Оқытушы/Teacher: Омарова Л. Ш. Тақырыбы/Тема/Theme



бет5/8
Дата10.04.2023
өлшемі126,95 Kb.
#81060
1   2   3   4   5   6   7   8
Физикалық қасиеттері. 
Кальций – күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. D= 1,55 г/см³; T,балқу=840 0C; Tқайнау =1482 0C
Магний – ақ түсті металл, пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі. Ол ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид түзеді D=1,739 г/см³ ; T,балқу=6510С ; Tқайнау =1107 0C
Химиялық қасиеттері.
I. Магний
1. 2Mg + O2 = 2 MgO (магний оксиді)
2. Mg+Cl2= MgCl(магний хлориді)
3. Кәдімгі температурада галогенмен әрекеттеседі, галогендерді атмосферада қыздырғанда бұл металдар тұтанады: Mg+CI2=MgCI2 
II. Кальций
1. Ауада қыздырғанда жанады және галогендермен әрекеттеседі: 2 Са + О2 = 2 СаО (кальций оксиді)
2. Са + Вr2 = СаВr2 (кальций бромиді)
3. Са + 2 Н2О = Са(ОН)2 + Н2(кальций гидроксиді)
III. Олар қыздырғанда сутекпен, азотпен, күкіртпен, фосформен, көміртекпен және басқа бейметалдармен тотығады:
Са + Н2 = СаН2 (кальций гидриді);
3 Са + N2 = Са3N2 (кальций нитриді);
3Mg + N2 = Mg3N2 (магний нитриді);
Са + S = СаS (кальций сульфиді);
Mg + S = MgS (магний сульфиді);
3 Са + 2 Р = Са3Р2 (кальций фосфиді);
3 Mg + 2 Р = Mg3Р2 (магний фосфиді);
Са + 2 С = СаС2 (кальций карбиді); 
Биологиялық рөлдері. 
Магнийдің ағзада жетіспеушілігі миокард инфарктына алып келеді. Оның қанда аз болу себебі – стресстің немесе шаршағандықтың белгісі. Ол үлкен адамға күніне 300-500 мг мөлшерде қажет. Кальций адам ағзасында өте кең таралған макроэлемент, ол көп мөлшерде қаңқада және тісте кездеседі. Оның үлкен адамға қажет мөлшері 800-1000 мг, ал жас балага 600-900 мг-да қажет. Кальцийдің сіңірілуіне аспирин, қымыздық қышқыл әсер етеді. Сондай-ақ ағзаның кальцийді сіңіруіне магний қажет екені көрсетілген.
Магний нанда, сүт, ет және басқа күнделікті тағамдарда аз болады. Құрамында көп мөлшерде кальций бар тағам ішу адамның өмір жасын ұзартатындығын швед ғалымдары зерттеген. Тістен басқа ол сүйекте болады.
Олар жемістер мен көкөністерде көптеп кездеседі.
Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ал сүйекті қатайтуға аса қажет кальций, сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағамдар ірімшік, сүзбе, сырда мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай. 
Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сыр немесе жарты литр сүт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет