Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Креативті психологияның әдіснамалық негізі



Pdf көрінісі
бет52/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   132
 
Креативті психологияның әдіснамалық негізі 
Алдыңғы 
қатарлы 
озық 
отандық 
және 
шетелдік
психологтардың теориялық қағидалары зерттеудің әдіснамалық
негізін жасады: тұлғалық-әрекетшілдік тәсіл А.Н.Леонтьев, 
С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготскийлердің еңбектерінде келтірілген; 
персонализациялық принцип немесе жеке-тұлғалық принцип 
А.В.Петровский, В.А.Петровскийлердің еңбектерінде; детерми-
низмдік 
немесе 
заңдылықтар 
принципін 
С.Л.Рубинштейн 
жетілдірді; 
тұлғалық-бағдарланғандық 
бағыттар 
принципін 
А.Маслоу, К.Роджерстер дамытты. 
Жобалық және контекстік оқыту, аксиологиялық және
рефлексивті тәсілдер (өзін-өзі өзектілеудің гуманистикалық
теориясы мен тұлғаның өзін-өзі дамытуы), мазмұндылық 
(жүйелілік және синергетикалық) ұстанымындағы тәсілдер,
акмеологиялық және құзіреттілік тәсілдер - бұл аталған зерттеу 
іс-әрекеттері мен бағыттар бүгінгі уақытта білім беру жүйесін 
дамытудың озық беталыстар кезеңін басынан өткізуде әрі бұл 
білімнің гносеологиялық мүмкіндігінен мәдени-шығармашылық 
білім беруге бағытталып отыр. Осыған байланысты білім берудің
мазмұнына білімді меңгерумен бірге ол білімдерді алу тәсілдерін де
меңгеру жоспарланды, ол арқылы танымдылық-когнитивті 


118 
қызметтерді де меңгереді. Бұл болашақ мұғалімдерді дамыту 
идеясына негізделген яғни әдіснамалық біліммен бірге, креативті 
ойлаудағы әдіснамалық түсініктерін 
қалыптастыру болып 
табылады. Мұндай күрделі оқу үдерісін басқару оқытушылырдың 
әдіснамалық дайындығында іргелі ғылыми кешенді білімнің 
болуын талап етеді. 
Көптеген ғылыми зерттеушілердің мақұлдаулары бойынша, 
«
әдіснама
- бұл ғылыми танымдылықтың әдіснамалық және
қызмет етуші құралдар мен әдістерді қисынды ұйымдастыру
туралы ғылым, яғни ғылыми-танымдылық қызметтегі тәсілдер мен 
түрлердің принциптерін жасау туралы ғылым». 
«
Әдіснама
- бұл психологиялық мәселелерді және когнитивті 
білімдердің құрылымы мен қызметі туралы ғылым; әдіснамалық 
мәні бар бастапқы, шешуші, іргелі, философиялық, жалпығылыми 
және психологиялық қағидалары бар; психологиялық таным
үдерістерін меңгеру тәсілдері туралы ғылым» (В.И.Загвязинский).
Креативтілікті қалыптастыруды зерттеу бірнеше тұлғаның
танымымен байланысты болғандықтан, тұлғалық тәсілдің мәнін 
туралы сөз болмақ. Тұлғалық тәсіл адамзат мәдениетінің терең
бастауында жатыр әрі ол психологияда гуманистикалық дәстүрмен 
арақатынасы жалғасып жатыр. Тұлғалық тәсілдің тұжырымда-
масының орталық ұғымы тұлғаның түсінігі. 
Психологиялық теорияда тұлға объект деп қарастырылады, ол
индивид тәжірибесінің белгілі бір түрі әрі ол кез-келген тәжірибе
сияқты уақытпен бірге қалыптасады, өзінің құрамына білімді 
енгізеді, іс-әрекеттілік - үдерістік түрге енеді. Тұлға феномені болу 
адамның әлеуметтік болмысындағы ерекше сипатты иеленуі керек, 
ол әлеуметтік санаға бағдарланып, адам өмірінің ерекшелік-
теріндегі шарттарға икемді, өзіндік бейімділігімен өмір сүреді. 
Тұлғаның әлеуметтік санаға қарым-қатынасы тарихи тұрғыда үнемі 
ауыспалы әрі ауыр. Алайда, әлеуметтік сана қаншалықты дәрежеде 
тұлғаға қиыншылықтар әкелгенімен, ол оның генезисіне өз
қызығушылығын танытады. 
Ойлау үдерісін жүйелі зерттеудің мәні проблемалық жағдайда
немесе келеңсіз жағдайда танымдылық үдерістердің (гностикалық) 
қозғалыс қарқынын зерттеу, бұл танымдылық үдерісін басқаруға
әрі танымдылық реттегішін бірге іс-әрекетке қосуға мүмкіндік 
беретін гностикалық өзін-өзі реттеуші біртұтас жүйенің жұмысы-
ның қарқыны ретіндегі ойлаушы үдеріс деп қарастыруға
мүмкіндік береді. 


119 
Шығармашылық үдеріске жүйелілік тәсілді ұсыну туралы 
М.Г.Ярошевскийдің пікірінде оның заттық, әлеуметтік, тұлғалық 
құрамы өзінің шығармашылық табиғатына тән осы үш құрамы бір-
бірімен ұласып жатады. 
Е.Я. Басин бұл тәсілдің шегінде шығармашылықтың табиғаты 
өзіндік интеграциялық (бірнеше ұғымның ортақ мәнін – интеграция
дейді) бірлігі - зерттеу бағдарламасы деп белгілейді. Бұл 
бағдарлама субъектінің психологиялық ұйымында немесе жинақы-
лығында сананың қисынды объективті сұранысында айшықталады 
әрі педагогиканың жоғары мектебінде креативтіліктің барлық
үдерістерінің кешенді мазмұнын талап етеді: ғылым негіздерін тану 
үдерісінің алғашқы кезеңінен бастап, жаңа идеялардың пайда 
болуы қайшылықтар (ішкі және сыртқы) негізінде және оларды 
тұлғалық әрі әлеуметтік маңызды нәтижеде бәсекеге қабілетті 
маманды дамытуға дейінгі кезеңге қол жеткізу. 
Креативтілікті көп деңгейлі тұлғалық-құндылықты білім беру 
жүйесі деп қарастыруда. 
Білім aлy үдеріcіндe жeкe тұлғaның қaлыптacyы – бұл, жeкe 
мaғынaлapдың көпқыpлы үдеріcі, oның мaғынaлы cипaттaмacы 
бoлып пoтeнциaлдыдaн көкeйкecтіліккe өтy бoлып caнaлaды 
(Б.А.Оспанова). 
Ғалымдардың зepттeyлepіндe тұлғa peтіндe қaлыптacyынa 
әcep eтyші мaңызды фaктopлap peтіндe тұқым қyaлayшылық
тәpбиe, қopшaғaн opтa eкeндігі қapacтыpылaды. 
Ғылыми зepттeyлep aқпapaт қaлпы мeн epкін aтмocфepa жәнe 
жoғapы epкіндікпeн epeкшeлeнy қaжeт дeгeн тұжыpым жacaй 
кpeaтивтіліктің дaмyындaғы тұлғaлық epeкшeліктep pөлін ecкepeді 
(cyрeт -16).
Крeaтивтіліккe aрнaлғaн зepттeyлep жaлпы шығapмaшылықтa 
қaбілeт peтіндe түcіндірілeді. Бұл қaбілeттің cыpтқы жәнe ішкі 
фaктopлapынa apнaлғaн нәтижecі бoйыншa кpeaтивтіліктің 
көpінyіндe биoлoгиялық жәнe әлeyмeттік жaғдaйлapдың epeкшeлік- 
тік pөлін aлғa қoяды. Кpeaтивтілік – тұтacтaй aлғaндa aдaмзaттық 
тұлғaлығындaғы шығармашылық, oның дeңгeйі, құpылымы мeн 
epeкшeлігі aдaмзaттық индивидyaлдылықтың бacқa acпeктілepімeн, 
яғни тaнымдық үдеріcтep cпeцификaцияcымeн тұлғaлық cипaтпeн 
бaйлaныcaды. 
Я.А.Пономарев шығармашылықтың психологиялық меха-
низмінің жүйелілік - құрылымдық принципін негізге алып, оның 


120 
Cypeт 16 - Кpeaтивті пoтeнциaлды жeтілдіpyге әсер етуші 
фaктopлap 
құрамына ғылыми танымдылықтың екі әдіснамалық реттегішін 
енгізеді. Бұл тәсіл диалектизімінде аса назар салуды талап етеді әрі 
оның маңызы үлкен. Я.А. Пономарев алғашқылардың бірі болып 
өзінің жүйелілік-құрылымдық тәсілімен бірінші рет шығарма-
шылық қабілетті зерттеу материалдарын шығармашылық үдерістің 
психологиясын зерттеу материалдарымен синтездеген. 
Шығармашылықты 
дамыту 
механизміні 
жасауда 
ол
диалектикалық танымдылық принципіне сүйенеді (Б.М.Кедров). 
Я.А. Пономаревтың негізге алған жүйелілік-құрылымдық тәсілін 
Б.М. Кедров диалектикалық қисынның бірлігі немесе даралығы (Д), 
ерекшесі (Е), жалпыланған (Ж) дәрежелеріне біріктіреді, оларды
ғалым шығармашылық үдерістің кескінін жасауға қолданады.
Классикалық білім беру жүйесі мен заманауи білім беру 
жүйелерінің 
арасындағы 
байланыс 
талаптары 
ғылыми
әдіснамалық теңдіктегі ізденістермен креативті білім беру
көрсеткішін жасауды талап етеді.
Білім беру жүйесінің әдістемелік негізде креативті мазмұнды
сапасы оның қызметінің теориясы болып табылады (Б.Г.Ананьев, 
Л.С.Выготский, 
В.В.Давыдов, 
П.Я.Гальперин, 
Г.И.Шукина, 


121 
Е.Н.Кабанова-Меллер, Д.Б.Эльконин). Көптеген ғылыми бастама-
ларды зерттеу білім беру жүйесінің классикалық гуманистикалық 
кескінін жасау, оның мазмұнын, құрылымын, түрлерін және 
олардың бүгінгі талаптарға жауап бере алатынын анықтау үшін, 
жүйелілік-әрекетшілдік тәсілді қолдануды қажет етеді. Жүйелілік 
тәсіл арқылы білім беру жүйесінің ішкі және сыртқы сипатындағы 
құрылысын анықтау мүмкін, сонымен бірге оның ішкі мазмұнын 
реттеудің негізін табуға, оның құрылысы туралы түсінікті 
қалыптастыруға және олардың заманауи білім беру жүйесіне
арналғандығы туралы қортынды жасауды талап етеді. 
Әрекетшілдік тәсіл зерттелініп отырған объектіні қайта
жасауды және дамытуды қамтамасыз ететін және шарттасатын
факторларды анықтауға бағытталған міндеттердің шешімін табу
үшін қолданылады. Бір жүйеден екінші жүйеге өту әрекеттер
мен қызметтердің негізінде ең маңызды қозғалыстағы қуат сияқты
жүзеге асады. Қызмет немесе іс-әрекет философияда, психоло-
гияда, педагогикада зерттелінетін пән, әрі осы пәндердің әрқайсы-
сында өзінің осы ұғым жайлы түсініктемесі бар.
Философияда қызмет немесе әрекет - бұл «қоршаған ортаға
адамдық кескіндегі белсенді қарым-қатынасы, оның мазмұны
мақсатты өзгерту және қайта жасау». 
Әдіснамалық тәсілдер студенттер тұлғасында креативтілікті 
қалыптастыру мәселесі психологиялық ғылымдарда қалай бейнеле-
нетінін қарастыруға мүмкіндік береді. 
Креативтілік баяндалған сипатына қарай ғана түсіндірілетін
болса, онда оның қарастыратын мәселелер аясы аз, әрі оны
біржақты ғана қарастыруға болар еді. Бұл әсіресе, креативті 
психологияның жоғары мектебіне қатысты, себебі білім беру 
нәтижелерін жақсарту мәселелерімен бірге оның құрамында
креативті білім беру үдерісін ұйымдастыру әрі басқару барысында
тұлғаның шығармашылық мүмкіншілігін де дамыту және бүтіндей
креативтілікті дамыту мәселелері де қарастырылады. Міне
сондықтан, бүгінгі күні креативтілікті дамыту мүмкіндіктерін 
креативті білім беру үдерісінде тұлғалық дәрежесі ретінде зерттеу
қажеттілігі туындады. Осыған байланысты психологиялық-
педагогикалық құбылыстарды қарастыруда жүйелілік тәсілдің
қажеттілігі туындайды. Мұндай әдіснамалық тәсіл жоғары
мектептегі психологияда барлық үдерістер кешенін қайта қарауды
талап етеді: ғылым негіздерін тану үдерісінің алғашқы
кезеңдерінен және қайшылықтар (ішкі және сыртқы) негізінде


122 
жаңа идеялардың туындауынан бастап, креативті-сұранысқа
дайын маманды қалыптастыруда тұлғалық және әлеуметтік
мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге дейінгі үдерістерді қарастыруды 
талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет