Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Ғылыми теорияның сатылары: мәселе, болжам, идея, теория



бет22/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
36. Ғылыми теорияның сатылары: мәселе, болжам, идея, теория.
Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.Ғылыми теорияның құрылымы мынадай негізгі элементтерден тұрады: іргелі ұғымдар мен принциптер, идеалданған объектілер, әдіснамалық принциптер мен дәлелдеме тәсілдері. Теорияның жұмыс істеу процесі міндетті түрде проблеманы қалыптастыру кезеңдерін, сондай-ақ гипотезаларды ұсыну мен тексеруді қамтиды.
Болжам - мәні толық анықталмаған заттар мен құбылыстардың негізінде жатқан ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал;
Мәселе - белгілі бір түсінікпеушіліктен туындайтын, мәселелік жағдаятқа талдау жасаудан бастау алып танымдық мәселені субъектің түсінуі, танымдық түрткінің тууы, мәселелік жағдаяттың танымдық міндетке айналуы.
Идея - (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) – ой, түпкі ой бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік
Теория - (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие.
37. Қайта Өрлеу дәстүрiндегi дiни реформация. Ж.Кальвин, М.Лютер.
Реформация - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қасы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырда діни - қоғамдық қозғалыс Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин. Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.
Реформацияның басталуы. Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды.
Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозға- лыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация — адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттық ағымның тосқауылына жолықты.
Мартин Лютердің өмірі және Реформацияның қаһармандары «Ақыл-ой» иелерін жек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. Өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойған мақсатынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қайраткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар — білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның ұлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жепес асыл мұралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформаланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние- танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай үқсастық бар? Осыдан келіп екінші сұрақ туындайды. Ақсүйектік — элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағыттарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформация) табиғатынан іздеуіміз керек. «Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі — Витенбергуниверситетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс — католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм» деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты. Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 жылы Шпейер рейхстагында алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін тұту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бұзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын. Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы — католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын тұрды.Бұл реформалардың негізгі мақсаты — жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет