Ойынның мақсаты: жан жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету



бет5/10
Дата05.04.2022
өлшемі67,35 Kb.
#29995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кедергілер арқылы жарыс. 

Ойынның мақсаты: шамалары жететін кедергілерден қаймықпай секіріп өтуге үйрету. 
Керекті құралдар: 2 гимнастикалық орындық, гимнастикалық 2 кішкентай және 2 үлкен ат. 

Мазмұны. 

Оқушылар екі командаға бөлінеді. Әр команда тағы екі топқа бөлініп, залдың екі жағына барып, бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады. 
Залдың ортасына, балалардан 6-8 м қашықтықта, екі жерден алдымен кішкентай ат, содан кейін үлкен ат, соңында гимнастикалық орындықтар қойылады. 
Мұғалімнің белгісінен кейін бір жақта тұрған екі команданын да бірінші ойыншысы жүгіріп келіп, кішкентай аттан секіреді, үлкен аттың бауырынан өтеді, орындықтың үстімен жүгіріп келіп қарсыда тұрған екінші топтағы бірінші баланың қолын соғып, сол топтың соңына барып тұрады. Олар да алдындағы кедергілерді керісінше өтіп, алдыңғы топқа барып тұрады. 
Ойын осылай жалғасып, ойынды бастаған бала орнына қайта барғанша жүреді. 
Қай команда ойынның ережесін бұзбай, ойынды бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. 
Ойынның ережесі. 
1. Кедергіден өтіп келген ойыншының қолы қолға тигенде ғана жүгіру керек. 
2. Бойы аласа ойыншыларға кішкентай аттан секірмей, бауырынан өтуге болады. Олардың саны екі командада бірдей болуы қажет. 
3. Кедергіден дұрыс өтпеген ойыншыға ескерту беріледі. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Командаға бөлгенде ойыншылардың қимыл-қозғалыс шамалары бірдей болуын қадағалау қажет. Әр команданың киімдері бөлек болмаса, ережелерді қадағалау төрешілер үшін қиынға түседі. 
Кедергілерді жағдайларына қарай өзгертуге болады. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 

Бұл ойын күнделікті кездесетін қарапайым кедергілерден тайсалмай өтуге, батыл, қажырлы болуға балаларды жаттықтырады. 
Тепе-теңдікті сақтап, епті болуға дағдыландырады. 
Қауым алдында өзінің жасаған әрекетіне жауап беруге үйренеді.

Қай команда допты ұзақ ұстайды. 

Ойынның мақсаты: допты бір-біріне қарсыластар арасында жүріп дәлдеп лақтырып, қағып алуға үйрету. 
Керекті құралдар: волейбол добы. 

Мазмұны. 

Ойын баскетбол ойынына арналған алаңда өтеді. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Араларынан капитан сайланады. 
Мұғалім ортадағы сызықтың үстінде тұрып, командалардын екі ойыншысы арасынан допты жоғары лақтырып ойынды бастайды. Қай команда ойыншыларына доп бірінші тисе, солар бір-біріне допты екі қолмен лақтырып, қағып алып, өздерінде неғұрлым ұзақ уақыт ұстап тұруға тырысады. 
Егер қарсылас команда ойыншылары допты қағып алса, өздеріне бір ұпай жинайды. 
Осылайша әр команда допты неғұрлым ұзақ ұстауға әрекеттеніп, ойын келісім бойынша белгіленген уақытқа дейін жалғасады. 
Ойынның соңында қай команда ойыншылары допты көп уақыт ұстаса немесе көп ұпай жинаса, солар жеңіске жеткен болып саналады. 

Ойынның ережесі. 

1. Доппен 3 қадамнан артық жүруге болмайды. 
2. Доп ұстаған балаға қол тигізуге болмайды. 
3. Бір ойыншыға допты қатй-қайта беруге болмайды. 
4. Допты басқа командадан алған сайын капитандар айғайлап санын айтып тұрады. 
Әдістемелік нұсқаулар. 

Сыныптағы оқушылар көп болса, 4 команда құрып, алаңның екі жағында екі командадан ойынды ұйымдастыру керек. 
Мұғалім тек уақыт пен ұпайлар санын бақылайды. 
Көмекшілері ойыншылардың ойын ережелерін дұрыс сақтауын қадағалап тұрады. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Бұл ойын сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығын нығайтады. Доппен жаттығу жасау деңгейін көтереді. Тар жерде айналаны тез бағдарлап, өз жақтастарына допты дәлдеп лақтыруға жаттығады. 
Көп адам әрекеттенетін жерде зейінін шашыратып алмай, жинақыланып, өзін-өзі меңгеруге дағдыланады. 

Төрт баған

Ойынның мақсаты: доп соғу мен тез бұлтарып жүгіру арқылы жеке басының қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйлестіруге үйрету. 
Керекті құралдар: кішкентай резеңке доп. 

Мазмұны. 

Балалар араларынан екі капитан сайлайды. Қалған ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда сөре сызығында тізбектеліп тұрады. 
Екінші команданың балалары ойын алаңында бытырап жүреді. 
Алаңның төрт жеріне ара қашықтықтарын 8-10 м етіп, биіктігі 1,5-2 м төрт баған қойылады. 
Сөре сызығының үстінде тұрған бірінші ойыншыға доп береді. Ойын басталуға белгі берілгеннен кейін осы ойыншы неғұрлым алаңның алыс шетіне допты бір қолмен соғады да, өзі тез жүгіріп, төрт бағанға да қолын тигізіп, қайта сөре сызығына жүгіріп келеді. 
Егер үлгерсе, командасына бір ұпай әкеледі. 
Алаңда тұрған ойыншылар соғылған допты тез ұстап алып, бағандарды айналып жүрген ойыншыны доппен соғулары керек. Жүгіріп жүрген бала доптан қашып бір бағанның қасына тұра қалса, оны соғуға болмайды. 
Ойыншы үлгермей қалып, оған доп тисе, командалар орындарын тез ауыстырады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. 
Ойынды белгілі бір уақыттың ішінде қай команда көп ұпай жинаса, солар ұтады. 
Ойынның ережесі. 

1. Алаңдағы ойыншы доп алаңда болғанда бағандардың арасымен жүгіре алады. Допты соғатын екінші балаға бергенде жүгіруге болмайды. 
2. Бағаннан ұстап тұрған ойыншыны соғуға болмайды. 
3. Басқа немесе аса қатты соққан ойыншыны ойыннан шығып кетеді. 
4. Алаңда тұрған ойыншылар бір-біріне допты лақтырып беріп тұрады. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Басқа да эстафетадағыдай бұл ойынға сыныптағы ұлдар мен қыздар бірдей қатысса, өте қызықты өтеді. 
Мұғалім сырттай бақылап, төрешілікті балалардың өздеріне беріп, ойынға басшылық жасауға үйретіп отыруы қажет. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Баланы ойын барысында туындайтын сан алуан жағдайларда шұғыл қимыл-әрекет жасауға үйретеді. Батыл, епті қимыл-қозғалыста болуға дағдыландырады. 
Допты өзі қалай соқса, солай қимыл-әрекет жасауға жағдай туатынына көзі жетіп, батыл, епті қозғалуға жаттығады. Өзінің шамасын анықтап, күш қуатын, шапшаңдығын, төзімділігін арттыруға тырысады. 

Бес-бестен шабуылға шығу. 

Ойынның мақсаты: баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін қарапайым ережемен жетілдіру. 
Керекті құралдар: баскетбол добы, ысқырық. 

Мазмұны. 

Сыныптағы оқушылар бес-бестен бөлінеді. Әр бестіктің капитандарын сайлайды. 
Баскетбол алаңына бірінші үш бестіктің ойыншылары шығады. Бірінші бестік алаңның дәл ортасында тұрады. Қалған бестіктің балалары екі шығыршықтың астында шашырап тұрады. 
Ойындыбастауға берілген белгіден кейін ортадағы бесбалалар қолдарындағы допты бір-біріне лақтырып, бір шғыршық түсіруге тырысады. Егер түсіре алас, ойынды қайта ортадан бастайды. 
Допты шығыршыққа жеткізбей басқа топтың ойыншылары қағып алса, олар қарсы шығыршыққа қарай шабуылға кетеді. Онда ортадағы бестіктің ойыншылары олардың орнына барып шығыршықты қорғайды. 
Ойын осылай бестіктер алаңның бөлінген жерлерінде алмасып тұрып, допты шығыршыққа неғұрлым көп түсіру үшін шабуыл жасап жалғаса береді. 

Ойынның ережесі. 

1. Доппен 3 қадамнан артақ жүруге болмайды. 
2. Асықпай қасындағы ойыншыларға допты жиі беріп, шығыршық жақындау керек. 
3. Орын алмасуды кешікпей уақытында орындап отыру қажет. 
4. Бір-бірін итеріп, қолдарындағы допты тартып алуға болмайды. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Егер мектеп алаңында шағын баскетбол бағаны меншығыршығы болмаса, онда төменгі сынып оқушылары допты шығыршыққа емес, қалғанға ғана соғып ойнауға болады. 
Ойыншылар киімдерінің түсі әр командада әр түрлі болу қажет.Мұғалімнің қасында 2-3 көмекшісі болғаны абзал. 

Ойынның педагогикалық мазмұны. 

Оқушылар спорт ойыннын қалай ұйымдастыру керек екенін практика жүзінде көріп, спорт әлемінің талап-ережелерімен танысады. 
Үлкен спортқа жақындағанын сезініп,өздерін спортшы қатарына қоса бастайды. Спорттағы достық қарым-қатынас деген мағынаның мазмұнын түсіне білетін болады. 

Эстафета түрлері. 

Ойынның мақсаты: командаға бөлініп, неше түрлі жаттығулар орындау арқылы өзара қимыл-қозғалыстарын үйлестіру,қимыл-қабілеттерін шыңдау. 

Эстафеталық ойындар сан алуан, бірақ оларды ұйымдастыруға қойылатын талап көбінесе біркелкі болады. 
Мәселен: 
-барлық эстафеталық ойындар екі немесе одан да көп крмандаға (сыныптағы оқушылардың санына қарай) бөілініп өткізіледі; 
-орындалатын жаттығулар барлық ойыншы үшін бірдей. Балалар ол жаттығуларды бірге бастап,бірге аяқтайды
-командалар өзара «Кім бұрын,кім мықты,кім бірінші» деп жарысады.Күш сынасады; 
-міндетті түрде жеңімпаз және жеңілген команда болады; 
-командадағы барлық ойыншылар жаттығуларды біркелкі дұрыс, жақсы орындағанда ғана жеңіске жетеді; 
-команда ойыншылары капитандарын тыңдап,ұйымшыл болып, ойын ережелерін дұрыс орындаулары шарт; 
-ойын барысынгда ойыншылар бір-бірімен ренжіспей,қайта көтермелеп, мадақтап, жеңіске жету үшін бар ықыластарын салып орындауға тырысса ғана жеңіске жетеді
-жеңілген кезде келесі жолы жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдерін жетілдіріп,жеңіске жетуге бар күш-қайраттарын салуға,бар кісідей әрекеттенуге келісіп,шешімге келіп отырылары қажет. 
Осы сияқты көптеген жағдайлар барлық эстафеталық ойындар үшін бірдей болғандықтан біз бірнеше эстафеталарды бір тақырыппен беріп отырмыз. 

1.Бір аяғын артқа бүгіп,оны бір қолымен ұстап секіріп жарысу; 
2.Бір тізені бүгіп, оны екі қолмен ұстап секіріп жарысу; 
3.Жүрелерінен отырып, тез жүріп жарысу; 
4.Төбелеріне кітап немесе басқа заттар қойып жүгіріп жарысу. 
5.Бір қолына су құйылған қасықты ұстап,жүгіріп жарысу; 
6.Алаңның бір шетіне тез жүгіріп барып,қайтарда жұмсақ төсеніштің үстінен бастан асып домалап,қайта жүгіріп жарысу; 
7.Белгіленген жерге дейін тез жүгіріп барып,солд жерде ине сабақтау, есеп шығару, жұмбақ шешу сияқты бір тапсырма орындап жарысу
8.Әр комададан екі бала шығып,біреуі қолмен жүріп,екіншісі оның аяқтарын көтере ұстап жүгіріп жарысу; 
9.Екі-екіден құшақтаса жүгіріп жарысу; 
10.Екі-екіден бір-біріне теріс қарап тұрып,қолдарын айқастыра жүгіріп жарысу; 
11.Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу; 
12.Қос аяқтап секіріп жарысу; 
13.Төрт аяқтап еңбектеп жүгіру; 
14.Жүрелеп отырып, бақаша секіріп жарысу. 

Жалауша. 

Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. 
Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 

Мазмұны. 

Сыныптағы балалар санау арқылы екі командаға бөлінеді.Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады.Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1 метрлік шеңбер сызылады.Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі.Жалаушаның қасында қолына ысқырық ұстаған ойын жүргізуші тұрады. 
Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады.Егер ала алса, ол ойыншы команда есебіне ьір ұпай қосады. 
Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болулары керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. 
Ойын осылай бірнеше рет жүріп,жеңіске жеткен команда анықталады. 

Ойынның ережесі. 

1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 
2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 
3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Ойын қызықты өту үшін командаларды бір түзудің бойына тұрғызу керек. Ойын жүргізуші етіп сабаққа қатыса алмайтын оқушыларды немесе арнаулы төрешілерді тағайындауға болады. 
Мұғалім ойын барысын сырттай бақылап тұрады. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Ұлдар мен қыздар өздерінің қимыл-қозғалыс ширақтықтарын анықтай алады. Өзара жарысуға мүмкіншілік туады. Араларындағы жүйрік, епті, айлакер баланы анықтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет