Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет11/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әдебиеттер:
1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012.
2. Музееведение. Музеи исторического профиля. – М., 1988.
3. Музейные термины. Терминологические проблемы музееведения. Сборник научных трудов. – М., 1986.
4. Медушевская О.М. Зарубежная источниковедение: Учебное пособие для студентов ист. фак. вузов. – М.: Высшая школа, 1983.
5. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі. Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, этнология, фольклортану, антропология, деректану, нумизматика. / Ғылыми редактор Н.Әлімбай. – Алматы: Ғылым, 2004.
6. Бакирова З. Коллекция Центрального Государственного музея РК: история формирования, проблемы, перспективы. Сб. материалов конференции посвященной к 5летию музея палеолита Каз НУ им. Аль-Фараби.
7. Инструкция по учету и хранению музейных ценностей, находящихся в государственных музеях СССР. – М., 1984.
8. Основы музееедения. Отв. редактор Шулепова Э.А. – М., 2005.
9. Юренева Т.Ю. Музееведение. – М., 2003.
10. Райымхан К.Н. Музей қорындағы деректердің сыныпталуы //Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау. Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Алматы, 2006.

12-13 дәріс. Музей бұйымдарын зерттеу әдістері
Мақсаты: студенттерге музей бұйымдарын зерттеу әдістері туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Музей қоры заттай, жазба, бейнелік, фотоқұжаттар сияқты көптеген деректерден тұрады. Олар тарихи, әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени арналарды кең ауқымды қамтиды. Музей қорына түскен деректер ғылыми тұрғыда коллекция мен қор бойынша реттеліп, музейтанулық зерттеудің және тарихи деректанудың нысаны бола тұрып, жан-жақты зерттеуге жағдай жасайды. Музейтанулық зерттеудің басқа ғылымдардан айырмашылығы – тек заттық деген атқа ие болған тарихи деректерге бағытталған. Музейлік белгілердің айқындалуы заттарды, жазба деректік материалдарды зерттегенде басты орын алады, барлық музейлік заттардың түрлеріне ортақ зерттеу үдерісіне сүйенген және атрибуцияны, жіктеу мен жүйеленуді, сипаттау мен түсіндірмені енгізеді. Музейдегі жиналымдарды зерттеу үдерісіне сипаттама қолданбалы сипатқа ие бола отырып, төмендегідей қызмет атқарады: жеке сипаттау, зерттеу қорытындысын құжатқа реттеу, ғылыми-анықтамалық аппарат жасау, деректерді ғылыми айналымға енгізу. Музейдегі ғылыми сипаттама әдістері ғылыми жіктеу қағидаттарына сүйенеді. Ол деректердің мәтіндік белгілері мен өзгешелік түр мен түршелерге бөлінуін пайдаланады, олардың сипаттамасы жалпы әдістемемен жүргізіледі. Мәселен, музейлер қорын жабдықтауда талаптардың күрделенуі экспедициялықжинақтау жұмысының ыждахатты жүргізілуінен байқалды. Жинақтау жоспары музейдің экспозициялық, ғылыми-зерттеу және есепке алу жұмыстарымен тығыз байланысты болғандықтан, әр экспедиция барысында жинақтау тізімі жасалып, заттың ғылыми сұрыпталу жағына ерекше көңіл бөлу талап етілді. Далалық жинақтау жұмысында жәдігер туралы неғұрлым көп мәлімет жинақтау көзделді. Сондықтан далалықжинақтау кезінде бақылау, әңгімелесу, суретке түсіру, құжаттау, анкета жүргізу сияқты түрлі тәсілдер қолданылады. Музей коллекциясын жинақтау – ғылыми ізденістің жемісі. Себебі әр заттың тарихында жүздеген тіпті, мыңдаған ізденістер, құбылыстар, тарихи оқиғалар жатыр.
Бірақ музейге кез-келген кейдейсоқ заттар қойыла салмайды, ең алдымен заттың шынайылығына көз жеткізіп, оған толық атау беріледі. Кейбір заттар жылдап зерттеледі. Сондықтан музей заттарын зерттейтін ғылым “заттану” деп аталады. Келесі кезең заттың ғылыми төлқұжатын толтыру. Төлқұжатта зат туралы мәлімет кеңейтіліп, тарихи түсінік беріледі. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінде сақталған кәсіби музей мамандары толтырған кейбір заттардың төлқұжаттарын мысалға келтірейік: Заттың атауы – құмыра. Түгендеу № 820, түсу актісі №22, Л.А.Соколова өткізген. Заттың сипатталуы: құмыра саздан жасалған, өрнектелген. Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының Талғар көшесінде ор қазып жатқанда табылған. Тараз қаласының қазба жұмысына жатқызуға болады. Саны: 1. Материалы: саз. Көлемі, салмағы: биіктігі 30 см. Сақталуы: жақсы. Бағасы: 300 руб. Түскен жинағы: археологиялық. Заттардың ғылыми төлқұжаттарын жазу музейдің ғылыми каталогтары мен жолкөрсеткіштерін шығарудың алғышарттары болып табылады. Негізінен бұл музей экспозициясының ғылыми жасақталуы мен этнография, археология, мәдениеттану саласын зерттеушілерге түсінік беру үшін қызмет етеді. Музей затының ғылыми төлқұжатын музей затының монографиялық зерттеу нәтижесін тіркеу. Музей затының ғылыми төлқұжаты – музей затын зерттеудің барлық кезеңінің нәтижелерін есептейтін сипаттаудың бір түрі. Музей заттарын ғылыми төлқұжаттау еліміздің орталық музейлерінде Кеңес кезеңінен бастап қолға алынғанымен, бүкіл музейлерге таралып үлгерген жоқ. Себебі, затты ғылыми төлқұжаттау ыждахатты еңбекті және ғылыми мамандарды қажет етті. Ал, республика музейлерінің көпшілігінде маман кадрлардың, әсіресе ғалымдар тапшылығы бұл істің тиімді жалғасын табуын тежеді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін музейлерде бұл жұмыс қолға алынып, бүгінгі таңда нәтижесін беруде. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі мен Назарбаев орталығы музей бөлімінің тәжірибесін зерделей келе, заттарды ғылыми төлқұжаттаудың мынадай нұсқасын көрсетуге болады: Музей атауы; 1. Төлқұжат нөмірі; 2. Сақтам бірлігінің саны; 3. Түсім көзі; 4. Жылы; 5. Атауы; 6. Көлемі; 7. Материалы; 8. Жасалу техникасы; 9. Сипаттамасы; 10. Жәдігер әфсанасы; 11. Сақталуы; 12. Пайдаланылған әдебиеттер; 13. Ғылыми-музейлік маңызы; 14. Салмағы; 15. Ғылыми төлқұжат құрастырушылары. Бүгінгі Қазақстан музейлерінде жазба деректерді ғылыми сипаттау әдістәсілдеріне тоқталатын болсақ, қолжазба деректердің жіктеуін топ, коллекция, қор, басқа музейлік коллекциялар бойынша анықтайтын негізгі белгілер: түр, авторы, тақырыбы (мағынасы), шығу тегі, мемориалдығы, пішіні, ақпарат беру тәсіліне бөлуге болады. Музей қорында сақталатын түрлі жазба деректерді сипаттау үшін, оларды пішіні мен ақпаратты беру тәсіліне орай топтап, қолжазба, басылым және графикалық деректер деп бөлуге болады. Қолжазба деректер: машинкаға басылған немесе қолжазба күйіндегі көбейткіш ақпаратпен көбейтілген барлық мәтіндік құжаттар (баспаханаға теріліп басылмаған болуы шарт), қатынас (телеграф, телетайп т.б.) арналарымен келген жазбалар. Бұлар музей қорына жеке адамдардан түседі. Баспада жарық көрген деректемелер: музей құндылығы саналатын сирек кітаптар, брошюра, газеттің жеке нөмірі, журналдар, үн қағаздар. Графикалық деректемелер: басылымдық, қолжазбалық және ойылып жазылған карталар мен сызбалардың даналары. Сипаттама мақсаты мен міндеттеріне орай үш негізгі түрін айқындауға болады.
1. Ғылыми (толық) сипаттау. Музей бұйымдарының төлқұжаты мен ғылыми каталогын жасау, коллекцияларды тізімдеу және деректемелерді жүйемен зерттеу барысында қолданады. Ғылыми сипаттаудың мақсаты – бұйымды зерттеп олтуралы жүйелі әрі сараптау және сараптамалық ақпарат алу. Бұл деректемені тереңдеп зерделеп оның «музейлік» дәрежесін анықтауға түрткі болады. 2. Қарапайым сипаттау. Музей заттарын алғаш тіркеуге алғанда жүзеге асады. Бұйымның негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері (атауы, неге арналғандығы, құрылымы, материалы мен техникасы және т.б.) оның тұрмыстағы орны жазылады. 3. Анықтамалық-ақпараттық бағыттағы сипаттама. Каталогтарды, бағдарламаларды және басқа да ақпараттық басылымдарды дайындағанда қолданылады. Бұған алдын-ала белгілі мақсатқа қажетті мағлұмат қамтылады. Жазба деректерді сипаттау кешенді, жекелеген (зат бойынша) және сараптамалық болып бөлінеді. Бұдан басқа да ақпараттық мақсатта деректерді сипаттағанда жеке бетке сипаттау қолданылады (мысалы, мұқаба және басқа беттер). Кешенді сипаттау деректемелерді тұтастай зерттегенде, қолжазба жиналымдарын, жекелеген музей коллекциялары, түрлі тақырыптарда қолданылады. Заттық сипаттаудың музейдегі негізгі нысаны – есеп-қисап бірлігі мен сақтау «арнайы түптелген жекелеген нақты және тұтас жазба деректер» немесе папкі, конверттер. Қолжазба деректемелердің тобына төмендегі сипаттар тән: 1. Атауы – түр, түрше, автор, мекен-жай, мағына; 2. Құрастырған орны мен мерзімі; 3. Материал мен оның пайда болу әдісі; 4. Мөлшері (форматы), беттерінің саны; 5. Мәтіннің тілі; 6. Түпнұсқалығы; 7. Сыртқы белгілері; 8. Шығу тарихы, тұрмыстық әлеуметтік ортасы; 9. Нақтылы тарихи оқиға немесе тұлғамен қатыстылығы; 10. Сақталымы; 11. Библиографиялық мәліметтер (жарияланым, әдебиет), мұрағаттық деректемелер; 12. Деректеме көзі және музей жиналымына түсу мерзімі. Басылым топтарының жекелеп сипаттау элементтеріне төмендегі жәйттар жатады: 1. Баспаның аты-жөні; 2. Авторы (немесе құрастырушысы); 3. Басқы және қосалқы тақырыптары жөніндегі мәлімет; 4. Көлемдік сипаттары (бетінің саны, парақтары, шумақтары, мөлшері); 5. Шығу мәліметі; 6. Тақырыпша мәліметтері; 7. Сыртқы белгілері; 8. Шығу тегі тарихы; 9. Нақтылы тарихи оқиға немесе тұлғаменқатыстылығы; 10. Сақталымы; 11. Деректеме көзі және музей жиналымына түсу мерзімі. Картографиялық құжаттардың сипаттау элементтері: 1. Атыжөні; 2. Бастапқы және қосалқы тақырыптары; 3. Шығу мәліметі; 4. Сан мөлшер мінездемесі (беттің, томның саны, мөлшемдері); 5. Картографиялық мінездеме, аннотация; 6. Сыртқы нышандары, ерекшеліктері; 7. Шығу тарихы, тұрмыстық әлеуметтік орта; 8. Нақтылы тарихи оқиға, немесе тұлғамен қатыстылығы; 9. Сақталымы; 10. Дерек көзі және музей жиналымына түсу мерзімі. Музейтану зерттеуінің салалы бөлігі ретінде ғылыми сипаттаудың (ғылыми төлқұжаттау) өзіне тән әдістемесі мен жұмыс түріне орай жеке дара бағытқа жатқызуға болады. Ғылыми-зерттеу нысаны анық болған кезде ғана жүйелі әрі жанжақты сипаттау жүзеге асырылады. Бұл зерттеу мен сипаттаудың өзара байланысты екендігін көрсетеді. Тек ғылыми сипаттау ғана баяндалатын нысан заттың көзге қабылданатын бейнесін нақтылы пішінге түсіре алады, оның музей құндылығы екендігін бекемдейді.
Әдебиеттер: 1. Гарданов В.К. Музейное строительство и охрана памятников культуры в первые годы Советской власти. Труды НИИ музееведения. – М., 1957, Вып. 2. 2. Ионова О.В. Музейное строительство в годы довоенных пятилеток (1928-1941). Очерки истории музейного дела в СССР. – М., 1963, Вып. 5. 3. Зузыкина Н.С. Из истории массовой научнопросветительной работы советских музеев. Труды НИИ культуры. – М., 1972, том. 5.
4. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі /Орталық музей еңбектері. – Алматы: «Ғылым», 2004. – Б. 42-46. 5. Попова М.И. Учет и хранение музейных ценностей. Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе под редакцией к.и.н. Жиренчина А.М. –А., 1950. – С. 118.
14 дәріс. Тақырып: Қазақстандағы музейлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (2 сағат). Мақсаты: студенттерге Қазақстандағы музейлер туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Бүкіл қазақ жерінің әлі игерілмеген орасан зор табиғи байлықтарын түрлі себептерге орай әлсіреген Ресей экономикасы өз жағдайын көтеруге барынша пайделану мақсатында, патша өкіметі Қазақстанды зерттеуге сан алуан ғылыми экпедициялар ұйымдастырылды. Олардың арасында Орыс ғылым академиясының Географиялық қоғамы, қоныс аудару басқармасы, статистикалық комиттетер т.б мекемелер мен ұйымдар жіберген экпедициялардың жекелегендері қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен салтдәстүр, әдет-ғұрыптары жайында көптеген құнды мәліметтер жинастырылды. XIX ғасырдың екінші жартысында Орынбор, Омбы және Ташкент қалалары қазақ даласын зерттейтін ғылыми орталықтарға айналды. 1857-1862 жж. аралығында Орынборда жергілікті ғалымдар жинастырған қазақтың ұлттық ерекшіліктерін, өлкесі тарихын бейнелейтін жәдігерлер Мәскеу мен Қазан қаласы мұражайларына жіберіліп, олар көрме бөлімдерінен өзіндік ерекше орындарға ие болды. Сөйтіп, халқымыздың жоғары мәдени құндылықтары Санкт-Петербург сияқты қалалардың музейлерінің қорларлын толықтылып, сол музейлерде осы күнге дейін қалып отыр. 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губерниялық мұражайы ашылды. XXI ғасыр басындағы жағдаймен республикамыздағы музейлер саны 88 болса, ол 1913 жылы небәрі – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25 және 1970 ж. – 29. Олардың көбі тарихи – өлкетанулық, мемориалдық және тарихи-революциялық болып, негізгі мәселесі тұрғындарды коммунистік идеологияға тәрбиелену мақсаты еді. Елімізде музей қызметкерлерінің құрамын жақсарту мақсатында Қазақ меммлекттік университетінде 1981 жылдан бастап, оны бітірушілер облыстық мәдениет басқармаларының сұраныстары бойынша музейлерге жұмыс істеуге жіберіліп отырды. Елордасы Астана қаласында 2000 жылдың қазан айында ашылған Президенттік мәдени орталық тарихи-рухани мұраға деген ұлттық идеологияны қалыптастыру жолындағы игі шаралардың басы болмақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 275-ші Қаулысымен 2000 жылдың 22 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекетті Музей құрылды. Музей бес галереядан, үш зал және атриумнан тұрады. Атриум (1 қабат): Мұнда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Ата Заң ең көрнекті орынға қойылған. Этографиялық зал (1 қабат): Бұл зал халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігін айғақтайтын экспонаттармен жасқталған. Алтын және бағалы металдар музейі (2 қабат): Мұнда ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, алтыннан жасалған түрлі музейлік құндылықтар өз орнын тапқан. Қазақстанның ежелгі көшпелілері мәдениеті (2 қабат): Бұл зал сақ, ғұн, ерте түріктер дәуірінің бізге жеткен көне ескерткіштерінің көрнекілігімен ерекшелінеді.
Археологиялық галерея (2 қабат): Галерея түрлі қазба экспонаттармен жабдықталған. Тарихи галерея (3 қабат): Мұнда Абылай хан кезеңінен бастап, 1991 жылға дейінгі қазақ даласының тыныс-тіршілігі материалдық, құжаттық және фотосуреттік экспонаттар көмегімен егжей-тегжейлі қамтылып, көрсетіледі. Егемен Қазақстан (4 қабат): Бұл галереяда қазірге Қазақстанның сан-салалы өмірі, мемлекеттік органдар, экономика саласы, мәдениеті мен оқу білім беру жүйесі, түрлі ұлттардың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін экспонаттар қойылған. Көркемсурет галереясы (5 қабат): Мұнда отандық және шетелдік қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, олар көрушілер назарына өздерінің түрлі тақырыптағы көрмелерін ұйымдастырып тұрады. Президенттік мәдени орталық музейінің экпозицияын жабдықтаған және алғашқы бас директоры т.ғ.к., этнограф Н. Әлімбайдың музей ісі саласында атқарған еңбегі зор. Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі. Музей-үйі 1940 жылы Семейде ашылды. Абай ақындық өнерімен қатар, ағартушылық, қайырымдылық салаларда да зор үлес қосқан қоғам қайраткері, тарихи тұлға. Қаладағы әсем ғимататтардың бірі – осынау оқшау үй Абайдың мемориалдық музейі болуға қай жағынан да сай келеді. Музейдің тұңғыш директоры болып директоры болып дарынды жас әдебиетші Қайым Мұхамеджанов тағайындалы. Уақыт талабына сай, кеінгі жылдары музей үшін неғұрлым үлкенірек үй-жай іздестіру қажеттілігі туды. Соның нәтижесінде музей бір кездері Оралдан Ертіс бойына көшіп келген орыс көпестері, ағайынды Ершовтардың иелігінде болған үйге көшірілді. Кейбір деректер бойынша, Абай осы үйде ауық-ауық тоқтап, Сібірге жер аударылғандармен кездесіп отырған. Жетпісінші жылдардың бас кезінде Абай музейі ағайынды Ершовтардың бұрынғы үйіне көшірілді. Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында музейге біршама өзгерістер енгізу ұйғарылды. Музей ғимараты өзінің сол бұрынғы қалпында қалдырылды да, бірақ ол Әкімшілік ғимаратпен (ескі қос қабатты үй) және Ахмет Риза медресінің мешітімен біртұтас сәулет кешеніне біріктірілді. Ахмет Риза медресесінде Абай 1854-1855 жж. оқыған. Қазір осы ғимаратта шығыс мұсылмандары діни медреселерінің рухы жаңғыртылды. Мұнан араб, парсы, шағатай, түрік және татар тілдеріндегі көне кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды кездестіреміз. Қазір бұл ғимарат – Абайдың Семей қаласындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейі. “Әуезов үйі” атты ғылыми-мәдени орталық Қазақстандағы ірі зерттеу орталығы болып саналады. 1962 жылы құрылған. 1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 550 қаулысы бойынша Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан алғаш ашылған кезде М.О.Әуезов әдебиескерткіш музей-үйі болып аталады. Жазушының жұбайы Валентина Николаевна Әуезова берген құнды қор ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Музей залдарының экспозициясы 1973 жылы ашылды, оның авторы Я.Нимец еді. Музейдің жалпы көлемі 480 шаршы метр, көрме залының көлемі 174,4 шаршы метр. Музейде кітапхана, жылжымалы көрме залы, қалпына келтіру шеберханасы бар. Қазігі заманда музей қорында 72,6 мыңға жуық мүлік бар. Көрме мен аукциондар дирекциясы оңтүстік астанадағы көрме қызметінің ең ірі ұйымдастырушысы болып табылады. Ол Қазақстанның Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 15 шілдедегі № 1286 шешімімен және көрме мен аукциондық қызметті жетілдіру мақсатындағы Қазақ КСР Мәдениет министірлігінің 1960 жылдың 11 қазанындағы № 294 бұйрығымен көркемсурет көрмелерінің дирекция болып құрылды. Мұнда Қазақстанның түрлі аймақтарындағы суретшілердің озық туындылары жинақталған.
Орталық көрме залында мыналар экспонатталады: сурет, графика, мүсін, сәндікқолөнер туындылары; соның ішінде кілемдер және кілем бұйымдары, былғарыдан, ағаштан, қыштан жасалған ыдыстар; ерлер мен әйелдердің белдік-белбеулері, ертұрмандар, әбзел-саймандар, қол өнерінің, әшекейлі үй жасаулары, зергерлік бұйымдар – сақиналар, жүзіктер, сырғалар, білезіктер және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі Орталық Азиядағы ірі музейлердің бірі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде құрылған “Орынбор өлкесінің музейінде” коллекциялар құрыла бастады. Оны ұйымдастырушылардың бірі – атақты тіл маманы, “Түсіндірме сөздіктің” авторы Владимир Даль. 1925 жылы Оынбор орталық музейінде сақталынған экспонаттар Қазақстанның Халық Ағарту комиссариатының құзырына өткізіледі де, осы негізге сүйеніп Қазақ өлкелік Орталық музейі құрылады. 1929 жылы Қазақ Ӛлкелік Орталық музейі жаңа астана Алматы қаласына көшіріліп, 1897 жылы негізі қаланған Жетісу губерниялық музейімен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды. Музей 1931 жылы Алматы қаласындағы бұрынғы Кафедралық собордың ғимаратына орналастырылды. Музей ғимаратының жалпы көлемі – 17557 шаршы метр. Оның үш қабатында көрме галереялары және 4 экпозициялық зал орналасқан. Ғалам, дүние жаратылысы, Қазақстанның қазба байлықтары мен Қазақстанның өте ерте замандардағы тарихынан XY ғасырдың бірінші жартысына дейінгі тарихтың мұражайдың палеотология мен археологияға арналған I-ші залы баяндалады. “Сирек кездесетін және құрып бітуге айналған Қазақстан жан-жануарлары немесе Қазақстанның қызыл кітабы” деп аталатын көрме Қазақстанның қазіргі флорасы мен фаунасына арналады. I-ші залда қамтылған келесі тақырып – археология. Бұл тақырып Қазақстанның барлық өлкесінен табылған барлық археологиялық кезеңдерді қамтитын қазба кезінде табылған материалдарды көрсетеді. Музейдің археологиялық қорында XI-XV ғасырдағы Қазақстанның көне қалаларының материалдық мәдениетіне қатысты көрнектер, даңқты түркі қару-жарақтары, даламызды басып өтетін Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен шетелдік бұйымдар бар. Қазақстан жерінен табылған көне түркілік тас мүсіндер, балбалдар, ескерткіштер, бітік тастар жиынтығы музей қорында асыл қазына есебінде сақталынып келеді. Айша-Бибі (XIY–XY ғ.), Жошы хан (XIII– XIY ғ.) және Қожа Ахмет Иассауи (XIY– XY ғ.) кесенелері тәрізді тарихи-мәдени ескерткіштердің макеттері жасалып қойылған. Экспозицияның едәуір бөлігі моңғол шапқыншылығы кезеңіне арналған. Ол “Отырар қорғанысы” деген үлкен диагаммамен берілген. Зал сөрелерінде қару-жарақ түрлері, тиындар, пәйзылар, Шыңғыс хан портреті қойылған. Орталық Мемлекеттік музейдің екінші экспозициялық залы XY ғасырдың аяғында жеке мемлекет құрып, XYIII ғасырдың аяғына дейін көшпелі және жартылай көшпелі тірлік кешкен қазақ халқының антропологиялық ерекшеліктерінен бастап, тіршілік қамын, шаруашылығын, барша этнографиялық болмыс-бітімін, дәстүрлі мәдениетінің сыр-сипатын көрсетуге арналған. Экскурсияның басы XY-XYI ғасырлардағы қазақ хандығының шет-шекараларын, Жәнібек пен Керей сұлтандардың бөліне көшкен көш жолдарын көрсеткен карта, Абылай сұлтан, Тәуке ханның жарлықтары, хан, сұлтандарлың мөрлері және сол дәуірлерде пайдаланылған теңгелер көрсетілген витриналардан басталады. Музейдің келесі көрнекті залдарының бірі үшінші зал Қазақстанның Кеңес дәуірі кезеңінің кейбір тұстарын көрсетуге арналған. Зал экспозициясы Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың тарихы мен этногафиясын көрсетуден басталады. Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтар ерлігі Москва түбіндегі 28 панфиловшылардың жанқиярлық шайқасын бейнелеген панорамалық көрінсі, атақты
аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының тұтынған қарулары мен кейбір жекелеген заттары қойылған. Орталық Мемлекеттік музейдің көрнекті де кең, әсем безендірілген төртінші залы тәуелсідікке арналған. Зал экспозициясы елімізде президенттік билі жүйесінің енгізілуіне байланысты алғашқы президенттік рәміз болып табылатын дәстүрлі ұлттық киім – шапан мен қалпақ және кісе белдік т.б.-лар қойылған жаймасөреден басталып, мемлекеттік әнұран тексті, оның авторлары және Егемен Қазақстан Республикасының туы мен мемлекеттік рәмізі қойлған жаймасөремен ұласады. Музейде аса сирек кездесетін көне түрік, моңғол, мәнжүр т.б. тілдеріндегі деректанулық материалдар бар.
Әдебиеттер: 1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012. 2. Музееведение. Музеи исторического профиля. – М., 1988. 3. Музейные термины. Терминологические проблемы музееведения. Сборник научных трудов. – М., 1986. 4. Медушевская О.М. Зарубежная источниковедение: Учебное пособие для студентов ист. фак. вузов. – М.: Высшая школа, 1983. 5. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі. Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, этнология, фольклортану, антропология, деректану, нумизматика. / Ғылыми редактор Н.Әлімбай. – Алматы: Ғылым, 2004. 6. Бакирова З. Коллекция Центрального Государственного музея РК: история формирования, проблемы, перспективы. Сб. материалов конференции посвященной к 5летию музея палеолита Каз НУ им. Аль-Фараби. 7. Инструкция по учету и хранению музейных ценностей, находящихся в государственных музеях СССР. – М., 1984. 8. Основы музееедения. Отв. редактор Шулепова Э.А. – М., 2005. 9. Юренева Т.Ю. Музееведение. – М., 2003. 10. Райымхан К.Н. Музей қорындағы деректердің сыныпталуы //Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау. Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Алматы, 2006.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет