Оќытушы этикасы


Ш.Уәлихановтың адамгершілік тәрбиесіне көзқарастары



бет8/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
1.2. Ш.Уәлихановтың адамгершілік тәрбиесіне көзқарастары
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, суретші, Қазақстан, Орталық және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлизановтың шығармашылығы өзінің көзі тірісінде әлемге әйгілі болды, оның еңбектері қазіргі кездің өзінде ғылыми құндылығын жоғалтпаған.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын өңдеу жүз жылдан астам уақыт жүргізіліп келеді, сонда да таусылмақ емес, себебі оның ғылыми зерттеулері мен қызметі соншалықты көпқырлы, ауқымды және терең болды.

Қазақ КСР ғылым Академиясының академигі Ә.Х.Марғұлан өзінің Ш.Уәлихановтың таңдамалы шығармаларына берген алғы сөзінде ұлы ғалымға: «Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов, ұлы қазақ ғалымы, ағартушы және демократ, жаңа дәуірдің – Ресейдің орыс емес халқының ұлттық сана-сезімінің ояну, олардың өз тарихын білуге, адамзатпен жинақталған білім қазынасын игеруге деген талпынысы дәуірінің жаршысы болды. Көшпелі халықтың ұлы ғылыми және қоғамдық прогресстің шыңына шыға, Ресейдің ориенталистері қатарынан құрметті орын ала алды» - деп мінездеме береді. Оның Тянь-Шаньға, Жоңғарға, Шығыс Түркістанға саяхаттары, ғылыми еңбектері мен зерттеулері тек орыс емес, әлемдік шығыстануға қомақты үлес қосты. Ол алғашқылардың бірі болып белгісіз де құпия Қашқар туралы әлемге жария етті, осы Цинь империясының отарындағы осы ел туралы бірқатар қызықты зерттеулер жазды, Орта Азияның тарихы, этнографиясы мен саяси жағдайы туралы құнды мәліметтер берді, Қазақстан тарихы бойынша түпнұсқалық еңбектер қалдырды.

Ш.Уәлихановтың қоғамдық-саяси қызметі (біз ағартушылық қызметін де атар едік) – оның қараңғылыққа, білімсіздікке және діни, мұсылмандық фанатизмге қарсы күресі, қазақ халқын озық орыс және әлемдік мәдениетке тартуға деген талпынысы - қазақ халқының қаналған сана-сезімін оятуға мүмкіндік берді.

«Оның қмақты сіңірген еңбегі, оның Ресей мен Қазақстанды өзара жақындастырудың тарихи қажеттілігін терең де дәл түсіне алуында. Бұл тамаша ғалым-ағартушы орыс және қазақ халқының, біздің ұшы-қиыры жоқ Отанымызда мекендейтін барлық халықтардың достық және өзара байыту идеяларының шарықтауының озық үлгісі болып табылады»/1,10/.

Шоқан Уәлиханов өзінің «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздардағы шамандық іздері», «Қырғыз шежіресі», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар». «Жоңғар очерктері» және т.б. еңбектерінде жастарды тәрбиелеу туралы тамаша ойлар қалдырды. Қазақ және орыс халықтары арасындағы ары қарайғы жақындасу мен достықты насихаттай отырып, өзі осындай достықтың үлгісін көрсетті, қазақ халқының ортасында «еуропалық» деп атай отырып, орыс мәдениеті мен ағартушылығын ендіру мен дамыту үшін күресті, қырғыз феодалдарының зорлық-зомбылығын, ресей патшалығының отаршылдық саясатын әшкереледі, қазақтарға отырықшылдықты және егін шаруашылығымен айналысуды насихаттады, қоғамдық-мәдени артта қалушылықты жеңу үшін күресті.

Діни наным-сенімдермен байланысты қазақ халқының тұрмысы мен психологиясын терең зерттей отырып, ол атрибуттары артта қалушылық, білімсіздік және шамандық наным-сенімдер болып табылатын халық өміріндегі феодалдық-патриархалдық құрылым өндіргіш күштердің оның мәдениетінің дамуына жол бермегендігін дәлелдеді.

Уәлиханов арнайы психологиялық-педагогикалық зерттеулермен айналыспаса да, өзінің қомақты ғылыми еңбектерінде қазақ халқының психологиясы, өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен адамгершілік тәрбиесі туралы қызықты ойлар қалдырған.

Шоқан Уәлихановтың адамгершілік мұраттарының негізі – қазақ қоғамындағы қоғамдық және адамгершілік зұлымдығына қарсы күресте, жергілікті байлардың, патша шенеуніктерінің жалған және «дөрекі» моралін, олардың өздерінің өзімшіл мақсаттарына жету үшін «ар-намыс», «әділдік», «парыз» және т.б. адамгершілік ұғымдарын утилитарлы пайдалануды айыптауда, адамды азаптану мен шыдамдылыққа шақыратын құдайдың құлына айналдыратын көлгір діни моральға қарсы күресте. Осыған байланысты Ш.Уәлиханов жас ұрпақтың адамгрешілік тәрибесін еш уақытта қожа-молдаларға сеніп тапсыруға болмайды деп жазады. Ұстаздары татар молдалары мен семинаристері болып табылатын мектептерде нелер болмайды .... Адам шошырлық фанатизм, өлі схоластика және ешбір нақты ой. Осы жан айқайлатар құбылыстарды толықтыру ретінде қырғыз балаларына таяқтың көмегімен араб тіліндегі Құраннан мәтіндерді ешбір түсіндірусіз және аудармасыз құр жаттату. Қырғыздар балаларын молдаға оқуға бергенде «Еті сенікі, сүйегі менікі»,- деп айтқан. Мұндай ұстаздар тек құлдық рухты және құлдық тәртіпті ғана қалыптастыруға қабілетті /2,58/.

Ислам дінінің қазақтарға әсерін жеңілдету үшін Уәлиханов төмендегілерді ұсынған:

1. Қырғыз даласын Орынбор муфтиінің қол астынан татарлардан діни нанымы жағынан ерекшеленетін халық ретінде бөлу, және облыстық басқаруға қатыса алатын қырғыздардың кеңесшісі секілді ерекше облыстық ахунды сайлау.

2. Молдалыққа тек жергілікті қырғыздарды немесе қырғыз қажыларын бекіту, егер бұл туралы халық тарапынан өтініш болса.

3. Аймаққа бір молдадан артық сайламау, ал ұлыстардағы молдалар санын азайту.

4. Орта Азиядан келген имамдар мен қахыларға, татар семинаристеріне қырғыздар арасында, Баянауыл және Қарқаралы аймақтарындағы секілді дәруіштік және мистикалық қоғам құрмауы үшін қырғыз көштерінде белгілі бір әрекетсіз тұруға тыйым салу.

Бірақ ислам секілді зұлымдыққа қарсы бір паллиаттық шара жеткіліксіз. Төрелік құқынан айыру молдаларды дін қызметшісі секілді әсерлерінен айырады. /1, 296-297/.

Ш.Уәлиханов патша әкімшілігін қазақтардың зерделі білім алуына аз көңіл аударатындығы үшін сынайды. Ол қазақтардың табиғаттан ақылға бай, керемет әсершіл екендіктерін атап өтеді.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының қоғамдық және адамгершілік дамуының болашағын неден көреді? Ол қазақтар татар дәуірін айналп өтуі тиіс, және өкімет бұған көмектесуі керек деп санады... Осы адамды қадірлеу ісін жүзеге асыру үшін бірінші кезекте молдаларға және ислам идеяларына қамқорлықты алу және аймақтарда татар мектептерінің орнына орыс мектептерін құру керек. Бір кездері орыс өкіметі кейбір басқа тайпа халықтарының арасында еуропалық білім беруді тарату өздері үшін пайдасыз деп те ойлаған. Олар бұл саясатын кавказ мұсылмандары мен қырғыздарға қатысты ұстанды. Таулықтар мен қырғыздар кадет корпустарына, әскери ғылымдар оқытылатын арнайы мектептерге қабылданбады. Бұл заң жойылды, және жалған деп танылды. Ш.Уәлиханов халықтың қалыпты өсуі мен дамуы үшін еркіндік пен білім керек деген қорытындыға келеді.... Яғни, ең алдымен оқу керек... Тек нақты білім ғана құтқарушы рух береді, және де тек сол өмір мен моральдық ауқаттылықты бағалауды үйретеді.

Сонымен, қазақ халқының адамгершілік өзіндік сана-сезімін дамыту жолы – оған білім беруде. Ал ол, Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, даланы әділ, білімді, өз халқына пайдасы бар және қажет сұлтанның билігі кезінде ғана мүмкін болады. Бұған куә Ш.Уәлихановтың өзінің кандидатурасын аға сұлтан сайлауына ұсынуы. Бұл туралы ол Ф.М.Достоевскийге жазған хатында, өзін отандастары үшін пайдалы іске жұмсау, оларды шенеуніктер мен бай қырғыздардың жауыздығынан қорғау үшін сұлтан болғысы келетіндігін жазады. Бұл ісімен ол өзінің жерлестеріне олар үшін білімді билеуші-сұлтанның қаншалықты пайдалы болатындығын көрсетпек болған. Бұл идеяда Шоқан Уәлихановтың шын мәнінде білімді, отансүйгіш жастарды мойындаудағы сенімділігі жатыр. «... ақылымен, ерік жігерімен, адалдығымен, игілігімен және жылы жанымен жүзедеген, мыңдаған адамдар үшін жақсылық жасау»/2,48/.

Осылайша, Шоқан Уәлиханов әділ атап өткен: тек ғылым мен білім ғана адамға күш береді және халыққа білім беру мен жағдайын көтеру үшін күресте ұлы қару болып табылады, білім беру ғана қазақ халқын еркін және адамгершілікті жетілу жолына шығара алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет