Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет1/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


5В041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы

«Музей мекемелернің ғылыми-зерттеу қызметі» пәні
(3 курс, қ/б, көктемгі семестр)

3 кредит


Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі:
Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м.а. Телефон: 12-85.
e-mail: mar-_-zhan@mail.ru
Алматы, 2016


1 Дәріс. Тақырыбы: Музей мекемелерінің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: Студенттерге музей мекемелерінің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жалпы түсінік беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Музейдің ғылыми-зерттеу қызметінің негізі. Мұражай – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи – ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме. Мұражай ісі – қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз байланыстағы ерекше сала. Ол – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме. Барлық музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген ғылыми білімдер жиынтығын “музейтану” деп атайды. Бұл термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды. Ғылымда бұрынғы қолданылған “музеография” деген термин музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келеді, ал ХХ ғасырдың ортасынан бастап тек музейді ғана сипаттауға ғана пайдаланылды. “Музейтану” терминін көбінесе “Музей ісіндегі ғылыми ілім” немесе “Музей теориясы” деп қарастырады. 1997 жылы Кеңес Одағында өткен музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты конференциясында Халықаралық музеология комитеті құрылды. Онда іргелі ғылыми–зерттеу еңбектерді жазуға бағдарламалар қабылданып, музейтануды университеттерде оқытуға ұсыныс жасалды. Мұражай ісінің негізгі белгілері – музей жәдігерлерін жинау, есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы ақпарат тарату қоғамдағы байланыстың айрықша жүйесі болып табылады. Жұмысты ұйымдастыру формалары әртүрлі. Оған заттық көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, дәрістер оқуды ұйымдастыру тағы басқалар жатады. Мұражайтану – қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу процестерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп, эмоциялық әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық – экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың формалық қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге асыратын пән. Мұражайтанудың зерттеу нысанасы – мұражай, мұражай ісі, мұражай жәдігері. Музей және музей ісі тарих, мәдениет, өнертану, социология және басқа ғылыми салаларда зерттеу нысанасы ретінде қарастырылады. Сондықтан зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен “Музей жәдігері”, “Музей”, “Музей ісі” сияқты терминдердің төңірегінде оқытылып, зерттеледі. Музей жәдігерлерінің семантикалық (мәндік), аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір музей жәдігері аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), семантикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Музей жәдігерлері тек дерек қана емес, мәдени – тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады. Музей жәдігері – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей жәдігері – бүкіл музейдің қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады.
Кез келген музей жәдігерін зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде музей ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи музей, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профильді салада жұмыс істейтін жұмыс ретінде қарастырылады. Музейлердің зерттеу объектісіне айналдыру немесе ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу жайлы мәселелер ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында айтыла бастады. 1968 жылы И.Неуступный «Музей және зерттеу» деген ғылыми еңбегін жазды. Сонымен қатар музейлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу деген бағытта И.Бенеш, З.Странский, Д.И.Тверская шұғылданды. 1978 жылы халықаралық музей жөніндегі комитет, музейлердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы және мүмкіншілігі жайлы мәселелер қозғады.
Ғылыми – зерттеу мекемелерінің қатарында музейдің өз ерекшелігі бар. Музейдегі ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми жаңалықтарды толықтыра түсетін, басқа ғылыми салалар жүйесінде кең қолданылатын ғылыми орталық. Әсіресе, ғылыми негізделген, жоспарлы түрде қорларды жасау, музей заттарын сипаттау, өңдеу, зерттеу, ғылыми – зерттеу жұмысының негізі болып табылады. Ғылыми – зерттеу нәтижелері консервация, қайта қалпына келтіру, коллекцияларды қорғау мен сақтау, экспозиция, келушілермен жұмыс т. б. Музей жұмыстарының деңгейін, дәрежесін анықтайды. Музейдің ғылыми–зерттеу жұмыстары кешенді және көп қырлы болыптабылады. Музейдің ғылыми–зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын,біріншіден музейдің қай профиліне жататына байланысты, екіншіден музейдің әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнына қарай анықтайды. Профильдік бағыттан басқа, ғылыми – зерттеу ісі музейтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырады. Музей жұмысында ғалымдар белгілі бір зерттеу тақырыптарын жүргізіп, еңбектер жариялап отырды. Экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік – көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің фантазиясы да өте үлкен роль атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік демографиялық жағдайына да көңіл бөледі. Оптимальды сары, жасыл, алқызыл түстер көзді шаршататындықтан музейде ақ, көкшіл ақ сары және қара түстер қолданылады. Қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ғылыми зерттеулердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің арасында музейлер өзіндік орын алады. Бұл барлық саладағы орталық музейлермен қатар аймақтық музейлерге де тиісті. Зерттеулер музейдің ғылыми жұмыстарының шектелген құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың нәтижелері ғылыми жаңалықтардың қазынасын толтырып, көптеген ғылымдардың қызметіне көмектеседі. Музейлердің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты бір жағынан нақты бір саладағы ғылыммен, екінші жағынан әлеуметтік институттар жүйесіндегі музейлердің алатын орнымен анықталады. Жеке бір саладағы ғылыми-зерттеулермен қатар музейлер музейтану облысында да зерттеулер жүргізеді. Музейтану ғылымы музей жұмысының теориялық және әдістемелік негізін зерттеп отырғандықтан оның дамуы музейлер ішіндегі үнемі зерттеуді талап етеді. Музейлер ғылыми-жұмыстармен, музей жұмыстарының қажеттіліктері үшін айналысады. Мысалы, білім беру және тәрбиелік жұмыстарда музейлерді араластыру музейлік педагогиканың пайда болуына алып келеді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі назары музей заттарына аударылады. Оларды зерттеу музейтанулық зерттеудің арнайы кезеңі болып табылады. Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер бүкіл музей ісіне жаңа серпілістер мен бетбұрыстар алып келді. Музей жұмысының нақты бағыт-бағдары, қоғамда алатын орны мен рөлі, мұрасы анықталды. Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жаңа әдіс-тәсілдердің дүниеге келуі оңтайлы істердің атқарылуына мүмкіндік беріп отыр. Музей заттарын жинақтау, сақтау, сұрыптау және пайдаланудың теориясы менәдістемесінде жүргізілетін жаңа музейтанулық зеттеулерді қалыптастырды. Бүгінгі музейлердің зерттеу жұмыстары мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
- музейдің ғылыми тұжырымдамасын (концепциясын) әзірлеу; - қорларды жабдықтау шеңберіндегі зерттеулер; - музей заттарын және коллекцияларын зерттеу; - қорларды сақтау және қорғау шеңберінде жүргізілетін зерттеу жұмыстары; - экспозицияларды және көрмелерді ғылыми жоспарлау; - музейлер ара қатынасы шеңберіндегі зерттеу жұмыстары; - музей ісі тарихын зерттеу; - музейтану тарихнамасын зерттеу. Музейдің ғылыми тұжырымдамасы (концепция) оның қалыптасуымен даму бағыттарыны жан-жақты негіздеу және мақсат-міндеттерін анықтап, жүзеге асырылу үшін әзірленеді. Ғылыми тұжырымдама музей саласына және қызметтік бағытына қарай құрастырылады. Музейдің ғылыми тұжырымдамасы– музейтанулық зерттеу нәтижесі болып табылатын нақты музей ерекшелігі мен міндетін жүйелі түсіну. Музейдің қазіргі жағдайын жан-жақты талдау, оның музей жүйесіндегі орнын негіздейді; музейді дамыту болжамын анықтайды. Музейдің ғылыми тұжырымдамасына жинақтау, қор жұмысы және экспозицияның ғылыми тұжырымдамасы енеді. Музей қызметін ғылыми ұйымдастыруға көмектеседі, музей жұмысының түрлі бағыттарын байланыстыруға шақырады. Музейдің ғылыми тұжырымдамасы музей жинағын кешенді пайдалану үшін жағдай жасайды; әртүрлі бағыттағы музей қызметі жоспары мен бағдарламасын құрастыру кезінде негіз болып қызмет етеді. Бүгінгі Қазақстан Республикасындағы түбегейлі өзгерістер музейлер жұмысына айтарлықтай әсерін тигізіп, қызметтік бағытының күрделенуіне әкелді. Осыған орай, негізінен музейлердің ғылыми тұжырымдамаларында мынадай мәселелерді қамту көзделіп отыр: 1. Ғылыми тұжырымдаманың төлқұжаты; 2. Кіріспе; 3. Музейдің негізгі қызметі; 4. Тұжырымдаманың мақсатын мен міндеттері; 5. Музей кеңістігін аумақтаудың қағидалары; 6. Музей экспозицияларының негізгі бөлімдері (музейдің бағыты мен саласына қарай); Ғылыми-зерттеушілік, ғылымиағартушылық, мәдени бағдарламаларды әзірлеу және енгізу; 7. Экспозициялық-көрме ұйымдастыру және экскурсиялық жұмыстардың өткізілуі; 8. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізгі бағыты мен кезеңдері; 9. Тұжырымдаманы жүзеге асыру механизмдері; 10. Тұжырымдама іс-шараларын орындауды қаржылай қамтамасыз ету; 11. Тұжырымдаманың жүзеге асырылуынан күтетін нәтижелер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет