Ойыншылар қалауларынша екіге бөлініп, аралары 5-6 метр болатындай жерде бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әр жұпқа бір шығыршықтан беріледі.
Ойын бастауға белгі берілгеннен кейін ойыншылар қолдарындағы шығыршықты өздері жасай алатын әдіспен дөңгелетіп ойнай бастайды. Осылай 3-4 минут өткеннен кейін барлығы шығыршықты қарсы жақта тұрған ойыншыларға берулері шарт.
Олар ысқырықтың белгі беруімен екінші балаға шығыршықты дөңгелетеді. Ол шығыршықты құлатпай ұстап алуы керек. Кімде-кім шығыршықты ұстай алмай қалса, ол қатар тұрған ойыншылардың соңына барып тұрып, сол жерде ойынды әрі қарай жалғастырады.
Ойын осылай бір ғана жұп қалғанша жүргізіледі. Ойынның соңында бастапқы орнында тұрған екі ойыншы жеңімпаз деген атаққа ие болады.
Ойынның ережесі.
1. Ойын тек ысқырықпен басталады.
2. Барлық ойыншылар бір әдіспен шығыршықты домалатады.
3. Шығыршықты ұстау үшін ойыншының кез келген жағына бір ғана қадам жасауына болады.
4. Барлық ойыншылар бір қалыпта тұрады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Бір қатарда тұрған ойыншылардың аралары 2-3 метрден жақын болмауы қажет.Аралары жақын болса, бір-біріне кедергі жасайды.Бұл ойынды өткізбес бұрын сыныптағы ұлдар мен қыздарға үйде шығыршықпен жаттығу орындау тапсырылады.
Оқушылар шығыршықпен жаттығуларды жақсы орындап тапсырылады.
Оқушылар шығыршықпен жаттығуларды жақсы орындап үйренгеннен кейін көптеген ойындар мен эстафеталар өткізуге болады.
Ойынның педагогикалық маңызы.
Оқушы бүкіл денесімен бастаған қимылын қолмен бітіруге дағдыланады.Жалпы дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын дұрыс үйлестіруге,сараптап күш салуға үйренеді.Орындаған қимыл-әрекеттерін бір арнаулы бағытта орындауға жаттығады.Қимылдары ықшамды,икемді, тез болады.
Таяқша.
Ойынның мақсаты: қолындағы таяқшадан еңкейіп тез аттауға үйрету.
Керекті құралдар: төрт гимнастикалық таяқша,ысқырық.
Мазмұны.
Санау арқылы ойыншылар төрт командаға бөлінеді. Командалар аралары 3-4 метр қашықтықта бір-бір тізбек болып тұрады. Тізбектегі ойыншылардың аралары 1 метр. Әр командада бірінші тұрған ойыншы қолындағы таяқшаның екі шетінен ұстап, денесін сәл алға еңкейтіп тұрады.
Ойынның басталуына белгі берілген кезде олар екі аяғымен кезек және тез таяқшадан аттап өтіп, таяқшаны келесі ойыншыға береді. Ол келесі балаға береді, ойын осылай тізбектегі барлық ойыншылар таяқшадан аттап өткенше жалғасады.
Қай команда ойыншылары бұрын аттап бітсе, солар жеңіске жетеді. Ойын осылай 3-4 рет қайталанып, ойынның жалпы қорытындысы шығады.
Ойынның ережесі.
1. Ойыншылардың ара қашықтықтары бір метрден кем болмауы керек.
2. Таяқты екі қолмен ұстайды.
3. Таяқты артында тұрған балаға тек басынан асырып беру керек.
4. Ең соңғы бала таяқтан өте сала жүгіріп келіп, тізбектің алдына тұрып, қолын көтергенде ойын бітті деп саналады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ойынды арнаулы таяқша болмаған күнде табылған таяқтармен жүргізуге болады, бірақ ол баланың қолын жараламайтындай болғаны дұрыс.
Команданың саны ойынның жүргізілетін орны мен сыныптағы оқушылардың санына қарай өзгеріп отырады.
Ойынның педагогикалық маңызы.
Бала тік жүріп те, шапшаң және икемді қимыл-қозғалыста болмай-ақ тез еңкейіп, қолайсыз жағдайларда да аяқ-қол қимылдарын жылдам үйлестіріп әрекеттенуге дағдыланады.
Ойыншылар басқалардың қимыл-әрекеттерін мұқият қадағалап тұрып сонымен өзінің әрекетін сәйкестендіруге жаттығады.