1.4. Абай жастарды адамгершілік-этикалық тәрбиелеу туралы.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -
деп Абай өзінің шығармашылығының мәнін ашып берді. Абай өз шығармашылығын жастарға- өз халқының болашағына арнайды, ал ұлы ойшыл, ақын, ағартушы-демократ өз уақытының қандай да бір қиындықтарына қарамастан, жарқын болашаққа деген өз сенімін жоғалтқан жоқ. “Кім жамандықты басынан кешірмеді? Үмітін тек ерік-жігерсіз ғана жоғалтады ... Әлемде мәңгі ештеңе жоқ, бұл ақиқат, яғни жамандық та мәңгі емес ...
Қатал да қарлы қыстан кейін гүлденген, жаңбырлы, әсем көктем келмей ме?!”
Бүгінгі күні, әлеуметтік құлдыраумен, саяси күйзеліспен ғана емес, рухани құлдыраумен де қиындыққа толы уақытта осы жолдар және Абайдың көркем шығармашылығы бізге жаңа ынтымақтастықтың барлық мемлекеттерінде достық, бейбітшілік пен береке және Қазақстан Республикасының өркендеуінде оптимизм, ертеңгі күнге деген сенім сезімін тудырмай ма?
Абайдың шығармашылығы нақты да өзіндік ерекшелікке толы “қазақ өмірінің энциклопедиясы”, ол соншалықты толық та терең, ал ең бастысы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың әлеуметтік және рухани өмірін бар қырынан көзсіз батырлықпен және сыни өткірлікпен қамтиды.
Егер өткен жүзжылдықта, феодалдық-рулық құрылыс жағдайында қалыптасқан Абайдың педагогтық көзқарасына тоқталсақ, онда біз тағы да олардың қазіргі заманмен айрықша үндестігіне көзімізді жеткіземіз, себебі онда психология-педагогикалық теория мен практиканың жалпы адамдық және уақыттық мәселелерінің негізін қалаушылар бейнеленген. Олардың кейбірі мыналар:
Лишь знанием жив человек,
Лишь занньем движется век.
Лишь знанье – светоч сердец... /6,61/
Сезім танымның бірінші сатысы секілді: “Көзбен көре, құлайпен ести, қолмен ұстай, тілмен тата, мұрынмен иіскей отырып адам әлемді таниды”. Осыдан келіп, білім берудің дамытушы, тәрбиелеуші болу қажеттігі туындайды, яғни балалар психологиясының ерекшеліктерін ғана ескермей, балаларда жаңа оң мінез бітістерін тәрбиелей алу қасиеттері:
- тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыру рөліне сенім арту: “Егер менің қолымда билік болса, адам түзелмейді дегендердің бәрінің тілін кесер едім”;
- еңбек тәрбиенің негізгі құралдарының бірі; еңбек адамдары - “адамның әулиесі”;
- еңбекке баулудың ой, эстетикалық, адамгершілікпен және т.б. өзара байланысы.
Абайдың барлық көпқырлы педагогикалық мұрасының ішінен біз адамгершілік көзқарастарына, оның педагогикалық этикасына тоқталғымыз келеді, себебі пірлер мен олардың кеше ғана әрекеттің сөзсіз басшылығы болып келген идеялары жеңіл бұзылатын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани-адамгершілік өмірінде әрбір күні зілзалалар туралы ащы шындықты әкелетін қазіргі кезде жасөспірімдер мен жастардың адамгершілік сипаты мен мінез-құлқына (нигилизм, эгоцентризм, құқықбұзушылықтар мен қылмыстар) теріс әсер береді. Міне дәл осы кезде бізге жас буынды қалыптастырудың жалпы адамдық адамгершілік тұжырымдарымен Абай керек.
Абайдың адам туралы, оның әлемдегі орны мен адамгершілікті жетілдіру жолдары туралы ойларына жүгінсек, - біз оның көкейкестілігіне, оны өзіміздің кәсіби-педагогикалық қызметімізде де, жеке адамгершілік-эстетикалық өзін өзі жетілдіруде рухани қару ретінде ала алатынымызға тағы да көзімізді жеткіземіз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан мен Ресейдің қосылуының аяқталу этикалық ойдың дамуында жаңа бағыттың қалыптасуына, және ең алдымен, билік құрушы таптың моральдық әділетсіздігінен қалың бұқараның мүддесін қорғау мақсатында этикалық мәселелерді қарастырудың гуманистік және демократиялық көзқарастарын бекітуге себін тигізді.
Бұл қазақ халқының рухани, және ерекше, адамгершілік өміріндегі жаңа құбылыс қазақ ағартушылары Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың шығармашылығында көрініс тапты.
Абай арнайы психология-педагогикалық еңбектер жазған жоқ және кәсіби педагогикалық қызметпен айналысқан жоқ. Бірақ та жастардың жалынды тәлімгерінің барлық дерлік шығармалары еңбекші халықтың мүдделеріне, адамгершілік мұраттарына және даналығына, Шығыс пен Батыс халықтарының қоғамдық ойларының өкілдерінің шығармашылығына сүйенген дидактикалық және адамгершілік-этикалық өсиеттерге толы. Мысалы, Шығыстың ақындарының әсері туралы Абай өзінің он төрт жасында – 1859 жылы жазған төрт шумағында айтып өтеді:
Фзули, Шәмси, Сейхали
Науи, Сағди, Фердауси,
Хожа Хафиз – бұ һәммаси
Өлеңіме медет бер, ұлы ақындар!
Абайдың адамгершілік-этикалық көзқарастары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтардың адамгершілікті өмірінің көрінісі болып табылады, ал қарапайым еңбекшіге деген сүйіспеншілігі ағартушының өз уақытында да қазіргі кезде де көкейкесті адамгершілік-этикалық идеяларының негізін қалаған азаматтық және адамгершілік кредосын анықтайды. Абайдың өмірдегі адамгершілік ұстанымдары мен адамгершілік нормаларын моральдың “ құдай болжамы” туралы діни ілімге қарама қарсы қалыптастыру туралы ойлары қазіргі кезде де көкейкесті мәселе емес пе? Абайдың пікірі бойынша, адам қандай да бір дайын тұлғалық қасиетімен дүниеге келмейді. Ізгілік пен бұзықтық туралы барлық ұғымдар, барлық мінез-құлық қасиеттері өмір мен қызмет процессінде қалыптасады. Ол жастарды
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан. – дей отырып, өмірден өз орнын табуға шақырады.
Бұл қазіргі кездегі адамды тану мен тәрбиелеуге ғылыми тұлғалық-қызметтік көзқарас емес пе?
Абайды адамның этикалық және эстетикалық тұлғасы, оның білімі мен тәрбиесі, оның сезімдері мен парасат әлемі, оның мұраттары мен өмірлік мақсаттары қызықтырды.
Адамдар арасындағы айырмашылықты, олардың адамгершілік қатынаста біркелкі еместігін Абай ортаның әсерінен деп түсіндіреді. Абайдың пікірі бойынша қоршаған ортаның адамның қалыптасуындағы шешуші рөлі ғылыми түсінік пен адамгершілік көзі үшін маңызды мағынаға ие. Ағартушы-демократ жеке тұлғаның моральдық қиын жағдайға ұшырауында тәрбиенің рөліне ерекше мән берген және оған сенім артқан.
Абайдың моральдық санасы оның уақытын анықтады, және ескі әлемге қарсы күреске оны өз халқының адамгершілік артта қалушылығы, қаналушылығы итермеледі. Жоғарыда аталып өткендей: “Адам деген даңқым бар!” деп ол жастарға көңіл аударады. “Адам бол!” деген абай формуласының этикалық мәні адамның өмірдегі рөлі мен орнын жоғары бағалаудан тұрады. Оның түсінігі бойынша адам деген ұғымда ақыл-парасат пен ізгілік, еңбек сүйгіштік пен білімділік, достық пен махаббат үйлеседі. Ол замандастарына күн мен айдың – аспан көркі, орман мен жмдектің – тау көркі, ал жердің көркі – адам екендігін еске салып отырды. Абай бұл туралы ХІІ ғасырда жырлаған Омар Хайаммен үндес болды.
Абайдың замандастары ғана емес, ХХІ ғасырға аяқ басқан біздер де жиі өзіміз тудырып отыратын майда жанжалдарда, конфронтацияларда, стресстік жағдайларда шындықпен сыйға тартылған күш пен денсаулығымызды, уақытымызды жоғалта отырып, жиі адамның жердегі жоғары да тамаша міндеті – оның көркі болуы туралы жиі ұмытамыз. Адам тәрбиесі мен қалыптасуының рөліне аса маңызды мән бере отырып және адамның бұзақылықтарын тағдырдың жазуы деп түсіндіргісі келген адамдарға күресе отырып, Абай адам адамгершілік қасиеттерді жаратылысынан алмайтындығын, оның тәрбие процессінде ғана адамгершілікті немесе адамгершіліксіз болатындығын атап өтті.
Баланың тәрбиешісі кім болады? Әрине, оны қоршаған адамдар. Оларды Абай үш топқа бөледі. Абайдың градациясын өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілікті қалыптасуында ауытқулардың алдын алу мен қателіктерді анықтау үшін тәрбие процессінде басшылыққа алуға болады. Сонымен, бұл қандай топтар?
Біріншіден, бұл Абайдың пікірі бойынша, ата-анасы, бауырлары, әпке-қарындастары, яғни баланың отбасылықы, туыстық ортасы. Екіншіден, бұл ұстаздары, тәрбиешілері, тәлімгерлері, яғни баланың тәрбиесіне кәсіби тұрғыдан жауап беретін ересек тұлғалар. Үшіншіден, бұл замандастары, достары, жолдастары ...
Бірақ Абай аса маңызды адамгершілік-этикалық қорытынды жасайды: адамдардың бұл санаттарының ішінде қайсыларын балалар көбірек сыйлайды, олардың қайсысына көп сенеді, соның әсері неғұрлым күштірек болады. Жақсы көретін адамы балалар үшін бірінші де басты тәлімгері болады!
Абай бізге педагогикалық ойлар мен ізденулер үшін балаларды адамгершілік қалыптастырудың тиімді жолдарын қалдырды ... Педагогика саласының кез келген теоретигі мен практигі ажыратылған тәрбиешілер санатына қарай отырып, қазіргі кезде қай топта кемшіліктердің барлығын атай алады. Олар ең алдымен бірінші және үшінші топтарда орын алуы мүмкін, себебі олар аз педагогикалық басқарылады. Осы уақытқа дейін ғалым-падагогтардың, ұстаздардың және ата-аналардың бірде бірі шын мәнінде балаға, жасөспірімге оның құрдастарының, жолдастарының, достарының тәрбиелік әсері мәселелерін толығымен зерттеумен айналыспаған. Отбасылық және ата-ана педагогикасы бойынша әдебиеттердің баршылығына қарамастан, отбасы өзінің балаға деген тәрбиелік әсерін негізсіз, стихиялы түрде, мектеппен, ұстазымен, кәсіби тәлімгерімен байланыссыз құратыны құпия емес, мұнда екі жақтың да кінәсі бар: мектептерде ұстаздардың оқушылардың ата-анасымен арнайы педагогикалық жұмыс жүргізуге дайындығы да, уақыты да жетіспейді.
Абай өзінің өсиет сөздерінде қазақ балаларының саналары олардың ата-анасымен және тәлімгерлерімен дұрыс тәрбие бермеуден, сондай-ақ дөрекі құрдастарының зиянды әсерінің нәтижесінде бұзалытандығын еске салады.
Абай анықтаған отбасылық тәрбиенің үш қателігі де бүгінгі таңда өз мәнін жоғалтқан жоқ. Ол ата-аналар балалы болуды ойлаған кезде өздерінің алдына үшжақты мақсат қояды. Біріншіден, өз балаларын мұрагері ретінде, екіншіден, өлгеннен кейін артымнан құран оқушы ретінде, үшіншіден, қарайтған шағында асыраушы ретінде көргісі келеді. Бұл мақсаттардың бәрін Абай эгоситік деп атайды және тәрбие міндеттеріне сай келмейді деп есептейді.
Абай өзінің “Қара сөздерінің” “Оныншы сөзінде” ата-аналарға былай деп өсиет айтады: “Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса , кім құран оқымайды? Егер жаманашылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?
Қартайғанда асырасын десең, о да- бір бос сөз. Әуелі- өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Қош, құдайтағала бала берді, оны өзің жақсы асырй білесің бе? Білмейсің. Өз күнәңді өзіңм көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. ”/7,293/
Абай дөрекі ата-аналар өздерінің мақсаттары мен міндеттерін дұрыс түсінбеуі нәтижесінде адамгершілік тұрғысынан жарымжан адамдарды тәрбиелейді деген тұжырым айтады.
Абай өз дәуіріндегі мұсылман мектептеріндегі тәрбие мен білім беру жүйесінің кемшіліктерін тәлімгер-молдалардың надандығы мен адамгершіліксіздігінен көреді, және олардың оқыту нәтижелерін өткір сөзбен жеткізеді: діни мектептерде жартылай молдалар дәріс береді, сондықтан да олардан жарты адамдар шығады. Абай жастардың көпшілігінің білім ала алмайтындығына қатты күйзеледі, ал мектептер мен медреселерде тәрбиеленіп жатқан азшылығы, уақыт өте келе жақсаттанушыларға, мансапқорға, өзін жақсы көретін эгоистерге, жалқау дөрекілерге айналады.
Бұл Абайдың замандастарына тән теріс моральдық қасиеттер өміршең, өкінішке орай, қазіргі кезде адамдар арасында да кездеседі. Міне осы себепті ұлы Абайдың кеңестері мен адамгершілік өсиеттеріне бас ұру, бізге өзіміздің жеке басымыздағы адамгершілік жеткіліксіздікті жеңуге, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеуге көмегін тигізері сөзсіз.
Моральдық поэзиялық шығармалар тобында Абай “Адам бол!” адамгершілік ұстанымын алға тарта отырып, жастар үшін , достық пен жолдастық, некедегі махаббат, парыз бен ар-намыс, ерлік пен адам әрекетінің әдемілігі этикалық нормаларының тұтас кодексін жасайды, мінездің оң және теріс жақтары туралы , қайырымдылық пен зұлымдық туралы, адамның адамгершілік дамуындағы ғылым мен ғалымдардың атқаратын рөлі туралы атап өтеді. Бұған келесі шығармалары қатысты “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Интернатта оқы жүр” және т.б. Абай бір өлеңдерінде адам болу үшін не істеу керектігін үйретсе, екінші бірінде адам болу үшін нені істемеу керектігін айтады. Мысалы: “Әсепаз болма әрнеге”, “Ішім өлген, сыртым сау”, “Білімдіден шыққан сөз”, “Болда да партия” және т.б.
Абай адамдардың мінезін өзгертуде тәрбиенің рөлін жоғары бағалай отырып, тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік мақсаттарын анықтайды. Абайдың пікірі бойынша тәрбиенің жоғары мақсаты, баладан еңбекқор мен отансүйгішті тәрбиелеп шығару, ал оқыту мақсаты – дүниені тану, білім алу, білім мен кәсіп алу. Тәрбие мен білім беру, біртұтас педагогикалық процесс ретінде бір мақсатқа ие – халыққа қызмет ететін, халықтың мүддесімен, ойларымен және істерімен өмір сүретін, жоғары адамгершілікті, мәдени, білімді адамды қалыптастыру. Абаймен, жүз жыл бұрын білім беру мен тәрбиенің қазіргі кездегі ізгілікті және демократиялық мақсаты анықталғанын көреміз.
Абай адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралы ретінде еңбек пен халыққа білім беруді алады. Абайдың адам өміріндегі еңбектің алар орны туралы айтылмаған поээиялық та, прозалық та шығармалары жоқтың қасы. Абай еңбекті адамның өмірлік қажеттілігі ретінде және оның адамгершілігінің негізі ретінде жырлайды. Еңбек адамы қайырымдылықтың иесі, Абайдың пікірінше, “адамның әулиесі”.
Ғылымға, білімге келетін болсақ, Абай оларды барлық адамгерлішік мәселелерін шешудің әмбебап құралы деп есептейді, яғни жас адамда білімге, парасатқа деген ұмтылысты тәрбиелеу – бұл адамның негізгі адамгершілік міндеттерінің бірін түсінуді қалыптастыру. Адамның адамгершілік қасиеті оның ақылойының дамуының деңгейіне тәуелді болады. Біз Абайды осы тіксызықты параллель үшін сынай аламыз және мұндай сәйкестіктің әрқашан бола бермейтіндігін растай аламыз. Бірақ Абай бізге, этиканы ғылым жасау, ал ғылымды – этикалық, адамгершіліктік жасау қажеттілігін дәлелдеуге тырыса отырып бұл арақатыстың бірегей үлгісін беруге тырысты емес пе.
Бұл бірегей арақатысқа жету жолының бірі ретінде Абай – қанағат етуді алады.
Абайда қажеттіліктер мен әрекеттерге қанағат ету біртұтас адамгершілік санаты, адамгершілік өсиеті ретінде беріледі.
“Бәріне қанағат қыл. Бәрінің шамасын білу – үлкен іс. Ойларыңда шатаспа, ақыл-ойыңнан адаспа. Тамақта, сусында, күлкіде, киім киісте, ойын-сауықта, махаббатта, қауышуда, сүйісулерде, байлыққа деген құмарлықта, мансапқорлық пен айлакерлікте де – барлығында өлшем бар. Өлшемнен тыстың бәрі – жамандық.” /6,152/.
Ал адамға өлшемді әрекеттер мен мінез-құлықтың адамгершілік реттеушісі болып табылатын ар-ождан білдіреді. Ұятты адам қоршаған адамдар алдында өзінің моральдық жауапкершілігін сезінеді, себебі ұят - бұл тұлғаның өзінің істеріне берген бағасы. Өзін өзі адамгершіліксіз істерден дер кезінде тоқтату үшін, Абай өзінің ар-намыс алдында есеп беруді ұсынады, “күніне бір рет, немесе аптасына бір рет, немесе айына бір рет”, “осы уақыт аралығында өзіңді қалай ұстадың, ізгілік пен саналыққа сәйкес әрекет жасадың ба, артынан өкінетіндей іс жасадың ба? Тіпті еске аларлық ештеңе де болмаған шығар”. Ол кеңес береді: “Өміріңді қалай өткізгенің туралы ойлан, оны қалай өткізгенің туралы есте сақтадың ба, байқадың ба.”
Сонымен, Абаймен , оның поэзиясында және прозасында оның “Адам бол!” жоғары этикалық мұратының жалпы адамгершілік ұстанымдары қалыптастырылды. Бұл, біріншіден, еңбексүйгіштік, екіншіден, білімге деген талпыныс, үшіншіден, қанағатшылдық, төртіншіден, ар-ождан, бесіншіден, өзін өзі бақылау, өзін өзі тәрбиелеу, өзін өзі тәртіпке салу, өзін өзі реттеу.
Егер адам ның ар-ұяты болса, шамасын, қажеттіліктерін білсе, өзін өзі сынаса және өзін өзі бақыласа, онда олар жаман қасиеттерінен арылады және адамгершілікті болады.
Абай өлеңдерінің «алтынмен апталған, күміспен қапталған» көркем сөздерінің шынайылығы, біздің пікірімізше, оның маңызды бір ерекшелігінде жатыр – терең психологиялық мазмұнында, Абайдың тек адам рухын ғана емес, оның жан дүниесін де түсіне білуінде. Сол себепті де оның шығармалары бәріне түсінікті де жақын. Өзінің шығармаларында, өлеңдерінде және қара сөздерінде ағартушы адамдардың психологиялық жан күйзелісінің ерекшеліктерін ерекше шеберлікпен аша білген, жеке адам мінезін, адамдардың мінез ерекшеліктерін дәл суреттеген. Абай адамның ерік-жігері мен мінезінің моральдық-этикалық негіздеріне ерекше мән берген. Ол ерік-жігерді адамның өз мақсатына жету үшін, білімді болуы үшін, өзін өзі басқара білуі үшін қажетті моральдық негіз деп есептейді: «Адамның сырт тұлғасы сұлу, мінезі жақсы болуы мүмкін, бірақ ол жатып ішер болса, еңбекті сүймесе, ол ұсқынсыз, бейшара; адам күшті болуы мүмкін, бірақ ол сандалбай болса, ол әлсіз адам».
Адам жас кезінен өзінің рухани қабілетін дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс, өзін адамгершілік, эстетика, дене бітімі тұрғысынан жетілдіруі керек.
Дене күшін жетілдіруге келсек. Абайдың гигиена, денсаулықты сақтау мәселелері бойынша арнайы шығармалары жоқ, бірақ Әбдірахманға арналған өлең жолдарын оқып отырғанда, біз оның денсаулықты қалай бағалағанын, өзінің сүйікті ұлының ауруына қалай қайғырғанын, оған емделуге, тәуіптер емес, білімді адамдар-дәрігерлерге қаралуына кеңес бергенін көреміз:
..................
Ал басқа шығармаларында қазақтардың жеке басының гигиенасын сақтамауын көрсететін қазақтардың білімсіздігі туралы да ойлар кездеседі, мысалы, Медеттің жуынбайтын қызына өлеңін алуға болады.
Ал “Он сегізінші сөзінде” Абай киім тазалығы туралы сөз етеді, кербездерді мазақ қылады: “Адам баласы жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егер де бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық.”/7,302/.
Ағартушы-педагог адам бақыты туралы, оны мораль критерийі ретінде қарастыра отырып, көп ойланған. Ол адамдар бақытқа ұмтылыуы керек деп санады, бақытқа жету тілегі адам өмірін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Өмірдің және бақыттың мәнін ол білімнен, еңбектен, халық үшін пайдал істерден көреді. Абайдың өзі осындай халыққа қызмет етудің үлгісі болды. Өзінің поэзия формасынлағы көркем шығармаларында ол Әбдірахманның бейнесін өзінің «Адам бол!» этикалық формуласының нақты іске асырылуы, халықтағы бар жақсының мұрагері және жаңа буын өкілі ретінде көрсетеді.
Шынайы адамгершілікті адам болу үшін, өзінің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру үшін Абай өзінің атақты «Адам бол!» этикалық формуласынан шыға отырып, жастарға мынадай кеңес береді:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай жас буын тұлғасының адамгершілікті қалыптасуының тікелей әлеуметке тәуелді екендігін түсінді.
Өзінің шығармашылығында Абай барлық халықтар арасындағы достық идеясын таратты. Бұл идеялар, біздер үшін, Достастықтың елдері арасындағы жаңа қарым қатынастар орнатылып жатқан қазіргі кезде, ерекше қымбат. «Екінші сөзі», «Жиырма бесінші сөзі» қазақтардың өзбектермен, татарлармен, орыстармен достастығына арналған. Абайдың «Оты төртінші сөзінде», «Отыз сегізінші сөзінде» халықтар арасындағы достықты барлық адамдардың табиғи адамгершілік қажеттілігі ретінде қарастырылады. «Басқа халықтың мәдениеті мен тілін меңгерген адам, онымен бірге тең құқықты болады». Абайдың түсінігі бойынша, өз ұлтына деген сүйіспеншілік пен құрмет басқа халықтардың да мәдениетіне, тіліне, ұлттық мәртебесіне құрметпен қарауды білдіреді.
Сонымен, Абай шығармашылығының ерекшелігінің бірі, оның өз халқының ағартушылық идеясын жалпы адамдық мәдениетпен жақындастыру арқылы насихаттауы. Халықтардың тілдік те, діни де айырмашылықтарын Абай мәдениеті қалыптасқан халықтар арасындағы кедергі ретінде қарастырмайды, және өз халқына білім берудің ұлы тарихи міндеті үшін ол өзінің көркем сөзімен, ағартушылық қызметімен өткеннің барлық бастаулары мен бас көтерерлеріне қарсы күрес жариялайды, ол байларды да, молдаларды да, ақсақалдарды да, білімсіз жастарды да, жалқауларды да, өздерінің араздықтары мен пайдақор істерімен еңбеші халықтың өмірін тұншықтырып отырған билеушілерді де аяусыз мінейді.
Абай адамгершілік тәрбиесін тек өзінің терең ізгілікті шығармашылығы арқылы ғана емес, өзінің ұстаз, қайырымдылық пен ізгіліктің жаршысы, жастардың нағыз Ұстазы және ұстаздардың Ұстазы ретінде де жалғастыруда. Адамзат өмір сүріп тұрған кезде, ол өзінің өсіп келе жатқан жас буынын ешбір қиындыққа қарамастан оқытып, тәрбиелеп отырады. Абайдың ұстаздыққа арналған сөздері ерекше көкейкесті болып табылады және оны оптимизмге және өз еңбегінің нәтижесіне деген сенімге шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |