Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


create - жасау, ағыл.  creative



Pdf көрінісі
бет54/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   132
create
- жасау, ағыл. 
creative

жасампаз, 
шығармашыл
) - дарындылық құрылымына енетін тәуелсіздік
факторы сапасындағы, сонымен бірге іштей пайда болатын
санақтық жүйелердегі мәселелердің шешімін табатын қабілет,
және дәстүрлі немесе қабылданған пайымдау сызбасынан
ауытқитын ең жаңа идеяларды жасауға үнемі дайындығымен
сипатталатын индивидтің шығармашылық қабілеті.
Шығармашылық бағыт барлық адамдарда тумасынан болады, 
бірақ ол ортаның ықпалынан көп жағдайда жоғалып кетеді 
(Абрахам Маслоу). 
Тұрмыстық жағдайда креативтілік зеректілік, тапқырлық
қабілеттермен бейнеленеді және мақсатқа жету; заттарды, 
жағдайды, күйді дәстүрсіз кейіппен пайдаланып, күтпеген қиын
жағдайлардан дұрыс, тиімді шешімдер жасай алады. Мәселені кең-
күрделі және өткір шеше алу қабілеті. 
Креативтіліктің құрамына пайда болған мәселелерге өте 
жоғары сезімталдығы, қайшылықтарды шешуге білімінің жетіспей
жатқандығын күшті сезгіштігі, осы мәселелердің шешімін табуға 
әрекет жасауы және олардағы болжамдарды тексеріп, қабылдаған 
шешіміне өз болжамын ұсыну (Элис Поль Торренст). 
Шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал жасау мақсатына
оқу үдерістеріндегі пайда болған жағдайларды қолдануға болады, 
олар жаңа элементтерге өту үшін, өзінің аяқталмағандығымен әрі
ашықтығымен сипатталады, әрі білім алушылар өздерінің көптеген
ұсыныстарын да айтуы мүмкін. 
Адамның білім өндіру қабілетіне сараптамалық және сынақ-
тәжірибелік тұрғыдан баға беру барысында түсінікті болғаны, 
адамның креативтілік қабілеті соншалықты кең емес. Ұйымды
үздіксіз жетілдіру үшін онда қызмет жасайтын барлық
қызметкерлерді бұл мақсатқа жаппай жұмылдырғанда ұйымның
креативтілігі бірден көтеріледі (Кайдзен әдісі). 


125 
Креативті ойлау қабілетін өлшейтін психологиялық құрал бар, 
ол әлемдік психологиялық тәжірибедегі ең танымал - Поль 
Торренстің тесті. Бұл тест келесі аталатын белгілерге баға беруге 
мүмкіндік жасайды: ауызша креативтілік; бейнелік креативтілік. 
Креативті қабілеттер
, мысалы: 
жылдамдық
– бұл сандық 
көрсеткіш орындалған іс-әрекеттер санын тестте белгіленген; 
иілгіштік
- бұл көрсеткіш стратегиялар мен идеялардың алуан 
түрлілігін көрсетеді, бір күйден екіншіге тез ауысу қабілеті 
белгілейді; 
бірегейлік
- бұл көрсеткіш айқын, жалпыға белгілі, 
жалпыға ортақ, дөрекі немесе қатаң бекітілген идеяларға қарама-
қарсы идеяларды ұсынуға қабілеттілігімен сипатталады; мәселенің 
түпкі мәнін көру, түсіну қабілеті; бір-біріне ұқсас барлық заттар 
мен құбылыстарға қарсылық жасай алу қабілеті. 
Креативтілік
бәрін білгіштік пен зерттеушілік мінезімен
тығыз байланысады, әрі жаңа серпілістерді басынан өткізуге жаны
құмар, жаңаша жасауға әрі өзінің іс-әрекеттерін алуан түрлі етуге
үнемі ізденістерде жүреді. 
Ғалымдар «
Креативтілікті»
мәселені шешуге қабілеттілік
деп тұжырымдайды (Cattell, 1971; Klahr & Simon, 1999). Келесі 
авторлар креативтілік тұлғаның кескіні деп есептейді (Mac Kinnon, 
1999). Бұл анықтамаға сәйкес, адамдардың жартысында бұл қабілет 
бар, ал қалған жартысында ол тіпті жоқ. Үшіншілері идеяларды 
қуаттайтынын анықтаған (Guilford, 1967). Алайда ол креативті
адамдардан тыс қалған, ол тек шығармашылық ойды немесе
өнімді бағалай алады, бірақ өзі ондай туынды жасай алмайды. 
Кейбір авторлар анықтамаға креативті идеяларды тани алатын 
қабілетті де енгізу қажет деп есептейді (Tyler, 1978). 
Креативтілік
- қазіргі уақытта философиялық, мәдениеттану, 
педагогикалық, жеке-тұлғалық - психологиялық, әлеуметтік-
психологиялық деңгейлердегі зерттеу жұмыстарының ең маңызды
жалпы ғылыми мәселелердің бірі.
Креативтілік мәселесін дамытуға аса зор үлес қосқан
ғалымдар шетелдік, ресейлік және өзіміздің отандық зерттеушілер 
және т.б. ғалымдар көптеген сынақ тәжірибелік және теориялық 
зерттеулерде креативтілікті дамыту мәселесі әрі қарай тағыда 
ізденістерді талап етеді, себебі танымал тұжырымдамаларда 
креативтілік туралы, оның табиғаты және дамыту факторы
сұрақтарына бірізді жауаптар жоқ, креативті тұлға сапасының
феноменологиясына және классификациясына бірізді көзқарастар 
жоқ. Демек, креативтілік туралы ғылыми білімнің жүйелілік 


126 
талдаулары керек, ол тұжырымдамаларды жалпылауға әрі 
креативтілікті дамытудың маңызды факторларын нақтырақ
анықтау үшін қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет