Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


 Курстық жобаны орындауға әдістемелік нұсқаулар



бет23/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
АИТП УМКДП каз

Курстық жобаны орындауға әдістемелік нұсқаулар
8.1 Жалпы жағдайы
Курстық жоба «Технологиялық процесстерді өлшеуді автоматтандыру» пәнінен алған білімді бекітуге және тереңдетуге мүмкіндік береді, құрылымдық және принципиалды схемалар, жүйенің жұмыс істеу алгоритмін жасауда дағды алуға мүмкіндік береді және нақты сұрақ туған кезде студент оны шешу кезінде алынған білімін пайдалана алатындығының дәлелі болып табылады.


8.2 Курстық жобаны орындау тәртібі
Курстық жобаның тақырыбы: «Автоматтандырылған жүйенің ақпарат жинау блогын жасап шығару».
Жекелей тапсырмалар Қосымшалар кестесінде келтірілген және параметрлердің берілген интервалында механикалық, электрлік, теплотехникалық шамаларды, иондаушы сәулеленуді және т.б. шамаларды өлшеу үшін жүйе жасап шығаруды қарастырады. Жүйенің ортақ критериі жүйенің ортақ рұқсат етілетін қателігі. Студент нұсқасының мәліметтерін ескере отырып өзінің жобасын жүзеге асырудың оптималды жолдарын табу керек.
Құрылғы басқарудың автономды блогымен аналогты, логикалық және микропроцессорлы элементтерден және түйіндерден жүзеге асуы керек.


8.3 Курстық жобалаудың нәтижелерін безендіру
Жобада түсіндірмелік жазба және А1 форматында графикалық материал болу керек.
Түсіндірмелік жазбаның мазмұнында ҚарМТУ стандартына сәйкес титулды бет, мазмұны, кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалары болу керек.
Тапсырмаға сәйкес негізгі бөлімде қажет:

  • өлшеу мен басқару объектісін сипаттау, объектінің жұмыс істеу режимін таңдау, өлшенген параметрлер және олардың өлшену шектері, ақпаратты таңдап алу саны және нүктелері;

  • датчикті таңдауды негіздеп беру; олардың техникалық және метрологиялық сипаттамаларын; датчиктің орнатылу орнын таңдау, оны монтаждаудың, қосылу және сипаттау ерекшеліктерін, сыртқы әсерден (механикалық, электромагнитті, атмосфералық және басқа) қорғанысын сипаттау;

  • датчиктің объектіге орнатылуының конструкциялы сызбасын жасау;

  • енгізілген блоктарды, түрлендіргіштерді, керек болса блоктарды айырбастау схемасын негізге ала отырып өлшеу және бақылау құрылғысының құрылымдық схемасын жасау;

  • құрылымдық схемада бақылау нүктелерін таңдау және онда уақыттық сигналдар диаграммасын құру, осы кезде әр түйіннің беріліс сипаттамасын көрсететіндей ету керек; сигналдар параметрлерін және олардың ерекшеліктерін сипаттау;

  • элементті базаны таңдау;

  • құрылғының принципиалды схемасын жасау, керек болса электронды түйіндерді есептеу: керек түйіндерді сипаттай отырып басқару блогын, микросхема типін таңдау, олардың жұмыс істеуінің режимі және алгоритмі, сүйемелі кернеудің, токтың, стабилизаторлардың көздерін сипаттау; барлық элементтердің спецификасы;

  • қоректену блогына талаптар қою, керек болса оны есептеу;

  • әр түйіннің қателігін және құрылғыны толық есептеу;

  • максималды қателік келтіретін түйіндерді анықтау және оларды азайтуға болатын әдістерді көрсету;

Қорытындысында істелінген жұмыстың нәтижесі, құрылғының негізгі техникалық және метрологиялық сипаттамалары; кемшіліктері мен артықшылықтары; пайдалану мен модернизация перспективалары келтіріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттің кітапханалық мәліметтерін қамтиды.
Қосымшасына

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет