Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


арасындағы  қарама-қайшылықтардың



Pdf көрінісі
бет5/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
арасындағы 
қарама-қайшылықтардың 
бар екендігін көрсетеді. Oсы қарама-
қайшылықтар болашақ мұғалімдерді келешекте «акме» деңгейге 
жеткізетін креативті тұрғыдағы дайындығын жетілдірудің 
теориялық және тәжірибелік негіздерін айқындайды. 
Білім берудің дамуында төмендегідей негізгі тенденцияларды 
атап көрсетуге болады: білім берудің бірыңғай жүйесінен 
мемлекеттік, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарынан, 
колледждерден, гимназиялардан, жалпы білім беретін мектеп-
терден, орта арнаулы және т.б. тұратын конгломератты білім беру 
мекемелеріне ауысуы; оқыту мазмұнының өзі әртүрлі болуы; оқу 
жоспарларының еңбек нарығы қажеттілігіне бейімделуі; оқыту 
сапасын бағалаудың жаңа формасына ауысуы. 
Акмеологияның даму тенденцияларын зерделеу жоғарыда 
аталған екі бағыттың да бір бірімен өзара байланысты жүргізіл-
гендігін көрсетеді. Ол заманауи қоғам жағдайында білім берудің 
даму тенденцияларын төмендегіше көрсетуге мүмкіндік береді: 
еліміздегі және шетелдік тәжірибелерді игеру, республикамыздағы 
ізгілендіру мақсаттарын және дәстүрлі құндылықтарды жүзеге 
асыру негізінде білім беруді дамыту; жинақталған алдыңғы қатарлы 
педагогикалық тәжірибелер мен заманауи білім беру жүйесін одан 
әрі дамыту мәнін түзетін инновациялық идеялармен оқыту, 
мамандар даярлау арасындағы сабақтастықты сақтау; қоғам, еңбек 
нарығы талап ететін сәйкестікте жеке тұлғаның сапалық 
қасиеттерін қалыптастырудағы білім беру сұранысын қанағат-
тандыру; білімгерлердің өзін шығармашылық тұрғыдан дамытуы 
үшін жағдаяттар жасауға бағытталған білім берудің барлық 
құрылымы мен деңгейінде басқаруды демократияландыру; оқыту 
нәтижелеріне бағдарланған білім беру үлгілерін қалыптастыру. 
Білім беру адамды дамытуға бағытталған үдеріс. Ғылымның 
дамуында туындайтын қарама-қайшылықтар жаңа ғылымды құру 
құралдары арқылы шешіледі. Осы тұрғыда акмеология ғылымы 
пайда болған.
Акмеологияның білім беру жүйесіндегі дамуын жүзеге асыру 
интенсивтендіру арқылы, білімгерлердің дамуын қамтамасыз ететін 


13 
оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдер, ұйымдастыру формаларын дамыту 
негізінде қамтамасыз етілген.
Елбасы Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында «Акмеология, 
жеке және әлеуметтік жетістік негіздері» атты оқу курсын енгізу 
жөнінде тапсырма берген. Осыған сәйкес, жоғары білім беру 
бағытындағы студенттерді даярлау жүйесінде «Акмеология: жеке 
және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәнін ендіру үдерісі жүріп 
жатыр. Бұл пән кәсіби әрекетте және өмірдің басқа да салаларында 
табыс биігіне жетуді мақсат ететін тұлғаны дамыту, бәсекеге 
қабілетті сапалы адам капиталын құруды қамтамасыз ететін 
міндеттерді қарастырады. 
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәні 
білім беру бағытындағы студенттерді даярлау жүйесінде маңызды 
орын алады. «Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» 
оқу, ғылыми пән, тұлғаның жеке-дара дамуының жоғарғы сатысына 
жету жолында практикалық психологиялық іс-әрекеттерді 
педагогикалық 
ағарту 
және 
оқыту 
әдістемесі 
ретінде 
қарастырылады. 
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» 
пәнінің 
мақсаты
адамның жеке-дара дамуының жоғарғы сатысына жету 
мүмкіндігін қамтамасыз ететін заңдылықтар мен механизмдерді 
зерттеу. 
Пән міндеті
: кемелденген адамдардың жоғарғы жетістіктерге
шыңдарға жету жолындағы жасампаз іс-әрекеті үрдісінде 
шығармашылық әлеуетін (потенциалын) өзіндік жүзеге асыру 
заңдылықтары жөнінде түсініктерді беру; шыңдарға жетуге 
көмектесетін және бөгет болатын объективті және субъективті 
факторларды ашу; жеке және әлеуметтік жетістіктерге жетудің 
заңдылықтарын анықтау; студенттердің мотивациясын және өзіндік 
білім алу, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі қадағалау және өзін-өзі 
жетілдіру, іс-әрекетін өзіндік түзету және өз бетімен қайта құру 
дағдыларын қалыптастыру; таңдалған мамандық контекстінде 
студенттердің қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәнін 
меңгеру 
нәтижелеріне 
қойылатын 
талаптар: 
кемелденген 
адамдардың жоғарғы жетістіктерге, шыңдарға жету жолындағы 
жасампаз іс-әрекеті үрдісінде шығармашылық әлеуетін өзіндік 
жүзеге асыру заңдылықтары жөнінде түсініктерді білу; шыңдарға 
жетуге көмектесетін және бөгет болатын объективті және 


14 
субъективті факторларға ие болу; жеке және әлеуметтік 
жетістіктерге жетуге қабілеттілік; мотивацияға ие және өзіндік 
білім алу және тұлғаның өзін-өзі жетілдіру әдістерін қолдауға 
қабілеттілік; таңдалған мамандық контекстінде студенттердің 
қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін жетілдіру дағдыларын 
қолдана білу сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыруға және 
дамытуға бағытталған. 
Оқыту нәтижелерін қалыптастыру негізінде жоғары білім 
берудің төрт негізгі мақсаттарын назарға алу қажет: болашақ 
маманды еңбек нарығына сәтті енуіне даярлауды; өмірге дайындау 
және белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруды; жеке дамуын 
қамтамасыз етуді; озық білімдердің кең базаларын дамытуды және 
қолдау көрсетуді. 
Болон үдерісіне негізделген білім беру нәтижелерін 
қалыптастыру қазіргі кезде білім беру жүйесін дамытудың 
тенденциясының негізі ретінде қарастырылуда. 
Білім беру нәтижесін ғылыми-педагогикалық еңбектерді
зерделеу нәтижесінде төмендегідей етіп көрсетуге болады: білім 
беру ортасын қалыптастырудың бір құралы болып табылады; 
студентке негізделген білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді;
білім беру үдерісін оқытушы студентке не үйретеді деген 
мәселеден бастамай, керісінше студент не біліп шығады? Нені 
меңгеріп шығады? деген мәселеге басымдылық бере отырып 
жүргізуді талап етеді.
Сондықтан оқытушы тарапынан дайындалған пәннің мақсаты 
мен білім беру нәтижелері бір мағынаны білдірмейді. Студенттерге 
өздерінен не күтетіндігі жайлы ой тастайды; білім беру нәтижелері 
жалпылама сипатта болуы керек. Ерекше үлгідегі білім беру 
нәтижесі шынайы болмайды; бір модуль үшін дайындалатын білім 
беру 
нәтижелерін 
бірнеше 
сөйлеммен 
беруге 
болады
(6-8 сөйлемнен аспауы керек); кез-келген адамға түсінікті болуы 
керек; студент үшін білім нәтижесінің маңызды екендігін білдіруі 
керек; бағалайтын деңгейде болуы керек; егер білім беру нәтижесі 
ұзақ мерзімді болатын болса, оны көрсету керек (кәсіптік этика, 
өмір бойы білім алу, т.б.); сабақ (пән) білімгер деңгейіне (бакалавр, 
магистратура немесе докторантура) сай болуы керек.
Білім беру жүйесіндегі мақсаттардың алғашқы сызбасының 
авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол (1956 жыл) бiрiншi 
таксономияның бiр бөлiгiн жарыққа шығарды. 


15 
Білім беру нәтижелері білім (есіне сақтау, түсіну, қолдану, 
талдау, жинақтау, бағалау қабілеттері), білігі (еліктеу (имитация), 
қолмен істеу қимылдары, дәлме-дәлдік, сөйлеу мүшелерінің 
әрекеті, натуралдау қабілеттері), аффективті (эмоциональды-
құндылық, 
қатынас/тәлім-тәрбие) 
қабылдау 
сипатында 
мазмұндалады. 
Білім беру жүйесіндегі акмеология тұрғысынан төмендегідей 
ерекшеліктерді атап көрсетуге болады: 
1. Білім беру мақсаты: жеке тұлғаны және ойлаудың әр түрлі 
формаларын дамыту. 
2. Педагогтың рөлдік позициясы: жеке тұлғаға бағдарланады. 
3. Білімгердің рөлдік позициясы оқу үдерісінің субъектісі. 
4. Педагогтың стилі: демократиялық. 
5. Білімгердің инициативасы. 
6. Педагог пен білімгердің өзара әрекетінің жетекші формасы: 
білімгер белсенділігінің жоғары деңгейі. 
7. Жеке тұлғаның өзара әрекетінің сипаттамасы: конфликттілік 
деңгейі төмендейді, қарсыластықты әріптестік ығыстырады, 
ынтымақтастық орын алады.
Білім беру нәтижелеріне бағдарланған даярлық акмеологияда 
мұғалімнің азаматтық бағдарлануына, толық мәнді дамуына 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет