Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойынды табиғи ортада, серуенге шыққанда ойнаса, өте қызықты өтеді. Ойынның ережелерін дұрыс сақтау үшін мұғалімнің бос тұрған оқушылар арасынан өзіне көмекшілер сайлап алғаны жөн.
Егер ойыншылар өзара келісіп, мұғалімнің басшылығынсыз ойнаса, онда сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы өте жоғарғы дәрежеде жетілген деп санауға болады.
Ойынның педагогикалық маңызы. Бұл ойын сыныптағы оқушылардың жалпы қимыл-қозғалыстарының дамып, жетілгендіктерін көрсетеді. Өз беттерімен ойын барысында сан алуан жағдайларға әрекеттенуге үйретеді. Ұйымшыл болып, бірігіп ортақ нәтижеге жетуге талпындырады.