәкәрім діни сенім символын адамгершілікпен байланыстыруға, өмірдің берік тірегіне ұятты, төзімділікті, тәубе етушілікті, аяушылықты, қайғыға ортақтасуды, қайырымдылықты, өмірді қастерлеуді, сыпайылықты, игілікті, әділдікті айналдыруға талпынады: «Басқаға өзіңе тілейтінді, өзіңе ұнайтынды жаса. Өзіңе ұнамайтынды басқаға жасама. Егер сізді тонап кетсе, сіздің әйеліңізбен күнәға батса сізге жақсы бола ма. Ойланыңыз, өз ісіңіз өзіңізге қайтып оралуы мүмкін.»

Шәкәрім адамдарға жаман істерін, күнәсін тек тәубе етумен ғана емес, адамгершілікті өмірмен де,қарапайым істермен, зұлымдықты, қайғы-қасіретті, дөрекілікті және т.б. түзетуге болатындығын түсіндіруге талпынды. Бұл істе келесі адамгершілік мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға болады:

- Егер кімде кім саған назар аудармаса, сен керісінше, оған көңіл бөл.

- Егер кімде кім саған жаманшылық жасаса, сен оған жаманшылықпен қайтарма, оны кешір.

- Егер біреу саған келгенін қойса, оған өзің бар, онымен көріс.

Шәкәрім Құдайбердиевтің пікірі бойынша, адам өмірінің мәнін түсіндіруге және одан шығатын адамгершілік басшылығын анықтауға талпынуы керек. Сол себепті де ойшыл төмендегідей ой толғайды: «Өмір – мәңгілік қараңғылығындағы бір сәт. Болмыстан өмір туады және қайтадан болмысқа кетеді. Өмірді әлсіз адам ретінде бастаған адам, оны қауқарсыз қарттықпен аяқтайды.

Ең қымбат уақыт – ересек кезең, өмір ортасы. Осы кезеңнің бір де бір сағаты босқа өтпеуі тиіс. Адам деген атыңды ақтауың үшін, өзіңнен кейін із қалдыруың үшін, жаныңмен тоқтаусыз еңбек ету керек. Бұл кезең – адамгершіліктің жігерлену кезеңі, әлемде өтіп жатқандар үшін моральдық жауапкершілікке ие болу кезеңі.

Ешкім өлімнен құтылған емес: патша да, батыр да, бай да, жаста, шебер де, ойшыл да. Себебі ешқашан бұл өмірге қайта оралмаймыз, осы өмірде ешнәрседен тартынбау керек. Бұл қайырымдылық істер тізбегін түзеді, кейінгі ұрпаққа сабақ болады, қазақ қоғамының болашағына қамқорлықты тудырады»./10;93-94, 154, 267/.

«Бәрі, бәрі өтеді бұл өмірден. Тек осы өмірде тірі қалғандардың есінде қалғандар ғана өлмейді. Тірілер есте сақтағандар да ұмытылмайды. Адам діни-адамгершілік заңы бойынша өмір сүрген және еңбек еткендерді, қасиетті жазбалардың моральдық парызын өміріне айналдырғандарды ұмытпайды.

Құдай заңымен өмір сүру, өзіне жұмақтан орын алу бос армандардан, ислам дінінің салттарын ұстаудан орындалмайды: ақыл – ойлау үшін, көз – көру, аяқ-іздеу, қол - табу үшін берілген. Өмірден өкіну мен өкінішке әкелмейтін жол таңдау керек. Бұл барлық тіршілік иесіне деген сүйспеншілік пен мүсіркеу жолы. Бұл жолда адамнан мөлдір таза ойды, мейірімділікті, қарапайымдылықты, әділдікті, адал еңбекті, таза жүректі, берік достықты талап етеді.»/10;233, 466/.

Шәкәрім Құдайбердиевтің пікірі бойынша, кім әлемдік әдебиеттің ескерткіші – Құранда жазылған жалпы адамдық адамгершілік нормаларының ғасырлар бойғы даналығын бойына сіңірсе сол, адал мұсылман. Мұсылманның өмір мәні - моральдық өзін өзі тануында. Өмірлік жолы - жанының заңғар шыңына көтерілу жолы. Адамның жаны мәңгілік, ол дененің өлуімен бірге жоғалып кетпейді. Өзінің «Үш ақиқат» атты еңбегінде ол былай деп ой толғайды: «Осы өмірде не сепсең, арғы өмірде соны аларсың. Адам жанының барлық қол жеткізген жетістіктері әлемдік жанның мәңгілік қазынасына айналады. Адам жанының шексіз жетіліп отыруына сенім мен таным бізді жеке басымызды жетілдіруге міндеттейді, күш пен жігер береді. әйтпесе не үшін өмір сүреміз?»

«Әділ Мәрия» шығармасында ойшыл адамды және оның өмірін жақсарту жолдары туралы толғанады: «Біздің ойымызша, тек адал еңбек, таза жүрек, ақыл естің саулығы адамдардың өмірінде татулық пен адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Егер адамда бұл қасиеттер басым болмаса, ол тыныштықта өмір сүре алмайды.

Әрине, адам оқуы керек. Білімсіз кәсіп те, өнер де жоқ. Егер осы білім мен дағдыларды табиғат байлығын пайдалану үшін жұмсаса, онда бұл байлық бар адамзаттың қажеті мен пайдасы үшін жеткілікті болар еді.

Мейірімділік, махаббат және адалдық таза жүректен келеді. Ал адал және ақылды адам зұлымдықтан, зорлықтан, мақтаншақтықтан және басқа жаман әдеттерден аулақ болады. Егер адам осы үш қасиетті бойына сіңірсе, онда сөзсіз, бір-бірімен достық пен келісімде өмір сүрер еді. Бірақ та осы құнды қасиеттерден басқа, адам өз өмір жолында зиянды қасиеттерді де бойына сіңіреді. Бұл – пайдакүнемдік, эгоизм, мақтаншақтық. Олардан басқа барлық жаман қасиеттер туады, мысалы, зорлық, өтірік, мансапқорлық, қанқұмарлық және т.б. демек, осы жаман әдеттерден арылу жолын іздестіру керек. Ең алдымен, басшылыққа ақылды да адал адамдарды тарту керек, өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуді материалдық қамтамасыз ету туралы заңды жасау және қабылдау қажет, оны бұзушыларды қатаң жазалау керек. Бұл қаражаттарға жастарды еңбекке баулу керек, оларға білім мен қажетті дағдыларды үйрету қажет. Бірақ та жоғарыда аталған жаман әдеттерден арылту үшін оқу мен еңбек жеткіліксіз, «ар-ождан ғылымына» оқыту керек. Бұл ғылымды уәкілетті адамдар жасауы тиіс, оны жеке пән ретінде жазу қажет. Пәннің міндеті адамның намысын, адамгершілігін ояту, оны жаман мінезі мен әдеттерінен арылту. Ал оларды жеңу арқылы адамды жетілдіру қиын емес.»/10,138/.

Шәкәрім Құдайбердиев этикаға – «ар-ождан ғылымына» оқытудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Оның пікірінше, билік басында ақылды, адал, мейірімді билеушілер тұруы керек. Олар мақсаты адамның ар-ожданын қалыптастыру болып табылатын білім беру мен тәрбиелеу жолымен адамдарды адамгершілік тұрғысынан жетілдіруге жағдай жасай алулары тиіс. Ал «ар-ождан ғылымына» келетін болсақ, Шәкәрімнің өз оны өзінің бар өмірі мен шығармашылығы барысында қалыптастырды.

Ар-ождан тақырыбына Шәкәрім Құдайбердиевтің көптеген еңбектері арналды, соның ішінде «Үш анық» еңбегі де. Ар-ождан – бұл жазушының «анықтарының» бірі. Ол бұл ұғымға нені жатқызады? – «Адамның қарапайымдылығын, әділдігін, мейірімділігін бірлікте мен – ар-ождан сөзімен атаймын. Бұған сенбеген адамның жүрегін бір де бір ғылым, бірде бір өнер, бір де бір жол және ешқандай заң тазарта алмайды. Бірақ адам, ар-ождан - жанның бірінші қажеттілігі дегенге сенсе, онда оның жүрегін ешнәрсе қаралай және қатайта алмайды.» /11;71-72/. Шәкәрім осындай қорытындыға келеді.

Ш.Құдайбердиев ар-ожданды және ар-ождансыз адамдар санатын ажыратты. « Қайырымдылық жасамаған, қанға бөккен, екіжүзді және мемен, жек көрінішті және тәкәппар адам – ар-ождансыз және адамгершіліксіз адам. Ар-ождансыз адам - өлі адам, ар-ожданның болмауы - ең жаман ауру, ар-ождансыз зұлым - малмен тең. Ар-ождансыз, намыссыз, адамшылық қасиетінсіз, малдан төмен дәрежедегі тіршілік иесіне жер бетінде орын жоқ. Басқа тіршілік иелерінен адамның артықшылығы, оның адамдығында, адам қасқыр мінезден алыс болған сайын, ол кемелдене түседі.» «Ар-ожданды, ақылды адам зқлымдық, зорлық, зомбылықты жасамайды»./11;72/.

Ар-ұят талаптарынан алшақ кеткен адамдарға Шәкәрім ақырғы күн туралы, Алланың қаһары туралы естеріне салып тұрды. Ұлы ойшыл адамдардың байлыққа ие болу үшін намыс мен жанын сатуға даяр екендігін, қатігездік пен айлакерлікті пайдалана отырып бірін-бірі өлтіруге даяр екендігін қынжыла айтады. Шәкәрімнің ойынша, ең жаманы, ар-ұяты басқаны талап етіп, ал адам басқаны жасауы, тұлғаның екіге ажырауы.

Жас жандарды екіге жарылудан сақтау, оларды таза ар-ұятымен өсіру – ата-ана мен тәрбиешілердің парызы. Ал таза ар-ұятымен адам - адамзат басынан өткерген адамшылық заңы мен нормасын бойына сіңірген адам.

Ш.Құдайбердиев ерте ме, кеш пе, жер бетінде Ар-ұяттың жеңіп шығатынына, зиянды әуесқойлық жойылатынына, әділеттіктің жеңетіндігіне және адамдар адал еңбекпен бірігетініне шын жүректен сенді.

Шәкәрімнің Ар-ұят санаты мен заңдары өзара және жалпы адамдық мораль талаптарымен шырмалып жатыр: ар-ождан мен намыс, ұят қатар жүреді; риясыздық рақымшылдықсыз, адамшылықсыз мүмкін емес; ар-ұятты адамның ішкі қажеттілігі - қоршаған ортасына жақсылық жасау, мұқтаждарға көмек беру; ұят өлімнен күшті, жақсы адам өзі жеке қалған кезде де Ар-ұят пен Аллаға лайықсыз істі жасауға арланады, таза Ар-ұят иесі өзінің біліміне, діни танымына, материалдық жағдайына қарамастан құрметке лайық.

Адамның адамгершілік әрекеті мен мінез-құлқын, тәртібін ынталандыру үшін Ш.Құдайбердиев келесі ұсыныстарды береді:

- тәрбиеленушілерді өзінің ар-ұятымен жеке қалуға дағдыландыру керек; күнделікті өзіне есеп беріп тұруы қажет;

- тәрбиеленушілерге бір күнгі, айғы, жылғы істері жазылатын күнделіктер жазуға үйрету;

- күн сайын кешкілік Ар-ұяттың мәңгі сұрағына жауап беруі қажет: “Бүгін мен қандай жақсылық жасадым?”

Ш.Құдайбердиевтің пікірі бойынша, мораль нормаларын жеке мінез-құлық ережесіне дағдыландыру мен айналдыру тек ортасына, ата-аналар мен ұстаздардың тәрбиесіне ғана байланысты емес, адамның өзіне де, оның сана деңгейіне, жоғары рухани-адамгершілік талаптарын сақтауға деген ішкі ұмтылысына байланысты.

Әркім мақсатына жетпесе де, өзінің мұратына жетуге талпынуы керек. Адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелері шетте болмауы тиіс, олар адамның жеке қасиеттеріне айналуы керек.

Біздің ойымызша, Шәкәрімнің пікірі бойынша мұсылманның адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, әлемдік әдебиеттің ескерткіші – Құранда айтылған жалпы адамдық адамгершілік құндылықтары болып табылады.

Ш.Құдайбердиев алты категорияға ерекше мән береді: өлшем сезіміне, мейірбандыққа, намысқа, ұятқа, төзімділікке және абайлағыштыққа, бұларсыз “ бұл өмірде өмір сүру бекер.”

Оң және теріс категорияларды салыстыра отырып (мейірбандықты - зұлымдықпен, махабатты – жек көрушілікпен, жауапкершілікке- жауапсыздықты,бекзаттыққа - жауыздықты, адамшылдыққа – хайуандықты, достыққа -қастықты және т.б.), жалпы адамдық адамгершілік нормаларының мәнділігін көрсетеді.

Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - адам бойында жоғары моральды, руханилықты нығайту үшін ішкі қажеттілікті қалыптастыру. Дін – жоғары мораль. Адамның рухани көтерілуі үшін берік негі – ар-ұят. Сол себепті тәрбиелеу, “ар-ұят ғылымына” – этикаға оқыту, өзін өзі тәрбиелеу - жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі факторлары.

Адамгершілік тәрбие жолы – беказттық мақсаттар, адал еңбек, жақсы істер.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі әдістерінің бірі ретінде Ш.Құдайбердиев үлгі өнеге.

Ш.Құдайбердиев адамгершілікті адамдар (ар-ұятты) және адамгершіліксіз адамдар (ар-ұятсыз) критерийлерін ұсынады.

Ш.Құдайбердиев адамның адамгершілік мінез-құлқы мен қызметін ынталандыру үшін ұсыныстар жасады.

С. Торайғыров өзінің “Таныстық” атты поэмасында 20-шы жылдардың көптеген қайраткерлерімен бірге Ш.Құдайбердиевке де мінездеме береді. Ол Шәкәрімнің адамгершілік деңгейін жоғары бағалайды. Ш.Құдайбердиев секілді, ол да, адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын аша отырып, адамгершілік құндылық пен антиқұндылыққа шек қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет