Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Философиядағы сана мәселесі: кәдуілгі сана және қоғамдық сана. Қоғамдық сананың



бет7/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
9. Философиядағы сана мәселесі: кәдуілгі сана және қоғамдық сана. Қоғамдық сананың
түрлері. Өзіндік сана –адамның өзін тұлғ ретіеде түсіну және бағалау,адамның өзінің іс-әрекеттері мен олардың нәтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара әрекетін және өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас жүйесі. Бейсана —адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет.Ол адас өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын әр түрлі күйлердің жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы: бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес.Бейсана адамның ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді.
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін.
10. Дж.Локтың философиясы, сенсуализм ағымы.
Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:
1.дүние материалды;
2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);
3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);
5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние;
6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;
7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;
8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет