38.Үндiнiң джайнизм философиясы. Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.Джайнизм (джина - жеңіс) негізін қалаған – Махавира. Жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу – нирджара, босау. Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Джайнизмде адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек:Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;
Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;Астья – ұрлық жасамау; Ахимса – қиындықтарп жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.
39.Ибн-Халдун философиясы. Ибн-Халдун географиялық ортаның қоғам және адам дамуына әсері туралы. Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философы. Ибн-Халдун (1332-1406жж.) - Шығыс философиясының жұлдыздарының бірі, сонымен қатар - тарихшы, мемлекет қайраткері.
Енді Ибн-Халдунның философиялық көзқарасына келер болсақ ²Дүние-ретке келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген заттардан тұрады. Барлық заттардың негізінде алғашқы 4 элемент жатыр (су, от, ауа, жер). Олар әртүрлі бөлшектік өлшемде бір-бірімен қосылғаныменен, біреуі басым болуы қажет - әйтпесе зат өмір сүре алмайды. Заттың өмір сүруінде шешуші орынды туа біткен жылу алады, ал оның қайнар көзі - отта.
Ибн-Халдун табиғатта болып жатқан үрдістердің адамға тәуелсіз екенін білген. Ал, табиғатта өрлеу бар ма? - деген сұраққа ол кісі былай жауап береді. Дүниедегі күрделі субстанцияларға қараңызшы - ол минералдардан басталып, одан кейін өсімдіктер, жануарлар бірінің артынан бірі Дүниеге келеді. Ең күрделі минералдар ең тұрпайы өсімдіктерге – мүктерге, ұрықсыздарға айналады. Ең жоғарғы дәрежедегі өсімдіктер, мысалы, жүзім, пальма сияқтылар, тұрпайы жануарларға, мысалы, моллюскілерге айналады. Жануарлар әлемі көбейіп және көптүрлі болып, ақырында ойлау қабілеті бар адамға әкелді. Маймылдың түйсіктері мен қабылдау қасиеттері бар, ал ойлау және түсіну мүмкіндіктері жоқ.
Ибн-Халдунға философ ретінде адам және қоғам мәселесін шешуі қажет болған. Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін - онсыз өмір жоқ,- бірігеді. Екіншіден, олардың бірігуіне себеп болған - ол жағалай ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші - тағы жыртқыштардан, екінші, адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі құралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек.
Ибн-Халдун қоғамдағы жағдайдың бәрі деген табиғатқа байланысты емес дейді. Бір ауа-райы аймағында өмір сүріп жатқан әр-түрлі халықтар біркелкі өмір денгейінде емес. Біреулері – бай болса, екіншілері - кедей.
Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып қоюында емес, сонымен қатар, оның себебіне жету болды. “Біл, ұрпақтардың өмір сүру айырмашылықтарын олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша табатынына байланысты², - дейді Ибн-Халдун. Бұл қоғам өміріне деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы да ашып, теорияға айналдырған болатын.
Сонымен, ұлы ойшыл қоғам өмірінің дамуын экономика саласымен тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселерімен тығыз байланысты. Адамдар бәрінің өмір сүру қажеттігі жолында бірігіп, жағалай қоршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның негізінде өздері де ғасырдан ғасырға жетіле береді.
Ибн-Халдун қоғамдағы дамудың негізгі екі сатысын көрсетеді. Оны ол екі ұғым арқылы береді: бірінші сатысы - ²Бидави², екіншісі - ²Хидари². Бұл сөздердің этимологиясын (алғашқы берілген мағнасын қарасақ, онда Бидави көшіп-қону, ауылдық, алғашқы,- деген мағна береді. Ал Хидари болса, ол қалалық, астаналық,- деген мағнада.