I.Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде
қойылысы.
II.Сөз таптары және олардың классификациясы.
III.Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
I.Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде қойылысы.
Нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сәздерді сөз таптарына
топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет.
Тіл білімінде ертеден бастап,сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер,көмекші
сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы бар.
Олардың әрқайсысы нда толық мағына бар және сөйлемде өздігінен дербес мүше
ретінде қызмет атқара алады.
Атауыш сөздердің қатарына зат есім ,сын есім ,үстеу,етістік және шартты
түрде сан есімдер мен есімдіктер жатқызылып жүр.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі қөзқарастар мен
байымдаулар бар.
Олардың бірі бойынша ,сөз таптары сөздердің лексика – грамматикалық
мағынасы бойынша ажыратылады.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп
қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері,атап
айтқанда,семантикалық,морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша
топталып,тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді.
Бірсыпыра зерттеушілер тарихитұрғыдан сөз таптарын сөйлем
мүшелерімен байланыстырады.Бұл мәселе жайында
акад.И.И.Мещанинов Сөйлем мүшелері мен сөз таптары деген
салыстырмалы типологялық зерттеуінде былай деп жазды: “Зат есім
өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүшеболуымен бөлініп шығады”.
А.А.Потребня былай деп жазады:”Тілдердің тарихында зат және
белгінің атын ажырататын сын есім мен зат есімнің арасындағы
айырмашылық о бастан емес .Сын есімдер зат есімдерден туған,яғни әр
түрлі индоевропа тілдерінде азды- көпті айқын іздер мен деректер
қалдырылған,сапа –қасиет тек қана нақтылы ,тек қана зат ретінде
ұғынылған кездер болған”.
В.М.Жирмунский индоевропа тілдерінің көп дәуірінде зат есімдер мен
сын есімдердің жігінің ажыратылмағандығын есім негіздерінің ортақ
болуы ,есімдердің септелу формаларыныңбірдей болуы және т.б
жайындағы деректерді келтіре отырып дәлелдейді.