Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Дүниежүзілік діндер: ислам, христиан, буддизм. Діннің әлеуметтік қатынастарды реттеушілік маңызы



бет4/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
6. Дүниежүзілік діндер: ислам, христиан, буддизм. Діннің әлеуметтік қатынастарды реттеушілік маңызы.
Христиан діні Назареттік Ғайсаның өмірі мен тәлімін негіз етіп, 1 ғасыр айналасында пайда болған, Жаңа келісім деп аталатын Ибраимдік сенім жүйесі. Жаңа келісім деген сөз Исаның өз қаны арқылы Құдайдан алғашқы күнәдан арылу келісім деген мағынада айтылады. Бұл сенім жүйесі бойынша Ғайса жартылай адам, жартылай Құдай, өйткені оның анасы Мәриям осы дін бойынша Құдай жағынан жүкті болған делінеді. Сөйтіп Ғайса Құдайдың ұлы ретінде осы дүниеге адамзатты алғашқы күнәдан арылту үшін келеді. Бірақ адамзаттың түсінбестігінен крестке шегеленеді. Негізінен Христиандар Үштікке - яғни Құдай әке, Киелі рух және Құдайдың ұлы сынды үштің бірлігіне сенеді. Христиан дінің тармақтары:
Католик шіркеуі, Рим папасы бастаған, папаны Құдайдың жердегі өкілі еткен сенім жүйесі болып, 24 шіркеуді басқарады.Православие, ол шығыстық ортодокс, шығыстық, және шығыс шіркеуі дегендерді қамтиды.Протестантизм, 16ғ-да Католоик шіркеуінен бөлінген протестанттық реформация қозғалысының жемісі. Олар католик дінін жеңілдетіп, дінді еңбекпен, табысқа жетумен бірлестірді, гуманимзмдестірді, шіркеуді емес, Құдайды негіз еткен жеңіл сенім жүйесін жасады. Негізгі тармақтары, Англишанизм, Баптизм, Калвинизм, Лутерианизм, және Методизм қатарлылар.Ислам діні Құранды негіз еткен Ибраһимдік бір сенім жүйесі, ол 7 ғасырда Араб түбегінде Мұхамед пайғамбар жағынан пайда болды. Ол өзіне дейінгі Иудаизм және Христиан дініндегі пайғамбарларды мойындай отырып, Мұхамедті ең негізгі пайғамбар деп есептейді. Бұл дін Шығыс Оңтүстік Азияға, Солтүстік Африкаға, Батыс азияға, Орталық азияға кең таралған.сүнниттік ислам - Ислам дінінің ең үлкен тармағы болып, Құранды негіз етеді, Суннамен жүреді, Сахабалардың хадистерін де басшылыққа алады.
шииттік ислам екінші үлкен тармақ болып, олар Әлиді Мұхаметтің мұрагері деп дәріпейді.
Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет