8. Қайта Өрлеу дәуіріндегі ғылыми жаңалықтар Г.Галилей, Н.Коперник,Дж.Бруно. Николай Коперник
1473 – 1543 – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты.Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперник зерттеулерінің үлкен өмірлік мәні бар.
Галилео Галилей 1564-1642 Галилей— итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пизауниверситетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды. Джордано Бруно (1548-1600 жж.) – дін қызметкері, философия докторы.Философиялық идеяларын жалған деп, одан бас тартпағаны үшін 1600 ж. 17 ақпанда баяу жанған отқа өртеліп өлтірілді. Оның философиясы – материалистік пантеизм деп анықталады. Дж. Бруно ілімінің философиялық тікелей бастаулары Н. Кузанский мен Б. Телезионың еңбектеріне сүйенеді. Жаратылыстану ғылымдары саласында оған Н. Коперниктің астрономия идеялары үлкен әсерін тигізеді.Бруно табиғат философиясы мәселелерін шешуге бағыттайды. Философияның мақсаты табиғатты тану деп есептейді. Бруно философиясының арқауы – құдайлық пен табиғаттық, материалдық пен идеалдық, денелік пен руханилық, ғарыштық пен жерлік, парасаттылық пен сезімдіктің диалектикалық бірлігі туралы ой.Құдай мен табиғат қатынасын Бруно пантеизм тұрғысынан шешеді