1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы Мектепке дейінгі бала проблемаларымен айналысып жүрген шетел психологтарының ішінде Ж.Пиаженің орны ерекше. Алайда ол мектепке дейінгі баланың тұлғалық даму ерекшелігіне арнайы еңбек арнамаған, оның зерттеулеріне осы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған көптеген материалдар бар. Ж.Пиаже зерттеулерінен біз, тіпті арнайы қалыптастырып жазбаса да, осы жастың теориясын кездестіреміз. Бұл теория Ж.Пиаже енгізген ойлау және әрекеттің даму тұжырымдамасымен тығыз байланысты.
Бір жасар баланың өміріне арналған еңбекте Ж.Пиаже нәрестеге абсолютті (таза) эгоцентризм тән дейді, оған біз «бірінші жылдағы сотциолизм» деп анықтама беріп жүрміз. Ж.Пиаженің ойынша, балада әлеуметтік өмір мен логикалық ойлау жүйесі кеш дамиды, тіпті мектепке дейінгі жастан соң дамиды. Абсолютті солипсизмге әлеуметтендірілген логикалық ой мен мектепке дейінге тілдік қатынасқа арнайы әлеуметтік формаларға дейінгі аралық буын жатады.
Аутизм мен логикалық ойлау екі полюстен құралады: бірі — таза жеке-даралық, екіншісі — әлеуметтік нүкте. Мектепке дейінгі кезең, Ж.Пиаженің көзқарасы бойынша, осы екі полюстің аралығында болады. Осы кезеңде ересектердің әлеуметтік әрекет пен логикалық ойлауын нәрестенің алғашқы аутистикалық ойлауы мен әрекеті ығыстыра бастайды, Мектеп жасына дейінгі балаға тән бүл аралық жағдайды Ж.Пиаже эгоцентризм деп атаған, ол солипсизмнің басы мен әлеуметтене бастаудың арасындағы өзіндік салыстыру болып табылады.
Сондықтан, Ж.Пиаженің пікірінше, эгоцентризм деңгейін баланың бір полюстен екінші полюске өту барысындағы жетістігімен өлшеу керек. Эгоцентризм деңгейі қаншалықты жоғары болса, жолдың алғашқы нүктесіне соншалықты жақын және керісінше.
«Біз баланың ойын эгоцентристік деп атағанбыз, — деп жазды Ж.Пиаже, — себебі бұл ой әлі де болса өз құрылымы түрғысынан аутистикалық болып табылады, бірақ оның қызығушылығы жай ойын қажеттілігінен тумаған, аутизмдегідей емес, керісінше, ой сананың қалыптасуына бағытталған, яғни ересек адамдардың ойлары іспетті .
Ж.Пиаже мектеп жасына дейінгі баладағы эгоцентризмнің себебі әрекеттің негізінен шығады деп түсіндіреді. Ол былай деп жазады: «Дегенмен, генетикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, баланың ойы баланың әрекеті тұрғысынан түсіндіріледі. Ол әрекет, сөзсіз, эгоцентрлік және эгоистік сипатта болады. Әлеуметтік инсгинкт айқын түрде кейінірек дамиды. Бұл тұрғыдан келгенде алғашқы қолайсыз кезеңді 7—8 жас аралығында қарастыруға болады. Сол себепті Ж.Пиаже эгоцентризмнің тамырын баланың әлеуметтік емес және эгоцентристік, эгоистік сипаттағы әрекетінен іздейді. Ж.Пиаже мектепке дейінгі баланың негізгі әрекетінен ойынды көрсетеді. Ж.Пиаженің ілімі бойынша, дәл мектепке дейінгі жаста бала бір мезгілде екі ортада — ойын мен шынайы болмыста өмір сүреді.
Бұл кезде бала үшін шынайы болмысқа қарағанда ойын шындыққа сәйкес келеді. «Сондықтан болса керек, бала ойынында тәуелсіз шындық өмір мағынасы бар екенін мойындау керек, нағыз шынайылық бала үшін шындыққа сәйкес келмесе керек».
Сонда бала шынайы екі түрлі әлемде, екі түрлі ортада өмір сүреді. Бұл орталардың бір-бірімен күресуі баладағы әуел бастан бар биологиялық аутикалық шеңбердің — «мәңгілік балалықтың» оған сырттан таңылатын әлеуметгік, логикалық пен күресі болып табылады. Пиаженің мектепке дейінгі балалар туралы тұжырымдамасы жалпы алғанда осындай сипатта.
Ж.Пиаженін баланың дамуы туралы, негізінен мектеп жасына дейінгі баланың ерекше дамуы туралы, көзқарастары 1930 жылдардың басында Л.С.Выготскийдің (1983, 3-том, 145—146-6) сынына ұшыраған болатын. Ең алдымен Ж.Пиаженің баланың дамуы аутизмнен әлеуметтікке өтеді, ал бала алғашқы даму сатысында өз-өзімен тұйықталған және ересектердің әлеуметтік әлемінен алшақ жатқан тіршілік иесі деген болжамын дұрыс болжам ретінде қабылдауға болмайды. Алайда деректер баланың өмірінің өте ерте кезеңінен бастап ересек адамдармен өте тығыз байланыста болатынын көрсетеді. Баланы қарайтын ересектердің ерекшеліктерін (адамның бет әлпеті мен даусы) бала 2 айға толғанда қабылдай бастайды. Қолда бар эксперименттік деректер бойынша сыртқы әлемге бағытталған ізденімпаздық әрекет өте ерте пайда болады және бала өмірінің бірінші жылдарында қарқынды түрде дамиды.
Ішкі әлем, өзіндік қалау әлемі бала үшін сырты әлемге қарағанда сәл кейінірек қалыптасады. Бұл баланың ересектермен қарым-қатынасы негізінде пайда болады, оған дейін болмайды.
Ж.Пиаженің баланың алған әлеуметтік емес дамуына Л.С.Выготский баланың әлеуметтігін қарама-қарсы қойды, бала әлеуметтіктен жеке-даралыққа қарай дамиды.
Алайда Л.С.Выготскийдің бүл пікірі тек алғашқы бөлім бойынша дұрыс. Бала өзінің балалық дамуы барысын әлеуметтік сипатқа ие. Бала қоғаммен тығыз байланыста бола тұрып, біртіндеп қоғамнан оңашалана бастайды, қоғаммен байланыс тұлға мен сана-сезімнің қалыптасу шамасына қарай әлсірей береді. Қоғамдық іс-тәжірибені үйренуге қатысты өз бетінше әрекет етудің әрбір сатысы қоғаммен байланысты әлеуметтенудің әлсіреуі емес, ол тек оның формасының өзгерісін ғана көрсетеді. Бала өзінің әрбір даму сатысында қоғамның мүшесі болып табылады және қоғаммен өте тығыз байланыста өмір сүреді. Бүндай байланыссыз баланың өмір сүруі мүмкін емес. Баланың тек қоғамдық жүйедегі орны, қоғаммен байланыс сипаты ғана өзгеріске түседі.
Ойын — мектеп жасына дейінгі баланын негізгі әрекет түрі. Бұл жерде Ж.Пиаженің мына бір пікірімен келіспеуге болмайды: ойын — эгоцентристік-эгоистік әрекет, ерекше әлем, бала онда ересектердің талабы мен шынайы өмірінен алшақ кетуге тырысады. Керісінше, ойын (мектеп жасына дейінгі балаға тән формада) өзінің шығу төркіні мен мазмұны жағынан әлеуметтік сипатқа ие. Ойын «символизмі» (оны арқау ете отырып Ж.Пиаже оның эгоцентрлік сипатын дәлелдеуге тырысқан) — баланың адам әрекетінің заттық мазмүнынан ересектердің әлеуметтік өміріне енуге тырысқанын көрсететін көрсеткіш.