123
ғылыми білімдер деңгейінде бір арнаға біріктіреді деп тұжырым-
даған.
Креативті психологиямен мазмұны жағынан жақын байланы-
сатындығына сипаттама берілген үшбұрышта аталған ғылымдар
туралы түсініктемеге тоқталсақ. Креативті психологияның негізгі
міндеті психикалық қызметтердің заңдарын оның даму барысында
зерттеу. Бұл заңдар адам миында объективті әлемді қалай
бейнеленетінін және осы құбылысқа байланысты оның іс-
әрекеттерінің
қалай реттелуі, психикалық қызметінің дамуы мен
тұлғаның психикалық құрамының қалыптасуы қалай жүзеге
асатынын айқындайды.
Психика объективті іс-әрекеттерді бейнесі, сондықтан психика-
лық заңдарды зерттеу дегеніміз ең алдымен, адам өмірінен және
оның объективті өмір шарттарынан пайда болатын психикалық
құбылыстарды қарастыру. Барлық арнайы психологиялық пәндерді
біріктіру кешені жалпы психология, ол негізгі психологиялық
мәселелерді
сынақ-тәжірибеде
және
теориялық
негізде
қарастырады.
Психологиялық пәндердің барлық жүйесіндегі зерттеу
объектісі
–
бұл адам, оның психикалық үдерістері, жағдайы мен
құрылымы.
Креативті психология
- бұл шығармашылыққа оқыту өнері,
немесе креативтілікті және креативті тұлғаны қалыптастыруға
(дамытуға) бағытталған білім мен зерттеулер, сонымен бірге осы
білімді біліктілікпен
әрі өнермен қолдану, яғни кез-келген оқыту
пәнінде мұны креативті жасай алу.
Креативті психологияның мақсаты
кез-келген пәнді (затты)
креативті-шығармашылық оқу үдерісіне өзгерту, себебі креативті
сабақ креативті-шығармашыл білім алушы жасайды («өмір бойы»,
өздігінен білім алуды жақсы көретін әрі өздігінен білім алатын
білімгер) - басқа дәстүрлі мектептердің бітірушілерімен салыстыр-
ғанда, бұл білім алушы әлдеқайда жоғары деңгейде.
Дәстүрлі пәнді қайта жасаудың мұндай үдерісін «креативті
немесе шығармашылық бағдарлану» деп атайды.
Қазіргі уақытта креативтілік мәселелерін зерттеу жан-жақты
сипаттар алды әрі алуан түрлі салалардағы маман туралы ілім -
философия, әлеуметтану және психология ғылымдарында зерттеу-
дің маңызды саласы.
Креативтілік мәселесі тұлға
психологиясы мен оны дамуы
үшін негізгі мәселелердің бірі.
124
Шығармашылық тақырыбы соңғы уақытта дүркін даму жолына
түскен әрі психологияда ол көпқырлы, әрі қайшылықтарға толы
болғандықтан, тек ең негізгі мәселені қарастырамыз.
Креативтілік
- бұл дарындылық құрылымындағы тәуелсіздік
факторы сапасына енетін, жаңа идеяларды өндіретін қабілетті-
лігімен сипатталатын индивидтің шығармашылығы. Креативтілік
тұлғаны бүтіндей
немесе оның жеке жақтарын, қызметінің
өнімдерін оларды жасау үдерістерін сипаттайды.
Креативтілік
(ағыл.
Достарыңызбен бөлісу: