Оќытушы этикасы



бет16/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жаттығу әдісі студенттерге оқытушымен түсіндірілетін мінез-құлық ережелері мен нормаларын орындауға үйретеді.

Жаттығу - бұл тәрбиеленушілермен жоспарлы ұйымдастырылған әртүрлі әрекеттерді, істерді тұлғаны қалыптастыру мен дамыту мақсатында орындайы.

Студенттермен мораль нормалары мен мінез-құлық ережелерін меңгеру адамдармен араласу нәтижесінде, оқылған кітаптардың, көрген кинофильмдердің әсерінен жүзеге асуы мүмкін.

Тәрбиелеудегі үйрету - бұл тәрбиеленушілерде мінез-құлықтың қажетті дағдыларын, икемділіктерін және әдеттерін қалыптастыру. Үйрету студенттерді табиғи-тәжірибелік қызметке араластару.

Көтермелеулер мен жазалаулар, ең алдымен тәрбиелік сипатта болады. Олардың рөлі көмекші, олар жетекші де, шешуші де емес. Көтермелеу әдісінің негізгі психологиялық міндеті – ынталандыру, тұлғаның жақсы қасиеттерін дамыту. Көтермелеу объективті болуы тиіс, студенттердің міндетті алға ұмтылыстарын, олардың белгілі бір табысқа жетуін ескеруі тиіс. Көтермелеуде студенттердің өздері қатысқаны дұрыс.

Жазалау әдісінің педагогикасы едәуір күрделі. Абайлап қарағанды талап етеді. Кінәні міндетті түрде түсіну және оны объективті бағалау қажет, себебі жазалау әдісінің негізгі мақсаты - тұлғаның теріс қасиеттерін жоғалту. Жазалаулар тек анық кінәға қолданылуы тиіс.

Әсер етудің құралдары мен әдістерін таңдау үшін тек педагогикалық фактылар және күй бағдар болуы тиіс. Бұл тәрбиешінің әрекетінің объективтілігі мен әділдігінің алғышарттары. Жоғары оқу орындарында тәрбиенің өзіндік әдістері, жарыс әдісі мен сын және өзара сын әдістері өзінің мәнін жоғалтқан жоқ.

Қорытынды жасауда ұжым өміріндегі белсенділік пен өз беттілік секілді маңызды қағидаларға назар аудару қажет.

Сын және өзара сын әдісі студенттерде өзінің мінез-құлқын және өздерінің достарының мінез-құлқын дұрыс бағалай білуге, оның оң және теріс жақтарын көре алуға тәрбиелейді. Сынға және өзара сынға қабілеттілік неғұрлым жоғары деңгейдің - идеялық-саяси сенімнің көріну, өз қоғамымыздың міндеттерін түсіну және жауапкершілік сезімі қасиеті. Мұндай идеологиялық алғышарттарсыз сын және өзара сын әдісін дұрыс пайдалану мүмкін емес.

Педагогикада әдістерді топтастыруда бірауыздан шыққан келісушілік жоқ. Біз қысқаша неғұрлым жалпы әдістерге тоқталдық, оларға шығармашылықпен және тиімді түрде қарауда жалпы студенттерді тәрбиелеуде, адамгершілік-этикалық тәрбиелеуде міндеттерді табысты шешуге болады.

Сонымен, аталған әдістерді меңгер және оны ары қарай өзінің практикалық жұмысында жетілдіру - жоғары оқу орнының оқытушысы үшін ең маңыздысы, ол үшін ол студенттердің ішкі әлеміне терең бойлай алуы және студенттер ұжымының психологиялық ерекшеліктерін, олардың қалыптасу ерекшеліктерін түсінуі тиіс. Қазіргі заманғы студенттер - бұл жастардың көптеген отрядтарының бірі ретінде қалып отыр.

Әлеуметттанушылар, педагогтар және психологтардың анықтамасы бойынша студенттер – бұл ерекше әлеуметтік топ, белгілі бір әлеуметтік мәнді ұмтылыстармен және міндеттермен сипатталады.

Жастық шақтың екінші кезеңі (17-22 жас) жоғары оқу орнына оқумен сәйкес келеді, елеулі ерекшеліктер мен қайшылықтарға ие.

Бозбалалық жас – бұл тұлғаның неғұрлым қарқынды жетілу кезеңі. Студенттік жаста психологиялық, идеялық және азаматтық кемелдену қалыптасады, ол бозбаланы жоғары оқу орындарының қабырғасында қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында жоғары кәсіби және әлеуметтік орынға ие болуға дайындаудан өткен әлеуметтік белсенді тұлғаға айналдырады.

Студенттік жасқа жалпы әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер де тән, мысалы, сезімшілдік, мұрақта, романтикаға және шындыққа ұмытылыс.

Студенттік жас адамның зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту үшін неғұрлым жемісті болып табылады, осыған байланысты оқуға, өнерге, спортқа және қоғамдық өмірге және жеке өмірін ұйымдастыруға қатысты оның қызығушылық шеңбері кеңиді.

Бірақ бұл жастың да өзіндік қиындықтары, қайшылықтары бар. Белгілі кеңестік психолог Ю.Я.Самаринмен студент жастардың дамуында келесі қайшылықтар аталған:

- Әлеуметтік-психологиялық. Бұл қайшылық студенттердің жас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зияткерлік және дене күшінің өркендеуі мен уақыттың қатал лимиті және экономикалық мүмкіндіктері ароасындағы қайшылық.

- Білім саласындағы өзбеттілікке ұмтылу мен белгілі бір профильдегі маманды дайындаудың қатал формалары мен әдістері арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық дидактикалық профильде, ол студенттер мен оқытушылардың оқу процессінің нәтижелеріне деген қанағаттанбаушылығын тудыруы мүмкін.

- Әртүрлі аранлар арқылы түсетін ақпараттардың мол саны, олар студенттердің білімін кеңейтеді , бірақ сонымен бірге, бұл ақапараттардың молдығы уақыттың және оны ойлаумен қайта өңдеу мүмкіншілігінің жеткіліксіздігінде білім мен ойлауда үстірт қарауға әкеліп соғады, және оқытушылардан студенттердің дағдылары мен қызығушылықтарын тереңдетуде аранйы жұмыстарды талап етеді.

Ерекше көп қайшылықтар төменгі курс студенттерінің тұлғасында байқалады. Бірінші курс студентін, мысалы, өзіндік талдау мен өзіндік бағалауға, өткір сынға, басқа адамдарды сынауға және өткір өзара сынға деген талпысы сипаттайды, бұл оны жиі іштей өзіне сенбеушілікке әкеліп соғады. Жастық шақтың екінші кезеңі бағалаудың минимумымен және нақтылығымен сипатталады.

Жоғары курс студенттерімен жұмыста да өзінің қиыншылықтары бар, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша , үшінші курста. Оны адамның кемелденуінің бірінші кезеңіндегі өзіндік ерекшелігі бар бозбала жасы деп атайды.

3 курс студенттерінің негізгі бөлігі – бұл 20 жастағы жастар. Көпшілігі бұл жаста отбасын құрады. Әрбір студент психологиялық жағынан бұл кезде жад, назар және т.б. секілді функциялардың деңгейінің уақытша төмендеуі кезінде болады. Аталаған психологяилық функциялардың деңгейінің түсуі сырттай депрессиялық көңілкүймен, ұжымдық қатынасқа қызығушылығының жоғалуымен сипатталады.

Студенттік жастың барлық осы қиындықтары мен қайшылықтарында жоғары оқу орнының оқытушысы, куратор студенттер тұлғасының қалыптасуына, жеке ерекшеліктерінің дамуына, адамгершілік қасиететрінің қалыптасуына тиімді басшылық ету үшін оны дұрыс түсіне білуі керек.

Студенттердің моральдық қасиеттерін қалыптастыруда студенттертоптарында қалыптасатын адамгершілік қатынастар ерекше орын алады, оларды 6 топқа бөлуге болады (В.П.Гаврилов, Магнитогорск институты):


  • тікелей ұжым ішіндегі қызметті сипаттайтын адамгершілік қатынастар (оқу сабақтары, өндірістік жиналыстар және т.б.);

  • ұжымнан тыс жүретін қызметті сипаттайтын адамгершілік қатынастары (студенттік құрылыс отрядтары);

  • ұжымның ішінде де, тысқары да жүретін адамгершілік қатынастар (мысалы, мәдение жорықтар);

  • ұжым мүшелері арыснда , ұжым басшылығы арасында – старста, кәсіподақ мүеші мен аталған ұжым мүшелері арасында туындайтын адамгершілік қатынастар;

  • студенттер ұжымының екі, үш немесе одан көп мүшелері мен басқа микротоптар арасындағы топты адам гершілік қатынастар;

  • қарапйым және күрделі адамгершілік қатынасатар (студенттік топтағы байланыстың мазмұны мен санына байланысты).

Автормен топтың санына және оларды градациялау тұрғысына қатысты келісуге де, келіспеуге де болады, бірақ адамгершілік қатынастардың құрылымын бөлшектеуге әрекет жасаудың өзі жоғары оқу орнының қызметкерін, А.С.Макаренконың анықтамасы бойынша адамгершілік мінез-құлқында тұлғаның жаттығу жасайтын гимнастикалық залы болып табылатын студенттік ұжымды басқаруда белгілі бір ғылыми негіздермен қаруландырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет