ІІ ОҚЫТУШЫ ЭТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Оқытушы этикасының теориялық мәселелері және студенттерді адамгершілік-этикалық тәрбиелеудің мәселелері
Этика – бұл қоғамдық сананың айрықша формасы ретіндегі мораль туралы ғылым, оған адамның барлық қоғамдық және жеке өміріндегі мінез-құлқын реттейтін ұстанымдар, таллаптар, нормалар және ережелер жиынтығы, оның қоғамға, өзіне, өзінің міндеттерін орындауға деген көзқарасы, сондай-ақ адамдардың адамгершілік мұраттары мен адамгершілік құндылықтары туралы тарихи негізделген көзқарастары мен ұйғарымдары жатады. Этика пәні – мораль - адамның қоршаған әлемді мейрбандық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік критерийлері арқылы құнды және рухани-практикалық игеру тәсілі болып табылады.
Мораль қоғамдық практиканың барлық жағының аспектісі ретінде болады және қоғамдық сананың формалары арасында ерекше орын алады: саяси, құқықтық, эстетикалық, экономикалық, діни және т.б., олар адамның моральдық санасын шындықтан бөлек қарастыруда іс эжүзінде болмайды. Моральдың іс-жүзіндегі орны тұлға мен қоғам қарым-қатынасын реттеуде, және оның адам қарым-қатынастарын ретеуші ретіндегі күші, адамның оның талаптарына ерікті және мәжбүрлеусіз баратындағында.
Моральдың бұл ерекшеліктері кәсіби қызметтің кез келген түрінің маңызды құрамдас бөлігі жасайды, себебі кез келген маман мұнда тек маманданған қызметкер ретінде ғана емес, моральдық тұлға ретінде де болады, бұл сөзсіз болатын өзара қарым-қатынас оның кәсіби қызметінің нәтижесіне үлкен әсер етеді.
Қоғамның кәсіби моралі өзара жалпы және ерекше категория ретінде арақастыта бола отырып, жалпы мораль шегінде дамитын жеке адамгершілік жүйесі ретінде көрінеді.
Оқытушының кәсіби моральында ерекше орынды, педагогикалық процессте оқытушы бойында қалыптасатын қарым-қатынастың моральдық аспектілерінде өз мәнін тапқан оның адамгершілік мұраттары мен моральдық ұстанымы алады.
Оқытушы қызметі моральдық фактордық салмағы айрықша зор қызметке жатады, себебі ол өзінің ерекшелігіне қарай педагогтың, тәлімгердің, тәрбиешінің адамгершілік қасиеттерін анықтауға себін тигізеді.
Оқытушы - ол ең алдымен педагог.
Педагог еңбегі өзінің объективті қоғамдық қажеттілігіне қарай әмбебап. Ол әмбебап:
- себебі, қоғамның кез келген мүшесіне арналған, тек оның балалық шағында ғана емес;
- себебі, оны тек педагогтар ғана емес қоғамның бар мүшелері атқарады;
- себебі, қызметтің барлық түріне қатысы бар;
- себебі, моральсекілді адам қызметінің барлық жағынан кіреді, тіпті адамдар басқаларды тәрбиелеумен және білім берумен айналыспайтын жақтарында да.
Педагогикалық еңбекте объектвиті қажеттілік пен ресми анықталғандар апатты, ақарстырылымаған, реттелмеген түрде шырмалаып кетеді. Оқытушы еңбегінің ерекшелігі педагогикалық процеске, жоғары адамгершілікашықтық пен босаңдыққа тартылған адамдардың өзін-өзі ашуын тудыра алмайды. Сондықтан да, кәсіби еңбек шегінде жасалатын және шоғырланған түрде байқалатын оқытушы этикасының нормалары кәсіби емес тәрбиешілер үшін де құнды болады.
Бүгінгі таңда, педагогикалық этика бойынша арнайы зерттеулердің салыстырмалы аздығына қарамастан, біз оның өзінің тарихы және терең даму көздері бар, басын халықтық педагогикадан алатын, қалыптасқан студенттерге этика-педагогикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесімен жасалған теориялық негіздері мен функциялары бар ғылым ретінде қалыптасып келе жатқанын сенімділікпен айта аламыз, бұл болашақ оқытушыны дайындаудың теориясы мен практикасының белгілі бір кәсіби-этикалық негіздерінде қалыптасатыны туралы айтуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық этика этикалық жүйенің қатысты оқшауланған бұтағы болып табылады. Этикалық теория негізінде ол адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық теориясын тұлғаның әлеуемттік және психологиялық теориясымен біріктіреді. Э.А.Гришиннің пікірі бойынша, педагогикалық этиканы бұлай түсіну қағидалық сипата болады, маңызды методолдогиялық және теориялық-қолданбалы мағынаға ие, бұл оны екі жақтан қарастыруға негіз береді. Біріншісы – теориялық-методологиялық - білімнің тиімді жүйесін және зерттеудің әдістерін құрумен байланысты, екіншісі – теориялық-қолданбалы – оны студенттер мен оқытушының адамгершілік тәрбиесінің ғылыми жүйесін құруға тартады. Педагогикалық этиканың мұндай түсіндірмесімен келіспеу мүмкін емес.
Әрине, педагогикалық этиканың теориялық-методологиялық негіздері қоғам санасының арнаулы формалары ретінде жалпы философиялық моральдан шығады. Оның оқытушының кәсіби қызметінің ерекшелігімен байланысты ғылым ретіндегі зерттеу пәні, адамгершілік заңдылықтарын, оқытушының моралі мен практикалық қызметінің жалпы теориясын бағалау ұстанымдарын көрсететін педагогикалық мораль болып табылады. Онда тұлғаның адамгершілік жауапкершілігінің өлшемі оның кәсіби және жеке қасиеттерінің қосылуына дейін жетеді, себебі мұнда кәсіби қызмет пфні ретінде адам тұлғасы, және ең алдымен, оқытушының өз тұлағыс алынады. Осыған орай, педагогикалық этиканың мақсаты оқытушы тұлғасын адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру процессін екі негізгі міндеттерді шешу арқылы мүмкіндігі бойынша басқарылатындай етіп жасау., Біріншіден, педагогикалық этика, оқытушының адамгершілік санасын дамыту заңдылықтарын зерттей отырып, оның кәсіби міндеттерін орындау барысында жеке тұлғасының қасиеттерінің адамгершілік мәнін аша отырып, оқытушы тұлғасына қойылатын адамгершілік талаптарын жасайды, екіншіден, оқытушының кәсіби еңбегіне, оқытушының педагогикалық процеске қатысушылардың бәрімен адамгершілік өзара қарым-қатынастарына қоғамдық қатынастардың арнаулы түрін ретінде қойылатын адамгершілік талаптарын анықтайды.
Қазіргі кездегі әлеуметтік күйзеліс жағдайында елеулі дағдарыстар саясатта, экономикада емес, адамгершілік-рухани салада байқалады: дөрекілік, қатігездік, зорлық, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар, балалар қылмысының өсуі – бұл қоғамдық өмірдің барлық теріс құбылыстары жас буынды тәрбиелеу процесінің негізгі субъектілері, жоғары оқу орындарының оқытушыларына мұқият көңіл аударуды және көмек беруді талап етеді, бірінші кезекте олардың мүшкіл материалдық жағдайы. Сондай-ақ кәсіби дайындауды жетілдіру де қажет.
Оқытушыға, оның кәсіби қызметінің нәтижелілігіне қойылатын талаптардың өсуі оның жоғары білім беру жүйесінде, атап айтқанда, педагогикалық этика мәселелерінің арнайы әзірлемелерін жасауда, өйткені ол жоғары оқу орнында білім беру мен тәрбиелеудің маңызды құрамдас бөлігі бола қойған жоқ, кәсіби дайындығын тұрақты жетілдірудің қажет екендігін көрсетеді. Сонымен бірге түрлі мектептердің педагогикалық процессінде қалыптасатын адамгершілік қатынастар оның қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Өкінішке орай, әлі де педагогикалық этика жеке ғылым ретінде қалыптаспаған, әйтсе де, оның оқытушының, тәлімгердің қызметінің практикалық саласы ретінде мектеп пен педагогиканың даму тарихымен бір мезгілде дамып келген өзіндік тарихы бар. Тіптен сонау антикалық философия-педагогикалық ойдың тарихында, ерекше Ортағасыр кезеңінде, ұстазды этикалық дайындаудың мазмұны туралы ережелер кездеседі. Ары қарай ұстаздың нормативтік кодексінің, тәлімгер тұлғасының адамгершілік мұраттарының, ұстаздың балалармен адамгершілік өзара қарым-қатынасының мәселелері қарастырылатын болады.
Педагогикалық этиканың мәселелері неғұрлым толық оқытушы тұлғасына және оның кәсіби қызметінің сипатына қойылатын моральдық талаптар жүйесін анықтайтын Я.А.Коменскийдің, Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің, Р.Оуэннің педагогикалық көзқарастарында айқындалады.
Орыс прогрессивті қоғамдық-педагогикалық ойлардың этика-педагогикалық идеяларына ерекше назар аудару қажет.Онда екі балама бағыт қатар жүрді: либеральды-демократиялық, өкілдері Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский және революциялық-демократиялық, өкілдері А.И. Радищев, В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г.Чернышевский және Н.А. Добролюбов. Қоғамдық-педагогикалық қозғалыстағы либеральды-демократиялық бағыттың танымал өкілдері ретінде қазақ ағартушылары Ш.Уәлихановты, Ы.Алтынсаринді және А.Құнанбаевты атауға болады. Олар өздерінің еңбекші халықтың өмірін ізгілендірудің адамгершілік мұраттарын оларға білім берумен және ағартумен, ары қарай адамгершілікке өзін өзі жетілдірумен, жеке басын тәрбиелеумен байланыстырған.
Педагогикалық этиканың теориялық негізінің іргетасын қалаушылар ретінде ұстаздар Н.К.Крупскаяны, А.В.Луначарскийді, С.Т.Шацкийді, А.С. Макаренконы және А.В. Сухомлинскийді атайды. Олардың әрқайсысы қоғамдық сананың арнаулы формасы ретінде мораль туралы материалистік ілім негізінде өздерінің, ұстаздың еңбегін мағалаудың адамгершілік өлшемімен, этикалық кредосымен, адамды сүю идеясымен, азаматтылықпен және т.б. педагогикалық этика жүйесін жасады.
Қазіргі кезде оқытушының кәсіби этикасының теориясы мен практикасының мәселелерін ары қарай дамыту жолында жаңашыл-педагог Е.И.Ильиннің (әдебиет сабақтары - адамгершілік сабақтары), В.Ф.Шаталовтың, М.П. Щетининнің және адамгершілік педагогикасымен Ш.А.Амонашвилидің, адамгершілікке өте жақын, бірақ уақыттық жаңа кезеңінде В.А.Сухомлинскийдің, ал Қазақстан Республикасы бойынша – халық ұстазы Құмаш Нұрғалиевтің және т.б. тәжірибелеріне ерекше назар аударылып отыр.
Соңғы жылдары шетелде де кәсіби этика проблемасына деген қызығушылық артып отыр (Б.Кауфман, А.Джерайлд, В.Уоллер және т.б. (АҚШ); Ж.Троншер, А.Ферре, М.Маршан (Франция); П.Петерс, Р.Буш (Англия); Г.Бауэр, Ф.Шнайдер (ГФР); К.Котарский, И.Козловский (Польша) т.б.).
Қазіргі заманғы оқытушы ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде мұғалімнің кәсіби этикасының теориялық негіздерін, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби-этикалық дайындығы бойынша жоғары педагогикалық мектептің жұмысының жүйесін жасаған Э.Г.Костяшкиннің, В.И. және И.Я.Писаренко, В.Н. және И.И. Чернокозовтардың, Э.А.Гришиннің, Я.Г.Якубсонның және т.б. еңбектерін де пайдалану мүмкіншілігіне ие. М.Ачиловтың монографиясында болашақ ұстаздың тұлғасының адамгершілік-этикалық қалыптасу мәселелері өзекті мәселе болып табылатын педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің адамгершілік тәрбиесінің жалпы теориясы мен жүйесі қарастырылады.
Сонымен, оқытушы этикасы – оқытушының кәсіби моралі туралы ғылым, педагогтың моральдық ұстанымы және жоғарыда аталып өткендей, өзінің пәні, мақсаты мен міндеті бар ғылымды, осы ғылымның пәнін құрайды.
Оқытушы этикасының қағидалары мен нормаларына келетін болсақ, онда қабылданған адамгершілік құндылықтары мен мұраттар жүйесін адамгершілік бағалау оқытушының кәсіби қызметінің басты бағыты болып табылады.
Шартты түрде келесілерді бөліп қарастыруға болады. Ең алдымен, оқытушының идеялық мақсатқа талпынушылық қағидасын және оның кәсіби қызметін атауға болады. Қандай да бір әлеуметтік және саяси өзгерістер болмасын, оқытушы белгілі бір жалпыадамдық негіздер мен құндылықтарға негізделуі тиіс мұратсыз, тиісті идеялық көзқарастар мен қағидаларсыз бола алмайды. Қағидаларды бөлуде дәйектелім шарты, сонда да, келесі қағида ретінде, оқытушының азамматтық, отансүйгіштік және интернационализм қағидасын атауға болады, оған сүйенбей адамгершілік педагогикасы да, адамгершілік тәрбиесі де болмайды. Бұл қағиданың интернационалдық тәрбиесі басқа халықтың түсінуі мен қабылдауы деңгейіне дейін ғана емес, оған таңдануға дейін жеткізілуі тиіс: оның мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне, салттарына - өз халқы, өз ана тілі мен мәдениеті үшін мақтанышпен қатар, яғни “тауды төмендетпей, даланы көтеру” талпынысы мен дағдысына дейін. Қ.Мырзалиевтің “Өзбектерге қайран қаламын, себебі өз халқымды сүйемін...” деген сөзіндей.
Келесі қағида - оқытушының кәсіби ізгілік қағидасы, біздің ойымызша, ең терең, өзекті болып табылады. Оған ғаламдық адамзатты сүю ғана емес, нақты адамға, студентке деген сүйіспеншілік, оның тағдыры үшін, оны қалыптастыру үшін жауапкершілік, педагогикалық процесстің барлық қатысушыларымен ізгілікті қатынас. Бұл қағида білім беру мен тәрбие жүйесінің ьасты бағытын анықтайды. Ізгілік – жалпы адамзат пен жеке тұлғаның болмысының әмбебап мәнін бекітетін идеялар мен құндылықтардың жиынтығы. Ізгілік тұрғысынан білім беру мен тәрбиенің мақсаты әрбір адам қызметтің, танымның және қатынастың толлыққанды субъектісі болуында, яғни еркін, ерікті жан, осы өмірде болып жатқандардың бәрі үшін жауапты. Осыған орай, оқу-тәрбие процесін ізгілендіру бұл процестің қаншалықты жеке тұлғаның өзіндік реттеу үшін алғышарттарды жасайтындығымен, оның еркіндік қабілетін, жауапкрешлігі мен шығармашылығын ашумен анықталады. Яғни ізгілендіру қағидасы жеке тұлға ретінде әрбір нақты студенттің мүддесіне, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған.
Қазіргі жағдайда келесі қағида жаңаша – кәсіби қайсарлылық деп аталады, яғни ешбір экономикалық катаклизмдарға қарамастан оқытушының таңдаған жолына деген берілгендігі мен адалдығы, бұл оқытушының міндетті алқалылығы, кәсіби ұжымшылдығы: өзара түсіністік, өзара көмек және педагогикалық процесстегі оқытушылар мен студенттер ұжымына қатысы бойынша педагогтың сөзі мен ісінің бірлігі, бұл негіздің негізін, ынтымақтастық педагогикасын және оның жоғары деңгейі – шығармашылық педагогикасын құрайды.
Кәсіби оптимизм қағидасы, бұл оқытушы үшін ерекше қажет: оны, біріншіден, өз күшіне деген сеніммен, студентке деген сеніммен, абай сенімімен, жоғары оқу орнының, білімнің, қоғамның жарқын болашағына үмітпен және сеніммен, “Әлемде тұрақты ештеңе жоқ. Яғни зұлымды та мәңгілік емес...” деген абай оптимизмімен қаруландырады.
Оқытушы этикасының аталған негізге алынатын адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның адамгершілік өзіндік сана-сезімінің күрделі механизмін анықтайытн базалық адамгершілік категорияларымен тығыз байланысты. Олар, жеке тұлғаның адамгершілік өзіндік сана-сезімінің, оның моральдық құндылықтардың механизмдерін құрайтын субъективті әлемінде өтетін адамгершілік процесстерін көрсетеді: өмір құбылыстарының, адамгершілік қасиеттерін және адамдардың әрекеттерінің сипатының өзіндік бағасы ретіндегі, мейірімділік пен зұлымдық туралы, әділеттік, намыс және т.б. жүйелер.
Педагогикалық этиканың жеке категорияларының мұндай сипаттамасы В.И. және И.Я. Писаренконың “Педагогикалық этика” кітабында берілген.
Оқытушыдан тек адамгершілік қасиеттердің иесі болу ғана емес, оны студенттер алдында әрқашан көрсету қажеттілігі туралы ылғи есте сақтау талап етіледі.
Оқытушы этикасы этиканың намыс пен абырой, ұят пен әділдік, оқытушы мәртебесі мен еңбек тәртібі секілді адамгершілік категорияларын жасайды. Олардың әрқайсысын, осы тарауда атай отырып, кейін арнайы қарастыру үшін қалдырамыз, сондай-ақ оның негізгі компоненттерін анықтау арқылы оқытушы этикасының мазмұнына сипаттама мәселесін қоса.
Оқытушының кәсіби этикасының негізгі компоненттері ретінде шартты түрде, ең алдымен оның еңбегіне, кәсіби қызметіне, сондай-ақ жеке басылық және іскерлік қасиеттеріне тікелей қатысы бар келесілерді ажыратуға болады. Бұл, біріншіден, оқытушы еңбегінің әлеуемттік функциясы, екіншіден, оның кәсіби қызметінің адамгершілік мазмұны. Ары қарай, кәсіби қызметтер жиынтығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқытушы тұлғасының моральдық қасиеттерін және оның тұлғасын психологиялық ұйымдастыру ерекшеліктерін ажыратуға болады. Келесі компоненттерге оқытушының тұлғасы мен қызметінің келесі маңызды адамгершілік-этикалық аспектілері, педагогикалық процесстегі өзара қарым-қатынастың кәсіби қарулануы мен өзіндік ерекшелігі жатады.
Оқытушының педагогикалық этикасының компоненттері туралы айта отырып, оның кәсіби қызметінің ерекшеліктерін көрсететін мінез-құлықтың нормалары мен ережелерін бөлшектеуге болмайды, сондай-ақ жеке тұлғаның жас, өтіл, жыныс, мамандық, жанұя жағдайы секілді басқа да сипаттамаларын және оқытушының кәсіби еңбегінде этика нормаларының көрінуі тәуелді болатын көптеген басқа жағдайларды есепке алмауға болмайды.
Бізбен бөлініп алынған оқытушы этикасының 8 негізгі компоненттері №1 құрылымдық сұлбада берілген.
Жалпы, оқытушы этикасының қағидалары, категориялары және негізгі компоненттері, адамгершілік талаптарының мазмұнын аша отырып, кәсіби қызмет деңгейінің маңызды критериі және оқытушы тұлғасының адамгершілк дамуының шарты, оның адамгершілік мәдениетің маңызды критериі болып табылады. Ол қоғамның адамгершілік-рухани мәдениетінің деңгейіне әсер етпейді.
Осылайша, оқытушы этикасының мәртебесі мен функциясын оның қоғамның әлеуметтік-тәрбиелеу практикасымен байланыстырады.
Сондықтан да, оқытушы этикасының мәселелері бүгінгі таңда әрқашан назарда болуы тиіс. Қай жоғары оқу орнында педагогикалық ұжым оқытушы этикасы мәселесін кәсіби актілер мен әрекеттер, мінез-құлық нормалары мен ережелері жүйесі және оның педагогикалық процесстің қатысушыларымен өзара қарым-қатынасы ретінде аз жұмыс істейді: әріптестерімен және студенттермен, әкімшілікпен және оқушылардың ата-анасымен, және бұл ғылымның мәселелеріне терең үңілмейді және оны тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне қатысы мен жеке мінез-құлқы арқылы тәрбиешінің маңызды психология-педагогикалық әсер ету құралы ретінде қаруланбайды.
№1 сұлба
Оқытушы этикасының негізгі компоненттерінің құрылымдық сұлбасы
Оқытушы еңбегінің 5. Кәсіби
әлеуметтік функциясы қарулану
2.Қызметтің Оқытушы 6. Педагогикалық
адамгершілік этикасы процесстегі
мазмұны өзара қарым-
қатынастар сипаттамасы
3.Тұлғаның моральдық 7. Мінез-құлық
сапалары нормалары мен
ережелері
4.Оқытушы тұлғасын 8. Басқалары:
психологиялық жас, өтіл, жынысы
ұйымдастыру мамандығы, жанұя
жағдайы
Достарыңызбен бөлісу: |