4.Миф және оның тарихи түрлері: тотемизм, фетишизм, магия, анимизм.
Тотемизм Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дінде дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм немесе табыну. Тотемизм - адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы.
Анимизм (лат. аnima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну және соған табыну. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгізген. Фетишизм – (французша тұмар, қасиетті күші бар зат дегенлі білдіреді) жансыз материалдық заттар тасқа, ағашқа, сүйекке, малдың бас сүйегіне, тіске, тағы басқаларға табыну, оларды қамқоршы көру. Көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, көне мәдениеттерге тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Кейінірек тас мүсінді құдай, пұттар, ескерткіштер жасап соларға табыну. Магия (сиқыр, аяр, жады). Жаратылыстан тыс күш шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі –магия немесе тылсым. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды.
5.Г.В.Лейбниц философиясы, оның монадалар теориясы. Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:1.Субстанция;2.Таным.
Барлық монадаларды Лейбниц 4 топқа жіктейді: 1.«жалаңаш монадалар» - неорганикалық табиғат монадалары (тастар, жер, пайдалы қазбалар); 2.Жануарлар монадалары – түйсікке және жетілмеген өзіндік санаға ие; 3.Адам (жан) монадалары – санаға, еске, ойлау қабілетіне ие; 4.Жоғарғы монада – Құдай. Монада класы жоғары болған сайын оның пайымдылығы мен бостандық деңгейі де жоғары. Болмыс мәселелері, субстанциялар (монадалар) туралы іліммен қатар Лейбництің философиялық қызуғышылықтарының келесі саласы гносеология (таным философиясы) болды.