Оңтүстік
1040 мектепте 529 мың, кәсіптік бағдар беретін 86
мектепте 73,1 мың оқушы білім алады. 12 жоғары
оқу орнындағы студенттер саны 2010 ж. 73,4 мыңды
құрады. Денсаулық сақтау саласында 2010 ж. 133
аурухана және 302 амбулаторлық емхана тіркелген.
Ондағы барлық санаттағы дәрігерлер саны 8,1 мың
болды. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш
минералды суына негізделіп ашылған «Сарыағаш»
шипажайы, «Арман» санаторийі, «Манкент» сана-
торий-профилакторийі, т.б. бар. Облыс аумағында
Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб,
Иасы, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 та-
рихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 архе-
ол., 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері;
дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Иасауи
кесенесі Түркістан қ-нда орналасқан. Бәйдібек ата
кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесе-
несі (Бәйдібек ауд.), Арыстан баб кесенесі (Отырар
ауд.), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі
(Созақ ауд.), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата
күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі
мен мұражайы (Ордабасы ауд.) бар.
ОҢТҮСТІк МАҢҒЫСТАу АрТеЗиАн АЛА-
БЫ – жер асты суы бар өңір; Каспийдің шығыс бө-
лігінде, шығыста Үстірт шыңына дейін, солт. Қара-
таудан (Маңғыстаудағы) басталып, оңт-те Түрік-
менстанға дейінгі аймақты қамтиды. Юра, бор, па-
леоген, неоген шөгінділерінен құралған алаптың
жалпы тереңдігі Қаратау маңы мен Түрікменстан
шегінде 1,5 – 2 км, алаптың орт-нда 5 – 6 км шама-
сында. Юра мен төм. бор қабаттарында қалыптас-
қан сулардың арыны күшті. Ұңғымалармен көзін
ашқанда жоғары көтеріліп, жер бетінен 20 – 90 м
биікке шапшып шығады. Бұл арадағы ең сулы қабат
жалпы қалыңд. 50 – 300 м болатын, түйіршікті құм,
құмтастардан тұратын альб-сеномен шөгінділерін-
де қалыптасқан. Ол шөгінділердегі сулар Қаратау
маңында және Беке-Басқұдық құрылымында 200 –
350 м, ойыс орт-нда 1200 – 1500 м тереңдікте жа-
тады. Осындай тереңдіктен ұңғымалар арқылы
алынған арынды судың өнімд. 10 – 20 л/с-тан 50 –
60 л/с-қа дейін жетеді. Қаратау мен Қарақия ма-
ңында оның минералд. 0,7 – 3 г/л болса, Жетібай,
Өзен мұнай кен орындары мен Түпқараған жерінде
10 – 30 г/л, ал ойыстың орт-нда 110 – 220 г/л-ге де-
йін жетеді. Ұңғымалар арқылы алынған сулар елді
мекендерді сумен қамтамасыз ету, жер суғару үшін
пайдаланылады.
Ор – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе обл-ның Мұ-
ғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұз. 314
км, су жиналатын алабы 18600 км
2
. О. Мұғалжар
тауының солт.-батысындағы бұлақтардан басталып
(Шилі, Терісбұтақ, т.б.), Орск қ. тұсында (Ресей)
Жайыққа сол жағынан құяды. Аңғары кең (1 – 3 км),
сағасына жақын тұста 18 – 20 км-ге жетеді. Арнасы
5 м, төм. ағысында 80 м-ге жетеді. Өзеннің ірілі-
ұсақты 14 саласы бар. Ірі салалары: Қамысақты,
Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суы-
мен толысады. Сәуірде тасып, су деңгейі 5 м-ге де-
йін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 4,05 м
3
/с-
тан (Қопа а. тұсында), төм. ағысында 13,0 м
3
/с-қа
дейін (Майлытөбе а. тұсында). Суы көктемде тұщы,
жазда кермек татиды. Өзен мал және егін суғаруға
пайдаланылады.
ОрАҚТҰМСЫҚ (Іbіdorhyncha struthersіі) – татрең-
тәрізділер отряды, қараала балшықшылар тұқым-
дасына жататын құс. Қазақстанда Солт. және Ба-
тыс Тянь-Шаньның биік таулы беткейлерінде, Іле
Алатауының Үлкен және Кіші шатқалында, Шелек,
Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғ. ағы-
сында кездеседі. Дене тұрқы 41 см, салм. 300 г-дай,
қанатының ұз. 22 – 25 см. Арқасы және жемсауы
сұрғылт келеді, кеудесінде қара жолағы бар. Орақ
тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті.
О. – отырықшы құс. Жеке жұптары ұсақ тастар ара-
сына шұңқырлап ұя салады. 3 – 4 жұмыртқаны ме-
киені мен қоразы кезектесіп басып, балапандарын
да бірігіп өргізеді. Негізінен ұсақ балықтармен және
әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. О-тың
жылдан-жылға саны азаюда, Алматы хайуанаттар
паркінде 4 жұбы қорғалады. Өте сирек кездесетін
құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ОрАЛ СЫрТЫ ҮСТІрТІ, Оңт. Оралдың шығыс
етегінде, Ресейдің Челябі және Қазақстанның Қос-
танай облыстарының жерінде орналасқан. Оралды
бойлап солт-тен оңт-ке қарай 400 км-ге созылады,
ені 200 км-ден астам. Палеогендік денудац.-ак-
кумулятты биік жазық. Үстіртті Тобыл өз-нің са-
лалары (Үй, Тоғызақ, Әйет, т.б.) жеке бөліктерге
бөлшектеген. Оралға іргелес бөлігінде биікт. 400
м-ден асады, оңт.-шығысқа қарай 300 м-ге дейін
аласарады. Еңіс жазықтың үстінде көптеген ұсақ
көл қазаншұңқырлары тараған. Климаттың кон-
тиненттілігі солт-тен оңт-ке және батыстан шы-
Орал сырты үстірті
Орақтұмсық
505
Орлов
ғысқа қарай арта түседі. Орташа жылдық жауын-
шашын мөлш. 300 – 400 мм. Қаңтардың орташа
темп-расы –16 – 18°С, шілдеде 18 – 20°С. Топырақ
жамылғысына қара топырақ пен қызғылт-қоңыр
топырақ тән. Суайрықтарды әр түрлі шөпті-селеу-
лі дала алып жатыр. Өзен аңғарларында астық тұ-
қымдас шалғын өсімдігі өседі. Солт. аудандарда,
әсіресе, шұқанақтарда қайың-көктерек ормандары
кездеседі. Қиыршықты-тастақты жерлерде түрлі бұ-
талар: ырғай, тобылғы, сайларда ұшқат, қандыағаш,
қарағаш өседі. Егістікке қолайлы жерлері жыртыл-
ған. Астықтан тұрақты мол өнім алынады. Үстірт
темір кен орындарына бай; қ. Қашар темір кені,
Лисаков темір кені, Соколов темір кені, Сарыбай
темір кені.
Ор АрТеЗиАн АЛАБЫ – жер асты суы бар өңір;
Ақтөбе обл-ндағы Мұғалжар тауының солт-нде, Ор
өз-нің сол жағында орналасқан. Арынды су тас кө-
мір және юра шөгінділерінде қалыптасқан. Тас кө-
мір әктастарындағы артезиан суы тұщы, 100 – 150 м
тереңдікте, өнімд. 15 – 22 л/с шамасында. Құмтас-
ты, көмірлі юра қабатындағы жер асты сулары 50 –
350 м тереңдікте орын алған. Өнімділігі аз, минерал-
дылығы алаптың жоғ. бетінде және шет жақтарында
0,5 – 2 г/л, төменде және алап орт-нда 2 – 5 г/л.
Алаптың артезиан суының тұрақты табиғи қоры 15
млрд. м
3
, қолданылмалы ресурсы 1,7 – 2 м
3
/с.
ОрдАБАСЫ АудАнЫ – Оңт. Қазақстан обл-
ның оңт-нде орналасқан әкімш.-аумақтық бөлініс.
1964 ж. құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауд. деп
аталып келді. Аум. 2,7 мың км
2
. Тұрғыны 102,3
мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге шаққанда 37,8
адамнан келеді (2010). Аудандағы 59 елді мекен 9
ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Темірлан а.
О. а-ның жер бедері жазық. Оңт. бөлігі солт-не қа-
рағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс
өз-нің салаларымен сай-жыраларға тілімденген.
Ауданның ең биік жері Қайнар а-ның шығысында
(383 м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигер-
циндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік
жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға
дейінгі жер қыртысы 1000 – 1500 м тереңдікте. Жер
қойнауынан құрылыс материалдары барланған.
Климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы
ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жыл-
дық орташа темп-расы –3 – 5°С, шілдеде 26 – 28°С.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 –
380 мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңт.-шығыс
бағыттан соғады. Орташа жылд. 3 – 5 м/с. Аудан ар-
қылы Арыс өз. мен оның салалары – Боралдай (оң
саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, т.б. ағып өтеді.
Ауданның орт. бөлігінде Бөген бөгені салынған.
Одан Арыс – Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің
оңт-н бойлай Арыс каналы жүргізілген. Жер асты
суы девон, тас көмір қабаттарында, 30 – 50 м терең-
дікте жатыр. Жер асты сулары 3 – 8 м, кейбір жер-
лерде 8 – 12 м тереңдіктегі палеоген-неоген қабатта-
рында кездеседі. Топырақ жамылғысында карбонат-
ты сұр, сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен
аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан.
Жерінде қияқ, қоңырбас, солт-нде боз жусан, көкпек,
сарсазан, баялыш, күйреуік тәрізді өсімдіктер өседі.
Ауданның солт-нде боз жусан, ши аралас эфеме-
роидті өсімдіктер бар. Дәрілік өсімдіктерден қара
меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), т.б. кездеседі. Ірі
елді мекендері: Темірлан, Төрткөл, Бадам, Бөген,
Қайнар, Қарааспан, Шұбар, Қарақұм, т.б. Аудан ар-
қылы Шымкент – Қызылорда т. ж. және Шымкент –
Түркістан – Қызылорда автомагистралі өтеді.
ОрдАТАу – Сарыарқаның шығысында, Шыңғыс-
таудың солт-ндегі шоқылы тау. Шығыс Қазақстан
обл. Абай ауд-ның орт. – Қарауылдан солт-ке қа-
рай 20 км жерде орналасқан. Ең биік жері – Орда-
тас тауы (1064 м). Солт-тен оңт-ке 25 – 30 км-ге
созылып жатыр. О. тас көмірдің граниті мен грано-
диоритінен түзілген. Беткейі көлбеуленіп, қырқалы
жазыққа ұласады. Климаты тым континенттік.
Жылына 250 – 300 мм жауын-шашын түседі. Жусан,
бетеге, тобылғы, қараған өседі. Баурайы мен бетке-
йі – мал жайылымы.
ОрҚАШ – Сыпсыңағаш қолатының орта тұсындағы
тұзды көл. Қостанай обл. Қостанай ауд. Орқаш а-
нан шығысқа қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен
202,0 м биіктікте орналасқан. Аум. 16,34 км
2
, ұз. 5,9
км, енді жері 3,8 км, жағалауының ұз. 18,7 км. Көл
түбі тегіс, жағалауы жарқабақты. Оңт. бөлігі жай-
пақ, батпақты, қамыс, құрақ өседі. Жауын-шашын,
жер асты суларымен толығады. Көктем кезінде
шарасынан шығып, төңірегіндегі (оңт-нде) шағын
көлдермен бірігіп кетеді. Көл түбіне шөккен тұзды
көне заманда жергілікті халық бұл көлден тұзды өз
қажетіне өндіріп келді.
ОрЛОв МЫС кенІ, Шығыс Қазақстан обл-нда,
кенді Алтайдың солт.-батыс бөлігінде орналасқан.
1959 ж. ашылған. Жезкент кен байыту комб-ның
Аудандағы жазық дала
Сыпсыңағаш қолатындағы Орқаш көлі
506
Ортасу
кенді базасы. Кенді алаң ортаңғы және жоғ. девон
кезеңінің шөгінді жыныстары мен орта тас көмір
жыныстарынан тұрады; құрылымы қаңқалы-блок-
ты. Кен орнын Негізгі және Жаңа деп аталатын
екі шоғыр құрайды. Негізгінің құрамына бірінші,
екінші, үшінші кен денелері енеді. Жаңа кен шо-
ғыры батысқа қарай орналасқан. Кен денелерінің
пішіндері қабатты-линзалы болып, 100 м-ден 1100-
ге дейінгі тереңдікте жатыр. Кен аумағының 50%-
ын тұтас массивті кендер құрайды. Кеннің басты
құраушылары: Cu, Zn, Pb, S, Ba, қосымша Au, Ag,
Cd, Hg, As, Sb, Se, Te, Tl. Басты минералдары: пирит,
халькопирит, сфалерит, галенит, т.б. Минералдар
210 – 580°C шамасында кристалданады.
ОрТАСу – Іле алабындағы құрғақ арна. Алматы
обл. Балқаш ауд. жерімен ағады. Ұз. 184 км.
Шетбақанас өз-нің сол тармағы. Сарыесік түбегі
тұсында Балқаш көліне құяды. Арнада көктемде
қар суынан болатын ағын жазда тартылып қалады.
Әрқайсысының ұз. 10 км-ге жетпейтін 9 саласы бар.
Алабы мал жайылымына пайдаланылады.
ОрТАТАу – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңт-нде-
гі тау. Асы және Шілік өзендері аралығында. Ал-
маты обл. Еңбекшіқазақ ауд-нда орналасқан. Оңт.-
шығысында Долантау тауымен жалғасады. Абс.
биікт. 2033 м, ұз. 25 км, енді жері 7 км. Қайшы
қонысына қараған беткейі тік жарлы. Оңт-нде-
гі беткейлері көлбеу. Біртіндеп төмендей келе
(1300 м-ге дейін) Долантау беткейлеріне қарай
қайтадан жоғарылайды. Шығысының тауаралық
аңғары арқылы Бурақожыр (Борохудзир), оңт-
нде Ұзынсу өзендері ағып жатыр. Палеозойдың
2-жартысында герцин тау жасалу кезеңінде пайда
болған. Геол. жыныстары, көбінесе метаморфтық
құмдауыттан, кристалды тақтатастан, туфтан тұ-
рады. Беткейлерінде пролювийлі-делювийлі тау
жыныстары кездеседі. Беткі жабынында плейс-
тоцен кезеңінің кремнийлі-сазды тақтатастары,
саздар мен малтатастар кең тараған. Климаты қо-
ңыржай белдеудің тұран континенттік облысына
жатады. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы
–12 – 16°С, шілдеде 16 – 24°С, жылдық жауын-ша-
шын мөлш. 400 – 600 мм. Беткейлері қызғылт қоңыр
топырақты, 1000 м-ден жоғарыда қара топырақ бас-
талады. Өсімдік жамылғысында жусан мен бетеге,
биік жерлерінде селеу, қара топырақты белдеуінде
тау шалғыны өседі, жемісті бұталар да кездеседі.
ОрТАТенТек – Алакөл алабындағы өзен. Алматы
обл-ның Сарқант, Алакөл аудандары жерімен ағады.
Ұз. 93 км, су жиналатын алабы 1670 км
2
. Бастауын
Шығыс Жетісу Алатауының солт. беткейіндегі мұз-
дықтардан алып, Изенді а-нан батысқа қарай 10 км
жерде Тентек өз-не құяды. Арнасы тік шатқалдар
арасымен өтеді. Ағыны қатты, суы мол. Мұздық
және жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық
орташа су ағымы Бибақан а. тұсында 22,8 м
3
/с.
ОрТАу – Сарыарқаның оңт-ндегі аласа тау мас-
сиві. Қарағанды обл. Шет ауд. Ағадыр кентінен ба-
тысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Абс. биікт.
1068 м. Солт-тен оңт-ке қарай 40 – 45 км-ге созы-
лып жатыр, енді жері 12 – 15 км. Жоғ. палеозойдың
гранит жыныстарынан түзілген. Суайрық жотаны
және етектерін көктемде ғана ағын болатын кіші-
гірім өзендер (Құрманақа, Сұлуманақа, т.б.) қатты
тілімдеген. Топырағы құнарсыз, қиыршақтасты,
тұзды, сортаң. Шөлейттік жусан, сораң шөп, бетке-
йінде бетеге өседі.
ОТЫрАр АудАнЫ – Оңт. Қазақстан обл-ның ба-
тысында орналасқан әкімш.-аумақтық бөлік. 1935 ж.
құрылған. Жер аум. 18,1 мың км
2
(облыстың 15,4%-
ын қамтиды). Тұрғыны 57,8 мың адам, орташа ты-
ғызд. 1 км
2
-ге 3,2 адамнан келеді (2010). Аудандағы 43
елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген. Аудан
орт. – Шәуілдір а. Ірі елді мекендері: Шәуілдір,
Темір, Көксарай, Арыс, Балтакөл, Маяқұм, т.б. Ау-
дан аумағында көне калалар мен қорған орында-
ры көптеп кездеседі. Әйгілі «Арыстанбаб» кешені
осы ауданда орналасқан. Аудан жері негізінен жа-
зық. Оның басым бөлігін Қызылқұм құмды алқабы
және Сыр өз-н бойлай жатқан Шардара даласы
алып жатыр. Ауданның биік жері Қарақтау жо-
тасында (Қарамола тауы, 388 м). Ол оңт-тен
солт-ке қарай доғаша иіліп 50 км-ге созылып жа-
тыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет,
Дүйсебай, Дәуренбек, т.б.) мен мал жайылымына
қолайлы қоныстар (Алтынжал, Үрме, т.б.), қыстау-
лар (Есенгелді, Босаға, Орынбай, т.б.) көп. Қарақтау-
дың батысын және Қызылқұмның шығысын сек-
сеуілді тоғай көмкерген. Ауданның жер қыртысы
Ортау тауының жартастары
Жусанды дала
507
Өгем
Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан
түзілген. Оның бетін төрттік жүйенің аллювий-
лі шөгінділері жапқан. Жер қойнауынан құрылыс
материалдары барланған. Ауданның қысы жұмсақ,
қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы
–3 – 5ºС, шілдеде 27 – 29ºС. Жауын-шашынның
жылдық орташа мөлш. 170 – 300 мм. Желдің басым
бөлігі оңт-тен және оңт.-шығыстан соғады. Оның
жылдық орташа жылд. 4 – 6 м/с. Аудан арқылы
Сырдария және оның оң саласы Арыс өзендері ағып
өтеді. Солт-нде жазда құрғап қалатын шағын тұз-
ды көлдер (Ұзынқұдық, Арыстанды, т.б.) мен бат-
пақты (Шошқакөл) жерлер кездеседі. Арыс өз-нен
Арыс каналы және бірнеше шағын тоғандар тар-
тылған. Жер асты және грунт сулары 2 – 5 м те-
реңдікте (Сырдария, Арыс өзендері аңғарында),
Қызылқұм өңірінде 5 – 8 м, кейде 8 – 12 м терең-
дікте кездеседі. Артезиан сулары палеоген-неоген
қабаттарында 30 – 50 м, кейде 80 м тереңдікте жа-
тады. Ауданның топырақ жамылғысы негізінен сұр
топырақты, Сыр және Арыс өзендері аңғарында
шалғынды сұр, Қызылқұмда құмдауытты сұр то-
пырақ қалыптасқан. Оларда шөлге тән баялыш,
күйреуік, теріскен, көкпек, құмды өңірлерде сек-
сеуілді тоғай, өзен аңғарларында шілікті-жиделі
тоғай қалыптасқан. Құмтөбелер арасындағы грунт
суы жақын жатқан жерлерде шұраттар кездеседі.
Дәрілік өсімдіктерден дәрмене жусаны (Арыс өз.
аңғарында) қара меңдуана, тұмаршөп өседі.
ОШАҒАн (Agrіmonіa) – раушангүлділер тұқымда-
сына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда
тау баурайларында, жазғытұрым су жайылған жер-
лерде, жол жиегінде, бақтарда, қарағайлы және
жаңғақты ормандардың арасында өсетін 2 түрі
(азия О-ы және түкті О.) кездеседі. Олардың биікт.
25 – 140 см. Тамыры жуан, сабағы тік өседі, оның
сыртын безді түк жапқан. Қауырсын тәрізді тақ
жапырақтарының жиегі тілімденіп келген, олар са-
баққа қарама-қарсы орналасады. Тостағанша, күлте
жапырақшаларының саны – бесеуден. Сары түсті,
бес тілімді гүлдері ұзын шашақ гүлшоғырына топ-
талған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс
салады. Жемісі – сыртын ширатылған қыл жапқан
жаңғақша. Жемісі піскенде адамның киіміне және
жануарлардың жүніне жабысады. Оның құрамында
илік және бояғыш (сары түсті) заттар бар. О. дәрілік
өсімдіктерге жатады.
ӨГейШӨП (Tussіlago) – күрделігүлділер тұқым-
дасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өзен жа-
ғалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топы-
рақты жерде өсетін 1 түрі – к ә д і м г і Ө. (T. farfara)
бар. Оның биікт. 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі.
Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр күрең
түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті
гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында же-
тіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшо-
ғыры – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр –
маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек.
Ө-тің жапырағының құрамында глюкозид, эфир ма-
йы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы бола-
ды. Халық медицинасында Ө-ті Гиппократ пен
Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны
қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингит-
ті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге
пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді.
Гүлінен ара бал жинайды.
ӨГеМ, У г а м – Тянь-Шань тау жүйесінің баты-
сындағы тау жотасы. Қазақстан және Өзбекстан
Республикалары шекарасын бойлай солт.-шығыстан
оңт.-батысқа қарай 110 км-ге созылған, енді жері
30 км-дей. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м).
Оңт.-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбек-
стан) тіреледі. Төм. тас көмірдің әктас, құмтас жы-
ныстарынан түзілген. Жер бедері әр түрлі; төм.
шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлау-
Өгем жотасы
Ошаған
508
Өжір
ларында бұлақ, бастаулар мол. Жатық беткейлі кең
өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай
біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар,
биік құздар мен үшкір шыңдарға алмасады. 3000 м-
ден жоғарыда жер бедерінің альпілік пішіндері
тараған. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр.
Оңт. Қазақстан обл-ның Қазығұрт, Төле би аудан-
дары аумағына Ө. жотасының солт. мен оңт.-баты-
сы кіреді. Құмкезең, Жалтыр, Көнекті, Жетіүңгір,
Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталары-
нан, Тұрпақбел, Майдантал асуларынан тұрады.
Ө-нің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-
Жабағылы қорығы орналасқан. Тау жоталары сай-
жыралармен, өзен аңғарларымен тілімденген. Тау
мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары
Майдантал, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау
алады. Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топы-
рағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта
аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде арша
түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі.
ӨЖІр, щ у р о в с к и я (Schtschurovskіa) – шатыр-
шагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық
өсімдіктер. Қазақстанның қиыршықтасты тау бет-
кейлерінде, жартастарда және шөгінді жерлерде
өсетін 2 түрі кездеседі, оның біреуі Қаратаудың
эндемигі болып саналатын – маргарита Ө-і (S.
margarіtae), биікт. 30 см-дей. Білеуленген тамыры
тереңге жайылады. Сабағы түп жағынан бұтақталып
шығады да, жоғары қарай өскен сайын қисая бе-
реді. Жапырақтары қысқа сағақты, қауырсын тә-
різді тілімденген. Гүлшоғыры – ұзынды-қысқалы
10 сәулелі бөліктен тұратын шатырша, онда 8 – 15-
тей гүлдері орналасады. Дәл ортасындағы жеміс
салатын гүлі қос жынысты болады, оның сыртын
аталық гүлдері қоршап жатыр. Күлтелері ақ түсті.
Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шіл-
деде жеміс салады. Жемісі ұзынша, цилиндр тәрізді,
ұз. 3 мм-дей. Маргарита Ө-і – өте сирек кездесетін
өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара
жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ӨЗен МҰнАй-ГАЗ кенІ, Маңғыстау обл. Жа-
ңаөзен қ-нан оңт-ке қарай 12 км, Ақтау қ-нан оңт.-
шығысқа қарай 150 км жерде. Аймақтық геол.-гео-
физ. жұмыстар 1953 – 56 ж. жүргізілді. Терең бұрғы-
лау жұмыстары 1960 ж. басталып, 1962 ж. кен орны
ашылды. Кен орны жергілікті (локальды) көтерілім
және күмбездер (Негізгі және Орт., Хумурунск,
Ақсай, Солт.-батыс, Шығыс Парсумурунск және
Парсумурунск, Шығыс және Батыс Қарамандыбас)
қатарымен күрделіленген батыс, солт.-батыс созы-
лымның ірі брахиантиклинальдық қатпарына жата-
ды. Жоғ. бор (сеноман сатысы), төм. бор (альбтік,
аптық сатылары) және неоком, төм. және ортаңғы
юралық (келловейлік, баттық, байостық, аалендік
сатылары) түзілімдердің өнеркәсіптік өнімділігі
анықталған. Өнімді қабат 1500 м-ге жетеді. Бор
кешенінде тау жынысы 12 газды, юра қабатында
13 газды және мұнай-газды горизонтқа бөлінеді.
Өнімді горизонттардың басым бөлігі көп қабатты.
Тұтқыш типі бойынша шоғырлар әр түрлі (көбі-
несе қабатты, дөңесті). Коллекторлары кеуекті,
литол. тұрғыдан құмтастар мен алевролиттерден
құралған. Газды горизонттардың ашық кеуектілігі
26,8 – 30,6%, өткізгіштігі 0,2 – 0,4 мкм
2
. Өнімді
горизонттардың жабын қалыңд. 2 – 60 м болатын
саздардан тұрады. Мұнайға қаныққан коэфф. 0,53 –
0,73, газға қаныққан коэфф. 0,5 – 0,6. Бастапқы қа-
бат қысымы 11,2 – 19,35 МПа, темп-расы 57 – 84°С,
тығызд. 0,844 – 0,874 г/см
3
. Мұнай құрамындағы
күкірт 0,16 – 2%, парафин 16 – 22,6%, шайыр 8 –
20%-ды құрайды. Еріген газ құрамы бойынша ор-
таңғы юра шоғыры ауыр көмірсутектерден (40 –
49%) тұрады, азот және көмір қышқыл газы бар.
Газ телпектерінің бос газ құрамы әдетте ауыр, этан
құрамды және ауыр көмірсутектер көп мөлшерде
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |