23
мәдени және білімдік кеңістігі жатады. Дәл осы саналы еңбектің
жаратушылық категориясы акмеологияның қоғамдық ғылымдармен
байланысына негізделе отырып, еңбекке қатысты әрекет, кәсіби
шеберлік, ұйымдастыру және басқару сияқты тірек ұғымдарының
әлеуметтік астарларын қарастырады.
Акмеологияның қоғамдық
ғылымдармен және оның адам
жөніндегі басқа да салаларымен байланысының негізгі өзегі -
шығармашылық болып табылады. Дәл осы категория акмеологияға
тән: кемелдену, акмеологиялық орта, кәсібилік, акмеологиялық
технологиялар, акмеологиялық позиция және тағы басқа
түсініктерді анықтайды және оларды төмендегіше түсіндіреді:
кәсібилік
- еңбектің субъектісі ретінде адамның дамуының жоғарғы
деңгейі. Егер «кемелдену» өмірдегі әрекеттің келесі кезеңіне
дайындық болса, ал кәсібилік сол дайын болуды тиімді деңгейде
жүзеге асыра алу;
акмеологияльқ технологиялар
- өзін-өзі дамытуға,
шығармашылыққа бағытталған технологиялар;
мұғалімнің
акмеологиялық позициясы - өзінің педагогикалық әрекетін
жаңашылдық тұрғыда табысты болуға бағыттай алуы.
Акмеология адам дамуының тетіктері мен тәсілдерін зерттейтін
ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Олар: психология,
медицина, эмбриология, морфология, онтология, гнесеология,
физиология, философия, педагогика, аксиология,
социология,
геронтология және т.б. Ғылым ретінде әрине, психология өте
жақын тұр. Жалпы және қолданбалы психологиядан жинақталған
білімдер нақты акмеологиялық зерттеулерде адамның психикалық
мүмкіндіктері жайлы фрагменттік деректерде қолданылады.
Дегенмен психологияның дифференционалдық және жасерекшелік,
әлеуметтік
және
педагогикалық,
сондай-ақ
еңбек
және
шығармашылық психологиясы, ойлау мен рефлексия, түсіну мен
басқару, дарындылық пен даралық сияқты салалары акмеология
үшін аса маңызды болып табылады.
Акмеология үшін негізгі ұстанымдардың бірі тіршілік
әрекеттері-адамның өмірінің мәні жетілу, алға ұмтылу үрдісі деген
құнды ойға негізделеді. Осы ойға өзінше К.А. Абульханова кей
адамдар бұл жолда жаяу жүрсе, кейбірі поездбен, ал енді біреулері
ұшаққа мінеді деген образды түрдегі сипаттама береді.
Таңдау әр
адамның өмірлік стратегиясына байланысты деген пікір білдіреді.
Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттама-
сына мыналар жатқызылады: кәсіби қызығушылықтардың
жаратушылық бағыттылығы; жаңашылдық әрекетке деген қажет-
24
тілік; инновацияға бейімділік; жалпы және кейбір арнайы
интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы; ассоциациялық байланыс-
тарды қалыптастыруға деген бейімділік;
жақсы дамыған елестете
алушылық; мінез-құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті
жігерлілік; дербестік; өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе
шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік.
Акмеология бағыттары:
Жалпы акмеология, Кәсіби акмеология.
Жалпы акмеология негіздерін зерттеген ғалымдар: А.А.
Бодалев, Ю.А. Гагин, А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина, Г.И. Хозяинов
және т.б. ғалымдар.
Кәсіби акмеология зерттеген ғалымдар: А.А. Бодалев, Н.В.
Кузьмина, К.Е. Перепелкина және т.б. ғалымдар.
Кәсіби акмеологияға келесілер жатады: Педагогикалық
акмеология; Әскери акмеология; Әлеуметтік акмеология; Мектеп
акмеологиясы; Медициналық акмеология.
Басқару акмеологиясы;
Креативті акмеология; Білім беру акмеологиясы; Коррекциялық
акмеология; Этникалық акмеология.
Заманауи білімнің
үш негізгі
әдіснамалық бағдары бар:
жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық және технологиялық
.
Акмеологияның негізгі сипаттамаларын қарастырамыз.
1.
Жаратылыстану-ғылыми бағдар дербес сала ретінде бөлініп
шығуға ұмтылыста көрінеді. Әдіснамалық тұрғыда ол көп жағдайда
классикалық жаратылыстану білімінде қалыптасқан пәндік
стандарттарға сүйенеді (эксперименттік деректерді сипаттау,
заңдылықтар мен механизмдерді зерттеу, олардың математикалық
тұрғыда сенімділігін қамтамасыз ету түрінде). Бірақатар
акмеолгиялық феномендерді талдауда (дарындылықтың табиғатын,
генетикалық
және
физиологиялық
ерекшеліктерді,
кәсіби
шеберліктің қалыптасуының психофизиологиясынан, психогене-
тикадан, еңбек психофизиологиясынан және т.б.
салалардан
жаратылыстану-ғылыми білімдерге деген аппеляция) жүзеге асады.
2.
Гуманитарлық
бағдар
адам
туралы
ғылымдармен
генетикалық өзара әрекетке негізделетін онтологиялық байланыста
және дербес пән ретінде олардан пәндік тұрғыда ажыратуда
көрінеді. Акмеология пайда болғанға дейін ересектердің кәсібилігі,
шығармашылығы, оларға білім беруі туралы зерттелді, алайда
шеберлікті, оның «АКМЕ» атты шыңдағы түрлерін зерттеудің
өзгешелігі акмеологиялық технологияларды құрастыруға және
ерекше мәселенаманың туындауына әкеледі.
25
3.
Технологиялық бағдар техникалық ғылымдармен өзара
әрекеттестікте (кибернетика, жүйелі техника ақпарат теориясы
және т.б.) және практикалық бағдарланған білімнің нақты
стандарттарын қолдануда көрініс береді. Ескеретін жайт,
акмеология техникалық пәндермен жанама түрде
байланысты,
мысалы адамзат факторын техникада оңтайландыруды қамтамасыз
ететін эргономика арқылы байланыстыруға болады. Сонымен бірге,
гуманитарлық білімді технологияландыруда психотехника және
ойын техникасы, инноватика және рефлексия И. Семенов бойынша
және техникалық ғылымдарды ізгілендіруде (бионика, соционика,
эврестика, синергетика және т.б. пайда болуы) көрініс беретін
заманауи праксеологияның акмеологияға әсерін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: