Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет8/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   132
Акмеологияның міндеттері 
Акмеология шешетін негізгі міндет - адамның (адамдар 
қауымдастығы) қол жеткізген кәсібилік деңгейін анықтауға 
мүмкіндік беретін әдістемелік инстументария құру. 
Акмеология бір уақытта оқу пәні болып та саналады. Осы 
сапада өз рөлін жақсы орындауы үшін, міндетті түрде акмеология 
пәнін терең және жан-жақты ашудан және оның қоғам мен адам 
туралы ғылым жүйесіндегі орнынан басқа, акмеологияны оқуға 
қатысты заңдылықтар мен механизмдерді жарыққа шығарып, 
дидактикалық және әдістемелік түрде адамның индивид, тұлға, 
қызмет субъекті ретіндегі негізгі өлшемдері мен типологиясының 


21 
ғылыми сипаттамаларына осы пәнді зерттеушілердің назарын 
аудару қажет. 
Акмеологияның пәні мен нысанының өзгешелігі, оның ғылым 
ретінде дамуының қазіргі сатысындағы өзекті, басты міндеттерінде 
көрініс тапты. Оларды атап өтейік. 
Міндеттердің 
бірінші тобы
, АКМЕ фенеменологиясын ғылыми 
тұрғыда қарастырумен, акмеологияның теориялық-әдіснамалық 
негіздерін әрі қарай құрастырумен, оның мәртебесін, ғылымдар 
жүйесіндегі орнын сипаттаумен, АКМЕ сандық және сапалық 
анықтамаларын айқындаумен байланысты. Мағынасы АКМЕ-ге 
жету үдерісін мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. 
Міндеттердің 
екінші тобы
, АКМЕ жетістіктердің жалпы және 
жеке заңдылықтарын зерттеуге, индивид, іс-әрекет субъектісі,
тұлға ретінде аса жоғары жетістіктерге жеткен адамдардың жалпы 
белгілерін зерттеуге бағытталған. Сонымен бірге, жалпыны 
айқындау, міндетті түрде кәсіби іс-әрекеттің нақты түріне тән 
ерекшені талдаумен, жеке индивидке тән бірегей талдаумен 
қамтамасыз етіледі. 
Міндеттердің 
үшінші тобы
, АКМЕ-ге қозғалысқа және 
дамудағы шыңға жетуге ықпал ететін немесе кедергі келтіретін 
жағдайлар 
мен 
факторларды 
(кең 
мағынада) 
анықтауға 
бағытталған. Мұнда субъективті факторларды іздеуге және 
жүйелеуге, отбасы тәрбиесінің рөлін талдауға тұлғалық және кәсіби 
стандаттар мен этолондарға, кәсіпқойлар мен кәсібилікке ерекше 
назар аудару қажет. 
Міндеттердің 
төртінші тобы
, тұлғаның дамуымен және 
өзіндік 
акмеологиялық 
зерттеу 
әдістерін 
құрастырумен 
байланысты. Кез-келген ғылымның өзіндік зерттеу және 
әдістемелік аппараты болғанда ғана, ол шынайы түрде дербес 
мәртебеге ие болады. Бұл мәселе акмеологияға да қатысты. Оның 
қалыптасуының басында акмеологиялық міндеттері, жалпы ғылыми 
және психологиялық әдістердің көмегі арқылы шешіледі, алайда 
өзіндік әдістерді құрастыру міндеттері өзекті болатын уақыт келді. 
Осы бағытта жұмыс әрекеті жалғасуда, қазір біраз нәтижелерге қол 
жеткізілді. 
Міндеттердің 
бесінші тобы
, кәсіби іс-әрекеттің алуан түрлі 
санатындағы кәсіпқойлықтың және кәсібиліктің акмеологиялық 
модельдерін құрастыруға бағдарланған. Мұнда «акмеологиялық 
модель» категориясын теориялық тұрғыда негіздеу талап етіледі. 
Акмеологиялық модельдерді құру, тұлғалық-кәсіби дамудың, осы 


22 
үдерісті оңтайландырудың маңызды бағдары болатын кәсібиліктің 
біртұтас және құрылымдық стандарттарын сипаттауға мүмкіндік 
береді. 
Міндеттердің 
алтыншы тобы
, тұлғаның ілгері дамуының және 
бірінші кезекте кәсібиліктің өзіндік акмеологиялық технология- 
ларын құруға бағытталған. 
Міндеттердің 
жетінші тобы
, нақты қолданбалы акмеоло-
гиялық зерттеулерге бағдарланған, бұл өз кезегінде ғылымды 
саралауға, оның ғылыми бағыттарының қалыптасуына деген табиғи 
үдерістерді бекітеді.
Акмеологияның ғылым ретінде дамуына байланысты, дамудың 
келесі сатысы анықталады және жаңа міндеттер туындайды. 
Біріншіден
, тарихи-философиялық тұғырдан нақты АКМЕ-
нәтижеге жетуді мағыналау, тарихи сатыларда адамның іс-
әрекетіндегі өткеннің АКМЕ-элементтерін айқындау, оларды 
болашаққа ендіру және тереңдетілген акмеологиялық білімнің 
әдіснамасын құру. 
Екіншіден
, акмеологияның нақты бағыттарын дамыту – 
саясаттану, экономикалық, басқарушы, педагогикалық және 
басқалар, онда тек жеке адамның аса жоғары нәтижеге жету 
мәселесі өзекті болмайды, сонымен бірге оның алуан түрлі 
жүйелерде – саясат, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салаларда 
аса жоғары нәтижеге жетуі өзекті болып саналады. 
Соның салдарынан акмеологияның ғылым ретіндегі пәндік 
өрісі кеңейді, «адам-адам», «адам-қоғам» және «адам-табиғат» 
жүйелеріндегі категориялық-ұғымдық аппаратты нақтылаудың 
қажеттілігі пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет