Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет3/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әдебиеттер:
1. Гарданов В.К. Музейное строительство и охрана памятников культуры в первые годы Советской власти. Труды НИИ музееведения. – М., 1957.
2. Ионова О.В. Музейное строительство в годы довоенных пятилеток (1928-1941). Очерки истории музейного дела в СССР. – М., 1963, Вып. 5.
3. Зузыкина Н.С. Из истории массовой научнопросветительной работы советских музеев. Труды НИИ культуры. – М., 1972, том. 5.
4. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі /Орталық музей еңбектері. – Алматы: «Ғылым», 2004. – Б. 42-46.
5. Попова М.И. Учет и хранение музейных ценностей. Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе под редакцией к.и.н. Жиренчина А.М. –А., 1950. – С. 118.
3-4 дәріс. Тақырыбы: Музейлердегі тарихи зерттеулер.
Мақсаты: студенттерге музейлердегі жалпы тарихтық зерттеулер туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Тарихи музейлердегі жалпы тарихтық зерттеулер. Тарихи музейлердің рөлі ғылыми-зерттеу және тәрбиелік білім беру мекемесі ретінде, ең алдымен оның тарих ғылымымен байланыстылығымен анықталып, ал оның қызметі тарих ғылымының алдындағы міндеті және ғылыми нәтижелерімен байланысты болады. Тарихи музейлердің зерттеу қызметі жалпы немесе белгілі бір территориядағы, қоғам дамуының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени мәселелерін қамтиды. Зерттеулер нақтылы үдерістерге, құбылыстарға бағытталып, олардың өзіндік жалпы әдіснамалық негізі болады. Тарихи музейлердегі зерттеулердің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Ол зерттеулер негізінен музей қорындағы шынайы заттық, бейнелік және жазбалық материалдар базасында жүргізіледі. Музейлердегі орасан зор қорлардың жиынтығы әр саладағы ғылымдар үшін мол деректік база болып табылады. Осыдан барып бұл деректердің тарих ғылымы үшін маңыздылығын тауып, оларды ғылыми айналымға қосып, сол арқылы тарихи жаңалықтарға қол жеткізе аламыз. Көптеген арнайы тарихи және қосымша пәндер музей жинақтарымен толықтай немесе жартылай байланысты. Оларға археология этнография, нумизматика, әскери және техника тарихы жатады. Ӛнер тарихы да өзінің бейнелеу және қолданбалы өнер жинағына сүйенеді. Тарихи музейлердің музей заттарының негізіне сүйене отырып жүргізетін зерттеу жұмыстары тек қана жаңа тарихи фактілерді анықтап жариялау жұмыстарына бағытталмайды. Осы зерттеу жұмысымен қатар олар музейлердің, музей коллекцияларын топтастыру мен сақтау тарихи дамуды құжаттау және оларды көрмеде көрсету қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ертеден беріақ музейлер елдің түпкір-түпкіріне археологиялық, этнографиялық халық өнерін зерттейтін және жаратылыстану ғылымын зерттейтін экспедициялар жіберіп отырды. Бұл экспедициялардың құндылығы, олардың қызметінің тарих ғылымына қосқан үлесі мен және музей жұмысына қажеттілігімен белгіленеді. Соңғы уақыттарда далалық зерттеу әдістері музейлерімен жаңа тарихты және қазіргі заманды оқып, зерттеп коллекция жинау үшін пайдаланылады. Археологиялық және этнологиялық заттарды жинақтау. Жалпы тарихи және өлкетану (аймақтық) арнайы музейлердегі археологиялық және этнологиялық заттарды жинақтау осы пәндердің даму процесінде пайда болған ғылыми тәсілдерге сүйенеді. Музейдегі жинақтау басқа да бағытта жүретіндіктен, ол тәсілді тікелей музейде кұруды талап етеді. Музейдегі жинақтаудың тәсілі туралы Ресей және басқа да шетел ғалымдарының еңбектері мен мақалалары бар. Бірақ, осыған қарамастан, бүгінгі таңдағы заттарды жинақтауды теориясы мен методикасы жеткілікті түрде зерттелмеген. Жинақтау практикасындағы мынандай өзекті мәселелерді: қазіргі замандық шынайылық объектісін анықтау, олар тарихи бағыттағы музейлерге сай келуі керек, қазіргі замандық музейлік маңызды заттарды тандап алу критериі мен әдіс-тәсілдерін жасау сияқты мәселерді атап өтеуге болады. Музейге Ұйымдар мен жеке адамдардан түскен заттарды қабылдап алу. Әр түрлі мекемелер мен жеке адамдардан заттардың жиналуы музейдің жинақтау жұмысының орындалу дәрежесі мен әр түрлі формасына және музейлердін өнеркәсіптер, мәдени орындармен, партиялық, мемлекеттік органдармен байланысының жергілікті халықтар алдында беделді.
Музей қызметінің жинақтау саласындағы қолданатын тәсілдерінің бәрін атап шығу мүмкін емес. Солардың ішіндегі ең тұрақтысы мен нәтижелі түрі (аптаның белгілі бір күні) жергілікті халықтан музейге сыйға тартатын немесе сатуға әкелген құнды заттарын қабылдау, музейдің қоғамдық белсенділеріне кіретін кейбір адамдар арқылы, басқа да жерлерде тұратын корроспондеттер арқылы заттарды іздестіру болып табылады. Қызықты тақырыптық коллекцияларды жинақтауға түрткі болатын белгілі оқиғаларға, ұлы адамдарға арналған көрмелер екенін күнделікті тәжірибе көрсетіп отыр. Осы оқиғаға қатысушылар, тарихи ұлы тұлғалардың ұрпақтары осы көрме жұмысының барысында музейдің бірден-бір белсенді комекшісіне айналады. Музей қорларын жинақгау туралы ұсыныстар қор бөлімдерінің қызметкерлерінен және тарихпен қазіргі замандық оқиғалармен айналысатын ғылыми қызметкерлер мен экспозиционерлерден түсіп тұрады. Бұл ұсыныстар типтік коллекцияларды толықтыру, уақыт талабы бойынша оны жалғастыру, жаңа тарихи оқиғаларды, ғылым мен мәдениеттің өндіріс пен тұрмыстық жағдайдың дамуын көрсететін жаңа типтік және тақырыптық коллекциялар құрудың қажеттілігінен туады. Музейлік маңызды заттар белгілі бір өмір саласын ұзақ жылдар бақылаудың нәтижесінде анықталады. Олар: жергілікті халықтардың өмірін, бақылау, белгілі тарихи тұлғалардың ұрпақтарымен тікелей араласу, маңызды оқиғаларға қатысушылар мен еңбек ардагерлерімен қарым-қатынас жасау және т.б. Музейге түскен заттар музейлік маңыздылығын анықтау барысындағы ғылыми негізделген күрделі іріктеуден өтеді. Біздің музейлерде заттарды алдымен уақытша қабылдап, ол арнайы музей қызметкері мен заттың иесі қол қойған актіге жазалып алынады. Осымен бір мезгілде тапсырып отырған адамға белгілі заттың шығуы, жасалуы туралы, оның қолданылған ортасының тарихы туралы мәліметтер, яғни аңызы жазылынып алынады. Бұл құжатқа заттық иесі қол қояды. Бұл аңыз заттың құндылығын анықтауға көмектеседі, бірақ оны зерттеу барысында тексеру керек. Осыдан кейін музей мамандары экспертизалық қорытынды жасайды. Музейдің қор сатып алу комиссиясының мүшелері осы құжаттардың негізінде затты қорға алу керек пе, әлде қайтару керек пе және заттар қорға ма немесе ғылымикосалқы корға ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Және де оның бағасын анықтайды. Ал, мұның бәрі арнайы хаттамаға жазылып қойылады. Заттың иесінің музей қойып отырған талаптары мен бағасына келісімін алғаннан кейін, затты тұрақты сақтауға қабылдау туралы акт жазылады. Бұл актіні өзінің колымен, музейдің мөрі арқылы директор бекітеді. Содан кейін барып, музей заттарының немесе ғылыми-қосалқы қорларының түсім кітабына енгізіліп, өткізу құжаттары арқылы арнайы қорларға беріледі. Қорларды жинақтау мақсатындағы дала зерттеулерін ұйымдастыру және өткізу. Тарих және қазіргі заман бойынша қорларды жинақтау мақсатында жүргізілген далалық зерттеулер таңдап алынған аймақтың бағыттық экспедициялық зерттеу тәсілін қолданады. Музейлік экспедициялар нақты алынған міндеттерге байланысты бір-ақ рет немесе бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Ол белгілі бір аймақтың қалыптасуынан дамып, жетілуіне дейін зерттеуі керек. Далалық зерттеулердің тағы бір түрі оқиғаның болған жерін, оның артын суытпай жүргізілетін репортажды жинау болып табылады. Музей практикасында тандап алынған шынайылық объектісін (аймағын) зерттеудің этнографтар қолтанатын стационарлық тәсілін де қолданады. Бұл тәсілді музей тұрмыстық салттарды зерттеу мен материалды мәдениет тарихы коллекциясын толықтыруда заттарды іріктеу сияқты міндеттерін шешуге пайдаланады. Музей көбінесе ұзақ мерзімді бақылау жүргізу үшін
жергілікті тұрғындар арасынан өздерінің корреспонденттеріне тапсырады. Көптеген музейлер жүргізіп тұратын, стационарлық тәсілге ұқсас тағы да тұрақты жұмыс істейтін экспедициялық зерттеулерде жүргізіледі. Жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша жүргізілетін экспедицияларды ұйымдастыру тәсілі анағұрлым жетілдірілген. Негізінен экспедицияның жұмысы үш кезеңге бөлінеді: дайындық кезеңі, далалық зерттеулерді өткізу, қорытынды кезең. Дайындық кезеңі экспедицияның міндетін анықтау, тақырыпты таңдау, шынайылықтың аймақтың таңдауды негіздеу, тұрақтандыру. Бұл кезеңде экспедицияның тақырыбына катысты ғылыми әдебиеттер оқылып, өз және басқа да музейлердің жинақтарындағы коллекциялар қарастырылып, жұмыстың бағдарламасы мен бағыты жасалды. Бірінші кезеңнің қорытынды бөлігінде экспедицияның жетекшісі басқа да экспедицияларда мүшелерінің қатысуымен қор сатып алу комиссиясы мен музей дирекциясы үшін арнайы баяндама жасайды. Екінші кезең - далалық зерттеу кезеңі жұмыстың жоспары мен бағытты экспедиция болатын орнында анықтап, нақтылаудан басталады. Келген бетке экспедиция барысында жүргізілетін сұранысқа қатысты адамдардың тізімі жасалады немесе ол алдын ала жасалып қойылған болса, ол нақтыланып, тексеріледі. Далалық зерттеулерге мынандай қызметтер кіреді, далалық бақылау; жергілікті тұрғындармен әңгімелесу, сөйлесу, олардың әңгімелері жазып алу; экспедицияның тақырыбына сай келетін деректер көзі-маңызды музейлік заттарды анықтау; ілеспелі мағлұматтарды зерттеу; ол ауызша немесе жазба түрде (жазбалық, өнер туындылары, дыбыстық түрде) болуы мүмкін. Далалық зерттеу барысында кейбір заттардың суреттерін салу, өлшеу және де казіргі замандық техникалық құралдар арқылы заттарды сипаттау, қосымша құжаттық деректер жиналады. Осы құжаттардың бір бөлігі музейлік маңызды заттық сипат алуы мүмкін. Ал басқа бөлігі ғылыми - косалқы қорға енеді. Далалық зерттеу барысында жұмыс процесін, қалыптасқан коллекцияның құрамын көрсететін экспедициялық құжаттар жүргізіліп отырады. Музейлік маңызды заттарды қабылдап алу актісі ең қажетті заңдық құжат болып табылады. Олар қабылдап алу кезінде бір немесе бірнеше заттарға жасалады да, онда музейдің атауы, материалды өткізіп отырған ұйымның атауы немесе адамның аты-жөні, заттардың саны, сапасы жазылады. Актіге затты өкекізуші адам мен музей қызметкерлерінің қолы қойылып, оған дата көрсетіліп, көмірленеді. Ал, ол экспедицияның соңында музей заттарының қабылдау актісіне тізіміне қосылады. Далалық опись экспедицияның негізгі ғылыми кұжаты болып табылады. Ол экспедиция мүшелеріне далалық жағдайдың өзінде де заң музейлік маңыздылығын анықтауға көмектесетін заттың негізгі белгілерін ескеріп отырып жазады. 1) Нөмірленеді; 2) Заттың атауы мен сипаттамасы; 3) Заттың саны; 4) Датасы; 5) Шыққан жері, тарихы, кімге жатқандығы туралы; 6) Размері, сақталу дәрежесі; 7) Заттың кімнен түскені және оның иесі; 8) Бағасы немесе сыйға тартылғаны туралы жазбалар; 9) Қабылдап алынған датасы мен құжаттар (счет, акт) 10) Номер және қор бөлімінің шифрі. 11) Ескертпелер. Бұл деректердің бәрі затты белгілі бір тақырып бойынша байланыстыруға, оның түпнұсқалығын анықтауға, заттың ерекшелігін анықтауға көмектеседі. Экспедиция күнделігі екінші маңызды құжат болып табылады. Онда жұмыстың жүру барысы: шынайылық бақылау, заттар туралы мәліметтер, кездесулер, далалық описке кірмеген заттардың деректері. Мысалы заттың авторы мен иеленушісі туралы жан-жақты мағлұматтар, ізденіс пен зерттеудің ары қарай жүру барысы жазылады. Арнайы дәптерлерге музей зерттеген оқиғаларға қатысушылардың, қариялардың, ардагерлердің әңгімелері жазылып алынады. Негізінен
экспедицияның бір мүшесі алдын алы дайындалынып алынған сұрақтар барысында әңгіме жүргізсе, екінші мүшесі оны жазып алып отырады. Бір дерек туралы бірнеше жазылып алынған жазбалар, сол фактінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Экспедиция түсірілініп алынған фотосуреттердің, негативтің нөмірін, орнын, уақытын белгілей отырып, арнайы реестр жасайды. Экспедицияның музейлік маңызды заттарды анықтау барысында оны толық жүргізу үшін арнайы мекен-жайлық кітабы болады. Онда экспедиция кезінде үйінде болмаған немесе басқа жақта тұратын адамдардың мекен-жайы жазылады. Бұл кітап музейдің қызықтырған материалдарын іздестіру жұмысын кеңейтуге және далалық зерттеу аяқталғаннан, кейінде іздестіру жұмысын жалғастыруға көмектеседі. Бұл аталған құжаттардың - күнделік, әңгіме жазбасы, фотосуреттердің тізімінің барлығы арнайы нөмер қойылып, экспедицияның описіне кіргізіледі. Бұл олардың экспедициялық коллекциялырмен біріктіріліп сақталуына жағдай жасайды. Экспедицияның сәтті жүруі оның жүргізген жұмыстарының бағытына байланысты. Ол экспедиция мүшелерінің жергілікті халықты өз міндеттерімен қызықтыра алуына, олармен тығыз байланыс жасай алып, олардан музейлік заттарды және оның ілеспелі мағлұматтар ала алу сияқты жұмыстарын нәтижелі жүргізуіне тікелей байланысты. Жұмыстың қорытынды кезеңі музейге қайтып келгенде басталады. Оған жиналған материалдарды негізгі мәселе төңірегінде жүйелеу, оларға алдын ала анализ жасау кіреді. Экспедицияның коллекцияны қор-сатып-алу комиссиясы қаратырып, оның музейлік маңызын бағалайды. Осы алынған музей заттары мен ғылыми-қосалқы материалдар қордың қызметкерлеріне өткізіледі де, далалық опистің соңғы беттеріне бұл туралы арнайы жазба жазылады. Бұл қорытынды кезеңде экспедиция жұмысы туралы ғылыми есеп жасалады және осы коллекциялардың негізінде, жиналған материалдар бойынша көрме мен ғылыми конференциялар ұйымдастырылады. (Берел, Сарайшық экспедициялары). Әр типті заттардан тұратын экспедициянын коллекциясы музейге түскеннен кейін, әр қорларға бөлініп тасталынады. Бұл заттардың өзіне тиісті қорларда сақталынып, белгілі саладағы мамандардың арнайы зерттеулер жүргізуі үшін қажет. Бірақта, музей қызметінде экспедицияның коллекциясы бір тұтас комплекс ретінде қарастырылады. Экспедиция коллекциясы музейдін ғылыми анықтамалық құжаттарына тіркеумен қатар, экспедицияның құжаттары мен далалық описьте мәңгі сақталады. Экспедиция материалдары әр түрлі формада жарық көреді. Ғылыми есепті жариялау ғылыми-конференцияның материалдары мен ғылыми сипаттау барысында жарыққа шығады. 3. Музейлік маңызы бар заттарды іріктеп алу. Қорларды жинақтау процесі барысында заттарды заттың әлемнің бір бөлшегі ретінде, өз дәуірінің дерек көзі ретінде зерттеу жұмысы басталады. Зерттеудің бұл кезеңі маңызды болып табылып, ол заттың бұйрықтар, жиналыстық хаттамалар және т.б. музей өз қорына жинайды. Музей іріктеу жұмысының барысында заттың деректік жағына көп көңіл бөледі. Заттардың мазмұнды мағлұматтары ғылыми жағынан құнды болуы мүмкін. Бірақта оның бұл құндылығы іріктеу кезінде бірден ашылмауы мүмкін, ал оның тарихи жағынан құндылығы оны келешекте ары қарай зерттеудің нәтижесінде қорытылады. Алғашқы жағдайда, музей көптеген тұрмыстық заттардан өзіндік құнды заттарды іріктеп алады. Ал екінші жағдайда, бұл іріктеуді уақыттың өзі жасап отыр. Бұл жерде
музей қызметінің маңызды жұмыстарын қоғам дамуымен қатар алып жүру қажеттілігі артып отырғанын айтуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет