Қожаберген жырау



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата29.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#2962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ерлердің қайтып қалды жҥректері. 
 
Сазандай балғын ҿскен балалары, 
Дҥние-жиһаз толы қоралары. 
Қолды боп жиған мҥлкі ата жауға, 
Ҥш жҥздің кҿп қамықты шоралары. 
 
Кҿзінен ел-жҧртымның бал-бҧл ҧшты, 
Кҥндері той-думанды, мерекелі. 
Бытырап шіл боғындай тозып кетті, 
Болса да біздің Қазақ берекелі. 
 
Хан, патша қазынасындай болған Қазақ, 
Тҿрт тҥлік малға толған далалары. 
Мылтықты хайуандардан кҿріп азап, 
Ҥш жҥздің кҿп қайғырды даналары. 
 
 

 
101 
Сорлаған жесір болып аналар кҿп, 
Зарлаған жетім қалып балалар кҿп. 
Айырылып жер-суы мен дҽулетінен, 
Ҥй-кҥйсіз мҽңгі болып қалғандар кҿп. 
 
Бҧлт тҿніп, ауыр кҥн орнап бастарына, 
Індет кеп кҽрі менен жастарына. 
Жас келіп кҿздеріне мҿлт-мҿлт етіп, 
Қарайды таудың тарғыл тастарына. 
 
Ҧшырап шабуыл мен аштық, жҧтқа, 
Кезболды ауыр соғыс біздің жҧртқа. 
Қамалап жан-жағынан қалың дҧшпан, 
Тҥскендей болды қазақ су мен отқа. 
 
Ызғарлы кҥн де болды аса суық, 
Қазаққа қиын болды зор кҥн туып. 
Халқыма аштық, соғыс бірдей келді, 
Тҧрғандай ғазырейіл тҿніп жуық. 
 
Сҧм соғыс, аштық пен жҧт нені қойсын, 
Айырылды ел ен байлық пен жиған малдан. 
Дҧшпандар оқ жаудырып, кімді қойсын, 
Хал кетті нелер алып сардарлардан. 
 
Сайғақтай сая таппай туған жерден, 
Қашып тҧр бақ-береке талай ерден. 
Қолына ҧстағаны таяқ болып, 
Ҽр жерде қалды ҿліп нелер мерген. 
 
Жасыл жерді басып шаң, 
Судың бетін боян қан. 
Есі шығып абдырап
Жҧрттың басы болды даң. 
 
 

 
102 
Батыс, шығыс кҿршілер, 
Мҧсылманға ҿшікті. 
Атысарға мылтық жоқ, 
Халымыз болар нешік-ті? 
 
Орыс, Қытай кҿршіміз, 
Ойраттарды жақтаған. 
Мылтық алып солардан, 
Жорыққа қалмақ аттанған. 
 
Мҧсылмандарды қырғанға, 
Халхи мен Жоңғар шаттанған. 
Қонысынан айырылып, 
Қазағым болды-ау, ақтабан. 
 
Қанға қҧмар Торғауыт, 
Дҽу мылтықты сҥйретті. 
Ҥсті-ҥстіне доп атып, 
Даламды тегіс кҥңірентті. 
 
Кҿрсетті жазмыш бҧл істі, 
Болсақ та жҧртқа аяулы-ақ. 
Қарқыны болып тым кҥшті, 
Кҿп жерді алды сҧм қалмақ. 
 
Бақыты тайып қапа боп, 
Қостары ауған шоралар. 
Паналауға мекен жоқ, 
Босқын болды кҿп жандар. 
 
Басқыншы дҧшпан желігіп, 
Кең даламды таптаған. 
Қоярдай жалмап кҿрініп, 
Соғысып дамыл таппаған. 
 
 

 
103 
Байқап тҧрсам заманға, 
Кҿрші елдер ҧқсайды қабанға. 
Татулық жоқ, мейірім жоқ, 
Жау болды адам-адамға. 
 
Жап-жасыл қазақ жерлері, 
Кҥз болған соң сарғайып. 
Халықпен бірге кҥйзелді, 
Қасіреті тым ҧлғайып. 
 
Хал болмай шабар қамалға, 
Іс айналды жаманға. 
Дҽу мылтықтан доп атып, 
Қаптады қалмақ бҧл маңға. 
 
Билер де кҿп сҿз қозғап, 
Тіршілік жайын ойланған. 
Ерлер де кҿп атсыз қап, 
Жаяу жҥріп қиналған. 
 
Соғысқҧмар сҧм қалмақ, 
Тҥсіріп елге зор салсақ. 
Тҧтқын етіп ҿзінше, 
Жҧртымды болды қҧл қылмақ. 
 
Садақтан басқа тҿрт тҥрлі, 
Қалмақтың бар мылтығы. 
Қырса да жҧртты басылмайды, 
Қанқҧмарлық ынтығы. 
 
Орнатып жҧртқа дозақты, 
Жоқ етпек боп қазақты. 
Қырып-жойып ерлерді, 
Кҿрсетпек кҿпке азапты. 
 
 

 
104 
Аттарын қалмақ баптаған
Оларды кҿрші ел шаптаған. 
Жолдамалы жендетппен, 
Кҿбейіп саны қаптаған. 
 
Жалдамалы сҧмдарын, 
Айдап салып халқыма. 
Қысқа қамды жасатпай, 
Ҧрындырды салқынға. 
 
Мінетін тым болмаса ҿгіз болмай, 
Азамат жаяу қалды ортан қолдай. 
Атыстан қазақ қолы қаймығып тҧр, 
Тең тҥсер дҽу мылтыққа қҧрал болмай. 
 
Хиуа алып тҥрікпеннен арғымақты, 
Орнына берген қылыш дандан сапты. 
Қазақты аяғансып тҧрса-дағы, 
Мылтықпен Тҥрікпенді жабдықтапты. 
 
 
Ҥш жҥзге ықыласы тҥспей қатты, 
Бҧхар да Тҥрікпенге мылтық сатты. 
Алайда елші сыйлық апарған соң, 
Сол себеп бізге Бҧхар жауықпапты. 
 
Қыруар ел Зерафшанға қоныстанды, 
Мекендеп аз да болса тыныстады. 
Хиуаға, Бҧхарға да алым тҿлеп, 
Олармен тіл табысты қырылыспады. 
 
Кҿп ҿсіп Арғын-Қыпшақ ҿнген еді, 
Рахатын молшылықтың кҿрген еді. 
Арасын Ташкент, Торғай мекен етіп, 
Ежелден қыстап, жайлап жҥрген еді. 
 

 
105 
Шығысын Қаратаудың қыстау етіп, 
Батысын Сарыарқаның жайлаушы еді. 
Арқаны жыл аралата қыстап шығып, 
Жалғанның қызығына тоймаушы еді. 
 
Қара ҿткел, Шу арасы Арғын жері, 
Шығысы Жарма ҿзенге тіреледі. 
Орта жҥз Арғын-Қыпшақ, Тарақтылар, 
Егін сап, мал ҿсіріп кҥн, кҿреді. 
 
Кҿп жерін Сарыарқаның мекен етіп, 
Ҿнермен Арғын-Қыпшақ ҿрлеп еді. 
Аң аулап, саят қҧрып жігіттері, 
Тапшылық бҧған дейін кҿрмеп еді. 
 
Шабуыл, аштық пен жҧт қысқан заман, 
Қазақтан бақыт қҧсы ҧшқан заман. 
Қолында мылтықтары болмаған соң
Қалмақтан халқым қорқып пысқан заман. 
 
Теңіз бен Сыр бойынан кҿш келеді, 
Кҿш бас сайын атандар бос келеді. 
Айырылған туысқаннан қандай ауыр, 
Кҿл-кҿсір кҿзге ыстық жас келеді. 
 
Жас келмей екі кҿзге қайтсін енді, 
Жҧртымыз зор апаттан сескенеді. 
Мҧздады жылы жҥрек кҥн-тҥн сайын, 
Жау қалмақ елге қарап беттегелі. 
 
Тарылып қағынды ғой заманымыз, 
Тозды ғой жаяу жҥріп табанымыз. 
Толассыз дҽу мылтықтан доп атылып, 
Сарқылды ҽдіс-тҽсіл, амалымыз. 
 
 

 
106 
Апатқа дейін қазақ кҿп ел еді, 
Жігіті ҽнші, батыр, мерген еді. 
Ҥш жҥздің ҿзім тҧстас қариялары, 
Қалмақпен сан соғысып кҿрген еді. 
 
Шеткі жер қолдан қолға ҿтуші еді, 
Кҿбінесе жау жеңіліп кетуші еді. 
Кешегі Ҽз Тҽукенің заманында, 
Уағады тастай болып бекуші еді. 
 
Бҧл кҥнгі хандар сертті бола алмады, 
Пайда тіл кҿрші елдермен таба алмады. 
Қазақ пенен Ноғайды қҧртқызбақ боп, 
Сҿйлеспей Орыс, Қытай табандады. 
 
Мҧндай боп жаудан маңдай таймап еді, 
Қалмақ жеңіп, қанатын жаймап еді. 
Сан майдан, талай ауыр шайқастарда, 
Бҧршақша қорғасын оқ жаумап еді. 
 
Хан еді ҧлы жҥздің таз Жолбарыс, 
Ҥйсіннің дҽулетіне мас Жолбарыс. 
Санасу жақсылармен ойында жоқ, 
Ақыл айтқан кісіге қас Жолбарыс. 
 
Тҿле менен Ханкелді, 
Бірі – батыр, бірі – би. 
Жолбарысты хан сайлап, 
Тіккен оған арнап ҥй. 
 
Ол екі ердің ойынан, 
Жолбарыс хан шықпады. 
Тҿле бидей жақсының, 
Ақылын айтқан ҧқпады. 
 
 

 
107 
Болғанда жаумен арпалыс, 
Қамданбады еш Жолбарыс. 
Ақылсыз сҧлтан сол екен, 
Маңдай да соры бес қарыс. 
 
Ҽбілхайыр сҧлтанды, 
Десе де жҧрт айлалы. 
Қазақ ҥшін ол тҿре, 
Тҥбінде болмас пайдалы. 
 
Ҽбілхайыр сҧлтан да, 
Жолбарыс ханның інісі. 
Бҿгенбай ерге балдыз боп, 
Кеңіп бірі қалды-ау, тынысы. 
 
Қол басқарып кҿрмеген, 
Ҽбілхайыр деген тҿреңіз. 
Кіші жҥз қолын бастар деп, 
Ол қуға қалай сенеміз? 
 
Татардың бір тайпасы Дҽрмен екен, 
Еділ де жаудан қысым кҿрген екен. 
Ҥздіксіз Қалмақ шаба бергеннен соң, 
Кҥнгейге ауа кҿшіп келген екен. 
 
Олар да Байҧлы мен бірге болды, 
Қайғырып жҥректері шерге толды. 
Алшынның жасағымен кҥшін қосты, 
Кеспек боп жау ҿтетін ҽрбір жолды. 
 
Батырлар, билер кеңесті, 
Шықпақ болып қоршаудан. 
Сарбаздар жаумен егесті
Босанбақ болып қҧрсаудан. 
 
 

 
108 
Қорғанбақ боп жыланнан, 
Қҧтылмақ боп лаңнан. 
Шоралар кҿп кеңесіп, 
Кҿктҿбеге жиналған. 
 
Бҿгенге кҿмекші екен деп, 
Ҽбілхайыр мен Ғайыпқа 
Сену қиын жарандар, 
Қысылса кетер тайыпта. 
 
Сыр бойы, қаратауды келген қыстап, 
Кіші жҥз жоңғарлардан кҿрді қыспақ. 
Орта жҥз, Кіші жҥз боп тізе қосты, 
Бір-бірін жау қолына кетпей тастап. 
 
Басында Кҿктебенің қҧрдық кеңес, 
Уайымы мол жандарда болмай егес. 
Ырду-дырду болатын ештеңе жоқ, 
Басталған жау шабуылы оңай емес. 
 
Хабарлап ауған елдің кҿштеріне, 
Кҥнгей жҧрт қосылмақшы Арқа еліне. 
Жиналды ҽрбір жоқтан келген ауыл, 
Қаратаудың теріскей бҿктеріне. 
 
Екінші Кҥлтҿбе бар бҧл бҿктерде, 
Таяу жер біз отырған Кҿктҿбеге. 
Ер тері, аттың тері тҿгілмекші, 
Қан майдан басталатын Кҥлтҿбеде. 
 
Жылқысын қалмақ тартып алғаннан соң, 
Халқымның кҿбісінде ат болмай тҧр. 
Мінетін кҿліктері болмаған соң, 
Кҿңілі ерлерімнің шат болмай тҧр. 
 
 

 
109 
Бҧлтартпай кҿп ауылды жау кеп басты, 
Ҥстіртке Қарақалпақ кҿше қашты. 
Орта жҥз Кіші жҥздер кҥнгейдегі, 
Қоршауда да тҧрып жаумен арпалысты. 
 
Бҧл екі ел жауынгер еді ҽуел бастан, 
Соғысты ата жаумен аянбастан. 
Орта жҥз, кіші жҥз боп ҧрандасып, 
Қамалға шапты жастар тайсалмастан. 
 
Біз-дағы ата жаумен майдандастық, 
Халхидың жендетімен найзаластық. 
Дҧшпанға қолдан намыс бермеу ҥшін, 
Таңдаулы тайшысымен қылыштастық. 
 
Талай жан тірлікті ойлап зар қағып жҥр, 
Тҿрт балам, бҽйбішем де сақтанып жҥр. 
Ілесіп ҧлдарыма бір топ жастар, 
Соғысқа араласып, ел қорғап жҥр. 
 
*  *  * 
 
Ҽмудария атанған Жейхҧн ҿзен 
Бойлары Қарақалпақ мекені екен. 
Қазақпен бауыр болып олар-дағы, 
Ертеден бірге кҿшіп жҥреді екен. 
 
Ақыры Қарақалпақ қоныс таңдап
Шығысына Тҥркістан ҿңірі кҿшкен екен. 
Онда да қазақтармен бірге болып, 
Басынан жақсы ҿмірді кешкен екен. 
 
Тҥркістан аймағының шығыс жағын, 
Мекендеп бірталай жыл Қарақалпақ. 
Қазақ пен тату-тҽтті кҿрші ел болып, 
Байланбай тҧрған еді жаман атақ. 

 
110 
Сҧм қалмақ кҿп жыл бойы шабуылдап, 
Ҽрдайым жасаған соң ҥлкен шатақ. 
Шығысын Тҥркістанның тастап кҿшті, 
Ілесіп қазақтарға Қарақалпақ. 
 
Бектері Қарақалпақ болып жалтақ, 
Оларда ой болмады кҥшін қоспақ. 
Тҥбі бір туысқан ел болса-дағы, 
Майданға шыға алмады бізді қостап. 
 
Ҿкпе айттық қиын кҥнде мҧсылманға, 
Ішінде мҧсылманның тҧысқанға. 
Ноғайдан басқалары болысқан жоқ, 
Қалмақпен ҥш жҥз жылдай соғысқанда. 
 
Ҽлі де жарты ғасыр соғысар ел, 
Жалмамақ кҿп жандарды сҧм қара жер. 
Қалмақпен екі жақтап соғысқанда, 
Тҽңірім, басқызбағай аяқты кері. 
 
Қарақалпақ бауырды кҿрмейміз жек, 
Қашқанын жҽне олардың тҧтпаймыз кек. 
“Тҧқымы азғана елдің қҧриды”, - деп, 
Соғыстан тайған болар бастаушы бек. 
 
Оларды  мҽңгі бақи қорғағанбыз, 
Туыс деп ҽрқашанда қолдағанбыз. 
Бҿлініп қиын кезде кеткеннен соң, 
Ҿлеңмен ҿкпе-назды жолдағанбыз. 
 
Қалжырап қалды халқым қҧты қашып, 
Мылтықсыз жауынгерлер қалды жасып. 
Жеңетін ата жауды кҥн туса екен, 
Бақытқа қадыр Алла жолды ашып! 
 
 

 
111 
Ҿкпе-наз қата болса, кешір, Алла, 
Дҧшпанға кҿктем жасыл тҥсір, Алла! 
Баласын мҧсылманның панаңа алып, 
Ҥш бірдей жаудың ҥнін ҿшір, Алла! 
 
Ҽлеумет, ҥш дҧшпаның-кҽпір бҽрі, 
Қарғаған  ҥш жауды да жас пен кҽрі. 
Қалмақты қалған екеу бізге айдап сап
Жоңғарға берген мылтық, оқ пен дҽрі. 
 
Біздің сҿз қас дҧшпанды меңзеу деп ҧқ, 
Бір емес ата жауым ҥшеу деп ҧқ!? 
Ҥш бірдей аждаһаға душар болсақ, 
Жҧртымыз қҧрып кетер, осыны ҧқ!? 
 
Болмайық соның ҥшін жалынышты, 
Ҥш жаудың ешқайсысына бағынышты. 
Тірісіп Қазағымның тҽңірім қорғап, 
Жат елге ете кҿрме табынышты. 
 
Кҥлтҿбеге жиылып, 
Жасықтықтан тыйылып. 
Ҧрысқа ерлер бел буды, 
Алла, аруаққа сиынып. 
 
Бҥгінгі кҥн-мҧнар кҥн, 
Жер бетін тҧман басқан кҥн. 
Қытайлар аспас асудан, 
Кҽпір қалмақ асқан кҥн. 
 
Бейғам жатқан халқымды, 
Қапыда дҧшпан басқан кҥн. 
Атысарға болмай мылтығы, 
Қалмақтан қазақ қашқан кҥн. 
 
 

 
112 
Мылтығы кҿп ҧраңқай, 
Шарасынан тасқан кҥн. 
Ақыл таппай қиналып, 
Билерім қатты сасқан кҥн. 
 
Паналар жер таба алмай, 
Ер етегін басқан кҥн. 
Жер-суынан айырылып, 
Ел-жҧртым жылап босқан кҥн. 
 
Сҽмеке, Ғайып, Барақтар, 
Хиуамен ақыл қосқан кҥн. 
Хонтайжымен қҧда боп, 
Аяқты кері басқан кҥн. 
 
Жазығы жоқ жҧртыма, 
Жоңғарлар соғыс ашқан кҥн. 
Қазақ, Ноғай екі елдің, 
Қанын судай шашқан кҥн. 
 
Қарақалпақ бауырлар, 
Жеңіліп жаудан қашқан кҥн. 
Дҧшпанмен қҧда кей тҿре, 
Елдің сырын ашқан кҥн. 
 
Тар кезеңін Ҥш жҥздің, 
Орыс пен Қытай тосқан кҥн. 
Бақыты тайып Қазақтың, 
Ерсілі-қарсылы жосқан кҥн. 
 
Жау індеті жеткен кҥн, 
Ҥш жҥзден қайрат кеткен кҥн. 
Кҥшіне қару сай болмай, 
Ҿкініп ерлер ҿткен кҥн. 
 
 

 
113 
Қазақтың ауыр жағдайын, 
Тҥрікпен бегі кҥткен кҥн. 
Қалмақша шауып олар да, 
Мыңғытты жҥндей тҥткен кҥн. 
 
Тҥрікпеннің шонжары, 
Кердері елін шапқан кҥн. 
Қазақ пенен Ноғайды, 
Жылатып олжа тапқан кҥн. 
 
Қазақ пенен Ноғайға, 
Тҥрікпен неге кектенген? 
Жаулықтың білмей себебін, 
Билердің іші ҿртенген. 
 
Жер сҧраған кезінде, 
Мейман етіп ерлерін. 
Мекендеуге ҧсындық, 
Иесіз Маңғҧл жерлерін. 
 
Келіссе де оған бектері, 
Алтайға бірақ кҿшпеді. 
Сыйласақ та оларды, 
Жаулықтың оты ҿшпеді. 
 
Кҿше қалса Алтайға, 
Бермек болдық жҽрдемді. 
Уҽделессекте ҽуелі, 
Кейін қабыл кҿрмеді. 
 
Бостан-босқа ҿшігіп, 
Татулыққа еш келмеді. 
Жазығы жоқ халқыма, 
Соқтығып маза бермеді. 
 
 

 
114 
Парсыдан кҿмек сҧрауға, 
Қазақтың қолы жетпеген. 
Туыстық сҿзі Ҥш жҥздің, 
Ҿзбектерге еш ҿтпеген. 
 
Хиуа, Бҧхар, Қоқан да
Қазақтарға қатайды. 
Бізден барған елшіге, 
Мылтық сатпай шалқайды. 
 
Алауыз болып мҧсылман, 
Бір-біріне жҽрдем етпеген. 
Бауырмал, жомарт ел едік, 
Ешкімді сырт теппеген. 
 
Не пиғылдан тап болдық, 
Біле алмаймын індетке? 
Жҥретін енді жағдай жоқ, 
Мылтық қҧрал іздеп те! 
 
Пана болсын бір Алла, 
Ҽлсіреп қалған халқыма! 
Тіршілік бер деп тілеймін, 
Азайып қалған жалпыға! 
 
Орта жҥзді тҿрелер, 
Екі бҿліп билеген. 
Алдап момын қауымды, 
Нан есепті илеген. 
 
Бҿлшектеп елді басқарды, 
Ҽбілмҽмбет пен Сҽмеке. 
Бір хандық тҿртке бҿлінсе, 
Болама халқым береке? 
 
 

 
115 
Ҽбілмҽмбет солқылдақ, 
Ақ балшықша борпылдақ. 
Келіспейді ерлермен, 
Қабандарша қорсылдап. 
 
Соңына халқын ерте алмай, 
Шепті бҧзып ҿте алмай. 
Ҽбілмҽмбет хан қиналды, 
Қоршаудан шығып кете алмай. 
 
Шағырмақ кҥнім-тҥн болды, 
Хан, сҧлтандар жым болды. 
Сҽмеке, Болат, Барақтың, 
Ҽлсіздігі шын болды. 
 
Бҧрынғы хандар секілді, 
Қазіргі хандар болмады. 
Ынтымақ кетіп тҿреден, 
Жҧртымыз содан оңбады. 
 
Тірілікті ойла ҽлеумет, 
Тоғышар пенде хан болмас. 
Ел басқарар азамат, 
Қоғамшыл болар, паң болмас. 
 
Кҿсемсіз халқым сорлады, 
Дегені бҥйтіп болмады. 
Ірі апатқа тап болып, 
Қайғының бҧлты торлады. 
 
Бҽйтерек қандай кҿрікті, 
Маңында ҿскен ағашпен. 
Хандардың кҿркі болар ед, 
Ынтымақ қҧрса Алашпен. 
 
 

 
116 
Қата болса, бҧл сҿзім, 
Сҽлем бер ме жарандар. 
Сене бермей ҽркімге, 
Алды-артыңа қараңдар. 
 
Тҿле би ге ілесіп, 
Шуға кҿшкен Жолбарыс. 
Сарысуға бармап ед, 
Секілденіп Арқа алыс. 
 
Бҧл кҥнде Шудан Сырға ауды, 
Болғанменен жер алыс. 
Сырға да тоқтамай, 
Қаратауға келді Жолбарыс. 
 
Тҿре-тҿлеңгіт қожаны, 
Сірҽ да жек кҿрмеймін. 
Оларды Ҥш жҥз жҧртынан, 
Оқшаулап тағы бҿлмеймін. 
 
Тҿре-тҿлеңгіт, қожа да, 
Қазағымның ҧлы ғой. 
Мҧсылманның бҽрі де, 
Бір Алланың қҧлы ғой. 
 
Хандықты тҿртке бҿлді деп, 
Ҿкпеледім хандарға. 
Ренжімей қалай тҧрасың, 
Миғҧла болған жандарға. 
 
Кҿбейді жҧрт шҧбырған, 
Жер-судан ҿкше ысырған. 
Шабуылдады сҧм қалмақ, 
Қасқырша шапшып қҧтырған. 
 
 

 
117 
Соғысуға болмай хал, 
Нелер сабаз болды дал. 
Ҽр жерде қалды кҿмілмей, 
Бала-шаға, кемпір-шал. 
 
Адамдар кҿп сҧлаған, 
Балалар кҿп жылаған. 
Талай сҧлу сымбатты, 
Кҿзінің жасын бҧлаған. 
 
Қазақтың жасыл даласын, 
Тҥтін мен шаңға орантты. 
Ата дҧшпан – жау қалмақ, 
Қорғасын оқты боратты. 
 
Ата қалды баласыз, 
Бала қалды анасыз. 
Кҿшке ере алмай ҽр жерде, 
Науқастар қалды панасыз. 
 
Қҧмалақтай қорғасын, 
Нелер жанды сҧлатты. 
Дҽу мылтықтан шар тҥсіп, 
Ерді атымен қҧлатты. 
 
Боздағынан айырып, 
Ата-ананы шулатты. 
Сҥйгенінен айырып, 
Аруларды жылатты. 
 
Дҥлей жоңғар санасыз, 
Жеткіншекті кемсітті. 
Ата-анасыз ҧл-қызды, 
Жылатып қатты ҿксітті. 
 
 

 
118 
Бармағын шайнап долданып, 
Ер жігері қҧм болды. 
Торсық шеке ҧлдардың, 
Кҿздеріне жас толды. 
 
Басқыншы дҧшпан желігіп, 
Даламызды таптаған. 
Дҽу мылтықтан бет қайтып, 
Қамалға ерлер шаппаған. 
 
Жҥректері шайлығып, 
Шайқасуға батпаған. 
Ертелі-кеш сабылып, 
Ел-жҧртым болды-ау ақтабан. 
 
Жекпе-жек шығу аз болды, 
Мылтығына жаулар мҽз болды. 
Қазақтар тҥсіп қыспаққа, 
Қалмақтың кҿңілі жаз болды. 
 
“Босқа ҿлуге болмас”, - деп, 
Садақ тарттық Қалмаққа. 
“Қалған жанды сақта!” – деп, 
Сиындық Алла, Аруаққа. 
 
 Намысы бар азамат
Соғыспай қҧр жатпаған. 
Қару ҧстап қолына, 
Елін қорғап жақтаған. 
 
Ҿтеміз бе деп шынымен, 
Қызығын кҿрмей жалғанның. 
Кіші жҥз – Алшын Бай ҧлы, 
Байбақты Дат балуанның. 
 
 

 
119 
Кҿтергеніне қарасаң, 
Жасыл ала ту болды. 
Жебенің ҧшын майлайтын, 
Ағаштан алған қу болды. 
 
“Не болса да кҿрем”, - деп, 
“Соғысып жаумен ҿлем”, - деп. 
Батырлар қолға найза алды, 
“Қоршауды бҧзып ҿтем”, - деп. 
 
Бастады ерлер кҿп қолды, 
Аршуға жаудан бар жолды. 
“Майданда ҿлген дҧрыс”, - деп, 
Кҥлтҿбе басы шу болды. 
 
Қоршаған бозбала кҿп жан-жағымда, 
Жырларым жаққаннан соң қҧлағына. 
Кҿңілі босап-қорқып жылаған соң, 
Бҧлайша қайрат бердім жан-жарыма. 
 
Қуарып ҿңі кетті манатым-ай, 
Тозып тҧр ҥстімде ішік жанатым-ай. 
Анталап қалмақ жауыз қоршасада, 
Қорғанар қынапта тҧр болатым-ай. 
 
Я Алла, я Аруақ пана болғай, 
Кенжесі ем Ер Толыбайдың ортан қолдай. 
Келдім деп алпыс бірге мойымаймын, 
Кҿрсетем қайратымды осы жолда-ай. 
 
Жете алмай туған жерге қалғаннан соң, 
Болып тҧр қайырылғандай қанатым-ай. 
Айшажан, жылап мені налытпашы, 
Отпын шал да болсам жанатындай. 
 
 

 
120 
Қайғырып жасытпа Айша жігерімді, 
Ҥзбеймін қиналсам да кҥдерімді. 
Қоршауды аман-есен бҧзып шықсақ, 
Арқадан жолықтырам ҿз елімді. 
 
Нағашым Айдабол би, Кҥлік мырза, 
Ісіне туған халқы болған риза. 
Аруағы сол екі ердің жебеу болып, 
Кҿрерміз туған елді дҽм бҧйырса! 
 
Кҿп жылап тоздырма Айша жанарыңды, 
Тауыспа бҥйтіп менің амалымды. 
Сібірге сені арқалап жеткізермін, 
Жыл жҥріп тоздырсам да табанымды. 
 
Кҥнасыз пенде болмас сҧм жалғанда, 
Ағаттық еске тҥсер қиналғанда. 
Мықты ҧстап ҿзімізді жҥрейікші, 
Ешқандай пайда болмас жылағанда. 
 
Ақбура, Тҧлпар менен Қабыланбек, 
Бір туған нағашы атам інілері еді. 
Аруағы ҥшеуінің қолдау болар, 
Олар да шарапатты нағашым еді. 
 
Дҥние жеткізбес жол бҧраңдаған, 
Бақ тайса, мал менен бас қҧралмаған. 
Кҿзіңмен зор апатты кҿрсең-дағы, 
Айшажан, ҥміт ҥзбе бір Алладан. 
 
Кҿріп тҧрсың Айшажан, 
Мынау қырғын-жосықты. 
Қаза тапты қанша адам, 
Тойтарам деп бҧзықты. 
 
 

 
121 
Жазықсыз шапты жҧртымды, 
Қанға қҧмар жау қалмақ. 
Болмаған соң мылтығы, 
Қалайша елім қорғанбақ? 
 
Затын алып темірдің, 
Кҥшімен майлы кҿмірдің. 
Балқытпадық ҽр жерде, 
Ішінде ҿртеп ҥңгірдің. 
 
Жасамадық мылтықты, 
Тауып темір ҽр жерден. 
Сылтау етіп сынықты, 
Қалдық кенже кҿп елден. 
 
Қырды дҧшпан қазақты, 
Шынымен болып қас надан. 
Тҿбе шашым тік тҧрды, 
Халқымды кҿріп қиналған. 
 
Тҥршіктірді жанымды, 
Естіліп дауыс зарланған. 
Толып жатыр жас бала
Қара жерді қарманған. 
 
Заты басқа Ғайыпқа, 
Сенем деп ерлер алданған. 
Туысы оның Болатқа, 
Ерем деп елдер сандалған. 
 
Жол-жҿнекей қарасам, 
Қырылған халық орасан. 
Ҿліп жатыр ҽр жерде 
Талай сарбаз бура сан. 
 
 

 
122 
Алшынның теміртауына, 
Дҧрыстап назар салмадық. 
Мылтық соғу шаруасын, 
Ҥш жҥз боп қолға алмадық. 
 
Ойлаған мен Айшажан, 
Тҿгілген қайта толмайды. 
Қалғанға берсін береке, 
Ҿкінгенмен тҥк болмайды. 
 
Ой тҥбіне жетпеспіз, 
Ойламайық босқа ойды. 
Армансыз болып ҿтпеспіз, 
Тоқтатайық осы ойды. 
 
Мінекей, кҿрдік істі басқа салған, 
Жауыздар халқымызға салды лаң. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет