Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


И.Кант философиясындағы өзіндік зат және біз үшін зат ноумен және феномен транцендентальды дүние ұғымдары



бет20/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
33. И.Кант философиясындағы өзіндік зат және біз үшін зат ноумен және феномен транцендентальды дүние ұғымдары
Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады. Трансцендентальдық деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның ар жағында жатқанды айтады.Келесi екi ұғым – ол «зат өз iшiнде», яғни заттың өзiндiгi, оны И.Кант «ноумен» деген ұғыммен бередi, ол – мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол «феномен» деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк және ақыл-ойдың бiтiмдерi арқылы ретке келтiрiп, тани аламыз. Ал
ноумендi алсақ, ол танылмайды. Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек қана оның өмiр сүрiп жатқанын көремiз. Олар бiздiң түйсiктерiмiздi қоздырушы күштер ғана, ал үшiншi мағынасы – өзiндiк зат тәжiрибенiң ар жағында жатыр. Төртiншiден, оларды таным үдерісінде бiрте-бiрте
жақындай беретiн идеалдар, неше түрлi рухани құндылықтар ретiнде түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол сенiм аймағына жатады
34.Т.Гоббс философиясындағы адам және мемлекет мәселелері
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) — ағылшын философы, Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Азамат жөнінде», «Левиафан, я Материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі» т. с.с. Жаңа дәуірдегі алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс философия пәнін ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді-кесілді теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе ол оның моральдық жетілуінің тірегін құрайды.Адам мәселесі р. .Декарттың «Адам — машина» деген көзқарасын әрі қарай жалғастырып, Т.Гоббс адам да дене ретінде күрделі механизм деді. «Өмір – бөлшектердің әр түрлі қозғалыстары «жүрек — серіппе, жіптер, адамның аяқ-қолдары — машинаның дөңгелектері сияқты бүкіл денеге қозғалыс береді» т.с.с. Егер Р.Декарт адамның денелік емес жан дүниесін мойындаса, Т.Гоббс психиканың өзін механистік тұрғыдан түсіндіргісі келді. Адамның моральдық қасиеттерін ойшыл оның табиғаты арқылы түсіндіреді. Бұл жағынан келгенде, оның көзқарасы Н.Макиавеллиге өте жақын. Адам табиғаты өзімшілдікке негізделген. «Адамдар өз табиғаты бойынша қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы т.с.с.хайуандыққа толы», ал қоғамдық пенде ретінде олар «пайда мен мансап» іздейді, тек өздерін ғана сүйеді, — дейді ұлы ойшыл. Т.Гоббс адамдардың өзімшілдігінен шығатын мүдделері мен мақсаттарына көп көңіл бөледі. Қоғам өмірінде әртүрлі мүдделер бір-бірімен соқтығысып, құқ ғылымының әділдікке негізделуіне жол бермейді, заңдар бұрмаланады т.с.с. «Егер геометрия қағидаларының адамдардың мүдделеріне қатысы болса, онда ол кітаптарды адамдар жағып жіберер еді», — деген нақыл сөз осы кісінікі. Сондықтан моральдық құндылықтардың негізінде мүддеден шығатын пайдалық жатыр. Жақсылық пен жамандық, игілік пен залымдық дегендеріміз не? деген сұраққа «жақсылық, игілік» деген сөздермен бізге ұнайтын, пайдасы бар нәрселерді айтамыз, ал залымдық деп оған қарама-қарсы жатқан нәрселерді көрсетеміз»,- деп жауап береді. Мұндай мораль саласындағы көзқарасты біз утилитаризм дейміз (utilitas — латын сөзі, пайда).
Әрине, адам мәселесін талдағанда, еріктік мәселесін аттап өте алмаймыз. Т.Гоббс ерік тек қана адамның ахуалынан ғана шығып қоятын құбылыс емес деген тұжырымға келеді. Еріктік дегеніміз — барлық дүниедегі нәрселерге тән. Мысалы, ыдыс сынса, ішіндегі су еріктік алады.
Дегенмен адамның еріктігі өте қиын шаруа, өйткені ол жалғыз емес, өмір жолында мыңдаған басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан, бір жағынан, ерікті болса, екінші жағынан, қоғамдық қажеттіктен аттап өте алмайды. Олай болса, олар бір-бірін толықтырады. «өзендегі судың ағысы ерікті де қажетті, өйткені ол арнасынан шығып кете алмайды». Адам да сол сияқты деп қорытады ұлы ойшыл.
Мемлекет пен қоғам мәселелері
Сонау көне заманнан бері қоғам мен мемлекет мәселелеріне келген кезде, ойшылдар оны негізінен екі қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Біреулер қоғамдық пен мемлекеттіліктің басымдылығын (мысалы Аристотель, кеңес заманындағы идеология), екіншілер жеке адамның мемлекет пен қоғам алдындағы біріншілігін (атомистер, қазіргі өтпелі дәуірдегі кейбір реформаторлар) көрсетті. Т.Гоббсты бұл аталған екі бағыттың қайсысына жатқызамыз? Әрине, екінші бағытқа, өйткені ол өзінің ілімінде мемлекеттілікті адамның өзімшіл табиғатынан шығарады. Әрбір адам ең алдымен өз мүддесін алға қояды, олай болса жалқылық, жекелік — бірінші, ал қоғамдық, мемлекеттілік — екінші орында.
Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзінің тарихында екі сатыдан өтеді.Олар — мемлекеттікке дейінгі табиғи (status naturalis) және мемлекеттік (status civilis) саты.
Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік те, мораль да әлі жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерінің бәріне деген құқы. Өзінің өмірін сақтап қалу жолында адам қандай іс-әрекет жасаса да, шектелген жоқ. Сондықтан мұндай жағдайда әр адам өмірге керек құндылықтарды өзіне тартқаннан кейін, «бәрінің бәріне қарсы соғысы» (bella omnia contra omnies) басталады. Адамдар бір-біріне қасқыр сияқты (homo homini lupus est) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өз-өздерін құрту қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттік деңгейге көшу қажеттігі пайда болады.
Сондықтан адамдар өздерінің кейбір құқтарынан ерікті түрде бас тартып, оларды күшті орталандырылған билікке береді. Сонымен қоғамдық осындай шарттың негізінде мемлекет дүниеге келеді. Т. Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тілсіз іске аспас еді. «Тілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас еді».
Адамдардың мемлекеттікке өтуінде олардың табиғатында бар заң (lex naturalis) үлкен рөл атқарады. Ол заң — «өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама». Оны біз моральдың «алтын ережесі» дейміз.
Екіншіден, әрбір адам өлімнен қорқады, сондықтан ол бейбіт өмірдің қажеттігін сезінеді, ал мұның бәрі оны мемлекеттілікке қарай итермелейді.
Мемлекетке шарттық негізде өз еркімен берілген адамдардың құқтары енді қайтып алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын бұлжытпай орындаулары қажет. Сонымен қатар Т.Гоббс — құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бір жағынан алған да, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қарым-қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұқсан келеді. Бұл жерде Т.Гоббс тоталитаризмнің болуын болжаған секілді. Сондықтан заңдар ақыл-ой елегінен өткен қажетті қатынастарды ғана ретке келтіруге тиіс.
Әрине мемлекеттің дүниеге келу мәселесі — өте күрделі құбылыс. Ол жөнінде әртүрлі болжамдар бар. Т.Гоббстың жасаған «конвеционалдық» (шарттық) тұжырымы, әрине, бұл мәселенің мәнді бір жағын ғана көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, қайсыбір мемлекеттi шарттық негізде өмір сүреді деп әбден айтуға болады. Біздің жас мемлекет те өзінің екінші «Ата заңын» (Конституциясын) 1995 ж. Бүкілхалықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзін белгілі шарт деп айтуға, әрине, болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет