17-18-19 аймақта көздің торлы қабығының проециясы орналасқан, яғни көрген ақпаратты талдауға жауап береді. 20-21 аймақ вестибулярлы анализатор орталығы болып табылады. 22 сезімдік сөйлеу мен тіл немесе Вернике орталығы орналасқан. 37 аймақ сөздерді, грамматиканы есте сақтауға жауап береді. 39 аймақ жазуға және терең сезімталдылыққа қатысады. 40 аймақ қиын әрі профессионалды қимылдарды іске асырады. 41-42 аймақ есту аймағы 43 аймақ дәм сезуге қатысады. 44 аймақ тілдің моторлы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. 45 аймақ музыкаға жауап береді. 46 бас пен көзді жан жаққа қозғалтуды басқарады. 47 аймақ көз бен басты бұру, мимика.