Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы



бет19/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
32 ибн Сина философиясыӘбу Әли Ибн Сина (980-1037ж.) Афшаны (Өзбекстан жері) деген жерде дүниеге келіп, Бұхарада өмір сүрген. Ол өзінің заманындағы барлық ғылымдарды: грамматикадан бастап, заң тану іліміне дейін 12 ғылымды игергендіктен Хамадандағы (Иран) Ибн Сина басына қойылған ескерткіштің 12 бағанасы бар. Өзіндік энциклопедиялық білімі, философиялық көзқарасы болған ойшыл. Кейін ол бір атақты дәрігердің қолдауымен медицина саласын жете оқып, оны өзінің негізгі кәсіби жұмысы еткен. Сол кездегі Бұхар әміршісін емдегені үшін оған сыйлық ретінде Бұхараның атақты кітапханасына баруға рұқсат берген. Ол заманда бұл дүниежүзінде ең ірі кітап қоры, ең бай кітапханалардың бірі болып есептелінетін. Сол жерде білімін жетілдіріп одан әрі тереңдетеді.
1002 жылы ол көрші Хорезм патшалығының астанасы Үргеніш қаласына ауысады. Ол кезде (ІХ-Х ғ.ғ.) Орта Азияда ғылымның, мәдениеттің дамуы жоғары деңгейде болған, себебі, Батыс Еуропадағыдай діннің әсері Орта Азияға кейінірек XI ғ. басталады, бұған дейін ғылыми ұғымның қалыпта-суына діни басшылық көп кедергі жасамаған. Сондықтан да Ибн Сина ғалым ретінде қалыптасуы, өсуі Орта Азияның мәдениетінің, экономикасының зор дамыған кезеңіне келеді. Хорезмде 15 жыл өмір сүрген, осы жерде ол атақты математик, астроном, географ, минеролог, этнограф, тарихшы Әл-Бирунимен танысады [1].
Әйгілі орыстың медицина зерттеушісі Б.Д.Петров ол жайлы былай деп жазады: «Орта ғасырларда онымен білімі, таланттылығы, еңбекке талпынысы және шығармашылық қорытындылары бойынша ешкімді салыстыруға болмайды». Клиницист Ибн Синаға болмысқа философиялық тұрғыдан философиялық көзқараспен, оймен қараған тән. Оның даналығын мойындамайтын зерттеушілердің өзі оның ой-түйіндерінің логикалық тұрғыдан пайда болғандығын және дұрыстығын атап өтеді. Ибн Синаның «Данишнаме» («Білім кітабы») еңбегінің бір бөлімінде сапа мен сандық категорияға мысал ретінде ауру мен денсаулықты атап өткен. Оның медицинаға деген көзқарасын табиғатқа деген көзқарасын білгеннен кейін ғана айқын айта аламыз. Хорезмде Ибн Синаның қоғамдық-саяси көзқарасы, дүниетаным ұғымы қалыптасты. Хорезмде тұрған жылдары ол өзінің ең атақты еңбегі «Китэб эш-Шифа» (Емдеу кітабы) және «Әл-Канүн фиттыб» (Дәрігерлік ғылым каноны) атты кітаптарын шығарады және ғылымның басқа салаларынан да еңбектерін жазады. Бұл шығармалары Ибн-Синаны дүниежүзіне белгілі етеді, атағын шығарады. Ол энциклопедиялық білімі бар ғалым ретінде барлық жерде белгілі болады. Бірақ 1017 жылы Ибн Сина Хорезмнен қашып кетуге мәжбүр болады, себебі ол өзінің элеуметтік-саяси көзқарасы үшін қудаланады. Соңғы жылдары ол Иранда тұрады, онда да бірнеше ғылыми еңбектер жазады. 1037 жылы Иранда Хамадан деген жерде қайтыс болып сол жерде жерленеді. Осы уақытқа дейін оның басына қойылған қорғаны сақталған.
Ибн Синаның біздің заманымызға дейін 100 астам еңбектері жеткен. Ибн Сина дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына әл-Кинди мен әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі [2].
Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны камтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты кереметпен аталатын еді. Оны біресе «философтар патшасы» деп атаса, біресе «дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен араб перипате-тизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние – шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді. Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесін өте қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді:32(ЖАЛГАСЫ)
1) заттарға дейін, құдыреттің ақыл-ойында;
2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні;
3) заттан кейін адамдардың санасында.
Таным теориясында Ибн Сина әл-Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде, ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ибн Синаның ғылыми-саясаттық көзқарасы үшін оның еңбектерін үш рет өртеп жіберуге жол берілген, біріншісі – 1160 жылы Бағдатта, екіншісі – 1260 жылы Иранда, Исфахан деген қалада, ал үшінші рет – XVғ. Т. Парацельс деген швейцар ғалымы Авиценнаның медициналық көзқарасы галенизмге жақын деп еңбектерін тағы да өртеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет