Ожж физиологиясы бойынша


есеп. Емханаға сопақша ми құрылымдарына қан кетуімен науқас түсті. Сұрақтар



бет7/12
Дата25.11.2022
өлшемі367,29 Kb.
#52585
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3 есеп.
Емханаға сопақша ми құрылымдарына қан кетуімен науқас түсті.
Сұрақтар:

  1. Сопақша мида орналасқан қандай негізгі орталықтарды білесіз?

Жауап: Сопақша мида жүрек соғысының жиілігіне, тыныс алу, қорғаныс және асқорытуға қатысатын орталықтар бар.



  1. Сопақша ми зақымдануының белгілері қандай?

Жауап: Тыныс алудың қиындауы , жүректің тез немесе баяу соғуы , құсу , лоқсу , қақалу , т.б. Егер эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса , балада бульбарлы паралич орын алады.

Сопақша мидің зақымдану қаупі қандай?


Жауап: Сопақша ми зақымданса , адам өліп кетуі мүмкін.


4 есеп.
Тәжірибеде жануардың ми қыртысын әлсіз электр тоғымен тітіркендіргенде дене мен аяқ-қолдың жеке бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады.
Сұрақтар:

  1. Ми қыртысының қай бөліктерін тітіркендірген?

Жауап: Алдыңғы орталық қатпарда моторлық аймақ тітіркендірілген.



  1. Бұл жағдайда қандай қозғалыс диапазоны байқалады (жеке бұлшықет талшықтары, бүтін бұлшық еттер, буындағы қимылдар)?

Жауап: Жеке бұлшықет талшықтарымен қатар, бүтін бұлшықеттер де қозғалысқа келеді.
Ми қыртысындағы аяқ өкілдігінің өлшемдері нені көрсетеді?
Жауап: Ми қыртысының моторлы аймағындағы аяқ өкілдігінің өлшемдері ми қыртысының нейрондарының аксондары мен аяқты нервтендіретін мотонейрондар арасындағы моносинапстық байланыспен түсіндіріледі.


5 есеп.
Қоянға жасалған тәжірибеде гипоталамустың, таламустың және ретикулярлық формацияның электрлік тітіркенуі ми қыртысының электрлік белсенділігіне тән өзгерістер тудырады.


Сұрақтар:

  1. Гипоталамусты тітіркендіргенде қандай өзгерістер байқалады?

Жауап: Гипоталамусты тітіркендіргенде ішкі секрециялық бездердің қызметі өзгеруі мүмкін.Гиперорагия, гипофагия, полидепсия да көрініс береді.



  1. Таламус тітіркенгенде қандай өзгерістер байқалады?

Жауап: Таламус тітіркенген кезде қозғалыс бұзылып , көру мен естуде де өзгерістер байқалатын болады.



  1. Торлы формация тітіркенуі кезінде қандай өзгерістер байқалады? Жауап: Торлы формация тітіркенсе , ми қыртысында альфа және бета толқындар пайда болып, ми қыртысының белсенділігі артады. Ал ұйқыдағы жануардыкін тітіркендірсе, ол оянып кетеді.



6 есеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет