Қожаберген жырау



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата29.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#2962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

КӘРІЛІК 
 
Жылқыда ҧстатпайды бурыл маған
Аузымда тіс қалмады суырылмаған. 
Ханда мейір, билерде ғаділдік жоқ, 
Замана несі қалды қуырылмаған. 
 
Жылқыда ҧстатпайды сҧр қашаған, 
Тілеуін мҧсылманның бер жасаған. 
Маңдайға алла дҽулет бітірмесе, 
Байымас ҽлдекімнен бір асаған. 
 
Жылқыда ҧстатпайды сҧр ат маған, 
Сҿзімді кей надандар ҧнатпаған. 
Жҥзіне бҧл фҽнидің кҿз тастасам, 
Пенде жоқ мҽңгі қалып тҧрақтаған. 

 
278 
ЖАС ШАҢЫРАҚ ИЕЛЕРІНЕ 
 
Жас шаңырақ иесі, 
Айтқаныма қҧлақ сал. 
Біз сияқты атаңның 
Ҿсиет сҿзін ҧғып ал. 
 
Ҿздеріңді ҽлпештеп, 
Ҿсіріп еді ата-анаң. 
Сол қарттарға кейін де 
Тимесін тілің қатадан. 
 
Аялап кҥтсең кҽріңді, 
Сыйлайды сені жат адам. 
Тірлікте зиян кҿрмейсің, 
Ҥлкендер берген батадан. 
 
Тісі тҥсіп саудырап, 
Екі кҿзі жаудырап, 
Келіннен кҿріп қағажу, 
Қалмасын шешең қалжырап. 
 
Отырған жері – береке, 
Ҿзіңді тапқан анаңның. 
Шаңырақтың қҧтты ғой, 
Қамқоры сол баланың. 
 
Жағдайына қарасаң 
Атаң менен анаңның. 
Сҥйген қҧлы боласың 
Жаратушы Аллаңның. 
 
ЖАС КЕЛІНДЕРГЕ 
 
Отбасының ҧйтқысы, 
Қайын атаң мен қайын енең. 

 
279 
Сыйлап жҥрсең соларды, 
Кем болмайсың ешкімнен. 
 
Қайын енеңді кҥт келін, 
Бағады ол балаңды. 
Енеңнің кҥші ҿлшеусіз, 
Демеушің ғой табанды. 
 
Қайраты кетсе бойынан, 
Тҥртпектей берме панаңды. 
Меңдетеді кҽрілік, 
Қайтсең-дағы адамды. 
 
Тату бол қайын анаңмен, 
Ойлап қара санаңмен. 
Жасы ҧлғайған кҽрiңдi, 
Сыйла барлық балаңмен. 
 
Қайын атаң мен енеңдi  
Болма келiн сҿгетiн. 
Еңкейiп кеттi демесең, 
Жҽрдемi бар беретiн. 
 
Шақырма ашу қарттарға, 
Ҿзiң де сондай боласың. 
Ойла келiн артыңды, 
Сҿз ҧғатын баласың. 
 
Сiздерге бҧл ҿсиет, 
Қожаберген бабаңнан. 
Ҿнеге алма тiрлiкте 
Шайпау менен наданнан. 
 
ЖАС ЖІГІТТЕРГЕ 
 
Шайпау болса алғаның, 

 
280 
Бҽрiнен де сол жаман. 
Аяуды еш бiлмейдi, 
Сезiмi жоқ қас-надан. 
 
Нҧры тайса кҿз жаман, 
Бҧрмаланса сҿз жаман. 
Аққу, қаз, ҥйрек қонбаса, 
Айдың шалқар кҿл жаман. 
 
Пайдасын халқы кҿрмесе, 
Батырмын деген ер жаман. 
Ҿз жақсысын тҧқыртса, 
Бiрлiгi кеткен ел жаман. 
 
НАСИХАТ ӨЛЕҢДЕРІ 
 
1. 
Батырдың жауы - аңқаулық
Ҽйелдiң жауы - шайпаулық. 
Бар пенденiң тiрлiкте. 
Қас дҧшпаны - жалқаулық. 
 
Адал адам би болса, 
Бҧрылмас сҿзге арадан. 
Харам кiсi би болса, 
Аузы кетпес парадан. 
 
Тҥрлi-тҥрлi балуан бар, 
Ебiн тауып шалады. 
Алуан-алуан жҥйрiк бар, 
Халiне қарай шабады. 
 
Кҿкiрек таза болмаса
Кҿз тазасы не керек. 
Жаны таза болмаса,  
Тiл тазасы не керек. 

 
281 
 
Жақсы адамға мал бiтсе, 
Ағайынға қарасар. 
Жаман кiсiге мал бiтсе, 
Кҿрiнгенмен жауласар. 
 
Ала болса ағайын, 
Ауыздағы ас кетер. 
Аңдыған дҧшпан кҥшейiп, 
Жау қолында бас кетер. 
 
Май шайнаған сҧлтанның, 
Нанға мҧқтаж кҥнi  бар. 
Елдi шапқан жауыздың, 
Жҧртқа мҧктаж кҥнi бар. 
 
Қарауылдың жаманы, 
Алдырғанда ҿкiнер. 
Балуанның жаманы, 
Шалдырғанда ҿкiнер. 
 
2. 
 
Аға деген кiсiнi, 
Жаным десе болады. 
Қатар ҿскен ҧл-қызды, 
Сҽнiм десе болады. 
 
Кҿктемдегi тҿл даусын, 
Ҽнiм десе болады. 
Жақсы ҧл тапқан аруды
Ханым десе болады. 
 
Сусап iшкен сусынды, 
Балым десе болады. 
Ақыл дҽрия ерлердi, 

 
282 
Ғалым десе болады. 
 
Қара ниет жақынды, 
Залым десе болады. 
Ақ пейiлдi ҥлкендi, 
Ата десе болады. 
 
Адал кҿңiл ҽйелдi, 
Ана десе болады. 
Ҽйел жоқ ҥйлердi, 
Дала десе болады. 
Iс тегiгi табылар, 
Ерлердiң ҥлкен миымен. 
 
3. 
 
Талап жесе ҽлсiздi, 
Жауыз демей не деймiз. 
Аулақ жҥрсе жҧртынан, 
Бҿлек демей не деймiз. 
 
Езiлгендi жусандай, 
Былжыр демей не деймiз. 
Ҿзi ҧқпаса кемдiгiн, 
Нашар демей не деймiз. 
 
Кiм кҿрiнген жиренсе, 
Былық демей не деймiз. 
Қорғамаса ҿз басын, 
Шiрiк демей не деймiз. 
 
Аңғарып тҧрса ҽр жайды, 
Бiлгiр демей не деймiз. 
Бусанбай озған жҥйрiктi, 
Дҥлдҥл демей не деймiз. 
 

 
283 
Ҥлгiсiн жҧрт ҥйренсе, 
Даңғыл демей не деймiз. 
Ҧғып алса айтқанды, 
Алғыр демей не деймiз. 
 
Кҿрiнгенге ҧрынса, 
Ожар демей не деймiз. 
Айналасын жалмаса, 
Тажал демей не деймiз. 
Қалғып жҥрсе ҧдайы, 
Маубас демей не деймiз. 
 
4. 
 
Тҥндi қанша мақтасаң, 
Сарғайып атқан таң болмас. 
Жаманды қанша мақтасан, 
Ел басқарар хан болмас. 
 
Момыннан туған асылдар, 
Қатарынан кем болмас. 
Жауынан кек қайтарар, 
Қҧзғындарға жем болмас. 
 
Кҿргенсiзге айтқан сҿз, 
Босқа кетер, ем болмас. 
Жиналса да жамандар, 
Данышпанмен тең болмас. 
 
Тҧлпар аттар жарысар, 
Баптаулы тҧрған кҥйiмен. 
Іс тетігі табылар, 
Ерлердің ҥлкен миымен. 
 
5. 
 

 
284 
Суалмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бҧлақ жоқ. 
Тамыры суда тҧрса да, 
Ҿз мезгілі жеткенде
Қурамайтын қҧрақ жоқ. 
Дҥние деген сағым, бҧлт, 
Перзентсіз жанда қуат жоқ. 
Бҽрінен қиын сол екен, 
Артында қалған шырақ жоқ. 
 
6. 
 
Батырлығың не керек, 
Байсалдылық болмаса. 
Ақылдығың не керек, 
Айтарлығың болмаса. 
Білім – Мҽңгілік, 
Дҥние – аз кҥндік. 
Ашуға мҧрындық бол, 
Ақылға орындық бол. 
Ердің жасы – екі елі, 
Елуінде ер дана. 
Елу жылда ел жаңа, 
Ер айтса – ел айтқаны, 
Елдің қамын жеп айтқаны. 
Ері даңқты болса, 
Елі антты болады. 
Аруағы артып жҥреді, 
Жау аяғын тартып жҥреді. 
Саналы ерде сауыт бар, 
Санасызда қауіп бар. 
Ердің шешен болғаны, 
Ел-жҧртының арқасы. 
Жігіт кҿсем болғаны, 
Ер халықтың арқасы. 
Жігіт жайсаң болғаны, 

 
285 
Жора-жолдас арқасы. 
Сарбаз қайсар болғаны, 
Қолбасшының арқасы. 
Қуаттының қолы ҧзын, 
Талаптының жолы ҧзын. 
Дҧшпанға тастай қатты бол, 
Досыңа балдай тҽтті бол. 
Батыр жарқырап жҥреді, 
Қорқақ қалтырап жҥреді. 
Жігітке жар қымбат, 
Намыс пен ар қымбат. 
Ел басына кҥн туса, 
Ерлер атқа ер салар. 
Қорғау ҥшін ел-жҧртын, 
Ақын кҿпке жар салар. 
Елінен айырылған ер мҧңлық, 
Кҿлінен айырылған қаз мҧңлық. 
Ердің айнасы – елі, 
Жердің айнасы – кҿлі. 
Ел жҥрген жер береке, 
Ер жҥрген жер мереке. 
Ерді асы ҥшін сыйлама, 
Басы мен ісі ҥшін сыйла. 
Ҥндемесең дау алар, 
Жата берсең жау алар. 
Татулыққа не жетсін, 
Тҽуекелден не кетсін? 
Жауды сынап соғыспайды
Қойды сынап тоғытпайды. 
Ер елінде қадырлы, 
Гҥл жерінде қадырлы. 
Жауын жеңер бек, 
Қиналса да сабырлы. 
 
*   *    * 
Арғымақ аттың белгісі, 

 
286 
Иесін жауда қалдырмас. 
Қуғанда жетер ҧзатпай, 
Алдына қара салдырмас. 
 
Тҧлпар аттың қҧйрығы, 
Сатса жібек, кессе қыл. 
Шаһыбаз жігіт белгісі, 
Тҥзде мырза, ҥйде қҧл. 
 
Жҥзі қараның сылдыр сҿзі, 
Су тҥбіне кетірер. 
Қыздырманың қызыл тілі, 
Сҥйгеніңнен кетірер. 
 
Қарап тҧрсаң ҽлеумет, 
Ғадыл бидің кегі жоқ. 
Білімді туған жігіттің, 
Ҽрбір істе кемі жоқ. 
 
Ғазазілдің сҿзіне ерсең, 
Басыңа бейнет болады. 
Жанашшыр бҿз берсе, 
Ҥстіңе кҿйлек болады. 
 
Мырзаға бақ жарасады, 
Батырға жақ жарасады. 
Аталы ерден ҧл туса, 
Жақсыларға жаналады. 
 
7. 
 
Тҥнді қанша мақтасаң, 
Сарғайып атқан таң болмас. 
Жаманды қанша мақтасаң, 
Ел басқарар хан болмас. 
 

 
287 
Жақсы мен жаман тең болмас, 
Кемеңгер жан кем болмас. 
Момындарға қарасар, 
Қҧзғындарға жем болмас. 
 
Ҥлгісіз жанға айтар сҿз, 
Далаға кетер ем болмас. 
Қарау адам, іші тар, 
Ешқашанда кең болмас. 
 
Иттің бҽрі тазы болмас
Еттің бҽрі қазы болмас. 
Пиғылы жаман наданның, 
Кісіге айтар назы болмас. 
 
Екі даукес ауыл болмас, 
Ауыл болса қауым болмас. 
Халқын сҥймей ер болмас, 
Қорғамас жерін ел болмас. 
 
Қанаты қҧрыш ақ сҧңқар, 
Жардан қҧлап жер болмас. 
Қайтпас қайсар ерлерге, 
Дҧшпанның торы тҥк болмас. 
 
Тҧлпар аттар жарысар, 
Баптаулы тҧрған кҥйімен. 
Ақыл-айла табылар, 
Ерлердің алғыр миымен. 
 
 
 
 
 
 
 

 
288 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ АБЫЛАЙ ХАНҒА 
АЙТҚАН АҚЫЛЫ 
 
Қарағым,  болашақ  ҥлкен  хансың.  Саған  берер  ақылым: 
Заман  –  тҥлкі,  пенде  –  қыран.  Бҿктерде  жҥріп,  бҥркітті  кҿрген 
тҥлкі  сескеніп,  етекке  тҥседі.  Жауымен  кең  жерде  айқасудан 
тайсалған тҥлкі сол бҿктердегі ҿзі тҥстес бір қызыл тастың қия 
бетін  де  қҧйырығын  шаншып  тҧрып  қалады.  Қыран  оның  тас 
емес,  тҥлкі  екенін  кҿруі  керек.  Бас  уҽзір  боп  ел  билігі  қолыңа 
тиген  екен  ҽрі  ханның  міндетін  атқарып  жҥр  екенсің,  кҿреген 
бол,  шырағым.  Ақылың  мен  ерлігің,  айла-ҽдісің  қатар  жҥрсін. 
Ханның қарадан ҿтініші болмас, ҿкініші болар, бҧл сҿзімді есіңе 
сақта!  Ер  азбай,  ел  азса,  айдын  кҿлдің  суалғаны,  ел  азбай,  ер 
азса,  зор  бҽйтерегің  қҧлағаны.  Бҽйтерегің  қҧласа,  ағаш  орнына 
ағаш ҿседі. Айдын кҿлің суалса, немен толар есесі? Ер бҧзылса 
да,  ел  бҧзылмасын.  Бҧзылғанын  жҧрт  ҿзі  тҥзетеді,  тҥзелмесе 
бҧзығын  ел  жер  етеді!  –  депті.  Қожаберген  бабасына  ақыл 
айтқаны ҥшін Абылай сҧлтан алғыс  айтып, риза болып, жырау 
бабаның оң батасын алып аттанған екен. 
(Сегіз сері шежіресінен алынды). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
289 
ТҤСIНIКТЕМЕ 
 
1. Толыбайсыншы қарағайы деген орман мен сол арадағы 
Толыбайсыншының  Жекекөлі  деген  көл  Гүлтөбе  атты  шағын 
өңірге  жатады.  Гүлтөбе  өңірі  Қызыдэар  аймағының  бір  бөлігі. 
Толыбайсыншы  қарағайы  атты  орман  1902-1903  жылдары 
мүлдем  құрып  кеткен.  Себебі  қойнауында  Қожаберген  жырау 
мен  оның  батыр  ағалары  дүниеге  келген  атамыш  орман  1895 
жылы  күзде  Сексен  хажы  Шақшақұлының  ауылын  ұлықтар 
көшіріп,  оның  қонысына  Украинадан  келген  шаруаларды 
қоныстандыр-ғаннан  кейін  бірте-бірте  кесіліп,  ағаштардың 
тамырын  мал  басын  езіп  тастаған  соң,  қарағай  өспей  қалған. 
Сондай-ақ сол ұзындығы 56 (елу алты) шақырым, көлденеңі 26 
(жиырма  алты)  шақырым  шағын  өңір  Гүлтөбеде  бұрыннан 
өсетін  қалампыр  иісті  алқызыл  гүл  де  1903  жылдан  бастап  аз 
өсіп,  ақыры  құрып  кеткен.  Қожаберген  есімімен  аталатын 
орман, көл, дөң, томар атаулары 1928 жылға дейін көп болған. 
2.  Жер  атаулары  жайында,  Қожаберген  жыраудың  ҿмірі 
мен  қоғамдық  қызметі  туралы  деректерді  1956  жылы  жазда 
Сегіз сері шежіресінен оның шҿбересі Нҧрғожа оқып берген еді. 
Соны қағазға тҥсіріп алғанбыз. 
3.  Қожаберген  жыраудың  «Елім-ай»  жырының  бірінші 
бҿлімін Қожахмет Дҽрібайҧлы ҿз ҽкесі Дҽрібай ҽнші Малшыбай 
ҧлынан  (1858-1942  жж.)  жас  жігіт  кезінде  1913  жылы  жазып 
алыпты.  Дҽрібай  ҽнші  «Елім-ай»  жырын  Мҧстафа  Сегіз 
серіҧлынан (1840-1899 жж.) 1881 жылы жазып алыпты. 
Толыбай сыншыҧлы ақынның «Елім-ай» жырының екінші 
бҿлімінің бас жағын Балғожа Кенжеғозыҧлы 1934 жылы мамыр 
айында  Ресейге  қарасты  Қорған  облысының  Макушин 
ауданындағы  Кревень  селосының  тҧрғыны:  қарт  ҽнші  Мырзай 
Тҧяқҧлынан жазып алыпты. 
Батыр  жыраудың  «Елім-ай»  жырының  ҥшінші  бҿлімінің 
бас  жағын  Ҽскер  Балғожаҧлы  Солтҥстік  қазақстан  облысының 
Шал  ақын  ауданындағы  Балуан  селосының  тҧрғыны  Сҧраған 
Мҧсаҧлынан 1949 жылы жазда жазып алыпты. 

 
290 
4.  Жыраудың  «Баба  тіл»  дастанының  толық  нҧсқасы 
қолымызға  тҥспеді.  Бірақ  аталмыш  жырдың  жартысынан  кҿбін  
Солтҥстік қазақстан облысының Жамбыл (Преснов) ауданында-
ғы Қызылой ауылының тҧрғыны Қожахмет Дҽрібайҧлынан 1950 
жылы жазда Шайхыуали Нҧрғожаҧлы жазып алыпты. Сонымен 
қатар,  «Баба  тілдің»  біраз  шумақтарын  сол  Жамбыл 
ауданындағы  Архангелька  селосының  тҧрғыны  қызметкер 
Балғожа Кенжеғозыҧлынан 1949 жылы жазда Айымжан орталау 
мектебінің мҧғалимасы Зейнеп Ғабдоллақызы жазып алыпты. 
5.  «Жақсылық  пен  Жамандық»  атты  баба  жыраудың 
хиссасын  Ҽскер  Балғожаҧлы  Солтҥстік  қазақстан  облысының 
Жамбыл  ауданындағы  Ҧзынкҿл  ауылының  тҧрғыны:  қарт 
шежіреші  Хҧсайын  Ҿтегенҧлынан  1951  жылы  маусым  айында 
жазып алыпты. 
6.  Қожабергеннің  «Ата  тек»  дастанының  ҥзіндісін 
Солтҥстік  қазақстан  облысының  Жамбыл  ауданындағы 
Аманкелді ауылының тҧрғыны: қарт ҽнші Айтбай Ізтҿлеҧлынан 
1953  жылы  жазда  ҽнші  Мҽриям  Мҥзафарова  (Сегіз  сері 
ҽндерінің орындаушысы) жазып алыпты. 
7.Толыбайсыншыҧлының «Қойлыбай ҽулие», «Қызылжар» 
дастандарының  ҥзінділерін  Шолпан  Қабимолдақызы  ҿз  атасы 
Садиық  молда  Боқтыбайҧлынан  Жамбыл  ауданындағы 
Петровка  (Баян)  селосының  тҧрғыны  1962  жылы  сҽуір  айында 
жазып алыпты. 
8.  Толыбайсыншыҧлы  ақынның  «Едіге  биге»  атты  ҿлеңін 
Елеуке  Қалданҧлы  шежіреші  (Павлодар  қаласының  тҧрғыны) 
1936  жылы  тамызда  Мҽди  Тастанбекҧлы  деген  шежірешіден 
(Павлодар  облысының  Май  ауданындағы  Ақшиман  ауылының 
тҧрғыны) жазып алыпты. 
9. 
Қожаберген 
жыраудың 
«Кҥлдірмамай» 
ҿлеңін 
фольклоршы  Қазжан  Сҧрағанов  жас  жігіт  кезінде  Солтҥстік 
қазақстан  облысының  Жамбыл  ауданындағы  Аманкелді 
ауылының  тҧрғыны,  белгілі  шежіреші  Айтбай  Ізтҿлеҧлынан 
1962 жылы тамыз айында жазып алыпты. 
10. Баба жыраудың «Қайран, жастық» деген ҿлеңін Айтбай 
Сіргебайҧлы мҧғалім аталмыш облыстың Жамбыл ауданындағы 

 
291 
Баян  селосының  тҧрғыны,  қарт  ҽнші,  домбырашы  Базар 
Мақышқызынан 1963 жылы жазда жазып алыпты. 
11.  Қожаберген  ордабасының  «Ҥш  би»,  «Ҥш  Тҽуке», 
«Жеті  Жарғы»  атты  ҿлеңдерін  ҽнші  Мҽриям  Мҥзафарова  1952 
жылы  жазда  Солтҥстік  қазақстан  облысының  Жамбыл 
ауданындағы  Айымжан  ауылының  тҧрғыны,  қарт  шежіреші 
Нҧрмҧхаммед  Мҧсайынҧлынан  (Сегіз  серінің  немересінен) 
жазып алыпты. 
12.  Батыр-ақынның  «Білерсің»  атты  толғауын  Ҧлы  Абай 
ақынның  шҽкірті  Кҿкбай  Жанатайҧлынан  (1863-1927  жж.) 
фольклор  зерттеушісі,  белгілі  шежіреші  Сейітқали  Қарамендин 
1926 жылы жазып алыпты. 
13.  Қожаберген  жыраудың  Наурыз  батасы  мен  Нақыл, 
ғибрат  сҿздерін  Гҥлзи  Ғалымжанқызы  1964  жылы  жазда 
Солтҥстік  қазақстан  облысының  Жамбыл  ауданындағы 
Ҧзынкҿл ауылының тҧрғыны Нҧрмағамбет Ҽкібайҧлы қариядан 
жазып алыпты. 
14.  Толыбайсыншыҧлының  «Жастық»  деген  термесін 
Солтҥстік қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Балуан 
ауылының  тҧрғыны,  Сыздық  Тҥлкібайҧлы  шежірешіден  1953 
жылы сҽуір айында ҽнші Ғазиз Мҧсаҧлы жазып алыпты. 
15.  Толыбайсыншыҧлының  «Бес  қару»,  «Не  жетім»  деген 
ҿлеңдерін  Гҥлларай  Нҧрғожақызы  ҿз  атасы  шежіреші 
Нҧрмҧхаммед  Мҥсайынҧлынан  1960  ж.  (Солтҥстік  Қазақстан 
облысының  Жамбыл  ауданындағы  Айымжан  ауылының 
тҧрғыны) жазып алған екен. 
16. Баба жыраудың ҿзі туралы ҿлеңін, «Асылдар», «Танаш 
би»  атты  толғауларын  белгілі  ҽнші,  шежіреші  Дҽстем 
Баймҧқанов  1978  жылы  шілде  айында  Солтҥстік  Қазақстан 
облысының Шал ақын ауданындағы Балуан ауылының тҧрғыны 
қарт  мҧғалім  Шҽкен  Сҧрағанҧлынан  жазып  алған  екен. 
Сонымен қатар, Дҽстем Қожаберген шығарған «Елім-ай» ҽнін ҿз 
мҽнінде ҿте жақсы орындайды. 
17.  «Қожаберген  жыраудың  Абылай  ханға  ақыл  айтқаны» 
деген  «Ақсауыт»,  «Кҽрілік»  атты  толғауларын  Солтҥстік 
Қазақстан  облысының  Қызылжар  ауданындағы  Озерный  орыс-

 
292 
қазақ  орта  мектебінің  директоры  Айтбай  Сіргебайҧлы  атамыш 
облыстың  Жамбыл  ауданындағы  Жамбыл  кеңшарының 
тҧрғыны Ҧлы Отан соғысының ардагері, белгілі шежіреші, ауыз 
ҽдебиетінің  білгірі  Балғожа  Кенжеғозыҧлынан  1970  жылы 
жазып  алыпты.  Сонымен  қатар,  Айтбай  Сіргебайҧлы  ҿз 
мектебінде  Қожаберген  жырауға  арнап  бҧрыш  ашып, 
Қожабергеннің  суретін  ҥлкен  қып  салдырып,  мектептің  залына 
іліп  қойыпты.  Мҧғалима  Гҥлзи  Ғалымжанқызы  Қожаберген 
жыраудың туғанына 340 жыл толуына орай пҽн кешін ҿткізіпті. 
18.  Толыбайсыншыҧлының  «Жас  шаңырақ  иелеріне», 
«Жас келіндерге», «Жас жігіттерге» деген ҿсиет ҿлеңдерін ҽнші 
Мҽриям  Мҥзафарова  1960  жылы  жазда  Солтҥстік  Қазақстан 
облысының  мешітінің  имамы  Мҧхаммеджан  Меңдіханҧлынан 
жазып  алыпты.  Мҽриям  Мҥзафарова  «Елім-ай»  ҽнінің  жақсы 
орындаушысы. 
19.  Батыр-ақынның  біраз  насихат  жҽне  ғибрат  ҿлеңдерін 
Шолпан  Қабимолдақызы  мҧғалима  ҿз  атасы  Садиық 
Боқтыбайҧлы молдадан 1962 ж. (аталмыш облысының Жамбыл 
ауданындағы Петровка селосының тҧрғыны) жазып алыпты. 
20.  Қожаберген  жыраудың  жалпыға  арналған  насихат 
ҿлеңдерін  Ҽскер  Балғожаҧлы  1960  жылы  28  маусымда 
Қызылжар  (Петропавловск)  қаласының  тҧрғыны  белгілі  ҽнші, 
шежіреші Ғазиз Мҧсаҧлынан жазып алған екен. 
Қожаберген  жырауға  арнап,  сол  ақын  атындағы  кердың 
тҿрағасы  Ш.Смағҧлов  Толыбайсыншыҧлына  мазар  тҧрғызып, 
содан  кейін  ас  берді.  Аста  ақындар  мҥшҽйрасы,  ат  жарыс, 
балуан  кҥресі  болды.  Қазақстан  республикасы  Премьер 
министірінің  қаулысы  бойынша  Петропавл  қаласындағы  №  6 
қазақ орта мектебі Қожаберген жырау атына берілді. 
Қожаберген 
жырау 
шығарған 
«Елім-ай» 
ҽнін 
орындаушылар:  Тҿлеубек  Сейтқалиҧлы,  Дҽстен  Абылайҧлы, 
Мҽриям Жҽнібекқызы, Жҽния Сҧрағанқызы. 
 
 
 
 

 
293 
МАЗМҦНЫ 
 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ....................................................... 
«ЕЛІМ-АЙ!» (дастан)............................................................. 
ҾТКЕН 
КЕЗЕҢ 
(Ақтабан 
шҧбырындының 
алдындағы 
оқиғалар)................................................................................. 
АҚТАБАН ШҦБЫРЫНДЫ, АЛҚАКҾЛ СҦЛАМА......... 
«БАБА ТІЛ» (дастан)............................................................. 
«ЖАҚСЫЛЫҚ  ПЕН  ЖАМАНДЫҚ  ЖАЙЫНДАҒЫ  ХИҚАЯТ 
(хисса)..................................................................................... 
ДАСТАНДАРЫНАН ҤЗІНДІЛЕР, ҾЛЕҢ ТОЛҒАУЛАРЫ..... 
Ата тек...................................................................................... 
Ҽулие Қойлыбай..................................................................... 
Едіге биге айтқаны.................................................................. 
Кҥлдірмамай............................................................................ 
Қайран жастық......................................................................... 
Жеті жарғы............................................................................... 
Білерсің..................................................................................... 
Наурыз батасы......................................................................... 
Ҥш би........................................................................................ 
Жастық..................................................................................... 
Ҿзі туралы............................................................................... 
Бес қару................................................................................... 
Асылдар................................................................................... 
Танаш би.................................................................................. 
Не жетім................................................................................... 
Қызылжар................................................................................ 
Ҥш Тҽуке................................................................................. 
Ақсауыт................................................................................... 
Кҽрілік..................................................................................... 
Жас шаңырақ иелеріне........................................................... 
Жас келіндерге........................................................................ 
Жас жігіттерге......................................................................... 
Насихат ҿлеңдері...................................................................... 
Қожаберген жыраудың Абылай ханға айтқан ақылы........... 
ТҤСІНІКТЕМЕ......................................................................... 

 
294 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ 
(шығармалар жинағы) 
 
 
 
 
Қҧрастырушы-редакторы:  Бекет  Тҧрғараев  «Жетi  жарғы» 
жҽне  Қожаберген  жырау»  қоғамдық  қайырымдылық  қорының 
тҿрағасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері. 
Баспаға дайындаған: Социал Жҧмабаев 
Компьютерге терген: Нҧржамал Байтенова 
 
Петропавл – 2010 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет