шеберлік
» деңгейін
анықтайды. Шеберлікке қарай ұмтылысты акметектоника сипат-
тайды.
Акметектоника
– «бұл іс-әрекет субъектісінің кәсіби «АКМЕ-
сін» моделдеу және дамыту, түзету, бағалаудың кешенді жүйесі,
сонымен қатар субъектінің эталонға ішкі тұлғалық саналы
қозғалысы болып табылады, осы қозғалыс өзін-өзі тану, өзін-өзі
29
дамыту, жүзеге асыру негізінде өз дамуының қозғаушы күшін
анықтауға мүмкіндік береді». Cонымен қатар педагогикалық
акмеология іс-әрекет кәсібилігінің деңгейлері мен кезеңдерін
айқындайды. Олардың ішінде мыналар негізгі болып табылады:
мамандықты игеруі; педагогикалық шеберлік; мамандықта
педагогтың өзін-өзі өзектілендіруі; педагогикалық шығармашылық.
Mамандықты игеру деңгейі
: жоғары білім беру орындарында
білім алу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнынан кейін білім беру
жағдайында кәсіптік білім алу іс-әрекеті арқылы жүзеге
асырылады.
Кәсіптік-педагогикалық іс-әрекет арқылы болашақ маманның
педагог ретіндегі мамандықта өзін-өзі өзектілендіруі мен
педагогикалық шығармашылықтың шындалуы жүреді.
Педагогтың кәсіптік шығармашылығы
– оның білімдер,
дағдылар, біліктер мен кәсіби маңызды қасиеттері дамуының
жоғарғы деңгейінде көрініс беретін және оның кәсіби іс-әрекетте
жетістігін қамтамасыз ететін психикалық жаңа құрылым. Mіне осы
соңғы екі деңгейлерге дейін (мамандыққа өзін-өзі өзектілендіруі
мен педагогикалық шығарма-шылықтың шындалуы) жоғары оқу
орнынан кейін білім беру жағдайында қандай негізін салушы
жұмыс түрлері ұйымдастыры-латынын қарастыруымыз керек.
Инновациялық әлеует кәсіби бағыттылығы бар креативтік іс-
әрекетке дайындықты білдіреді. Жаңа тиімді алгоритмдерді және
тұлғаның қайтадан жасампаздық бағыттылығын игеруде іс-
әрекеттің жоғары тиімділігіне әкелетін кәсіби құзіреттіліктің
кәсіптік міндеттерін шешудің жаңа тәсілдерін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. А.А. Бодалев пен Л.А. Рудкевич жүргізген
зерттеулер және жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандардың
кәсіби іс-әрекетін талдау оларға ортақ белгіні – инновацияларға
бейімділікті, жаңа және бейтаныс жайттарға дайындықты, әр
нәрсені «байқап көруге» қажеттілікті анықтады.
Педагогтың
акмеологиялық деңгейге
жетуі мұғалімнің
инновациялық жұмыстарға әзір болуын білдіреді, кәсіби
құзырлылық,
педагогикалық
шеберлік
пен
педагогикалық
бағыттылық
сияқты
сапаларының
болуын
талап
етеді
(В.Н.Максимова). Бұл сапалар ұстаздың жаңа білімдерге,
жаңалықтарға ашықтығы, ғылымды игеруі, білім алушының
дамуының ерекшеліктерін білуі оған жағдай жасауы арқылы
нәтижелі болатындығын атап өтеді.
30
Акмеологиялық деңгейге жеткен мұғалім өзінің кәсіби әрекетін
талдай алады, өзінің «дамуының жақын аймағын» анықтай алады,
соған байланысты даму болашағының құралдары мен жолдарын
белгілей алады. Сонымен қатар тұлғалық деңгейінің жоғарылаған
сәтінде мұғалімнің коммуникативті құзырлылығы, ісіне деген
жауапкершілігі артып, әр қырлылығы, табандылығы, батылдығы
байқалады. Бұл деңгей мұғалімнің өзін-өзі биіктерге бастай алатын
жаңа сапалық деңгейі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің
акмеологиялық позициясы оның «жақын даму аймағына» бағыт-
талған жаңашылдық әрекетте қалыптасады. Акме позицияда
мұғалім ұстанған бағытында нық тұруымен, оның бойында толқу,
сенімсіздік сезімдері болмайды. Шығармашылық іс-әрекет
барысында орын алуы мүмкін болатын сәтсіздіктерге де дайын
болумен сипатталады.
Мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде АКМЕ жағдайға:
шеберлік, кәсібилік және құзырлылық сияқты сатылардан өтуі
қажет.
Педагогикалық шеберлік
- сан-салалы кәсіби әрекетті жүзеге
асыруды нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген
сүйіспеншілік, олардың ішкі дүниесін түсіну, жобалай алу сияқты
қасиеттерінің болуын талап етеді. Яғни педагогикалық шеберлік-
кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке
қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Мысалы:
А.С.Макаренко «Тәрбиешінің шеберлігі»- айрықша талантты қажет
ететін ерекше өнер, ол дәрігер немесе музыкантты шеберлікке
үйреткендей үйрететін мамандық деген. Педагогикалық әрекеттің
шыңына апаратын келесі баспалдақ -
кәсібилік.
Қоғамның жаңаруы
мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы
кәсібилігіне байланысты.
Мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей
психологиялық
критерийлерін
(А.К.Маркова)
анықтаған:
Объективті критерийлер
- мұғалім өз мамандығына қаншалықты
сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Яғни
әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері және
т.б. жатады.
Субъективті критерийлер
- кәсіби педагогикалық
бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну,
маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер
– мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған
нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан
қарастырылады. Нәтиже ретінде білім алушылардың білімдерінің
31
стандартқа сай болуын алса, енді біреулер қарым-қабілетін
дамытуды алады, ал кейбіреулері білім алушылардың өмірге
дайындығын
басты
назарда
ұстайды.
Шығармашылық
критерийлер
– мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан
гөрі өз жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына
алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Мұғалімнің АКМЕ жағдайына жетудегі тағы бір басқыш –
оның кәсіби қызығушылық деңгейі. Құзырлықты білім, білік,
дағдысының өзара байланысын қарастыра отырып, төмендегідей
формула
ұсынады
(М.М.Чошанов):
білімді
қолданудың
жылдамдығы, әдістердің орамдылығы, ойлаудағы сын көзқарас.
Қазіргі уақытта 2 типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады.
1.Жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын, еңбекке
деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар АКМЕ жағдайға
жақын тұрғандар. 2. Оқыту мен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс
көзқарасы қалыптасқан, білім алушылар мен олардың ата-
аналарына әсер ете алмайтын, психологиялық білімі төмен, өзін-өзі
дамытуға қызығушылығы төмендер.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман деп, мамандығы бойынша
өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен
даралығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік
бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқатпен өзінің іс-қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті оқытудың жаңа технологияларын
меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба,
таңдай сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін маман. Дегенмен, іздемпаз
өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық
сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырына алуына толығымен
мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |