Қожаберген жырау



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата29.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#2962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«ЕЛІМ-АЙ» дастаны 
 
І 
Жыр басы 
 
Алла ҿзі алсын бізді панасына
Дҧшпанның қол жеткізсін жағасына. 
Майданда ерлеріме қуат беріп, 
Кҿрші елдің қалдырмасын табасына. 
 
Алаштың алты ҧлының бірі-қазақ, 
Жҧрт еді қайырымды салты ғажап. 
Тілеймін жалбарынып жаратқаннан, 
Халқымды еткізбе деп жауға мазақ. 
 
*  *  * 
Ассалаумағалайкем, халқымызға, 
Кейістік кҿріп тҧрған жалпыңызға. 
Қатал жау ҽрбір тҧстан шабуылдан, 
Келтірді ҥлкен нҧқсан қалпымызға. 
 
Ассалаумағалайкем, сардарларым, 
Жҧрт ҥшін ерлік еткен дегдарларым. 
Кеңесіп дҧшпандардан ел қорғаңдар, 
Кетпесін жау қолында мал-жандарың. 
 
Ассалаумағалайкем, сарбаздарым, 
Болашақ кҿпке тҧтқа маңғаздарым. 
Қожаберген атаңнан уағаз тыңдап, 
Осыдан жағдайды ҧқ сырбаздарым.* 
 
Ассалаумағалайкем, қариялар, 
Ақылға қиын істе дариялар. 
 
*Сырбаздарым  деп  ақын  бір  сырлы,  сегіз  қырлы,  өнерлі  әрі  ер 
жігіттерді айтып отыр. 

 
26 
Жау жайын мҽлімдейтін келді ретің, 
Қауымға ҥгіт айтып жариялар. 
 
Ассалаумағалайкем, шораларым, 
Билеген ҽр аймақты даналарым. 
Баршаның ризығы малды сақта, 
Қаңырап бос қалмасын қораларың. 
 
Ҿзегің қайғы ҿртеген, дертің қалың, 
Есен бе, мырзаларым, ішің жалын. 
Жастардың басын қосып, ель қорға, 
Ҿзімде қалсын десең дҥние-малым. 
 
Ассалаумағалайкем, би мен бегім, 
Кҥн кҿрген жҧрт ҥстінен ылғи тегін. 
Тҿрені қолдап, қараны* қағажу* қып, 
Кҿбейткен жақсылардың* ішкі шерін. 
 
*  *  * 
Уа, халқым, ойланарда іс қылайын, 
Ҥңіліп ҿткен кезге кҿз салайын. 
Ақылмен қиын істі шешер кезде, 
Бҧрынғы кҿсемдерге тоқталайын. 
 
Алла, аруақ, ҽулиелер желеп-жебеп, 
Қазақты ел боларда қолдап-демеп. 
Қайтадан ҥш жҥз жҧрты ҿсіп-ҿнген, 
Ақ орда қоластында бақыты ҿрлеп. 
 
Азырақ хандар жайлы айтсам дерек, 
Бҧл сҿзім халайыққа ҽбден керек. 
Жҧртыма ҧлғайсамда қызмет етем, 
Демеңдер қауым мені кҽрі терек. 
 
*  Қараны  деп  жырау  бұл  арада  халықтан  шыққан  ерлерді  айтып 
отыр. 
* Қағажу – шеттету деген мағынаны білдіретін сөз. 

 
27 
* Жақсылар деп ақын ақылды, батыл азаматтарды айтып отыр. 
 
Ақ орда дҽуірінде билік қҧрып, 
Қазақтың оріс тҿре болған ханы. 
Ту ҧстап, ғаскер бастап, жауды жеңіп, 
Ҥш жҥздің болған екен ел қорғаны. 
 
Сҿз сҿйлесем кҿнеден, 
Ҿткен талай елермен. 
Шора болмай кей мырза, 
Жҧртын ерткен ҿнермен. 
 
Тоқтақия, Қҧйыршық, 
Оріс ханның ҧлдары. 
Болмаса да олар хан, 
Кҿп бопты малы, пҧлдары. 
 
Жауынгер бопты олар да, 
Жҧртына тиіп пайдасы. 
Ҥш жҥзді қорғап ҿтіпті, 
Жаудан асып айласы. 
 
Ақ орданың хандары
Ҥҽйіс пен Ер Барақ. 
Қалмаққа соққы беріпті, 
Ғаскерін тез жинап ап. 
 
Барақ та Ақ орданы билеп ҿткен, 
Хан болып талай елге даңқы жеткен. 
Барақтан Жҽнібек пен Керей туып, 
Қазақты ҿз алдына хандық еткен. 
 
Ҽке мен ағасының жолын қуып, 
Хан болып Ер Мҧрындық туын тіккен 
Жау қалмақ сол кезде де кҿп соғысып, 
Жеңіліп Ҥш жҥзімнен тізе бҥккен. 

 
28 
Жҽнібектің ҧлдары: Қасым, Жҽдік, 
Нығайтып қазағымды мықты ел еткен. 
Қалмақпен соғысқанда ылғи жеңіп, 
Жайнатып жасыл туын желбіреткен. 
Солардың хандық қҧрған кезеңінде, 
Ҥш жҥздің кҿп шаруаға қолы жеткен. 
 
Ер Қасым дҥниеден ҿткеннен соң, 
Мамаш хан боп, ел ісі кері кеткен. 
Онан соң Таһир, Бҧйдаш билік қҧрып, 
Ҥш жҥзді басқара алмай, кҿп жҥдеткен. 
 
Соғыс, аштық жоқ кезде, 
Кҿрші елдермен ҧстасқан. 
Татулықты сақтау орнына, 
Мҧсылманмен қастасқан. 
 
Ардақты жҧртым-қазағым, 
Аузына харам салмаған. 
 
Мамаш, Таһир, Бҧйдашты, 
Хандар деп еске алмаған. 
Сол себепті олар да, 
Жҧрт есінде қалмаған. 
 
Соғыс жоқ тыныш жылдарда, 
Ҥшеуі елді жҧтатқан. 
Жҥрегінде халқымның, 
Кекшілдік отын тҧтатқан. 
 
Олардан кейін Хақназар, 
Хан тағына отырған. 
Медересе мен ашып мешітті, 
Кҿп шҽкірттер оқыған. 
 
 

 
29 
Хақназардың тҧсында, 
Қазақтың халі жақсарған. 
Тҧтас кҥйде Ҥш жҥзді 
Кҿп жыл бойы басқарған. 
 
Жҧрт тҧрмысы жҿнделген 
Хандығымыз гҥлденген. 
Дҽулетті боп кҿп адам, 
Азаматқа ҿң кірген. 
 
Жыл сайын егіп егінді, 
Нандық астық мол алған. 
Арпа, сҧлы кҿп шығып, 
Аттардың жемі молайған. 
 
Мал ҿсіріп, шебер боп, 
Шаруасы елдің оңдалған. 
Естерін жиып аз жылда, 
Халайық жақсы қоңданған. 
 
Жауларды қуған жолатпай, 
Тіккен туын қҧлатпай. 
Кҿсем болған Хақназар, 
Жамандық істі ҧнатпай. 
 
Хақназар ҿтіп дҥниеден, 
Қайғысы Ҥш жҥз молайды. 
Қартайса да хан қойды ел, 
Жҽдіктің ҧлы Шығайды. 
 
Туысының ісін Шығай алға апарып, 
Майданда Қалмақтарды талқандаған. 
Жер-суды қорғау ҥшін ғаскер жиып, 
Қарумен, саяқ атпен жабдықтаған. 
 
 

 
30 
Ата аруағын шақырып, ҧран салып, 
Шығай хан қартайса да ел қорғаған. 
Бҧзба деп бірлігіңді ешқашанда, 
Ҥш жҥздің бектеріне хат жолдаған. 
 
Шығай хан алдағы істі кҿре білген, 
Жармақтың жорлығына кҿңіл бҿлген. 
Сібірді кҽпірлерден қорғау ҥшін, 
Татар ханы Кҿшімге кҿмек берген. 
 
Ортақ жау мҧсылманның елдеріне, 
Қызыққан орман, кҿлді жерлеріне. 
Ит Жармақ мақсҧтына жете алмаған, 
Жолығып татар жҧрты ерлеріне. 
 
Шығайдың ҥш ҧлы да жақсы болып, 
Онданы жас кезінен қол бастаған. 
Қатер тҿнген шақтарда амал тауып, 
Ерлікте ол сҧлтаннан жан аспаған. 
 
Сақтаған бабалардың тҽуір салтын, 
Бҧзбаған Ҥш жҥзімнің елдік қалпын. 
Дҧшпанға тҿтеп беріп беделді боп, 
Асырған Қазағымның ерлік даңқын. 
 
Отырған бірінен соң бірі хан тағына, 
Тҽуекел, Есім, Жҽңгір, Шығай*, Тҽуке. 
Солардай кҿсем болса, ҿкінбес ек, 
Ҥш жҥзді басқаратын жҧрт қып жеке. 
 
*  Шығай  –  Салқам  Жәңгірдің  туған  інісі,  ағасынан  кейін  1652-1680 
жылдар  аралығында  Үш  жүздің  ханы  болыпты.  Ол  жастай  жетім 
қалған інісі Тәукені тәрбиелеп өсірген. 
 
 
 
 

 
31 
Ҽз Тҽукемен замандас, аты шыққан, 
Бірі – сҧлтан, бірі – ер, қос Тҽуке ҿтті. 
Тірісінде қалмақтан жҧртын қорғап, 
Елімнің тҧтастығын сақтап кетті. 
 
Бҧл кҥнде тап солардай бір тҿре жоқ, 
Осыны ескеріңдер, шонжарларым. 
Шыдаңдар қиындыққа жҥнжімеңдер, 
Сынбасын тіршілкте ажарларың. 
 
Уағазға қҧлағың сал бек пен биім, 
Демеңдер мынау тҿре, мынау қара. 
Қамал бҧзар ортадан біреу шықса, 
Сол ердің сҿзін тыңдап,  мыңға бала. 
 
*  *  * 
Мҧратқа пенде жетпес ізденгенмен, 
Мақсҧты орындалмас кҿздегенмен. 
Дҥниеден сап-сабымен ҿтті ерлер, 
Найзасын оңды-солды кезенгенмен. 
 
Мың рет орансаң да беренменен, 
Кірерсің жер қойнына денеңменен. 
Қолыма қобыз алып, ҽнмен шырқап, 
Айтайын бҥгінгі істі ҿлеңменен. 
 
Тараған алуан тҥрлі бізден ҿлең, 
Зарлы ҽн мен зарлы кҥйді тыңда менен. 
Апатты мына келген жыр етейін
Сергісін қҧйма болат кҽрі денем. 
 
Ҿткенді бҥгінгімен ҧштастырып, 
Жайларды бастан кешкен тҧтастырып. 
Оқиғасын соңғы он жылдың қоса айтып, 
Жырлайын осы кезбен ҧластырып. 
 

 
32 
Азырақ бҧрынғыны еске алып, 
Сҿйлейін ҽр жылдарға назар салып. 
Мҽн-жайды ҿлеңімнен ҧғын жастар, 
Жҥрмеңдер сезбедік деп қапы қалып. 
 
Кҿрші елге батырлықпен даңқым жеткен, 
Сібірдің батыс жағын мекен еткем. 
Керейде Толыбай сыншы кіші ҧлы едім, 
Жырларым қазақ жҧртын елжіреткен. 
 
Орта жҥз Арғындағы асыл тектен, 
Анамның шыққан заты Сҥйіндіктен. 
Жиырма ҧлдың Кҿкжал туған ең кішісі ем, 
Тҧңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен. 
 
Бҧла боп басты ордада ҿскен едім, 
Жасымнан халық қамын жескен едім. 
Самарқанд медресесін тамам еттім, 
Болар деп қиын жағдай ескермедім. 
 
Алдағы болар істі кім біледі, 
Бас қҧрау мҽселесін шешкен едім. 
Сҧлу ап Кіші жҥзден Айша сынды, 
Тіршілік жағдайына кҿшкен едім. 
 
Майданда алдаспанға* ерік беріп, 
Дҧшпанның кҿбін-азын тексермедім. 
Сауыт киіп, ту ҧстап, тҧлпар мініп, 
Жорыққа сан аттандым, сескенбедім. 
 
Жҥйрікпен желдей жҥйткіп ескен едім, 
Сынаққа қамал бҧзып тҥскен едім. 
Кҿп шығып қан майданда жекпе-жекке, 
Найзалап жау ҿкпесін тескен едім. 
* Алдаспан – алмас қылыштың ескі атауы. 
* Көшелі – ысылған, қайралған деген мағынаны білдірер. 

 
33 
Жасында қалмақтарға тҧтқын болып, 
Қҧтылған сыншылықпен Қарабас ер. 
Ҥҽзірі Ҽз Тҽукенің болған шақта, 
Жҧтқызған кҿп жыл бойы жоңғарға шер. 
 
Сол ағам баулып мені жастайымнан, 
Садақты иіп жасап жас қайыңнан. 
Алтын жеңгем екеуі ерке ҿсіріп, 
Еш пенде шертпеп еді маңдайымнан. 
 
Ел қорғап, қол бастауда кҿшелі* едім, 
Қазақтың қатардағы шешені едім. 
Теріскей Сарыарқаны қыстайтҧғын, 
Егіз ел Керей-Уақ кҿсемі едім. 
 
Тҧтас ел жігі ажырамай, орнаған бақ, 
Ішінде Орта жҥздің Керей-Уақ. 
Қҧт қонып, қыдыр дарып ерте кезден, 
Мекендеп Сібірде олар тҧрған ҧзақ. 
 
Астасқан Арқа-Сібір жерін жайлап, 
Жаз болса, бие менен іңген байлап. 
Теңге атып, бозбалалар кҿкпар тартып, 
Ҽн шырқар ақындары топта сайрап. 
 
Ат ҥсті аударыспақ ойын ойнап, 
Ҽр жерде келін тҥскен тойды тойлап. 
Сҥннет той, қыз ҧзату қуанышында, 
Кҥй тартар қыз бен жігіт гҥл-гҥл жайнап. 
 
Жігіттер кҿңілденіп, жалаң қаққан, 
Қҧрады той-думанда алтыбақан. 
 
*  Кҿшелі  –  сыналған,  қайралған,  тҽжірибелі  деген  мағынаны 
білдіретін ескі сҿз. 
 

 
34 
Тербеліп ҽткеншекте қыз-бозбала, 
Сырласып бір-біріне мҧңын шаққан. 
 
Есіл, Ертіс, Тобылдың тоғайларын, 
Ежелден елі-жҧртым қыстап келген. 
Аң аулап, қан сонарда бҥркіт салып, 
Жыл сайын кҽсіп қылған нелер мерген. 
 
Ертіске екі беттеп халқым қонған, 
Тҿскейге қой мен жылқы, тҥйе толған. 
Біразы балташы мен ҧста болса, 
Бірталай азаматтар дихан болған. 
 
Тоғайын Омбы ҿзені жҧртым қыстап, 
Баптаған алғыр тазы, қыран ҧстап. 
Ертеден Керей қоныс еткен Сібір, 
Қорғаған жаудан ерлер қару ҧстап. 
 
Сібірдің батыс жағын мекендеген, 
Ен жайлап Керей-Уақ еркіндеген. 
Ту ҧстап, “Ошыбайлап!” ҧран салсам, 
Жігіттер бірі қалмай соңыма ерген. 
 
Баяндау шындық істі болар дҧрыс, 
Қызылжар уҽлаяты – біздің ҧлыс. 
Кҿргенім жас шағымнан қанды майдан, 
Ҿтті ғой басымыздан талай ҧрыс. 
 
Жасымнан ғаскер ерттім, сардар болып, 
Сырт жаудан ел қорғадым, жасап жорық. 
Салдық пен қолбасылық арқасында, 
Қазақтың жер жағдайын білдім толық. 
 
Ҿткерді қиындықты туған халқым, 
Сақтады дінін, тілін, ата салтын. 
 

 
35 
Қорқамын қалмақтың дҽу мылтығынан, 
Ҥш жҥздің бҧзама деп елдік қалпын. 
 
Жақындап дҧшпан қазақ даласына, 
Қайғы кеп Ҥш жҥзімнің* данасына. 
Қалмақтан екі жақтап қатер тҿнді, 
Ноғай* мен Қарақалпақ баласына. 
 
Дҧшпанмен дайын бол деп шайқасуға, 
Насихат мҧсылманға айтасың да. 
Сібірдің шығысынан ызғар келді, 
Татардың тоғыз бірдей тайпасына*. 
 
Білдіріп елі-жҧртын сағынғанын, 
Кҿрген соң замананың тарылғанын. 
Ҽкесін барып кҿріп қайту ҥшін, 
Ҧғындым бҽйбішемнің қам қылғанын. 
 
Боларын ауыр кҥннің сезіп жҥрек, 
Туысты кҿрмеймізбе, кҿрем бе деп. 
Тірілікте елін кҿріп қайту ҥшін, 
Ҿтініп жарқосағым қойды тілек. 
 
Тілегін Айшажанның қабыл алдым, 
Жҥрмек боп алыс жаққа дайындалдым. 
Аттар мен азық, киім, қару қамдап, 
Бҧл жайды ҧлдарыма хабарладым. 
 
 
*Ҥш жҥз – қазақ халқының екінші елдік атауы. 
*Ноғай  деп  жырау  бҧл  арада  Ноғай  халқы  ертеде  Кавказға  ауғанда, 
оларға  ермей  қалып,  Қазақ  хандығының  қоластына  кірген  Ноғайдың 
Қараағаш, Маңғыт руларын айтып отыр. 
*Татардың  тоғыз  тайпасы  деп  ақын  Сағай,  Боржіген,  Меркіт,  Оқғҧт, 
Барабы,  Ескер,  Барын,  Қарабаш,  Қоралаш  деген  Сібір  татарына 
жататын тоғыз руды айтады. 
 
 

 
36 
Қалған соң ата-анасыз қос жетімек, 
Асырап екі ҧлға да еттім кҿмек. 
Белгісі мҧсылманшылық сол болады, 
Тірлікте бір-біріне жҽрдем бермек. 
 
Есімі қос жетімнің Айбек, Ермек, 
Ҥйреттім екеуіне нҧсқа, ҿрнек. 
Сайысқа ҥлкен ҧлдар баулыған соң, 
Ыңғайлы болды олар да қылыш сермеп. 
 
Баламдай қолымда ҿскен сол екеуі, 
Бізге еріп, Кіші жҥзді болды кҿрмек. 
Ҿсіргем оларды да жауынгер қып, 
Жаттыққан дҧшпандарға найза кезеп. 
 
Болғанмен ҿздері жас, ісі кесек, 
Екі ҧлым бармақ болды Науан, Ҽсет. 
Ер жастап жорықтарда бастарына, 
Тҥнеген тҥзде астына тоқым тҿсеп. 
 
Барыстың қысы ҽйтеуір шусыз ҿтті, 
Ҧзамай кҿктемдағы жылжып жетті. 
Басталып Наурыз айты жҧрт қуанды, 
Тҿрт балам жол жабдығын дайын етті. 
 
Туыс ел Арқадағы Арғын-Қыпшақ, 
Керейге хабар салды кҿмек сҧрап. 
Еділден Кіші жҥздер жҽрдем кҥтті, 
Соларға қол жҿнелттім сарбаз қҧрап. 
 
Бір інім Дҽстем салдай қолды бастап, 
Майданға Арқадағы араласпақ. 
Аттанды ту кҿтеріп, қобыз тартып, 
Жер шолып, жан-жағына кҿзін тастап. 
 
 

 
37 
Еділге бармақ болып қойып бетті, 
Жасақты ҧлым Ҽди бастап кетті. 
Жайнатып жасыл туды ол да ҧстап, 
Сыбызғы ап жорық кҥйін тартып кетті. 
 
Ҿткен кҥз жау жорығы саябырлап, 
Осы қыс тыныс алды жҧрт байырлап. 
Інімді Асқап дейтін шора* сайлап, 
Мен болдым Сыр бойына сапар қылмақ. 
 
Дҽл биыл елу бірге келген жасы, 
Інімнің домалаған ҿрге тасы. 
Ҿткізген сан майданды ҿз басынан, 
Керейде Асқап еді ғаскербасы. 
 
Бойларын ерлік, ҿнер кеткен кернеп, 
Ойы бар, жау жолықса, соққы бермек. 
Ту ҧстап, тҧлпар мініп, сауыт киген, 
Тҿрт ҧлым: Науан, Ҽсет, Айбек, Ермек. 
 
Айтқан сҿз асылыққа жазбасын деп, 
Ел-жҧртым жауға жем боп азбасын деп. 
Шабуыл басталарын халқыма айттым, 
Қапыда дҧшпан орын қазбасын деп. 
 
Басталмай елге жорық шықтым сыртқа, 
Қоштасып аға-інім мен қалың жҧртқа. 
Кҿсем боп Керей-Уаққа Асқап қалды, 
Болам ба алпыс бірде кҿпке тҧтқа. 
 
Батыс Сібірдің елі боп тҧрған ҧзақ, 
Қош бол деп туған жҧртым Керей-Уақ. 
Кҿргенше енді айналып есен болғай, 
Дедім мен қыдыр тҥнеп, орнасын бақ. 
* Шора – аймақ билеушісі.
 
 

 
38 
Боларын шабуылдың болжап кеттім, 
Жағдайын ел-жҧртымның ойлап кеттім. 
Жан-жаққа қарауылдар сарбаз қойып, 
Асқапты қолға сардар сайлап кеттім. 
 
Ағамның Қарабастай баласы – Асқап, 
Ҿзіме серік болған ғаскер бастап. 
Майданда қуат болған жан бауырым, 
Жҧртыма жолатпаған жауды жасқап. 
 
Барам деп Кіші жҥзге болып іңкҽр, 
Біз міндік астымызға қос-қос тҧлпар. 
Тҿртеуі тҿрт жҥз жауға тҿтен берер, 
Ҧлдарым қасыма ерген алып сҧңқар. 
 
Еш пенде болжай алмас сапар алдын
Екі ҧл мен екі атқосшы ертіп алдым. 
Шаттанып сыбызғыны алып қолға, 
“Қҧдая, бағымды аш!?” – деп, кете бардым. 
 
Мақтану еш пендеге жарамайды, 
Тҽңірім мақтанғанды қаламайды. 
Алда болар зор қауіп ойды бҿліп, 
Бойыма ішкен асым тарамайды. 
 
Ҿлмей пенде қалмаған айтсам ашық, 
Ажалдан қҧтылмаған ешкім қашып. 
Пенденің ҿлшеулі уақыты бітері анық, 
Жҥргенмен сҧм жалғанда маң-маң басып. 
 
Басында сҽуір айы шықтық жолға, 
Дедік біз Алла, аруақ ҿзің қолда. 
Ай жҥріп, қайын жҧртқа келіп жеттік, 
Кҿрместен ешбір бейнет ҧзақ жолда. 
 
 

 
39 
Қайын жҧрт Байҧлыда Есентемір, 
Кҿсемі-Қабыланбек би адал кҿңіл. 
Бҽйбішем сол Қабыланның жалғыз қызы, 
Қайнағам Айбасқали, Ерсен, Ҿмір. 
 
Қарсы алды қуанысып жас пен кҽрі, 
Жиналып қайын жҧрттың келді бҽрі. 
Сҧрасып амандықты шат кҿңілмен, 
Басталып кетті мҽжіліс одан ҽрі. 
 
Айшажан елі-жҧртын келіп кҿрді, 
Кҿрісіп Қабылекеңе сҽлем берді. 
“Алыстан ҽдейі арнап келдіңдер”, - деп, 
Ҥлкендер разы боп кҿңілденді. 
 
Той-думан жҥрген жерім жиын болды, 
Ат-тҥйе ел тартуы сыйым болды. 
Жҧртыма зор шаттықпен қайтар кезде, 
Басталып қырғын соғыс қиын болды. 
 
Кҿбейіп ҽр аймақта жойқын ҧрыс, 
Жарқылдап басты кесіп алмас қылыш. 
Ауыр кҥн ел басына орнаған соң, 
Тоқталды қатынас пен ҧзақ жҥріс. 
 
Қҧлдырар болғаннан жағдайымыз, 
Шҿліркеп қататын боп таңдайымыз. 
Қолданар кҥшті қару болмаған соң, 
Қайтатын боп тҧр жаудан маңдайымыз. 
 
Мҽңгілік баянды емес тақтың ҿзі, 
Ҽркімге қона бермес бақтың ҿзі. 
Есіркеп мҧндай ауыр кезеңдерде, 
Біздерге пана болсын Ақтың* ҿзі. 
 
 

 
40 
Келем деп мейман болып Қуаң Сырға, 
Қайта алмай кҿп қиналдық біз де қырға. 
Жҧртымның кҥйзелісін кҿзбен кҿріп, 
Қобыз ап қосып тҧрмын мҧңлы жырға. 
 
Татар, Естек*, Ноғай атым жеткен, 
Қайтпайтын жауынгер ем алған беттен. 
Келем деп қайын жҧртқа жыр шығардым, 
Елімнің кҥйін кҿріп жапа шеккен. 
 
 
Жҧртымнан неге аяйын ҿнерімді, 
Жоғалтпан тірі жҥріп беделімді. 
Халқымның ауыр халін баян етіп, 
Бастайын “Елім-ай!” – деп ҿлеңімді. 
 
Айтылар кҿптің мҧңы болса жиын, 
Ондайда ер сҿзінде болар тҥйін. 
Шығарған осы жырмен қоса қабат, 
Аталсын “Елім-ай!” – деп ҽн мен кҥйім. 
 
* Ақ (Хақ) – Алла, қҧдай, Тҽңірі деген мағынаны білдіретін атау сҿз. 
* Естек – Башқҧрт халқын қҧрайтын екі тайпалық одақтың бірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
41 
ҾТКЕН КЕЗЕҢ. 
 
(Ақтабан шҧбырындының алдындағы оқиғалар). 
 
Атыма кҿптен қанық Қазақ, Ноғай, 
Есімім – Қожаберген, ҽкем – Толыбай. 
Бҿгенбайдан бҧрынғы ордабасы ем, 
Ҥш жҥзде сардар болған қалың қолға-ай. 
 
Қалмақтың қамалдарын бҧзған талай, 
Ҽз Тҽуке тҧсындағы қолбасы едім. 
Кейінгі ақындарға нҧсқа айтқан, 
Қазақтың аға жырау жорғасы едім. 
 
Серілікпен жаста шарладым, 
Қазан мен Кемер* арасын. 
Ата жаудан қорғадық, 
Мҧсылманның баласын. 
 
Жасымда жасап сан жорық, 
Байкҿлден аса мен бардым. 
Сол жақтан қалмақ келгенін, 
Жаста болсам аңғардым. 
 
Ордабасы боп жҥріп, 
Кҿп ел мен жерді таныдым. 
Тастарына таулардың
Найзамның ҧшын жаныдым. 
 
Шығыстың елін еске алып, 
Уайымды бойдан серпейін. 
 
*  Кемер  –  Ресейге  қарасты  Кемеровск  қаласы  орналасқан  қоныстың 
бҧрынғы атауы.
  
 
 

 
42 
Ішке бҽрін сақтамай, 
Азырақ сыр шертейін. 
 
Жау қалмақтан қайтарып, 
Ҽкеп беріп малдарын. 
Тілмаш тауып сҿйлеттім, 
Шор, Тҧба, Саха шалдарын. 
 
Жатқызады олар ҿздерін, 
Татардың ескі жҧртына. 
Алаш тауын біз кҿрдік, 
Алтайдың шығыс сыртында. 
 
Бабалардың дҽуірі, 
Бҿленген талай кезеңге. 
Ҿтеді екен сол тҧстан 
Алаш деген ҿзен де. 
 
Жағасына қосын қондырып, 
Ҿзеннен атты суардық. 
Бабамыз Алаш жері деп, 
Аралап тауын қуандық. 
 
Кездестірдік сол жерде, 
Татардың руы – Сағайды. 
Ҿздеріне байғҧстар, 
Бізді де туыс санайды. 
 
Ауылдарын аралап, 
Жҿн сҧрасаң Сағайдан. 
Қалмақтармен соғысып, 
Қанына ҽбден қарайған. 
 
Кҿп соғысып жоңғармен, 
Азайса да сандары. 
 

 
43 
Біздерді кҿріп қуанып, 
Атқандай болды таңдары. 
 
Дінін, тілін, салтын да, 
Жоймақ болып қалмақтар. 
Татардың Сағай еліне, 
Қиын бопты жан сақтар. 
 
Қорлығынан қалмақтың, 
Тап болса да тҧрмыс ауыры. 
Мҧсылмандығын сақтаған, 
Сағайдың аз қауымы. 
 
Пана тҧтып біздерді, 
Кҿшті Сағай Том жаққа. 
Біз сияқты олар да, 
Сиынды Алла, аруаққа. 
 
Бҿлініп қалған Сағайлар, 
Ҧзақ жыл Татар тобынан. 
Табысып туған халқымен, 
Айы туған оңынған. 
 
Ҧста қыстақ* ҿңіріне, 
Сағайлар келіп орнықты. 
Ҧмыта алмас тірілікте, 
Қалмақтан кҿрген қорлықты. 
 
Ҧста қыстақ, Кемердің, 
Арасын Меркіт мекендеп. 
Жақын тартты Сағайды, 
Туысқан тайпа екен деп. 
 
*  Ҧста  қыстақ  –  Ресейге  қарасты  Новокузнецкий  қаласы  орналасқан 
жердің мҧсылманша атауы.
 
 

 
44 
Кҿк кҿз, сары Меркіт те 
Татардың бір бҧтағы. 
Қалмақ шапқан кезінде, 
Шаруасы оңбай жҧтады. 
 
Оңғҧт пенен Боржіген, 
Татардың еді руы. 
Кҿрінді анық олардың 
Сағайға іш бҧруы. 
 
Меркіт, Сағай, Оңғҧттар, 
Табысып қайта бірлесті. 
Ел, жерін қорғап халхидан*, 
Табан тіреп кҥресті. 
 
Ағайын етті Сағайлар, 
Барабы, Барын, Ескерді. 
Қазақ пен Татар бірігіп, 
Ойратты жеңіп еңсерді. 
 
Рулы ел боп Сағайлар, 
Отыз бес жылда ес жиды. 
Келіп-кетіп саудамен, 
Қазақтан кҿрді кҿп сыйды. 
 
Тыңайған аз ел Сағайға, 
Жаулар қалды жақындап. 
Соқтықпай алыс жҥрсе де, 
Қоймады ақыр тақымдап. 
 
Міне, сол момын Сағайды, 
Тағы да қалмақ жем қылды. 
Тартып алып қонысын 
Кҥнкҿрістен кем қылды. 
 
* Халхи – қалмақхалқын қҧрайтын ірі тайпалардың бірі. 

 
45 
Шабуыл жасап Торғауыт, 
Боржігендерді талады. 
Қанға бояп жерлерін, 
Мал-мҥлкін тартып алады. 
 
Атқылады жау мылтықпен, 
Татардың жҧрты – оңғҧтты. 
Шабуылдары қалмақтың, 
Мҧсылмандарды қорқытты. 
 
Шапты тағы Жоңғарлар, 
Татардың елі – Меркітті. 
Жер-суынан айырып, 
Байғҧстарды ҥркітті. 
 
Қалмақ жаулап алыпты, 
Қытайдың жҧрты Солонды. 
Ел шапқанға қуанды, 
Болғандай бір жолы оңды. 
 
 
Оңғҧт, Сағай, Боржіген, Меркіт – бҽрі, 
Сібірдегі татардың рулары. 
 
Шығыстан кҽпір қалмақ бас салғанда, 
Оларда да болмады оқ пен дҽрі. 
Осы аталған елдерді жаудан қорғап, 
Тер тҿккен қазағымның батырлары. 
 
*  *  * 
Сҧмырай халдан Бошох дҥниеден ҿтіп, 
Ҧлдары орнын басар қалды жетіп. 
Кҥшігі Сыбан Рабтан таққа отырды, 
Қалмаққа хонтайжы боп билік етіп. 
 
 

 
46 
Туысы халдан Бошохтың малғҧн Сеңге, 
Санады кҿрші елдерді ылғи кемге. 
Аңсары кҥннен-кҥнге ауа берді, 
Басып ап басқа жерді мекендеуге. 
 
Халдан Бошохтың інісі – Сыбан Рабтан, 
Кҿрші елді жауламақ боп кҿз алартқан. 
Бҧйратты*, Халхиды да қосып алып
Татардың Барабысын келіп шапқан. 
 
Татардың бір тайпа елі, аты – Барын, 
Олардың қалмақ алды ат пен нарын. 
Жер-суын Жоңғар басып қалғаннан соң, 
Болды ғой байғҧстарға дҥние тарын. 
 
Барынның жерін қалмақ бҧрын алған, 
Терістік шығыс Алтайға ойран салған. 
Айырылып Алтайдағы қонысынан, 
Барындар Тҥмен жаққа ауып барған. 
 
Сыбан Рабтан бастаған кҽпір қалмақ, 
Ескер мен Қҧралашты қатты шапқан. 
Барын мен Барабыны тағы тонап, 
Жылатып мҧсылманды олжа тапқан. 
 
Сҧңқар мен Қарабашты Ойрат шапты, 
Татардың бірталайы қаза тапты. 
Қалғаны бас сауғалап, жылап-еңіреп, 
Жалма-жан қазақ жаққа кҿше қашты. 
 
Баранның Алтайда тек есімі қалды, 
Тҥменде Керейлерге паналады. 
Қалмақтар Қарқабатқа* жеткен кезде, 
Татарлар Орта жҥзді сағалады. 
 
* Бҧйрат – Бурят, ол – қалмақ тайпаларының бірі. 

 
47 
Кҿңілі халхи, жоңғар судай тасты, 
Сібірдің татарларын бірден басты. 
Қазақтан кҿмек сҧрап Қҧралаш, Ескер, 
Шошынын дҽу мылтықтан қатты састы. 
 
Дҧшпандар биылғы жыл ҿте сҧсты, 
Татарға апат келіп, қайғы тҥсті. 
Керейге паналауға кҿшкен Ескер, 
Тап болып жау оғына зҽресі ҧшты. 
 
Татарлар Керейлерге паналаған, 
Ел кҿріп Орта жҥзді жағалаған. 
Қазақтар қамқорына алғаннан соң, 
Жартысы Барабы, Ескер аман қалған. 
 
Шабылып жау қалмаққа болып қолды, 
Сібірдің татарлары быт-шыт болды. 
Мҧсылман баласына босқа ҿшігіп, 
Сыбан Рабтан ит шықты қанды жолды. 
 
Қарабаш, Қҧралаш пен Барабы, Ескер, 
Сібірді мекендеген татар жҧрты. 
Атысар кҥшті мылтық болмаған соң, 
Соққы жеп кетті олардың жаман сҧрқы. 
 
Бір жағынан тҿндіріп Естек қауіп, 
“Жылқымды алдыңдар” – деп, жала жауып. 
Кҿрші елдің айтағына ерген Башқҧрт, 
Татардың Сҧңқар елін кетті шауып. 
 
Сібір Татары Ресейге қараса да, 
Ол елдің ісін Орыс жҿн кҿрмеді. 
 
*  Қарақабат  –  Барабы  руы  (Татардың)  мекендеген  қоныстардың  бірі, 
бҧл  қоныс  осы  кҥнде  Ресейге  қарасты  Новосибирский  облысына 
қарайды. 
 

 
48 
Жоңғарлар татарларды шапқан кезде, 
Ресей қалмақтарға қой демеді. 
 
Жердің елсіз қалғанын хош кҿрді Орыс, 
Оларға қажет болды иесіз қоныс. 
Қоластындағы татарға кҿмектеспей, 
Ресей қыр кҿрсетті тіпті жолсыз. 
 
Жау қалмақ оған дейін кҿп жерді алған, 
Хас пен Саха жҧртына ойран салған. 
Қырғыздың Енесайда қалғандарын, 
Жоңғардың жыртқыш қолы* жаулап алған. 
 
Ойраттар Алтай жағын басып алды, 
Аямай тҧрғын жҧртты ойрандады. 
Қырғыздың Шор, Тҧбадай ҽлсіз елін, 
Доп атып дҽу мылтықтан жотап салды. 
 
Береке Шор, Тҧбадан қашып қалды, 
Мылтықтан қорқып Қырғыз жасып қалды. 
Табиғы* болған елден ғаскер жинап, 
Соғысты созуға жау даярланды. 
 
Шор, Тҧбаны кей шежіреші Татар дейді
Бірге ҿскен Хас, Сахамен қатар дейді. 
Шыңғыс хан кҿшкен кезде ермей қалған, 
Қырғызға содан бастап жатады дейді. 
 
Сыбан Рабтанның баласы Халдан Серен, 
Жазықсыз Тҥрік жҧртын* қыра берген. 
Доп атып дҽу мылтықтан ҥсті-ҥстіне, 
Жылатып мҧсылманды* қуа берген. 
 
*  Тҥрік  жҧрты  деп  те,  мҧсылманды  деп  те  ақын  Сібір  татары  мен 
қазақты, шалабай башқҧртын айтып отыр. 
*  табиғы  деген  ескі  сҿз,  ол  тҽуелді,  бағынышты  деген  мағынаны 
білдіреді. 

 
49 
* Қолы - ҽскері, жасағы деген мағынаны білдіретін сҿз. 
 
Аузынан кҿршілердің асын жырып, 
Себепсіз кҿп елдердің қанын тҿгіп. 
Байыған тонауменен қалмақ сҧмырай, 
Қасқырдай тояттанды майға бҿгіп. 
 
Жоңғарға Дҥнген, Сібе дихан болып, 
Шор*, Тҧба*, Саха* мен Хас* малшы болып. 
Шаруасын тҽуелді елдер атқарған соң, 
Жауыздар дҽулеттенді, бақыт қонып. 
 
Алтын, кҥміс, мал беріп аямай-ақ, 
Орыстар мен Қытайдан білгір жалдап. 
Сыбан Рабтан ден қойып ҿнерпазға, 
Ғаскерін ҥйреттірді он жыл қамдап. 
 
Қамданса да соғыстан тыйылмады, 
Қҧдайға кҽпір қалмақ сыйынбады. 
Жартысын жасағының аттандырып, 
Кҿршісін жерден қуып сыйғызбады. 
 
Дариға-ай, қалмаққа ҿнер қайдан келсін, 
Тетігін дҽу мылтықтың қайдан білсін? 
Он жылғы мол жабдықпен келіп шапты, 
Дегендей қайратымды қазақ кҿрсін! 
 
Ҿнерді надан қалмақ меңгерген жоқ, 
Дҽу мылтық жасауды олар ҥйренген жоқ. 
Кҿрші екі ел* мылтық беріп айдап салды, 
Ҽйтпесе қалмақ бізге тең келген жоқ. 
 
* Шор, Тҧба,Саха, Хас – тҿртеуі ескі қырғыз тайпалары. 
* Саха – қазіргі Яқҧт халқы, Хас – қазіргі хакас халқы. 
* Кҿрші екі ел деп жырау Ресей, Қытай елдерін айтып отыр. 
 
 

 
50 
Қалмақтың шыққан тегі-манжор екен, 
Байкҿлдің ар жағынан келген екен. 
Хоролҧқ деген арғы Хантайжысы, 
Кҿп елді жаулап алам деген екен. 
 
Сол иттің бастап кеткен лаңы да, 
Кҿп қҧйған кҥшігінің қҧлағына. 
Басқа елдерді жаулауға қҧмарытып, 
Қалмаққа қан тҿккіштік ҧнады да. 
 
Маңғҧл татар болғанда*, қалмақ басқа, 
Сҧм қалмақ ҽкелді ажал кҽрі-жасқа. 
Кҿп халық Торғауытты қарғаса да, 
Тҧмсығы тимей тҧр ғой оның тасқа. 
 
Татарды қуған ойрат бізге жетті, 
Жыл сайын шабуылды жиілетті. 
Қалмақтар қорғасын оқ жаудырғанда, 
Мылтықсыз мҧсылманның есі кетті. 
 
Қарқабат, Тармақкҿлді кҽпір алып, 
Бекінген Ҥшбҧлаққа  салық салып. 
Жантекей*, Тоқымбет* жалы тағы қалды, 
Сол шақта ел жылады қайғыланын. 
 
Жоңғарлар дҽу мылтықты қолданған соң, 
Керейдің біраз жері қолдан кетті. 
Шайқасты кҽпірлермен сарбаздарым, 
Бел буып тҽуекелге қойып бетті. 
Қарашада топ ат тҧяғынан мҧз ойылып, 
Кҿп қалмақ Омбы ҿзенде суға кетті. 
 
* Маңғҧл-Татар болғанда, қалмақ басқа деп ақын Маңғҧлдың Татарға 
жататынын  ашық  айтады  да,  қалмақтың  жат  ел  екенін  анық  кҿрсетіп 
айтады. 
* Тоқымбет – Орта жҥз Ашамайлы керейдің бір бҧтағы. 
* Жантекей де Керейдің бір бҧтағы. 

 
51 
Сан ҿтті қолдан-қолға Омбы ҿзені, 
Соғыстың ауыр тиді бҧл кезеңі. 
Қалған соң ата мекен жау қолында, 
Ҿртенді соны ойлап жҧрт ҿзегі. 
 
Жау қалмақ оқ атсада оң мен солдан, 
Майданда айнығам жоқ ерлік жолдан. 
Ежелден Керей мекен еткен Сібір, 
Қалайша шығарамын оны қолдан. 
 
Қыс тҥсіп, Омбы ҿзенде соғыс тоқттап, 
Қалмақтар дайындалды мылтық оқтап. 
Біз-дағы хал-хадари мылтық соқтық, 
Жоңғарда кеткен кҿптің кегін жоқтап. 
 
Кҿктемде майдан ашты Халхи, Жоңғар, 
Сібірдің Тҥрігіне шашып ызғар. 
Қойдықта тосқауылға мергендерді, 
Батырлар жауға шапты қамал бҧзар. 
 
Соғысты Омбы ҿзенде кҿзбен кҿрдім, 
Дҧшпанға қолма-қолда соққы бердім. 
Майданда мылтық аз боп атысарға, 
Жігерін қҧметті ғой талай ердің. 
Қол оқпен қалмақтарды сан сҧлатқан, 
Ерлігін кҿрдік бҥгін мҥридтердің*. 
 
Тҿнген соң найза ҧрыста ҥлкен қауіп, 
Ордостар оқ боратты амал тауып. 
Шар тҥсіп, маңымызға жарылған соң
Ештеңе ҿндірмедік жауға шауып. 
 
Шырақтар оқ жаудырды ҿршеленіп, 
Тастауға Омбы ҿзеннен бізді бҿліп. 
Еріксіз шегінуге мҽжбҥр болдық, 
Адамға, ат пен нарға қатер тҿніп. 

 
52 
Сан рет дҽу мылтықтан атылды доп, 
Оған қайрат қыларлық бізде тҥк жоқ. 
Ҿлгені адамзаттың есеп емес, 
Дҧшпанның кҿздегені дҥние боқ. 
 
Жер алу жоңғарлардың есі-дерті, 
Мықты екен Ресеймен еткен серті. 
Кҿбейді қалмақтардың ҥсті-ҥстіне, 
Ҽр жерде қайта-қайта салған ҿрті. 
 
Тастауға Омбы ҿзенін ақыр кҿндім, 
Ептеуге жан шығынын кҿңіл бҿлдім. 
Ойратпен бір жарым ай ҧрыс салдық, 
Маңында Ашамайлы дейтін кҿлдің. 
 
Ордос, Шарақ қалмақтың елдері екен, 
О сора ҿзен бойы жерлері екен. 
Ҥш ғасыр уақыт бойы жылжи-жылжи, 
Кеңейткен қоныстарын кездері екен. 
 
Керейден Омбы ҿзенін тартып алды, 
Ертіске орнап Халхи жатып алды. 
Кҿк шалғын қазақ жерін қанға бояп, 
Жауыздар сахарамда лаң салды. 
 
*Мҥридтер деп ақын діние шҽкірттерді айтып отыр. 
 
Керейді кҥнбатысқа сырып салып, 
Торғауыт Ертіс бойын басып алып. 
Теріскей шығыс жақтан енген кҽпір, 
Соқтықты елімізге мазаны алып. 
 
Ертістің батысына ҿтіп алды, 
Доп атып жиі-жиі бҥлік салды. 
Шегіндік мылтық бізде аз болған соң, 
Сибан кҿл, Тарышы кҿлі жауда қалды. 

 
53 
Ежелден ата-бабам қоныстанған, 
Орманда, ішкі ашыққа қыстау салған. 
Ертіске Омбы ҿзені қҧяр жерін, 
Айнала тоғаймен қалмақ алған. 
 
Аққас* кҿл, Қарақас* кҿл жҽне қалды, 
Жастабан* жалын қоса ойрат алды. 
Аянбай табан тіреп соғыссақта, 
Жылжымай сол араға шебін салды. 
 
Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге, 
Сын болды қол бастаған біздей ерге. 
Шегіне ҧрыс салып ақырында, 
Тірелдік Танаш кҿл мен Аббас кҿлге. 
 
Бекініп екі кҿлдің арасына, 
Шатырды тігіп судың жағасына. 
Отырдық Кҿшебе орман қойнауында, 
Жауынгер дҽрі жағып жарасына. 
 
Бҿгеуге кҥшті салып жанталастым, 
Жасымнан Торғауытпен найзаластым. 
Майданда дҽу мылтықтан алыс тҧрдық, 
Ғҧмырын сақтамақ боп ҿңшең жастың. 
 
Болсада ерлігі мен кҿпке мерей, 
Мылтықсыз ҽлсіреді біздің керей. 
Тоқтаттық Есілкҿлде қалың жауды, 
Ҥздіксіз шабуылдап есе бермей. 
 
Алмақ боп кҿп мылтық пен жақсы қару, 
Мақсҧты болғаннан соң жҧрты шабу. 
Керейден тартып алған Омбы ҿзенін, 
Орысқа кҽпір қалмақ етті тарту. 
 
 

 
54 
Амалсыз Ертіс бойын тастап шықтық, 
Дҧшпанның бой бермесін ҽбден ҧқтық. 
Ор қазып, Есіл кҿлде жолын бҿгеп, 
Соғысып қолма-қолды қалмақты ҧттық. 
 
Сардардың бірі інім – Дҽстем алып, 
Кҿп қырды кҽпірлерді кҥшін салып. 
Найзалап жекпе-жекте қалмақтарды, 
Лақтырды бірнешеуін аттан алып. 
 
Тоқтады жау Есіл кҿлден ҿтпей бері, 
Жоңғарда кетіп тҧр ғой елдің кегі. 
Бҧл майдан екі жаққа да ауыр соғып, 
Кҿп тҿгілді ерлер мен аттар тері. 
 
Ҽз Тҽуке болса-дағы достыққа ынтық, 
Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық. 
Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда, 
Найза ҧстап, садақ асып, қарсы шықтық. 
 
 
Соғыстан Ресей, Қытай босамаған, 
Сонда да жерімізге кҿз тастаған. 
Ҿздері бізге жорық жасамаған, 
Халхилар солар ҥшін іс бастаған. 
 
Бастаған Ойрат ісі ҧрыс болды, 
Бҧл соғыс Ресей ҥшін дҧрыс болды. 
Қалмақты жабдықтаған қос кҿршінің, 
Ҽуелден кҿздегені қоныс болды. 
 
Жазықсыз шапқан талай елімізді, 
Боялтқан қызыл қанға жерімізді. 
Ата жау кҥншығыстан шабуылдап, 
Қайнатты іште жатқан кегімізді. 
 

 
55 
Терістік жаққа ҿтіп орап алды, 
Жылатып кҿп ауылды тонап алды. 
Кҥшіңді Қожаберген кҿрейін деп, 
Доп атып, дҽу мылтықтан сынап алды. 
 
Танытып сарбаздарға оң мен солын, 
Басқардым Керей-Уақ, Татар қолын. 
Қалдық деп бір кҥн ҿліп, бір кҥн туып, 
Бҿгедік ҧрыс салып дҧшпан жолын. 
 
Бҧғалық қолма-қолда жауға тастап, 
Дҧшпанды тҧтқын етті інім – Асқап. 
Қорқып қашқан қалмаққа жете алмадым, 
Қос атым жараланып, аяғы ақсап. 
 
Пайдасы бізге тиіп берме-бірдің, 
Жер қҧшты бірталайы қанішердің. 
Оқ тиіп Есіл кҿлде қос тҧлпарға, 
Қасқа ат пен торы ат басын жерге кҿмдім. 
 
Майданда жауға жебе сан бораттым, 
Қасқа ат пен торы атты да кҿп жараттым. 
Ақыры екеуінің де басын кҿміп, 
Жіліктеп қалың қолға ет тараттым. 
 
Қарақшы торғауыттар ҽкелді індет, 
Сасытып шикі ет жейтін ҿңкей жендет. 
Қазақта ҽкесінің қҧны бардай, 
Жасады зор шабуыл бізді кҥндеп. 
 
Терістік жағымыздан орап ҿтіп, 
Шалабай Естегіне Жоңғар жеткен. 
Атқылап оларды да дҽу мылтықпен, 
Жазықсыз кҽрі-жастың қанып тҿккен. 
 
 

 
56 
Қалмаққа шамалары жетпеген соң, 
Естектер бізге қарай ауып кеткен. 
Орыстың мылтығымен қаруланып, 
Орал тау шығысына жаулар жеткен. 
 
Босаған соң қуанып талай қоныс, 
Қалмаққа алғыс айтқан билікті орыс. 
Тоқтатып сол арада қалмақтарды, 
Оларға сыйлық берген ҧлық орыс. 
 
Қалмақтар салған кезде елге жара, 
Естекке, Татарға да тҥспей ара. 
Орыстар жоңғарларға қой демеді
Болған соң мҧсылманға кҿңілі ала. 
 
Естекке, Татарға да ҥстемдік қып, 
Орыстар ол екі елге салық салып. 
Оларды ҿздеріне табиғы қып, 
Алымын жҥретҧғын жинап алып. 
 
Естек пен Татар жҧрты Сібірдегі, 
Қазаққа иек сҥйеп кҿңілденді. 
Тҿлемей соңғы жылдар орысқа алым, 
Кҽпірмен қақтығысу жиіленді. 
 
Сол ҥшін қалмақты Орыс айдап салды, 
Естек пенен Татардан ҿшіп алды. 
Еріксіз мҧсылманды тайдырған соң, 
Мҧңайып ҿзен, кҿлдер иесіз қалды. 
 
Шаттанып бекінісін орыс салды, 
Мекені Естек, Татар жауда қалды. 
 
 
 
 

 
57 
*  *  * 
 
Соғысты кҥшейтуде қалмақ енді, 
Боялтып қызыл қанға шеткі жерді. 
Алтайдың қазақ тҧрған ҿңіріне, 
Жоңғардың ғаскерлері басып кірді. 
 
Алтайда салып ойранды, 
Ойраттар шапты Найманды. 
Дҽу мылтықтан шар тҥсіп, 
Бақыты елдің тайған-ды. 
 
Соғысып Найман қалмақпен, 
Бес жыл уақыт ҿткен-ді. 
Дҽу мылтықтан беті қайтып, 
Жеңілер кҥндер жеткен-ді. 
 
Алтайды ақыр жау алып, 
Найманнан хал кеткен-ді. 
Жер-суын тастап қалың ел, 
Жетісуға қарай кҿшкен-ді. 
 
Алтайды қалмақ алған соң, 
Жайсаңға қарай жол тартты. 
Дҽу мылтықтан доп атып, 
Ондағы елді зарлатты. 
 
Жайсаңнан қуып Найманды, 
Қалмақтар қанат жайған-ды. 
Тарбағатайды алмақ боп, 
Жаулар тағы ойланды. 
 
Тарбағатай ҥшін тағы да, 
Наймандармен соғысты. 
Мылтықтан оқ жаудырып, 
Қыздырды қалмақ ҧрысты. 

 
58 
Ҥсті-ҥстіне атқылап, 
Қазақты естен тандырды. 
Мылтығы жоқ наймандар, 
Амалсыз жауға алдырды. 
Тарбағатай тауын ақыры, 
Қалмақтарға қалдырды. 
 
Орап ҿтіп Найманды, 
Шыңғыстауға жау жетті. 
Арғынға салып бҥлікті, 
Мылтықты кҽпір ҽндетті. 
 
Аягҿз бен Шыңғысқа, 
Қалмақтар кҿзін тігіпті. 
Жеті момын Арғындар, 
Жау жеңерін біліпті. 
 
Сонда дағы берілмей, 
Соғысып жаумен кҿріпті. 
Тойтарыс беріп кҽпірге, 
Ҥздірмек бопты ҥмітті. 
 
Дҽу мылтықтан доп атып, 
Беттетпепті қазақты. 
Мейірімсіз қалмақтар, 
Ҽкелді жҧртқа азапты. 
 
Ежелдеп мекендеген Шыңғыстауды, 
Тобықты, Қҧрлеуіт пен Қанжығалы. 
Жҥргізбей бҿгеу ҥшін ата жауды, 
Соғысып жер-су ҥшін кҥшін салды. 
 
Арғынның аты аталған ҥш руы, 
Бҿгенбай Ақшаҧлының елдері еді. 
Соғысып жоңғарларға бой бермеген, 
Қазақтың маңдай алды ерлері еді. 

 
59 
Шыңғыс пен Аягҿзді қалмақ алып, 
Бҿгеңдей қолбасшыны қалжыратты. 
Шама жоқ дҽу мылтыққа қарсы тҧрар, 
Қазақтар жерін тастап абдырапты. 
 
Тобықты, Канжығалы, Кҥрлеуіттер, 
Қоныссыз қалғаннан соң Сырға ауды. 
Балқаштың шығысында тойтарды олар, 
Ҿкшелеп қуып келген қалмақ жауды. 
 
*  *  * 
 
Ойғырдың анасы – Қытай, атасы – Тҥрік, 
Қытаймен кҿрші тҧрды жиенсініп. 
Соқтығып Қарақалпақ ағайынға, 
Шетінен жҧртымыздың салды бҥлік. 
 
Дҥнгеннің анасы – Қытай, атасы – Араб, 
Жатпады олардағы текке қарап. 
Ҧрынып Найман – Қоңырат, Жалайырға, 
Мазасын кетірді, елдің шабуылдап. 
 
Торпаннан Ойғыр жері қашық еді, 
Тибетпен сиыса алмай қажып еді. 
Сыбан Рабтан Ойғырдан ғаскер алып, 
Алға сап майдан жолын аршып еді. 
 
Жау қуып Қарақалпақты Тҧрпанды алды, 
Жҧрт ауып, Хобда бойы босап қалды. 
Ел қашып, ҿлке иесіз қалғаннан соң, 
Ол жерге қалмақтар кеп қоныстанды. 
 
Тҧрпан, Хобда, Ақсу мен Қҧлжа Тҿрт кҿл, 
Қызыл кҥре-бҽрін де қалдырған соң. 
Босқынға Қарақалпақ халқы айналды, 
Шапқыншы Бҧйрат естен тандырған соң. 

 
60 
 
Бектері Ойғыр, Шҥршіт болып найсап, 
Тонады кҿшкен елді сан атой сап. 
Кҥншілдік мҧсылманға кесір болды, 
Бимҽлім замананың сырын айтсақ. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет