Ойыл (30 – 70 мг/л), аммоний (5 – 30 мг/л), т б. микроэле- менттер бар. Оба жотасы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата17.01.2017
өлшемі2 Mb.
#2106
1   2   3   4

ӨкПекТІ – Тарбағатай жотасының солт. сілемін-

дегі оқшау тау. Шығыс Қазақстан обл. Тарбағатай 

ауд. жерінде, Аягөз және Базар өзендері аралығын- 

да  орналасқан.  Абс.  биікт.  2337  м.  Батыстан  шы-

ғысқа  қарай  20  –  25  км-ге  созылып  жатыр,  енді 

жері 8 – 10 км. Ө. саздақты құмтастан және конг-

ломераттан түзілген. Оңт. беткейі тік, тау етегінен 

Базар және Аягөз өзендері басталады. Солт. беткейі 

жатық,  сай-жыралармен  тілімденген.  Баурайында 

көде, бетеге, қараған, т.б. өсімдіктер өседі.



ӨЛеҢТІ – Ертіс алабындағы өзен. Ақмола, Қара- 

ғанды,  Павлодар  облыстары  жерімен  ағады.  Ұз. 

273  км,  су  жиналатын  алабы  4230  км

2

.  Бастауын 



Ерейментау  тауларының  500  –  550  м  биіктіктегі 

бұлақтарынан алып, Қаражар а. тұсында Әулиекөл 

көліне құяды. Аңғары мен арнасы таулы жерде тар 

шатқал  (120  м)  жасап  ағады.  Жазықта  аңғары  1  –  

1,5 км-ге кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын сула-

рымен  толығады.  Суы  тұщы.  Жылдық  орташа  су 

ағымы 0,60 м

3

/с. Өзен бойында бөген (Лиманное), 



су  құбыры  бар.  Жайылмасы  шабындық,  суымен 

жайылым суғарылады.



ӨЛеҢТІ – Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақ- 

стан  обл-ның  Сырым  және  Ақжайық  аудандары 

жерімен ағады. Ұз. 211 км. Су жиналатын алабы 4,1 

мың км


2

. Бастауын Орал алды үстіртінің оңт-ндегі 

бұлақтардан  алып,  Ақжайық  ауд-ндағы  Тұздыкөл 

көліне  жетпей  (10  –  15  км)  Жыланды  а.  маңында 

жерге сіңіп кетеді. Аңғары жоғ. ағысында тар, ор-

таңғы және төм. бөлігінде 200 м-ге дейін кеңейеді. 

Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Наурыз, 

сәуір айларында тасып, жазда қарасуларға бөлініп 

қалады.  Жылдық  орташа  су  ағымы  3,06  м

3

/с.  Ө-



ге  бірнеше  кішігірім  өзендер  құяды.  Ең  үлкені  –  

Шідерті өз. Өзенге Қособа а. тұсында көл. 172 мың 

Жайық алабындағы Өлеңті өзені


509

Өсек

м

3



 және сағасында көл. 2480 мың м

3

 болатын бөген 



салынған. Одан суғару жүйесі тартылған. Суымен 

жайылым  мен  шабындық,  егістік  суғарылады. 

Өзенде қара балық, табан, шортан, алабұға, т.б. ба-

лықтар бар.



ӨЛІҚОЛТЫҚ  –  Каспий  т-нің  солт.-шығысын-

дағы  сор.  Маңғыстау  обл.  Маңғыстау  ауд.  аума-

ғында. Ұз. 180 км, ені 80 км, аум. 12 мың км

2

-ден 



астам.  Сор  Каспийдің  солт.-шығыс  жағалауын-

дағы  Комсомол  шығанағы  суының  тартылуынан 

пайда  болған.  Шығыс  Еуропаның  оңт.-шығысын-

дағы  эпигерциндік  платформасының  Оңт.  Жем 

көтерілімінде  орналасқан.  Шөгінді,  сортаңды, 

лайлы түбі теңіз деңгейінен 26,5 м төменде жатыр. 

Бетін қабыршақтанған тұз қабаты жапқан, өсімдік 

жамылғысы өте сирек. Айнала жағалауы негізінен 

ойпаңдау келеді. Ө-тың оңт.-шығысы Үстірттің ба-

тыс кемеріне, оңт. Қайдақ сорына ұласады. Ө. соры-

нан және онымен іргелес жатқан өңірден мұнай мен 

газдың  мол  қоры  барланып,  игерілуде  (Боранқұл 

мұнай  кені,  Бозащы  мұнай-газ  кені,  Қаламқас  мұ-

най  кені,  т.б.).  Теңізден  соққан  дауылды  желдің 

әсерінен Каспийдің суы кейде сорды басып қалады. 

Геоморфол. зерттеулер бойынша Каспий т-нің ауыт-

қуы  уақыт  өткен  сайын  өзгеріп  отырған.  Қазіргі 

климаттық және антропогендік факторлар әсерінен 

теңіз деңгейі 1978 жылдан бері 2,7 м-ге көтерілген. 

Бірнеше елді мекендер (Қаратон кенті, т.б.) мен мұ-

най қалашықтары басқа жерлерге көшірілді.

ӨрІк (Armenіaca) – раушангүлділер тұқымдасына 

жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы. 

Қазақстанда Жамбыл, Оңт. Қазақстан, Алматы об-

лыстарында бір түрі – кәдімгі Ө. (A.vulgarіs) өсірі-

леді. Ағаштары өте биік, 8 – 15 м аралығында. Жа- 

пырақтары  жалпақ,  жоғары  жағы  үшкірлеу,  тіс- 

ті болып келеді. Гүл ақ немесе қызғылт түсті, жа- 

пырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, 

ал  сүйегі  жылтыр.  Ө.  –  жарық,  жылу  сүйгіш  да-

қыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы 

өседі, ал сазды, тұзды жерлер Ө. өсіруге жарамсыз 

келеді.  Құрғақшылыққа  төзімді.  Тікпе  көшеттері 

отырғызылған бақтар 3 – 4 жылдан кейін өнім бере 

бастайды, 40 – 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. 

Әр түбінен 15 – 20 (7 жылдық ағаш), 60 – 100 кг (15 –  

20  жылдық  ағаш)  жеміс  алынады.  Жемісі  шілде 

айында піседі, салм. 20 – 70 г. Жемісінің құрамында 

4 – 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 

10%-дай  каротин,  0,4  –  1,3%  пектин  заттары,  ал 

тұқымында 29 – 58% май болады. Жемісінің өзін, 

кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) 

пайдаланады.  Ө.  ағашын  егісті  желден  қорғайтын 

орман  алқабында  отырғызады  және  шабдалымен 

телу  үшін  өсіріледі.  Отырғызғаннан  кейін  жас 

ағаштардың  бөрікбасын  қалыптастыру  үшін  шыр-

пу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3 – 4 

жылда бір рет органик. және минералдық тыңайт-

қыштар енгізіп тұру қажет.



ӨСек,  Ү с е к   –  Іле  алабындағы  өзен.  Алматы 

обл.  Панфилов  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  164  км, 

су  жиналатын  алабы  1970  км

2

.  Жетісу  (Жоңғар) 



Алатауының  оңт.  сілемдері  –  Тоқсанбай,  Тышқан 

жоталарындағы  мұздықтардан  басталып,  Өсек 

көлін жарып ағып, Бурақожыр (Борохудзир) а. ма-

ңында Іле өз-не құяды. Аңғары жоғ. және орта бө-

лігінде таулы жерлермен ағады. Ағыны қатты, суы 

мол. Жылдық орташа су ағымы Талды а. тұсында 

15,7 м

3

/с. Өзен бойындағы балшығының емдік қа- 



сиеті бар. Алабы – жайылым. 

ӨСек (ҮСек) БАЛШЫҒЫ, Үсек көлінің шипалы 

балшығы,  Алматы  обл.  Жаркент  қ-ның  оңт-нде  30 

км жерде. Үсек өз-нің Іле аңғарына шығар жеріндегі 

ұз.  3  км,  ені  2  км  келген  қазаншұңқырда  шөккен. 

Ауд. 200 га. Батпағына қамыс өседі. Орта бөлігінде 

тұщы көл бар, оның түбіндегі ми батпақ құрамында 

3,42% күкіртті сутек бар. Балшықтың қою бөлігінің  

40,3%-ы  гипстен,  карбонаттан,  саздан  тұрады; 

ылғалд.  47,07%,  тығызд.  1,55  г/см

3

.  Балшықты 



ерітіндінің минералд. 71 г/л, құрамы сульфатты нат-

рийлі-магнийлі (pH 8.3). Шипалы балшығының орта-

ша қалыңд. 0,4 м, жалпы қоры 27 мың м

3

. Жергілікті 



тұрғындар емдеуге пайдаланады. 

Өліқолтық соры

Іле алабындағы Өсек өзені

Піскен өрік жемісі



510

Павлодар

ПАвЛОдАр АудАнЫ – Павлодар обл-ның солт.-

шығысында  орналасқан  әкімш.-аумақтық  бөлініс. 

1928 ж. құрылған. Жер аум. 6,1 мың км

2

. Тұрғыны 



29,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге шаққанда 



4,8  адамнан  келеді  (2010).  Аудандағы  39  елді  ме-

кен 16 ауылдық округке біріктірілген. Әкімш. орт. 

–  Павлодар  қ.  Ірі  елді  мекендері:  Красноармейка, 

Жетекші,  Луганск,  Чернорецк,  Шақат,  т.б.  

Ауданның жер бедері – Құлынды даласының оңт-н 

алып жатқан көлді-аллювийлі тегіс жазық. Ол теңіз 

деңгейінен орта есеппен 130 м жоғары орналасқан. 

Ертіс  өз-нің  жайылмасында  және  ауданның  солт. 

бөлігінде  шағын  көл  қазаншұңқырлары  кездеседі. 

Ең биік жері – оңт-тегі Жамбыоба төбесі (абс. биікт. 

157 м). Ертіс өз-нің бойында орман шоқтары кезде-

седі.  Ауданның  климаты  тым  континенттік.  Қысы 

суық ызғарлы, жазы жылы, құрғақ. Қаңтар айының 

жылдық  орташа  темп-расы  –  17  –  19°С,  шілдеде 

21°С.  Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш. 

270  мм.  Желдің  басым  бөлігі  оңт.-батыстан  және 

солт-тен,  жаз  кезінде  аңызақ  желдер  жиі  соғады. 

Агроклиматтық тұрғыдан П. а. қоңыржай қуаң бел-

демде жатыр. Ауданның батыс бөлігін бойлай Ертіс 

өз. ағып жатыр. Көлдері көп және олардың барлығы 

дерлік тұзды. Ең ірі көлдері: Маралды, Коряковка, 

Мойылды, т.б. Жер асты сулары тұщы, 87 м-ге де-

йінгі тереңдікте орналасқан, минералд. 0,2 – 0,5 г/л-

ден 18 – 20 г/л-ге дейін. Жері карбонатты қызғылт 

қоңыр, қара топырақты келген. Онда жусан аралас 

бетеге, боз, селеу, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер, 

Ертіс  өз-нің  жайылмасында  шілікті  орман  өседі. 

Солт.-шығысында шетен, қайың, теректен тұратын 

орман қалыптасқан. Ауданда қасқыр, түлкі, қарсақ, 

сарышұнақ  кездеседі,  суларында  үйрек,  қаз,  аққу 

мекендейді. Аудан аумағында шипалы балшықпен 

емдейтін  Мойылды  көлі  орналасқан.  А.  ш-на  жа-

рамды  жерінің  аум.  (мың  га,  2008)  543,6  мың  га, 

оның ішінде жыртылған жері 136 мың га, шабын-

дық  87,9  мың  га,  жайылым  275  мың  га,  орманы 

19,8 мың га. Аудан жерімен Оңт. Сібір т. ж., Екібас- 

тұз  –  Павлодар,  Семей  –  Омбы  (Ресей),  Павло- 

дар – Қарасуық (Ресей) автомоб. жолдары өтеді. 



ПАвЛОдАр ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республика- 

сының  солт.  шығысындағы  әкімш.-аумақтық  бөлі-

ніс.  Ертіс  өз-нің  орт.  алабында  орналасқан.  Қазан 

революциясына  дейін  және  одан  кейінгі  10  жыл 

бойы Семей обл-ның Павлодар уезі болып аталды. 

1932  –  38  ж.  Шығыс  Қазақстан  обл-ндағы  аудан, 

1938  жылдың  15  қаңтарында  жеке  облыс  болды. 

Жер аум. 127,5 мың км

2

. Тұрғыны 750,8 мың адам, 



орташа тығыз. 1 км

2

-ге 5,8 адамнан келеді (2010). 



Облыста 10 аудан, 3 қала, 7 кент, 165 ауылдық ок-

руг, 494 ауылдық елді мекен бар. 

П.  о-ның  жер  бедері  екі  бөлікке  бөлінген.  Солт-

нің  негізгі  бөлігін  Батыс  Сібір  ойпатының  жалға- 

сы  –  Ертіс  жазығы,  оңт.-шығыс  бөлігін  Сарыар- 

қаның солт.-шығыс сілемі, солт.-шығысын Құлын- 

ды  даласы  алып  жатыр.  Жер  беті  мұнда  теңіз 

деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында  

100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі, көбінесе 

ұсақ  төбелермен  алмасып  отыратын  жазықтардан 

тұрады.  Мұнда  Баянаула  (1026  м),  Қызылтау  (об-

лыстың  ең  биік  жері  –  Әулие,  1055  м),  Желтау  

(959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан. Геол. 

тұрғыдан  облыс  аумағы  Батыс  Сібір  плитасының 

палеозойға  дейінгі  магмалық  және  метаморфтық, 

ал оңт.-батысының негізі – Қазақ қалқанында орна-

ласқан Сарыарқа өңірі қазіргі тау жасалу кезеңінің 

тау жыныстарынан тұрады. Мезозой мен кайнозой 

шөгінділерінің қалыңд. 2500 – 3000 м. Негізгі ме-

зозой-кайнозой  тысына  триас  шөгінділері  жатса, 

одан жоғары жатқан континенттік шөгінділер орта 

және  жоғ.  триас  және  төм.  юраға  жатады.  Мұнда 

күңгірт  қызыл  және  жасыл  сұр  түсті  аргилиттер 

мен  алевролиттер  жиі  кездеседі.  Қоңыр  көмірдің 

Аудандағы жайылым

Ертіс өзені жағасындағы Павлодар қаласы



511

512

Ертіс өз. облыс жерін шығыстан солт.-батысқа қа-

рай  ұзына  бойы  қиып  өтеді.  Өзеннің  облыс  бөлі-

гіндегі ұз. 420 км. Оң жағалауы биік жарқабақты, 

сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде 

өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңд. 115 

см-ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұз. 147 км бола-

тын Ертіс-Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу 

кентін  сумен  қамтамасыз  етеді.  Облыстың  батыс 

жағымен  кішігірім  Өлеңті  және  Шідерті  өзендері 

ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл). Баянаула 

тауларында көлдер тектоник. ойыстарда (Жасыбай, 

Торайғыр,  Сабындыкөл),  Ертіс  бойындағы  көлдер 

жайылмадағы  қазаншұңқырлар  мен  ескі  арналар-

да, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда 

орналасқан. Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауд. 965 км

2

), 


Жалаулы  (398  км

2

),  Қызылқақ  (180  км



2

),  Үлкен 

Әжіболат (110 км

2

), Маралды (80 км



2

). Тұщы көл-

дер көбінесе Ертіс жағасы мен облыстың солт. бө-

лігінде  тараған.  Одан  оңт-ке  қарай  тұзды  көлдер 

саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр 

түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында 

жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар ар-

қылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 

3816,5 мың м

3

 болатын пайдалануға жарайтын жер 



асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде 

тәулігіне 118,5 мың м

3

 су беретін 6 су көзі пайдала-



нылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс 

артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың мине-

ралд. 4,4 – 5,5 г/дм

3

. Құрамы бромды, йод-бромды 



келген.  Олардың  жалпы  минералд.  8  г/дм

3

.  П.  о-



ның жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ 

белдемінде  орналасқан.  Ертістің  шығыс  жағының 

жер  қыртысы  негізінен  құм,  құмдауыт  және 

саздақ  топырақтан,  ал  сол  жағалық  аңғары  плей-

стоцен  кезеңінің  сортаңданған  бозғылт  топырағы 

мен  ауыр  саздақ  топырақтан  түзілген.  Сарыарқа 

шоқыларында  көбінесе  тастақты-қиыршықтасты 

қоңыр  топырақ,  ал  шоқыаралық  жазықтарда  сор-

таң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік 

жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән 

селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұ-

рады. Облыстың қиыр солт-н қайың мен теректен 

тұратын  ормандар  алып  жатыр.  Олар  44  мың  га 

жерді қамтиды. Оңт-ке қарай даланың сұр, қызғылт 

қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалып-

тасқан.  Оңт.-шығысындағы  құмды  өңірде  қарағай 

ормандары, Ертіс өз-нің жайылмасында шалғындар 

мен  тоғайлар  тараған.  Облыстың  кең  даласында 

қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, т.б. мекен-

дейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы орманда-

рында тиін жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қас-

қыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар 

тараған. Оңт.-шығысындағы қарағай ормандарында 

еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары 

мен  қайың  шоқтарында  елік,  Баянаула  тауларын-

да арқар кездеседі. Құстардан ақ және сары шым-

шық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, 

кезқұйрық,  күйкентай,  қырғи,  жапалақ,  қарағайлы 

орманда  құр,  шіл,  саңырау  құр,  тоқылдақ  мекен-

дейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үй-

рек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, 

тауқұдірет,  жылқышы,  т.б.  құстарды  кездестіруге 

болады. Ертіс өз-нде ақ балық, бекіре, нәлім, шор-

тан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі. 1990 – 94 ж. 

қалыңд. 900 – 1500 м-ге жетеді. Бор кезеңінде об-

лыс аумағы төмен шөгіп, оған теңіз трансгрессия- 

сы  жақындады.  Теңіз  жағалауларын  глауконитті 

құмтасты шөгінділер жапқан. Қазақ қалқаны кейбір 

жерлерде грабен-мульдамен көтеріліп, кең аумақты 

алып жатқан герцен фундаменті түрінде кездеседі. 

Оның  жазық  келген  бетін  неоген  және  төрттік 

жүйенің шөгінділері жапқан. П. о-ның жер қойнауы 

кен байлықтарына бай. Облыстың негізгі байлығы –  

дүние  жүзіне  белгілі  Екібастұз  қоңыр  көмірі.  Ол 

құрамында  бірнеше  кендері  бар  Екібастұз  және 

Майкөбен көмір алаптарынан тұрады. Полиметалл 

кендері Майқайың кендері тобында тараған. Олар- 

дың құрамында алтын, күміс, қорғасын, мыс, мы-

рыш  және  күкірт  колчеданы  бар.  Облыстың  оңт-

ндегі  Баянауыл  ауд-нда  Бозшакөл  мыс  кен  орны 

орналасқан (қ. Бозшакөл мыс кені). Сонымен қатар 

облыс  аумағында  темірдің,  никельдің,  хромиттің, 

т.б. металдардың кендері шоғырланған. Темірдің ірі 

кен орны Шідерті өз-нің төм. ағысындағы Қызылқақ 

көлі маңында. Кеннің құрамы Қостанай обл-ндағы 

Лисаков пен Әйет темір кендерінің құрамына ұқсас. 

Өнеркәсіптік маңызы бар ас тұзының қоры Үлкен 

Қалқаман,  Коряков,  Үлкен  және  Кіші  Тобылжан 

көлдерінде,  ал  Әжіболат,  Асқар,  Құлыпты  көлде-

рінде глаубер тұзы, Маралды көлінде магний тұзы 

шоғырланған. П. о-ның климаты тым континенттік 

және  құрғақ.  Қыста  ашық  және  аязды  ауа  райын 

түзейтін  Сібір  антициклоны  әсер  етсе,  жазда  құр-

ғақ  және  ыстық  ауа,  қуаншылық  пен  қарадауыл 

әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар 

айының орташа темп-расы 17 – 19,4ºC, кей жылда-

ры ол 48ºС-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа 

темп-расы солт-тен оңт-ке қарай 19ºС-тан 22,2ºС-қа 

дейін жоғарылайды, кей күндері 41ºС-қа дейін ба-

рады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 

солт-тен оңт-ке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін 

кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық 

мезгілінде жел көбінесе оңт.-батыс бағытта, жылы 

мезгілде солт.-батыс бағытта соғады. Олардың ор-

таша жылд. 4,0 – 4,5 м/с. Көктем және күз айлар-

ында жылд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауыл-

ды желдер де соғып тұрады. П. о-да көктем қысқа, 

жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі 

қысқа, салқын және жаңбырлы.

Павлодар

Көрікті Баянаула таулары



513

осыған дейін болған өндірістік және оны мат.-тех. 

қамтамасыз  ету  жүйесінің  «бұзылуы»  салдарынан 

өнеркәсіп  өнімдерінің  барлық  саласы  өз  өнімде-

рін  азайтты.  90-жылдардың  ортасында  мемлекет-

сіздендіру  және  жекешелендіру  процесі  басталды. 

Нәтижесінде  2001  жылдың  басында  жекеменшік 

формадағы кәсіпорындар жалпы кәсіпорындардың 

78,9%-ын, мемлекетке қарасты кәсіпорындар 20,8%-

ды, шетелдік кәсіпорындар 0,3%-ды иеленді. 2002 –  

03 ж. облыстың әлеум.-экон. негізгі көрсеткіштері 

жақсарды.  Сыртқы  сауда  балансының  сальдосы 

2001  жылға  қарағанда  30,2%-ға  өсті.  Мұндай  өсу 

негізінен  металлург.  кәсіпорындардағы  қуат  көз-

дерін қайта құру және тех. қайта жабдықтау нәти-

жесінде  іске  асырылды.  Облыстың  өнеркәсіптік 

өнім құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 

18,3%-ды  құраса,  өңдеу  өнеркәсібі  саласында 

52,1%,  электр  энергиясы,  газ  және  су  ш-ның  үлес 

салмағы 29,6% болды. П. о. астық өндіруге, ет-сүт 

бағытындағы  ірі  қара,  ет-жүн  бағытындағы  қой, 

жылқы,  шошқа,  құс  өсіруге  маманданған.  А.ш-на 

пайдаланылатын  жер  аум.  3923,8  млн.  га,  оның  

ішінде  егістік  1235  млн.  га,  шабындық  112,7  мың 

га, жайылым 1,9 млн. га (2009).

Облыстың  жалпы  аймақтық  өнімі  2010  ж.  1  трлн. 

78 млрд. теңгеге жеткен. Бұл республиканың жал-

пы  өнімінің  5,0%-ын  құрайды.  Шаруашылық  са-

лалры бойынша өнеркәсіп өнімі 844 млрд. теңгені, 

а.ш. өнімі 60,7 млрд. теңгені құраған. Соңғы 5 жыл 

ішінде облыстың жалпы аймақтық өнімім 2,3 есеге 

өскен.  Оның  ішінде  өнеркәсіп  өнімдері  2,4  есеге, 

а.ш. өнімдері 1,5 есеге өскен. Облыстың негізгі ка-

питалына тартылған инвестиция 2010 ж. 185 млрд. 

теңге болды. 

Мектепке дейінгі мекемелер саны 2006–10 ж. ара-

лығында  4,5  есеге  өсті  (бар  саны  364).  Онда  31,5 

мың бала тәрбиеленуде. Облыстағы жалпы білім бе-

ретін 429 мектепте 93,3 мың оқушы оқыса, 53 кәсіп-

тік бағдар беретін мектепте 30 мың оқушы оқыды. 4 

жоғары оқу орнында 21,7 мың студент дәріс алуда. 

Облыстың денсаулық сақтау саласында 2010 ж.  26 

аурухана және 122 амбулаторлық емхана тіркелген. 

Ондағы  барлық  дәрігерлер  саны  3  мыңға  жуық. 

Облыс аумағында бірнеше санаторий-профилакто-

рийлер, шипажайлар мен курорттар орналасқан. 

Облыс  жерін  солт-нде  батыстан  шығысқа  қарай 

Орта  Сібір  мен  орт.  өңірінде  Оңт.  Сібір  (Марал- 

ды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) т. 

ж. басып өтеді. 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс 

Қазақстан  обл-ндағы  Шар  қ-на  дейін  ұзартылды. 

Оңт.  Сібір  т.  ж.  бойында  Павлодар,  Екібастұз 

сияқты ірі т. ж. ст-лары өсіп қалыптасты. Т. ж-дың 

ұз. 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) 

Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомоб. жолы-

ның ұз. 5150 км. 



ПАЛЬГОв  МҰЗдЫҒЫ –  Іле  Алатауының  солт. 

беткейіндегі  аңғарлық  мұздық.  Есік  өз.  алабында. 

Мұздықты 1936 ж. өлкетанушы В.Горбунов ашып, 

оған белгілі кеңес гляциологы Н.Пальговтың есімі 

берілді. Ұз. 5,1 км, ашық жатқан жері 4,1 км. Жалпы 

ауд. 7,5 км

2

, оның ішінде мұзқар (фирн) алаңы 5,1 



км

2

,  ашық  тілі  2,0  км



2

,  борпылдақ  жыныс  жапқан 

бөлігі 0,4 км

2

. Мұздық 3820 м биіктіктен басталып, 



3500 м-де аяқталады. 

Панфилов

ПАнФиЛОв  АудАнЫ  –  Алматы  обл-ның  оңт.- 

шығысындағы  әкімш.-аумақтық  бөлініс.  1923  –  

42 ж. Жаркент ауд., 1942 жылдан 28-гв. атқыштар 

дивизиясының  командирі  И.В.Панфилов  есімімен 

аталды.  1956  ж.  ауданға  Октябрь  ауд.  (орт.  Көк- 

тал а.) қосылды. Жер аум. 10,6 мың км

2

. Тұрғыны 



120  мың  адам,  орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  шаққанда 



11,3 адамнан келеді (2010). Аудандағы 45 елді мекен 

1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген. 

Орт.  –  Жаркент  қ.  Ірі  елді  мекендері:  Жаркент  қ., 

Көктал,  Пенжім,  Елтай,  Үшарал,  Үлкеншыған, 

Алтыүй, Қоңырөлең, Алмалы а-дары. 

Аудан солт. және батыс жағында Кербұлақ ауд-мен, 

шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңт-нде Іле өз. 

арқылы Ұйғыр ауд-мен шектеседі. Солт.-батысында 

Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, 

солт.-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен 

шектелген. Ауданның ең биік жері – Мұзтау тауы 

(4370  м).  Оңт.-шығыста  аласа  таулы  Ақтау  тауы 

(883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (ша-

мамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жа-

нуарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтол. 

қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық 

паркінің қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер 

қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), 

көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, 

Сенім) және Жаркент артезиан алабында термальды 

су көздері бар. Климаты континенттік, қысы бірша-

ма жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық 

орташа темп-ра 8 – 10°С, шілдеде 20 – 24°С. Жауын-

шашынның жылдық орташа мөлш. 150 мм-ден (жа-

Пальгов мұздығы

Әулиеағаш



514

Петропавл

зық өңірде) 500 – 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін ба-

рады. Аудан жерінен Іле және оның салалары, Қор- 

ғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Бурақо- 

жыр (Борохудзир) өзендері ағып өтеді. Бірнеше ша-

ғын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құр- 

көл,  т.б.)  бар.  Топырағы  сұр,  сұрғылт  қоңыр,  боз-

ғылт  қоңыр,  шығысында  құмдақты  сұр  (жазық 

өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қо-

ңыр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, теріскен, ер-

кек шөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында 

қайың, қарағай, шырша өседі. Арқар, тауешкі, аю, 

барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан 

қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. 

А.  ш-на  жарамды  жер  аум.  648,0  мың  га,  оның 

ішінде егістігі 41,0 мың га, жайылымы 594,7 мың  

га,  шабындығы  19,3  мың  га  (2008).  Аудан  аума- 

ғынан респ. бағыныстағы жолдарға Қорғас – Жар- 

кент – Көктал – Сарыөзек және Қорғас – Көктал –  

Шонжы – Алматы жолдары қарайды. П. а-ндағы ав-

томоб. жолдарының ұз. 437 км.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет