Ойынның мақсаты: ойынның талабына сәйкес сан алуан қимыл-әрекет орындауға дағдыландыру.
Керекті құралдар: кішкентай тақтайға орнықты етіп орнатылған 2 кішкентай жалауша.
Мазмұны. Ойыншылардың таңдауымен екі капитан сайланады. Қалған ойыншылар ат қою арқылы екі командыға бөлінеді. Алдын ала келісім бойынша ойын алаңы екі «қалаға» бөлінеді. Әр команда өздерінің «қалаларының» арнаулы бір шетіне жалаушаларын тігіп қояды.
Жалаушаны күзететін «қорғаушылар» жалаушалардың маңайында екіден тұрады. Қарсыластарының жалаушасын алып қашып әкелетін «шабуылшылар» ортаңғы сызыққа жақын жерде жүреді.
Ойын белгі берілгенде басталады.
Шабуылшылардың міндеті – жалғыз жүріп, қарсыластарының жалаушасын алып қашып, өзінің қаласына алып кету, ал қорғаушылардың міндеті – уақытында қарсыластарының шабуылшыларын көріп, оларды екеулеп қоршап, қолдарымен екі жақтан ұстау. Ұсталған ойыншы ойыннан шығып, қаланың шетіндегі арнаулы «тұтқынға түскендердің» орнында тұрады.
Ойында қарсыласының жалаушасын алған немесе тұтқынға шабуылшыларды көп түсірген команда жеңеді.
Ойынның ережесі.
1. Қолға түскен шабуылшыға қорғаушылардың қолынан бұлқынып шығып кетуге болмайды.
2. Қорғаушыларға шабуылшыларды қолмен ұстауға болмайды. Тек екеулеп, қолдасып ұстау керек.
3. Ұсталғандар ойыннан шығып тұрады.