Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясының пәні мен



Pdf көрінісі
бет13/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132
 
Оқыту және тәрбиелеу акмеологиясының пәні мен 
міндеттері 
Педагогтың педагогикалық қабілеттері және оны жетілдіру 
жолдары, сабақ беру оқытудың қазіргі әдістемесі, беделді меңгеру 
жолдары және оның өз педагогикалық әрекетін талдай алу ептілігі, 
педагогикалық такт, оптимизм және мұғалімнің әзілді орынды 
қолдана білуі, ұйымдастырушылық қабілеттері қарастырылады. 
Тұлғаның дамуы көп жағдайда, оның жеке тәжірибесінде 
қандай жүйелердің басым болатындығына тәуелді болады. Белгілі 
жүйелердің педагогикалық әсері, адамның жеке-психологиялық 


32 
құрылымын қалыптастыратын болады. Нәтижесінде белгілі 
кезеңнен бастап, адамның сыртқы байланыстары мен қатынастарын 
өздігінен таңдауына әсер ете бастайды, мұнда индивидтің табысты 
дамуының шарты ретінде, оның қоршаған ортадағы ашық өзара 
әрекеттестігін қамтамасыз ету алынады. Алдымен, әлеуметтік-
мәдени ортаның жүйесі, яғни тарихи қалыптасқан факторлар, 
жағдайлардың 
жиынтығы, 
тұлғаның 
дамытудың 
арнайы 
ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлардың тұтастығы.
Ересек тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамуытуда, үздіксіз 
білім беру жүйесін тек «іштей» оңтайлы түсіндіруге болмайды. 
Ортаның ерекшеліктерін сай ескере отырып, кең мағынасында 
қолданылуы қажет. 
Әлеуметтік-мәдени орта – бұл қоғамдық, моральды және 
рухани шарттардың күрделі құрылымы, онда адамның іс-әрекеті 
жүзеге асырылады. Орта тұлғаны дамытудың маңызды шарты 
болып саналады, сонымен бірге, адамның іс-әрекетінің әсерімен 
орта да өзгереді. Сондықтан, адам мен ортаның өзара қатынас 
мәселесі, алуан түрлі ғылыми пәндер мен бағыттардың аясында 
қарастырылады (философия, педагогика, психология, акмеология, 
әлеуметтану және т.б.). 
Акмеология ғылымының әуел бастағы практикалық тұрғыдағы 
шешетін мәселесі-кәсіби шығармашылықтың шыңына шығуға әзір 
шеберлерді тәрбиелеу болған. Жасаған істері мен бастамаларында 
нәтижеге жетуге деген ұмтылыс әр адамда болады. Бабалардан 
қалған «шығар тауың биік болсын» деген баталы сөзде де осы мән-
мағына жатыр. Адамтану саласының педагогика ғылымы мен 
практикасы үшін аса маңызды басымдылықтары мен стратегиялық 
бағыттары да осы акмеология болып табылады. Акмеологияның 
ғылым ретіндегі дамуына белгілі ғалымдар К.А.Абульханова, 
О.С.Анисимов, 
С.А.Анисимов, 
А.А.Бодалев, 
А.К.Маркова, 
И.Н.Семенов, А.П. Ситников, Ю.С. Степанов, В.Д. Шадриков, т.б. 
өз үлестерін қосты. Акмеология жетілген ересек адамның дамуын 
зерттейді. Психологияда кемелденген және ересек адам түсініктері 
бір мағынада қолданылатын жайттар көп кездеседі. Акмеологияда 
олардың керісінше ара жігі ажыратыла қарастырылады. 
Акмеологиялық көзқарастар бойынша тұлғаның жетілуі - оны 
моральдық-азаматтық сапаларын, адамгершілік бағыттылығын, 
қарым-қатынас нормаларының деңгейін көрсететін кең ауқымды 
категория. Жетілген тұлғаны жоғарғы жауапкершілік, адамгершілік 
тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік пен басқаларға қамқор бола білу, 


33 
өзін-өзі іске қоса алу сияқты сапалар сипаттайды. Сондықтан 
жетілудің шыңы АКМЕ - ересек адамның жоғары кәсібилік, 
тұлғалық және әлеуметтік табыстарға жеткізетін прогрессивті 
жолмен дамуының белгілі бір кезеңін көрсетеді. Әр адамдағы 
АКМЕ қалыптың бағыттылығы мен байқалуы әрқалай болуы 
олардың туа берілетін нышандары мен қабілеттерінің әр деңгейде 
болуына байланысты. Дегенмен, адамды зерттеудің әдіснамалық 
ұстанымдарына сәйкес (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.А.Бодалев) 
бұл әртүрліліктің төрт ортақ күре тамыры бар екендігі аталып 
өтіліп, олар төмендегідей етіп топтастырылады: 
- адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындағы шығар 
«шыңы»; 
- тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері; 
- еңбектегі жоғарғы жетістіктері (тұлғаның әрекет субъектісі 
ретіндегі дамуымен байланысты); 
- адамның даралық дамуындағы жетістіктерінің шыңы.
Бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысады және олардың 
түйісулері 
нәтижесінде 
адамның 
іс-әрекетінің 
«жоғарғы 
баспалдағында» болуы орын алады. 
Акмеологияның объектісі
– іс-әрекетті шыңға жеткізетін 
шеберлік пен кәсібилік. Кәсібилік мәселесі басқа ғылымдардың да 
зерттеу нысанасына іліккені белгілі. Мысалы: жалпы психология 
әртүрлі еңбек саласындағы адамдардың психологиялық ерекше-
ліктерін, ал социология оны әлеуметтік қатынастар тұрғысынан 
қарастырады. Еңбек психологиясы кәсіби ойлауды талдаса, ал 
акмеология кәсіби ойлауды шеберлікке дейін жеткізетін құралдар
педагогикалық, 
әлеуметтанымдық, 
технологиялық 
білімдер 
тұрғысынан зерделейді.
Кемелдену
- акмеологиялық категория ретінде 
үш бағытта
байқалады. Мұғалімнің рухани кемелденуі оның даралық және 
кәсіби жетілгендігінің көрсеткіштерінен байқалады. Мұндағы 
даралық деп отырғанымыз тұлғаның белсенділігі, өмірлік және 
кәсіби мәселелерді шешудегі жауапкершілігі, өзінің дамуының 
жақын аймағын айқындай білуі және даму өрісін кеңейте алуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет