Оќытушы этикасы


Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық этикасы



бет9/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
1.3. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық этикасы
Ибрая нам подарили годы,

Он нес просвещенье в массы народа,

Он факелом высветил дали для нас,

И мрак уступил свое место восходу.

Известный поэт, кропотливый ученый,

Он множество книг написал увлеченно.

Учитель, он к знаньям дорогу открыл-

Для тысяч мальчишек и тысяч девчонок.


Ыбырай Алтынсариннің немере қызы Мәриям Хакімжанованың осы өлең жолдарымен берілген қанатты сөздерінде көпқырлы адам дарыны, ең алдымен, адамгершілікті, ұлы ағартушы, ойшыл және қоғамдық қайраткер, реалист-ақын, ғалым және де – тамаша жаңашыл-педагог бейнесі дараланады.

Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы туралы бүгінгі таңда ғалым-педагогтармен, әдебиеттанушылармен, тарихшылармен, философтармен (Т.Тәжібаев, К.Біржанов, К.Б. Бейсембиев, А.Сытдықов, А,Дербісалин, М. Фетисов, Б. Сүлейменов, К. Бекмаханов, А.И. Сембаев, Г.М.Храпченков және т.б.) ірі еңбектер жазылған. Әрбір зерттеуші ағартушы-демократтың шығармашылығында тәрбие мен адамгершілік мәселелерін белгілі бір дәрежеде қарастырып өткен, бірақ та олар оның адамгершілік-этикалық көзқарастарын аранйы қарастыруды мақсат етіп алмаған. Тек А.Оразбековтың жұмыстарында ғана «Ыбырай Алтынсариннің этикалық көзқарастары» (1974 ж.), «Қазақстандағы этикалық ойлар» (1982 ж.) ұлы ойшылдың адамгершілік-этикалық ұстанымдарын жүйелендіруге алғашқы қадам жасалған.

«Жалпы адамдық адамгершілік ...» - бұл күрделі мәселелердің бірі, ол барлық уақытта және ерекше қазіргі кезде әрбір ойлаушы адамды, әсіресе тұтас бір ұрпақтың, халықтың тағдыры үшін маңызды адамгершілік мәселелерін қоюға және шешуге талпыныс жасаған ойшылдар үшін өткір мәселе.

Бұған мысал ретінде Ы.Алтынсариннің педагогтық батырлығын алуға болады. Ол білім берудің басқа да мәселелерімен қатар, әлі де аранйы тереңдетіп зерттеуді қажет ететін, мектеп және отбасы тәрбиесінің адамгершілік негізін қалаған. Ы.Алтынсариннің шығармаларында этика мәселелері елеулі орын алады. Адамгершілік негізі, адамның өмір сүруі мәні мен бақыты, мінез-құлық пен қарым-қатынастың адамгершілік мотивтері туралы ойлар Ыбырай Алтынсарин этикасының негізін қалаушы негіз болып табылады. Ол, жоғарыда аталып өткендей, педагогикалық болып табылады, себебі жоғары адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу туралы ойларға толы. Сонымен қатар Ы.Алтынсариннің педагогикалық этикасы - халықтық этика екендігін атап өткен дұрыс, себебі ол қазақтардың халық ауыз әдебиетінен бастау алған.

Мысалы, оның атақты «Қырғыз хрестоматиясында» ертегілерге, аңыздарға, адамгершілікке баулитын майда мақалаларға, және нақты адамгершілік-этикалық, тәрбиелік мазмұнымен балаларға қоршаған ортаға, өмірге, адамдардың ісі мен мінез-құлықтарына деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатындағы қазақтың халық мақалдарына көп көңіл аударылған. Төменде олардың кейбірі берілген – оларды бүгінде этикет бойынша адамгершілік ережелерінің жинағы ретінде алуға болады: еңбек, қарым-қатынас, мінез-құлық.


  1. Бақыт кілті еңбекте.

  2. Ерте тұрғанның ырысы артық.

  3. Ойнақтаған бала от басар.

  4. Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.

  5. Ер жігіттің ұяты өлімге тең.

  6. Сөздің мәні жаттығудан .

  7. Саяқ жүрсең таяқ жерсің.

  8. Көрмес, түйені де көрмес.

  9. Отпен ойнама - күйесің, қоянмен ойнама – шаршайсың.

  10. Тәтті мен ащына дәмін татып білерсің, жақын мен алысты жүріп білерсің.

  11. Көп жасаған мен көп жүргеннен емес, көп оқығаннан сұра.

  12. Іздеген жетер мұратына.

  13. Бос отырма (әрекет ет).

  14. Еңбексіз нан өспейді.

  15. Қасқырдан қорқу, орманға бармау.

  16. Кім еңбектен қашса,

  17. Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар, Жақсымен жолдас болсаң несібі жұғар.

  18. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

  19. Төзімді адам жетер мақсатына.

  20. Байлық мақсат емес – кедейлік күнә емес.

Алтынсариннің пікірі бойынша білім беру мен тәрбие төменде берілген адамгершілік өсиеттерімен берілген адамгершіліктің негізін құрайды:

- тек тұрақты қамқорлық пен дұрыс тәрбие ғана балада жақсы адамгершілік қасиетін қалыптастырады;

- жақсы тәрбие алған бала кейін де ізгілікті адам болып қалады;

- мінезді қалыптастырудың негізгі шарты - бұқара арасында сауаттылық пен ғылыми білімді тарату;

- барлық адам туғаннан тең және білім алуға тең құқылы, барлық балалар оқуы тиіс:

Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар /4,51/


Ы.Алтынсариннің ссы және төменде келтірілген адамгершілік-этикалық өсиеттері қазір де көкейкесті болып отыр.

Еңбекке баулу мен еңбексүйгіштік – Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясының» негізі. Автор әр қадам сайын балаларды «... еңбек етпейтін бірде бір тір жанның жоқтығына ...» сендіреді. Еңбекке үйрену керек, әйтпесе «өз тамағың - еңбегіңде», ал «еңбекпен табылған ас тәтті», еңбек етуде табандылық пен ерік жігер және т.б. қажет. Еңбек тақырыбы айрықша «Сәтемір хан», «Жомарт адам», «Қалай баюға болады», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» және т.б. әңгімелерінде берілген. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде егін шаруашылығының пайдасы туралы айтылады. Сонымен бірге Ы.Алтынсарин байлардың кедейлерді қанауы мен тонауына қарсы болады:

Гнет несчастный народ свои спины в поклоне.

Над народом всесильные ханы на троне.

Бедняков обирают по зверски, бесчестно,

А богатых поддерживают повсеместно. /4,80/.


Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» гуманизмге, адалдыққа және шыншылдыққа, қарапайымдылық пен әділдікке, әуестікке, жеке гигиена мен санитарияны сақтауға шақырады; молдаларға, ұрылар мен парақорларға, мылжыңдар мен өтірікшілерге қарсы күреске шақырады.

«Бақша ағаштары» әңгімесінде тік өскен ағаш жақсы күтімнің нәтижесі, ал қисық өскен – жаман күтімнен екенін айта отырып, әкесі баласын үйретеді: «Жақсы күтімнен үлкен пайда болатыны сөзсіз. ... Бұл сен үшін ғылым. Сен де жас ағаш секілдісің, саған күтім керек. Егер мен сенің қателіктеріңді түзей отырып, сені жақсылыққа үйретсем, ал сен, мені тыңдай отырып, менің кеңестерімді орындасаң, онда сен әділ, жақсы адам болып өсесің, егер де сен қараусыз өссең, онда сен де мына қисық ағашқа ұқсайтын боласың ...» /4,15/.

ЫүАлтынсарин әрқашан адамгершілік тәрбиенің негізгі құралдары - еңбек пен ата-ананың, ұстаздардың және үлкендердің үлгісі болып табылатындығын айтып отырады:

- балаларды еңбекке баулу – жатып ішерлік пен жалқаулыққа қарсы күрестің басты құралы;

- адам бақытының нағыз мәні – адал еңбекте, «мен өзімнің жеке адал еңбегіммен өмір сүремін деп айта алатын адам - бақытты адам»;

- топас балалар жоқ, тек оларға ақыл мен білімді бере алмайтын ата-ана мен ұстаздар бар;

- оқушы – ұстаз үшін өзін көретін айна секілді;

- балаларды жақсы көру - олардың болашағына қамқор болу, оларға оқу материалын түсінікті және толық жеткізу, сендіру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;

- отансүйгіштік пен гуманизм - жоғары адамгершілікті адамның маңызды қасиеттері;

- жалпыадамдық мәдениет - жеке тұлғаның жалпы дамуының және гуманизмінің негізі...

- жаның мен денеңді мөлдір бұлақ секілді тазалықта ұста, жаныңды барлығы үшін жабық ұста...
Бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің педагогикасы да, педагогикалық этикасы да, білімді ізгілендірудің қазіргі заманғы міндеттеріне жақын және қажет, қоғамды рухани-адамгершіліктік жаңарту, және ұлы ағартушының тұлғасының өзі біз үшін мөлдір бұлақ секілді.

“Біздер, көшпенділер үшін Алтынсарин шығармалары өзі секілді өте құнды”- деп жазды ол туралы замандастары – “мұны Ресейдегі алғашқы ақсүйектер әдебиетін білетіндер ғана түсінеді.

Біз Алтынсарин мырзаның тұлғасында өз халқының, оның рухының, ғұрпының, мінезі мен жалпы бар өмірінің бейнесі бола алатын батырды көре аламыз”. (Орынбор парағы №15, 1984 ж.)

Ы.Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін оның мектептерінің ұстаздары (өздерінің Ильмиснкийге хаттарында) оған инспектор ретінде де, адам ретінде де жоғар баға берген.

“Оның мектепке келуі үлкен мереке еді”. “Ол тек ұстаздардың басшысы ғана емес, олардың әкесі, мейірімді де қайырымды досы секілді еді”. (Ф.Д.Соколов).

Бірақ Алтынсарин өз ұстазларынан талап ете де білді: “Халық ұстаздарына ол қатал болды, олардан істеріне мұқиятпен қарауды талап етті және орындамаушылықты қатаң жазалады. Өзі оқу ісін қаншалықты сүйсе, ұстаздардан да соны талап етті”.

Ұстаздарды жергілікті халықтың алдында көтеруге тырысты.

А.А. Можохин: “Бәрінің оларға құрметпен қарауын талап етті, оларды адал да пайдалы еңбекқорлар ретінде мақтан тұтты”.

Қазақтар Ы.Алтынсаринді Ломоносов пен пушкинге теңеді, сонымен қатар оны педагогикадағы әдебиетші және әдебиеттегі педагог деп атады.

Сонымен, Ыбрай Алтынсариннің педагог-ағартушы, ғалым, ақын және жазушы, публицист пен балалар жазушысы ретіндегі көпқырлы қызметі адамгершілік мәні, адамның өмір сүруінің мағынасы және бақыты, жоғары адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу туралы ойларға толы, және оның педагогикалық этикасы адамгершілік шабытының таусылмас бұлағы секілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет