«БАБА ТІЛ» дастаны
Жаратқан ием пана боп
Тілекті ҽркез бере кҿр!
Біз сияқты ғаріптің
Кҿзінің жасын ие кҿр!
196
Жаңылдырмай жағымды,
Тілекті ҽр кез бере кҿр!
Біз секілді пҽндаңның
Ҥніне қҧлақ тҥре кҿр!
Ел-жҧртыма сҽлемді
Ілтипатпен жолдайын.
Халайықтан қол ҥзген
Дарашыл сардар болмайын.
Жорық жасап біз кҿрдік,
Тау қоршаған Байкҿлді.
Теңізбенен тең дерсің,
Суы терең сол кҿлді.
Жас шағымнан кҿп кездім,
Ҽр елдің тау-тас, даласын.
Серілікпен шарладым,
Қазан мен Кемер арасын.
Қолданатын дҽрім-жыр,
Жазуға жанның жарасын.
Істерінен байқайсың,
Адамның ішкі аласын.
Ҽбілғазы сҧлтанды,
Демесекте киесіз.
Оның жазған шежіресі,
Кҿрінді кҿзге жҥйесіз.
Қысылғанда сол тҿре,
Паналаған қазаққа.
Жақсылығы ҥшін еліміз,
Ол шіркінге мазақ па?
Ҽбілғазы сҧлтанды ел,
Деуші еді сарттың сардары.
197
Атамауы қазақты,
Кҥншілдіктің салдары.
Ҧзақ етпей ғҧмырын,
Жеткізген Алла қазасын.
Берген шығар қҧдайым,
Тҽккаббардың жазасын.
Ҿштеспейміз ҿлгенмен,
Кешу еттік дегенмен.
Ҧмытса да қазақты,
Тҿресін ҿзбек кҥндемен.
Ҽбілғазы баһадҧр,
Атамай кеткен кезінде,
Ескермепті қазақты
Шежіресінің ҿзіңде.
Біле тҧра ол сҧлтан,
Еске алмапты ҥш жҥзді.
Соның ҥшін, жарандар,
Айтпақ болдым бҧл сҿзді.
Ҽбілғазы баһадҧр,
Бар Тҥрікке бел емес.
Атамау қазақ хандығын,
Ғадылдікке қазақ жҿн емес.
Айналайын, ҥш жҥзім,
Ҽбілғазыға налыма!
Шежіресі бар елімнің, -
Қоймаспыз жатқа жалына.
Айналайын, қазағым,
Сҿзінен сҧлтан тосылма!
198
Баһадҧр солай жазды деп,
Алданып оған қосылма!
Жазылмай атым қалды деп,
Шежіресін оқып шошынба!
Тарих сҧрап қожадан,
Ерсілі-қарсылы жосылма!
Жазбады деп ол марқҧм,
Айналмаспыз ҿзбекке.
Шежіреші кҿп қазақта,
От тҥсірме ҿзекке!
Шежіресін қҧрау елімнің
Алынған екен міндетке.
Бабадан қалған нҧсқа бар,
Жатпаймыз тҥбін іздеп те.
Қҧралақан емеспіз,
Ертеден бар шежіре.
Қазақ деген есімнен,
Қоймас ешкім бездіре.
Рахыматымен Алланың,
Адамизат жоралған.
Арғы жағы Ғҧн болып,
Тҥріктен кҿп ел таралған.
Есте жоқ ескі заманда,
Барша Тҥрік аман да.
Сол Тҥріктің ҧрпағы,
Сармат, Сақ, Бақтҧр, Парфан да.
Соғды жҧрты бҧлармен,
Бірге ҿскен аралас.
199
Тҿскейде басы қосылып,
Қойлары болған қоралас.
Тҧран шыққан Тҥріктен,
Тҧраннан сырт жау ҥріккен.
Дҧшпаннан Тҧрандар,
Қорғаған жерін ерлікпен.
Селжҧқ, Ҿгіз, Қҧмандар,
Шыққан екен Тҧраннан.
Қыпшақ, Қимақ барлығы,
Қолдау ап Тҥрік ҧраннан.
Мҧғал, Қырғыз, Татар да,
Шебері болып қҧралдың.
Заманында ҥшеуі,
Ерлері екен Тҧранның.
Мҧғал, Қырғыз, Татар да,
Кемеңгер екен айтулы.
Дҧшпанын кҿрсе олардың,
Қабағы болған қатулы,
Осылар бас боп тҧрғанда,
Ілінген жҧрты қатарға.
Ҧрпағы ҿсіп, ел болған,
Қырғыз бенен Татар да.
Ҿгіз Тҥрік жҧртының,
Кҿсемі Алаш саналып.
Ҽулетінен Алаштың,
Аннас тархан жаралып.
Қыпшық, Қимақ елдері,
Ҿгізге ҧрпақ саналған.
200
Соларға билік жҥргізіп,
Бақжан батыр ту алған.
Башқҧрт, Бақжан, Ҧзақ пен
Созақ мерген бір туған.
Баһадҧр болып тҿртеуі,
Бабаның жолын кҿп қуған.
Ҿгіз Тҥрік кҿсемі –
Аннастың бҧлар баласы.
Тарихта солай жазылған,
Ешкімнің жоқ таласы.
Ортаншы ҧлы Аннастың,
Ие боп Қазақ есімге.
Бақжанның аты ҿзгеріп,
Келген солай шешімге.
Қазақ деген атауға,
Ілескен ҥш жҥз есімі
Бір жҧрттың екі аты боп,
Тағдыры ерте шешілді,
Шыңғыс ханнан кҿп бҧрын,
Қазақ пен ҥш жҥз бар атау.
Сҿзіме нан, жҽмиғат,
Болмасын кҿңіл еш жадау.
Шынғыс ханнан кҿп бҧрын,
Алаша деген хан ҿткен.
Алашаның тҧсында,
Дҧшпанын Тҥрік тітіреткен.
Алаша хан кҿсем боп,
Тҧранның жҧртын кҿгерткен.
201
Барша қауым есен боп,
Тҥріктің елін гҥлденткен.
Алашаның даңқына
Шынғыс та тең келмеген,
Алаша ханның қорымына,
Жошыны Шыңғыс жерлеген.
Алаша ханға табынып,
Аруағына бас иген.
Қанішер Шыңғыс жҧмсарып,
Кесегін оның ҥш сҥйген.
Кей шежіреші жазыпты,
Алаша ханды Алаш деп.
Бҧл екеуі жайында,
Жҥйріктерде талас кҿп.
Тҥріктің ханы Алаша,
Шыңғыстан бҧрын ҿткені.
Ол туралы шежіре
Белгілі жҧртқа жеткені.
Алаша ханның бейітін
Ҽмір Темір жаңғыртқан
Кесегі тозған жерлерін,
Қайтадан қалап, салдыртқан.
Тҧран шыққан Тҥріктен,
Тҧраннан дҧшпан ҥріккен.
Заманында Тҧрандар,
Қорғаған жерін ерлікпен.
Даланың ерке ҧланы,
Бабамыз қазақ атанған.
Ҽр жҥз ҥйге басшы боп,
Ҥш ҧлы онан бата алған.
Қазақ, Ҧзақ, Созақ пен
202
Башқҧрт халқы Алаштан
Алтай мен Қазан арасын,
Мекен етіп жайғасқан.
Бҧл тҿртеуі таза Алаш,
Сҿз емес айтқан тосыннан.
Бҧларға келіп кейіннен
Қырғыз бен Татар қосылған.
Алғашқы тҿрт Отанға,
Соңынан екеу бірлесіп,
Алтау болған сандары
Туыс болу жҿн десіп.
Қырғыз бен татар жат емес,
Олар да Тҧран баласы.
Осылайша қҧралған,
Алаштың алты баласы.
Қазақ, Ҧзақ, Созақ пен
Башқҧрт, Қырғыз, Татарлар
Бір қауым боп біріккен,
Білген болсың, жарандар.
Кҿз жетпейді, ҽлеумет,
Шынын айтсақ ескіге.
Қатасы болса, секпеңдер,
Қоймаңдар маған тепсіне.
Кҿсемінен бата алған,
Алты алаш боп аталған,
Нҧсқа болып ҧрпаққа
Бҧрынғыдан хат қалған.
Алашқа жатқан алты алдің
Тҥпкі атасы Тҧраннан.
203
Жаңылмаңдар, қазағым,
Алаш баба ҧраннан!
Шығарып тастап кей надан
Башқҧрттың ҧлы Естекті.
Алаштың ҧлы етіп жҥр
Тҥрікпен мен ҿзбекті.
Бҿтен емес Тҥрікпен:
Туыс қой арғы негізден,
Біз сияқты оның да
Шыққан тегі Ҿгізден.
Қазақпенен аталас,
Кҿршілес һҽм баталас.
Хан жайлауда бірге боп,
Отырған елдер аралас.
Бҧл жҧрттардан азғана,
Сҿз сҿйлейін халайық.
Ҧрпақтары жоқ деп оларды,
Ҧмытқан болмас лайық.
Жалайыр, Найман, Қоңырат,
Меркіт, Қыпшақ, Керейлер.
Ҿгіз Тҥрік халқынан,
Бҿлініп шыққан жеке елдер.
Осы аталған алты тап,
Алса-дағы хандық ат.
Шыңғыс ханның кезінде,
Кҿңілдері болмай шат.
Біздің қазақ сияқты,
Олар да болған дербес ел.
204
Шыңғыс хан келіп шапқан соң,
Тҿгіліп қаны болған сел.
Бағынбағанын қырып сап,
Бағынғанын ғаскерге ап.
Батысқа Шыңғыс аттанған,
Ҿсуіне жҧрттың тежеу сап.
Башқҧрт, Қазақ, Ноғайда,
Алты елмен аттас ру бар.
Алайда олар халық емес,
Ҥлкенді-кішілі тайпалар.
Бҧрынғы Керей халқымен,
Қазақтың Керейі бір емес.
Бір ел деп айту бҧларды,
Білімді жанға жҿн емес.
Аттас халық пен руды,
Шатастыру жарамас.
Шежірені қате айтсаң,
Сҿзіңді жҧрт қҧндамас.
Бешенег, Бҧлғар, Алаң да,
Жататын елдер Тҧранға.
Жойылып кеткен осы елдер,
Шыңғыс хан келіп қырғанда.
Біріктірген Шыңғыс хан,
Қырғыз, Татар хандығын.
Кҿрсеткен екен тҧсында,
Кҿрші елдерге жаулығын.
Кемерден бастап Шыңғыс хан,
Еділдей ҥлкен ҿзенге.
205
Дейінгі жерді алғанда,
Кҿңілін бҿлмей ҿзгеге.
Ҿзінің халқы – Татарды,
Кенелткен екен қонысқа.
Дайындалған ҽрі қарай,
Жасауға жорық орысқа.
Немересі Шыңғыстың,
Бати хан мініп қаһарға.
Татарларды қаптатқан,
Қазан деген шаһарға.
Маңғҧл, Мишар, Тҿре мен
Тептер, Бҧлғар – бҽрі де.
Қазан жақтың татары,
Ден қойсаңыз ҽріге.
Шыңғыс, Бати кезінде,
Олардан кҽпір қорыққан.
Кемерден бастап кҿп жерге,
Татар жҧрты орныққан.
Қалмақтарды Маңғҧл деп,
Парсылар білмей атаған.
Сол себепті жалған ат,
Жайылып кеткен қатадан.
Қатысы жоқ Маңғҧлға,
Қалмақ деген наданның.
Артқы шегі ҥзілсін,
Ҿтірік айтқан адамның.
Кҽпірлерді тойтарып,
Байкҿлден аса ҿрледім.
206
Татардың руы – Маңғҧлдан,
Басқа Маңғҧл кҿрмедім.
Ҿтірік айтқан бҧзықтың,
Шежіресіне сенбедім.
Шыңғыс ханға ілесіп,
Маңғҧлдар кҿшкен жерінен.
Озық бопты ертеде,
Татардың ҿзге елінен.
Татардан шыққан Маңғҧл да,
Тайпа ел бопты саны кҿп.
Бати ханның тҧсында,
Еткен ісі болған доп.
Жирен Маңғҧл кҿзі кҿк,
Шығыс жақта тҧрмайды.
Шыңғыстың кезін сағынып,
Шайырлары жырлайды.
Татардың тҿре руы –
Шыңғыс ханның ҧрпағы.
Аталған бес тайпаға,
Басқа елдің жоқ ортағы.
Шыңғыс ханның тҧсынан,
Ілінген Татар қатарға.
Ескі Тҥрік тілінің,
Кҿп сҿзі бар Татарда.
Шағатай деген жарандар,
Шыңғыс ханның баласы.
Ҽуелден жҧртқа белгілі,
Сҿзімнің жоқ шаласы.
Мҧхаммед шахты кетіріп,
Жаулаған елін Шыңғыс хан.
207
Сол Хорезм халқына,
Ҿз баласын хан қойған.
Ханның аты Шағатай,
Жҧртты қырған бірталай.
Мҧхаммед шахтың тағына,
Ие болған кҿп жылдай.
Шыңғыс хан кҿшіп кеткен соң,
Екі жҥз жыл кейін Байкҿлге.
Ауып келген қалмақтар,
Кҿз алартып кҿрші елге.
Ҽр елдерге назар сап,
Ҿлеңге қостым кезекпен.
Айтайын енді аз сҿзді,
Бір кҿршіміз ҿзбектен.
Хан атымен аталған
Ҿзбек деген қҧрама ел.
Оның жайын жҧртымда
Кҿптен білед талай ер.
Ҽбілғазы сҧлтан мен
Ҿзбек халқын жек кҿрмен.
Шежіре жайы алайда
Айтуыма дҿп келген.
Шыңғыс ханнан бҧрын да
Ел болып қазақ танылған.
Мҧхаммед шах пен Уанға
Кҿшпелі жҧртым бағынған.
Ҿзбектің жайын сҧрасаң,
Тҥріктің ҽр ҧлтынан.
Топтар келіп қҧралған
208
Бҿлінген ҽр шақ жҧртынан.
Тҧрғылықта тайпа бҽріне
Қҧшақ жайған ҧйтқы боп.
Маңына соның жиналған
Ҽр Отаннан келген топ.
Ҧйтқы болған ҧлтының
Атасы Тҥрік Барластан.
Ана тегі Фарсы боп,
Кейіннен тҥрлі ел жалғасқан.
Жалғасқан елдер жат емес,
Олар да біздің тҥріктен.
Ҿзбек ханның тҧсында
Бір Отан боп біріккен.
Қазақ жҧрты ішінде
Туыс боп кірген ҥш топ бар.
Сол ҥш топтың екеуін
Ақсҥйек кҿрген шонжарлар.
Қазақтың ҽр ҧлтының,
Ішінде олар кездесер.
Бірақ солар екшеліп,
Ҧлылық жайын кеңесер.
Тҿре-тҿлеңгіт, қожа боп,
Оқшауланып тҧрар-ақ.
Асыл деп санап ҿздерін
Ел-билеуге қҧмар-ақ.
Шыңғыс ханнан туды деп,
Арғы атасын тҿрелер.
209
Асыл деп санап ҿздерін
Ел-билеуге қҧмар-ақ.
Шыңғыс ханнан туды деп,
Арғы атасын тҿрелер.
Кҿтеру ҥшін беделін,
Жҧрт алдында дҥрілдер.
Ҿрістен ҽрі тҿренің
Арғы атасын кім білсін?
Шыңғыстан ҿндік дегенін
Қҧлағына кім ілсін?
Шыңғыс ханға жеткізіп,
Таратқанын кҿрмеді ел.
Бос мақтанған тҿренің,
Сҿздеріне сенбеді ел.
Жетпегендей кісі аты,
Сҧлтандарға не болған?
Бірінің есімін біріне,
Бытыстырып кҿп қойған.
Ҽкесінің атын тҿрелер,
Балаларына да қояды.
Шатастырған шежіреге
Кҿңілі кімнің тояды?
Татардың маңғҧл ҧлтынан
Тҿрелер шықты деген бар.
Ҿріс ханнан басталып,
Қазаққа тҿре таралар.
Кісі аты емес, тҿре де,
Қызметкер деген сҿз еді.
Тҥріктің ескі сҿзі деп,
210
Оны айтқан кҿне кҿз еді.
Тҿлеңгіт деген қызметші,
Білесің оны, жарандар.
Бҧлардан басқа тағы да,
Ҥшінші топ – қожалар.
Тегіміз біздің араб деп,
Барған жерде мақтанар.
Пайғамбардың жиенін
Дейді олар біздің бабалар.
Кейбір қожа ҽулеті,
Ҽбубҽкір Сыздық шарияларды.
Бабамыз деп айтады,
Еткен деп мекен шаһарды.
Қызмет қылған қожаға,
Сунақ деген аз жҧрт бар.
Азаматынан ҽр елдің,
Шыққан тегі қҧралар.
Ҽбубҽкір Сыздықтан,
Сунақ ҿзін таратпақ.
Нҿкер болып қожаға,
Кҿпті аузына қаратпақ.
Ханафия мен Хҧсайыннан,
Ҿздеріне дейін таратса,
Нанар едік оларға,
Шежіре айтып ҧқсатса.
Бедел алу қажет боп,
Ғали Арсыланға жанасқан.
Ел ішінде аз қожамен,
211
Еш пҽнда жоқ таласқан.
Кіріккен соң халқыма,
Бҧл ҥш топ та бауыр ғой.
Келісіп істеу шаруаны,
Тіршілікте тҽуір ғой.
Тҿре, тҿлеңгіт, қожа да,
Қазағымның ҧлы ғой.
Адамзаттың бҽрі де,
Бір Алланың қҧлы ғой.
Тҿре-тҿлеңгіт, қожаны,
Ҿштігім жоқ, жек кҿрмен.
Жараспайды алайда,
Орынсыз кеуде кҿтерген.
Бҧл ҥш топтың бойына,
Тау біткен еспелік.
Оның бҽрін кешеміз
Болмас бізде ҿшпендік.
Хандық пен тілде есім бар,
Шағатай атпен аталған.
Сҿз қорына талас жоқ,
Тҥрік тіл боп жол алған.
Кҿне тҥрік тілінің
Бір саласы Ҽлеумет.
Шағатай атпен аталған,
Қолдаған соң би мен бек.
Шағатай деген халық жоқ,
Ҿзінше жҧрт боп атанған.
Тҥрік тілдің бір тҥрі,
212
Шағатай тілі саналған.
Тҥріктің біраз елдері,
Шағатай ханға бағынған.
Сол себепті топтық тіл,
Шағатай атын жамылған.
Тҥрік тілі – кҿне тіл,
Бірнешеу боп тҥрленген,
Уақыт ҿтіп жаңарып,
Жҧрт бойынша ҿзгерген.
Шағатай тілі – топтық тіл,
Сҿз қоры аз басқадан.
Ескі тілге айналып,
Кҽдеге кейін аспаған.
Шағатай тілі таза емес,
Араб, Парсы сҿзі аралас.
Екі жҥз жыл бҧрын тоқталған,
Кҿне тілмен қарайлас.
Шағатай тілі осыдан,
Екі ғасыр бҧрын жоғалған.
Сҿздері мҥлдем ескіріп,
Қызметін ерте доғарған.
Шағатай сҿзі біразы,
Татар тілінде сақталған.
Кҿне сҿз бізде кҿптеу деп,
Татар елі мақтанған.
Қазақ тілі де ескі тіл,
Хорезм халқы қолданған.
Жоғалмай ҧзақ сақталып,
Қҧлпырып қайта жанданған.
213
Татар тіл мен қазақ тіл,
Тҿркіні бір болса да.
Айырмасы едҽуір,
Кемелденіп толса да.
Ескі Тҥрік тілінен,
Сҿз негізі сақталған.
Сҿздің шығу тҿркіні,
Сол кҿнеден басталған.
Қалың Тҥрік қауымы,
Бірнеше ел боп бҿлінген.
Соған сҽйкес тіл – дағы,
Жҧрт бойынша ҿзгерген.
Ҿлеңмен айту шежірені,
Ҧқсаңыз қиын, халайық.
Қара сҿзбен баяндап,
Жазғаның, сірҽ, лайық.
Тоқтатып енді шежірені
Қолтаңбаға кҿшейік.
Баба тілді басқамен
Таразылап ҿлшейік.
Татар тілін хош кҿріп,
Ҧзақ жыл халқым сыйлаған.
Ҽз-Жҽнібектен хан тҧсында,
Қазақшаға жиналған.
Ҽз-Жҽнібектен кҿп бҧрын
Қазақша жҧртым сҿйлеген.
Тархандар шығып ортадан,
Ҿздері халқын билеген.
214
Қазақша жырды шығарып,
Нҧсқа айтқан кҿпке бабалар.
Баба тілді қҧрметтеп,
Қолданған ерте даналар.
Хан басқарған ежелден
Қазақ деген халықпыз.
Ислам дінін қабылдап,
Ерікті жайда алыппыз.
Шыңғыс ханнан кҿп бҧрын,
Қазағым ҿзі ел болған.
Сақау емес жҧртымыз.
Сҿйлейтҧғын тіл болған.
Соғысынан кейін Шыңғыстың,
Қайтадан ҿсіп, ел болып.
Сардарлар шығып жҧртымнан,
Дҽулет бітіп, бақ қонып.
Шыңғыс ханның тҧсынан,
Татар тілі ҥстем боп.
Татрша хат жазуға
Дағдыланған елдер кҿп.
Татар тілі ортақ боп,
Алтын Орда жҧртына.
Зияны, бірақ, болмаған
Жамиғы Тҥрік ғҧрпына.
Керей ханның тҧсынан,
Екінші рет хандық боп.
Қалпына келіп қазағым
Болған екен кҿңілі тоқ.
215
Кемелденіп қайтадан,
Хандық қҧрған халықпыз.
Тарихына Тҥріктің,
Ҽуелден-ақ қанықпыз.
«Жеті жарғыны» жазуда,
Жетекші болдық шынымен.
Кҿп санастым асықпай,
Елімнің мақсҧт, мҧңымен.
«Жеті жарғыны» жазуда,
Еңбек еттім бірталай.
Мақҧл кҿрді низамды ел,
Деген жоқ ешкім бҧл қалай?
Ҽз-Жҽнібек ханның кезінен,
Қазақша таңба іске асқан.
Арабтың ғарпын негізге ап,
Қазақша жазу қҧрасқан.
Таза қазақ тілінде
«Жеті жарғы»жазылған.
Ҽз-Тҽукедей ханымыз,
Жоқ еді елді аздырған.
Ҿткенге дейін Ҽз-Тҽуке
Қолданды ел қазақ таңбасын.
Осы кҥнде сҧлтандар,
Қолға алды Татар жазбасын.
Татар тілі екі жҥз жыл,
Атқарған бізде қызмет.
Дҽл бҥгінде тап сонан,
Қазаққа жоқ ғанибет.
216
Ҥш жҥз жылдан аса уақыт
Қазақша жазды ел жазуын.
Сҿйте тҧра, кҿрдің бе,
Бектердің бҥгін азуын?
Татар тілі ҧғынықты,
Барша тҥрік халқына.
Татарша жазу айналды
Жыраулардың салтына.
Айналайын, боздақтар,
Аралас тілге ҥңілме!
Баба тілін қадірле,
Болашақтан тҥңілме!
Жарты сҿзі татарша,
Қалған сҿзі араб-парсыша.
Жазба солай болған соң,
Іске аса ма қазақша?
Миды оят, мҽмиғат,
Айырып алтын, жезіңді.
Қазақша жазбай жҥргенді
Тҥзет қҧрып тезіңді.
Қолдана бер қазақша,
Қалыпқа тҥскен ғарпыңды.
Шалыс баспай аяқты,
Ойлан, жҧртым, артыңды.
Былғарыға тҥсір ҽсемдеп,
Қазақша қолтаңбаңды.
Қисыққа еріп кҿсем деп,
Кері айдама арбаңды.
217
Қолға тҥссе, халайық,
Пайдалан Бҧхара қағазын.
Болмасын қаза ешқашан,
Оқитын бес намазың.
Баба тілді сақта деп,
Айтып жҥрмін жалпыға.
Ақындардың жырларын,
Салып кҿр деп талқыға.
Кезің жетті, ҥш жҥзім,
Ашатын анық кҿзіңді.
Тҥріктің басқа ҧлынан,
Кем санама ҿзіңді.
Хат жазыссаң ҿзара,
Жетілдір қазақ сҿзіңді.
Жат алдында ез болмай,
Берік ҧстаңдар ҿзіңді.
Қазақшадан озды деп
Татар сҿзін кҥндемен.
Залал емес, халайық,
Ҿз тіліңді біл деген.
Татар, Қырғыз – бір туған,
Тҥріктің кҿне елі ғой.
Жат кҿрмеймн оларды,
Ҿз тілің, бірақ, белгі ғой.
Асан қайғы, Жиренше
Сҿйлеп ҿткен қазақ тіл.
Ҽз-Жҽнібек, Қойлыбай
Сыйлап ҿткен ғажап тіл.
218
Осы тілді жек кҿрген
Дҥниеден қалар қҧр.
Бағаласаң шынымен,
Баба тілің асыл-дҥр.
Пайдалан қазақ сҿзіңді,
Жазғанда ҿз қалпында.
Туған тілді қҧрметте,
Кір жҧқтырмай салтыңа.
Менен ҿзге жыраулар
Шҧбарлап хисса шығарған.
Жабайы қазақ тілі деп
Ҿздері солай ҧйғарған.
Басқа тілді жақсы деп,
Шатастырған ҿздерің,
Біле алмай жҥр, шіркіндер,
Жырдың қайнар кҿздерін.
Айтқанымды қабыл ал,
Азғақ болма, қазағым.
Ілгеріге кҿзің сал,
Тірліктің тартпа азабын.
Араб, Парсы, Татар мен
Тҥріктің ескі тілдерін.
Жас кезімде талпынып
Медіреседе ҥйрендім.
Білсем-дағы қадірін,
Осы аталған тілдердің.
Алайда болдым шебері
Найза мен садақ, семсердің.
219
Бірі болып зергердің,
Ҧсталықты қолдандым.
Аға кҥйші атанып,
Жетіген, қобыз қолға алдым.
Ел қорғаудың жолында,
Ҿтті жастық кҥндерім.
Насихат айтып халқыма,
Шығып жҥр жарқын ҥндерім.
Ноғай ханға қызмет қып
Тҥзеген соң қатарды.
Алтын Орда тҧсынан,
Ҧзақтар Ноғай атанды.
Қазақ, ноғай, башқҧрт пен
Қарақалпақ тілдері.
Ҽуелде болып бір-ақ тіл,
Халық бопты тҧтас іргелі.
Қазіргі ҥш жҥз сияқты,
Бҧл тҿртеуі бір-ақ ҧлт.
Ҽз-Жҽнібек хан тҧсында,
Болған бҧлар дербес жҧрт.
Асан қайғы, Жҽнібек
Салып кеткен сара жол.
Баба тілін қорғауда,
Бірдей болған оң мен сол.
Татаршалап жырлауды,
Етпедім машық жасымнан.
Шығардым ҿлең қазақша,
Ҿрнектеп сҿзді асылдан.
220
Жҿн деп білдім басынан,
Қазақтың сҿзін қҧндаған.
Баба тілі асыл деп,
Нҽсихат айтып тынбағам.
Баба тілде жазуға
Жырлаулардың сҿзі мол.
Туған тілде сҿйлейді
Жиналған қауым, қалың қол.
Ата-анамыз ҽлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Сол туған тіл атауы –
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Сҿйлеу тілің болған соң,
Жазба тіл де сол болар.
Қолтаңбаны қазақша,
Қолдана берген жҿн болар.
Пайдасы кҿп, жҽмиғат,
Бабаң қазақ тілінің,
Қазақша жазып жаттықсаң,
Арта тҥсер білімің.
Ҿз тіліңде жазбасаң,
Соғып та кетер киесі.
Ҿзге тілден кҿп артық,
Қазақ тілі жҥйесі.
Бір ғасырдың жҥгі емес,
Мың жылдан артық жиналған.
«Тілімізде қалай сҿз мол?» – деп,
Жарамайды ойламан.
221
Ҽр кезеңде ҽрқалай,
Қолданылған сҿздер бар.
Сол сҿздерді айтайын
Қҧлағың сал, жарандар.
Баба тілде кей сҿз бар,
Кҿп мағына беретін.
Тҿрт-бесеуден сҿздер бар,
Бір мҽнде ғана келетін.
Жауынгер мен сарбаздың,
Мағынасы біреу-ақ.
Ғаскер, жасақ, қол деген,
Алмасып ҥш сҿз тҧрар-ақ.
Ордабасы, тархан мен
Сардар сҿзі бір мҽндес.
Ауыстырып айтуға,
Басқа сҿзбен дҽл келмес.
Ҧлыс, ҿлке, уҽлаят,
Аймақ, ҿңір, атырап.
Ел қонысы ҥшін айтылып,
Кезекпен тҧрар орын ап.
Алдаспан, қылыш, ақберен,–
Шабатын қару аттары.
Ататын қҧрал атауы –
Мір мен садақ, жақ-тағы.
Ақсауыт пен кіреуке,
Алма-кезек қолданылар.
Ҥй жабдығы қҧралдың,
Кейбірінің қос-қос аты бар.
222
Кҥйенті мен иінағаш,
Екеуінің мҽні бір.
Темір телпек, дулыға,
Мҽндес болып тағы тҧр.
Уатан сҿзі отанға
Айналғанын білесіз.
Сол себепті, қазағым,
Қолданып оны жҥресіз.
Алайда Отан сҿзінің
Тҧрақты орны болмаған.
Бірде тайпа, бірде аймақ,
Орынына кезек қолданған.
«Оты ҿшпесін Отанның», –
Дейтін ескі нақылды.
Айтқан шығар жарандар,
Бҧрынғы баба ақылды.
Айтқан сҿзі жасымай,
Кҽдеге ылғи асып жҥр.
Ҥй жабдығы, қҧралдың
Кейбірінің қос-қос аты бар.
Айтсақ соның мысалын,
Баспалдақ пен саты бар.
Сандық пенен абдыра,
Бір-біріне барабар.
Қайсыбірін айтайын,
Сондай жиһаз тағы бар.
Һҥнер деген сҿз-дағы,
Ҿнер боп ерте ҿзгерген.
223
Бірақ осы дастанда
Айтпаймын сҿзді кез келген.
Қазақтың сҿзі асыл ғой,
Ілтипатқа ілдірген,
Қожа деген бір атау,
Тҿрт сҿздің мҽнін білдірген.
Ҧжым, ҧйым, қоғамның
Білесің, халқым, мҽні бір.
Алмастырып қолдандың,
Оның ҿзі ақыл-дҥр.
Шежіре мен жылнама,
Мағынасы бір ғана.
Қосарланып айтылады,
Ғҧлама жазған таңбада.
Ру деген атаумен,
Ҧлт деген сҿз алмасқан.
Бір-бірінен қалыспай,
Бір орынға жармасқан.
Халық деген атау бар,
Баба тілге орныққан.
Азаяр деп сҿз қоры,
Еш уақытта қорықпан.
Айтсам дайын, ҽлеумет,
Тілге деген шешімім.
Ел деген сҿзге балаймыз,
Отан мен халық есімін.
Айтып жҥр жҧртым ылғи да,
Ҧлна – отан сҿзін қосарлап.
Шығар сҿзді ел расқа,
Ҽрқашанда қосарға ап.
224
Ҽлеумет, халық, отан, жҧрт, –
Бҧл тҿрт сҿздің мҽні бір,
Оларға қоса ел мен ҧлт,
Дейтін атау тағы тҧр.
Ҥш жҥзім, мҧны білесің,
Алты атаудың мҽні бір.
Алмастырып айтуға,
Рҧқсат еткен кҽміл пір.
Осы алты сҿз, жарандар,
Мҧра боп қалған кҿнеден.
Тіршілікте қолданып,
Ертеден қауым меңгерген.
Ажар, келбет, тҥр менен,
Кескін деген тҿрт сҿз бар.
Бҧл тҿрт сҿздің мҽні бір,
Байқап тҧрсаң жарандар.
Ақын ҽрі шешенді,
Айтады халқым жырау деп.
Осы кҥнде жҧртымда,
Тҿкпе ақын мен жырау кҿп.
Бҧл алты сҿзді қолдансақ,
Бҥлінбес одан тіліміз.
Жақсы есімді атасақ
Қолдап жҥрер піріміз.
Арабтың сҿзі – тауарих,
Орныққан қазақ тілінде.
Ондай сҿзден безінбе,
Қҧштар болсаң білімге.
225
Қалыпқа тҥскен сҿздерден,
Ҿзім-дағы еш безінбен.
Қолтума сҿзге айналса,
Лайық емес безінген.
Сексен жыл болды шамамен,
Кҥлдірмамай енгелі.
Атауы болып мылтықтың
Қолданылып келгелі.
Сҿздің қоры молайса,
Байи берер тіліміз.
Туған тілді қор етсек,
Бҧзылып кетер дініміз.
Кҿз салсаңыз, жарандар,
Қазақ тілі емес жабайы.
Некен-саяқ кездесер,
Адырлау сҿздер анайы.
Араб, Парсы, Татардың
Білме деп сҿзін ҥйретпен.
Озық ойлы ҧлдардың,
Талабын босқа кҥйретпен.
Пайдаланған дҧрыс оларды,
Ыңғайына қарай, халайық.
Баба тілді қастерлеу –
Азамат – ерге лайық.
Соңғы шақта, ел-жҧртым,
Хан, сҧлтандар алжасқан.
Қазақтың сҿзін менсінбей,
Бекерден-бекер адасқан.
226
Алжасқан емей, немене?
Татарша сҿзге ауысты.
Араб, Парсы тілімен
Бектер қайта қауышты.
Қожа келген, байқасаң,
Біздің елге ҽр жҧрттан.
Балаларды сҥннеттеп,
Билемекші кеп сырттан.
Жас ҧлдарды сҥннеттеу
Ҿз қолымыздан-ақ келеді.
Білсе де соны шонжарлар,
Жатқа ерік босқа береді.
Қазақша жазу ҥйретер,
Аз емес елде модалар.
Ҽр тайпа елдің ішінде,
Ҿзінен шыққан қожа бар.
Пайдаланбай соларды,
Не керек жаттан қорғалар?
Болат пенен Жолбарыс,
Ҽбілмҽмбет, Сҽмеке.
Татарша жазып пҽрманды,
Болып жҥр жҧртқа келеке!
Қҧдайға шҥкір жҧртымда,
Медіресе мен мешіт бар.
Сҿйте тҧра, ерлерім,
Басқа тілге бопсың зар.
Таза тілің тҧрғанда,
227
Неге керек шҧбар тіл?!
Баба тілде дҽріс ап,
Тіршілікте ҿнер біл.
Мҧсылманның ҥлгісі,
Ақиқат пен шариғат.
Ҥгітімді ҧқ, бозбала,
Бҧзылмасын табиғат.
Біздің қҧлақ ҥйренген,
Майданда кҿп дабылға.
Айналайын, ел-жҧртым,
Сардарың сҿзін қабылда!
Қозғады деп тарихты,
Ҿкпелеме, шоралар!
Тізгін берсең ҽркімге,
Ата тілің жоғалар!
Айыпқа мені бҧйырма,
Билерім мен бектерім!
Серттеріңнен айныдың,
Болса да асыл тектерің.
Кейбір сҧлтан, хан ҥшін,
Тҿрелерді жек кҿрмен.
Қазағымның ҧлымен
Ақ сҥйекті тең кҿргем.
Қожаберген айтты деп
Хан сҧлтандар, шамданба!
Сынады деп тіл ҥшін,
Жазалауға қамданба!
Қолданатын шараңды,
228
Тҿңкерермін басыңа.
Соқтықсаң маған, сҧлтандар,
Мінбессің тҧлпар астыңа.
Асқақтама, бектерім,
Сҧлтанға еріп асыға.
Ілтипатқа алмасаң,
Бҧлт тҿнер ҽлі-ақ басыңа!
Ажарым егер ҿтпесе,
Шашбауыңды кҿтермен.
Қол ҧшын, сірҽ, бермеспін
Жат болармын тҿтеннен!
Талай шонжар, сҧлтанды,
Мҧрсындай қылып ҥйреткем.
Қҧл кҿгенге кҿгендеп,
Қабырғасын кҥйреткем.
Қорғағам елді, ханды да
Қалмақтар қанат жайғанда.
Кім жеңерін кҿрерсің
Шыққанда ертең майданға.
Алпысқа таяп қалсам да,
Сол қалпында айбатым.
Жас батырдан кем емес,
Ҧлғайсам да қайратым.
Бҧғалық тҥспес асаумын.
Ҧстауға еш кҿнбейтін.
Ерте жанған шырақпын,
Оңайлықпен сҿнбейтін.
Асқақтады демеңдер,
229
Мақтану бізде болмайды.
Ойлаған соң ел жайын,
Осылай ақын жырлайды.
Бір де сҿзім, Ҥш жҥзім,
Бола қоймас ретсіз.
Болған емес жырларым
Мҧсылманға керексіз.
Алла, аруақ қолдап ҽрдайым,
Қайт болмаған талабым.
Қайратыма сай боп тҧр,
Асынған қару-жарағым.
Таймаған жаудан жҥрегім,
Талмаған болат білегім.
Қазақтың тілін қорғай біл,
Ҽлеумет, сізден тілегім!
Сҿкпеңдер, жҧртым, айтты деп
Сҿзімде асылық болмасын.
Насихатым қабыл боп,
Тҽңірім бізді қолдасын!
Асан қайғы бабаның,
Жастарға қонсын ақылы.
Жиреншедей атанын,
Дарысын кҿпке нақылы.
Ақтан пҽрман жолданса,
Хызыр бабаң қолдаса.
Тілге бҿгет жойылар,
Кҿңілде қаяу болмаса!
Ислам дінін ту етіп,
230
Кҿтере бер, жамиғат.
Қазақша жазба кҿбейсе,
Болар, халқым, кҿңіл шат.
Келтірме нҧқсан, жарандар,
Ата-баба ғҧрпына.
Осы жырым жайылсын,
Жамиғы қазақ жҧртына!
Біздің жайды сҧрасаң,
Қызылжар ҿңірі мекенім.
Мҧсылманға белгілі,
Менің де кім екенім.
Орта жҥздің ішінде,
Ашамайлы керей елінде.
Ақылына сай боп кҥші де,
Кҿсем болған кезінде.
Ер Фархадтың баласы –
Танаш биден жаралдық.
Мекендеп Батыс Сібірді,
Қалың ел боп таралдық.
Танаштың ҧлы – Кҿшебе,
Біздің арғы бабамыз.
Ҿсіп-ҿндік сол ерден,
Кемімес бедел-бағамыз.
Кҿшебенің тҧңғышы –
Жауынгер бабам ер болған.
Темірдің қолын басқарып,
Мҧсылманға бел болған.
Жауынгерден ҿрбіген,
231
Ҥлкен Кҿшебе керейде.
Қамалын бҧзып кҽпірдің,
Бҿленген ерлік мерейге.
Толыбай сыншы ҧлымын
Ғаскер бастап, ту алған.
Тыныштық кезең болғанда
Мағына айтқан қҧраннан.
Орынды шығар сынауым,
Қиын ғой кҿпке ҧнауым.
Осылайша толғайды
Қожаберген аға жырауың.
Халқымыздың тілі бай!
Бҧзылмаған қаймағы!
Біз шығарған хиссалар –
Нағыз соның айғағы!!!
«БАБА ТІЛІ» дастаны теріліп жатқанда кейін табылған
шумақтары:
* * *
Арабтың сҿзі тауарих,
Тарих болып ҿзгерген.
Жалпақ тілмен сҿйленіп,
Қазақылық тҥрге енген.
* * *
Жҧрт деген кҿпшіл сҿзбенен,
Миллҽт сҿзі сҽйкескен.
Бір мағына білдіріп,
Қолданғанда теңескен.
* * *
Хан деуге аузың бармайды,
232
Тҽукенің ҧлы – Болатты.
Неге десең ол сҧлтан,
Ҿзбекше тілді қалапты.
* * *
Шора деп қалай айтарсың,
Мақтаншақ тҿре Барақты.
Қазақтың тілін қолдамай,
Сыныққа сылтау жамапты.
* * *
Қыз алам деп қалмақтан,
Кҥшік тҿре тозып жҥр.
Ҿзбекше сҿйлеп азғана,
Кейде арқасы қозып жҥр.
* * *
Ҽбілхайыр тҿре де,
Татаршалап жазып жҥр.
Жаңбыр жаумай, су болып,
Ҿзінен-ҿзі азып жҥр.
* * *
Кез келгенді кҿсем деп,
Киімі киген ҽсем деп.
Жҥрсеңдер босқа мырзалар,
Жыларсың кейін кемсеңдеп.
* * *
Кінҽлама айтты деп,
Елдегі қасқа, жайсаңдар.
Аруақ соғар сіздерді,
Ата жолдан тайсаңдар.
* * *
233
Шам кҿрмеңдер сҿзімді,
Айтулы ақын-жыраулар.
Ҽрі қарай шыдам жоқ,
Шҧбар тілге шырмалар.
* * *
Бҧйырсаңда айыпқа,
Оңайлықпен кҿнбеспін.
Кеудеде жан тҧрғанда,
Теңдікті қолдан бермеспін.
* * *
Ерегіссең біздермен,
Қамқаңды киген шешерсің.
Тҧлпарыңның сауырынан,
Жалп етіп жерге тҥсерсің.
* * *
Қара сҥйек, ақ сҥйек,
Деген сҿзді қойыңдар.
Бҽрін де Алла жаратқан,
Бҿтен ойды жойыңдар.
* * *
Тҽңірім ашса бағымды,
Кҿк сҥңгіні жҧмсармын.
Бас асау бек, би, сҧлтанды,
Оп-оңай-ақ тҧсармын.
* * *
Қойлыбай ҽулие, дананың,
Емшілігі қонсын ерлерге.
Жат билігі жҥрмесін,
Бізге де, туыс елдерге.
234
Достарыңызбен бөлісу: |