117
Педагогикада креативтілікті зерттеу оның тұлғалы категориясы
ретінде өздік білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның
дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің шығарма-
шылық үдерісті тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын
табуға мүмкіндік береді. Практикалық аспектідегі ғылыми
зерттеулерді жүзеге асыру мазмұнды түрде инновациялық
практикада қорытындыланатын білім беру мен тәрбиелеу үдерісін
модельдеуден көрінеді. Тұлғаның креативтілік потенциалы саналы
іс-әрекетте дамитын болғандықтан білім беру әрекетінде тұлғаның
креативті үдеріске тиімді кірісуіне жағдай туғызу керек.
Шығармашылық дара тұлғаның саналы және бейсаналы ұғымдары
қалыптасатын креативті үдерісті үздік ұйымдастыру мен реттеуде
қиыншылық туғызады.
Зерттеу көрсеткендей креативтіліктің дамуының саналы
диалектикалық үдерісіне тұлғалық жүйедегі сана және бейсана
ұғымдары жатады. Креативтілік тұлғаның саналы және бейсаналы
феномендарының психикасын зерттеу өзін-өзі тану мен өзіндік сана
сатыларын айқындау қажеттіліктеріне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: