277
сезінуге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің
арқаңыздағы ауыртпашылықты алап кеткендей болады...
Сонымен
қатар
жарық
сіздің
қолдарыңыз
бен
алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің
қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек боғандығын
сезініңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз
өкшеңізге ағып кетіп
жатқандығын сезініңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды
өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз
өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен
қуаттарға баюда...(30секунд). Ал енді,
Сізді бойыңызды таратқан
сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап,
көзіңізді ашаңыз».
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
«Әткеншек» жаттығуы
Құрал - жабдықтар: дәптер және қалам.
Тренинг барысында топ мүшелерінің адамдардың алғашқы
байланыстағы сезінген күйлері арқылы
өздеріне қатысты ақпарат
ала алады. Өзі туралы кері ақпарат алу үдерісі келесідей
ұйымдастырылады: әр қатысушы өзара іс-әрекеттегі алғашқы
күйлерін сезінуі қажет. Барлық қатысушы қолдарына бір дәптерден
алып жұптарға бірігеді және қарсы
серіктесіне дәптерлерін
ұсынады. Серіктестер дәптерге дәптердің иесі туралы алғашқы
сезінген сезімдерін, күйлерін жазады. Дәптер өзінің иесіне оралған
соң, басқа қатысушыға беріледі. Осылайша,
жаттығу барлық
қатысушылар бір-бірі туралы ақпарат алғанға дейін жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: