162
Маслоудың тағы бір анықтамасын мысалға аламыз, ол «Critique
оf Self - Actualisatioin» (1959) мақаласында: «өзін-өзі өзектілеуді
тұлғаның мұндай даму жолын адамда мәселенің өсуі жетіспе-
гендіктен әрі өмірдің жүйке тоздыратын инфантильді, немесе
қиялдағы, және «қажетсіз», немесе «жалған» өмірдегі мәселелері.
Сондықтан ол өмірдің «нағыз» мәселелеріне назарын аударуына
болады, (оларды жою мүмкін емес экзистенциалды» мәселелер,
олар адамның мазмұны мен шынайы адамдық мәселелер, олардың
нақты, соңғы шешімі болмайды) - назар аударумен бірге, олардың
алдында абыроймен тұрып, оларды өз қолына алуы тиіс. Өзін-өзі -
бұл мәселенің жоқтығы емес, бұл бір-бірінен ауысатын қозғалыс
немесе жалған мәселенің шынайы мәселеге көшуі».
«Self» термині объективті есімдікті рефлексивтіге өзгертеді (cp.
her және herself). Рефлексивті есімдік іс-әрекет немес қызметке
бағытталған объект пен осы іс-әрекеттің немесе қызметтің
субъектісі бір-біріне сәйкестенген ( мысалы «ол өзіне-өзі құйды»).
Бұл мағынада «self» тұлғаның бір уақытта іс-әрекет жасап
жатқанын және оған төзіп жүргенін білдіреді. «Self» объекті ол -
субъект, агент деп белгіленетін іс-әрекеттердің түрлері мен
белсенділіктердің
түрлерінің
алдындағы
жұрнағы
ретінде
пайдаланылады. Мысалы, «self-love» өзін жақсы көру; «self-
promotion» - өзін-өзі алға жылжыту; «self-actualization» - өзін-өзі
өзектілеу.
Өзін-өзі өзектілеу - бұл бір сәттік рахатқа бөлейтін үдеріс
емес, бұл үздіксіз өсудің қуатты үдерісі, ауыр еңбектің аз ғана
жетістіктері.
Ғылыми-техникалық өрлеумен, коммуникациялық
құралдардың дамуымен, сананың жаппай ақпараттануымен
шарттасқан қоғам дамуының жоғары қозғалысы тұлғаның
әлеуметтенуіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты, қоғам
және білім беру жүйесінің алдында білім алушылардың бойында
өмірге жағымды көзқараспен қарау қабілетін, тұлғалық мәнінің
болуын, кез-келген қиын жағдайда немесе оқиғада өзінің тұлғалық
даралығын сақтап қалуға қабілеттілігін қалыптастыру мәселесі тұр.
Достарыңызбен бөлісу: