1 есеп.
Тәжірибеде жануардың мишығын толық алып тастады.
Сұрақтар:
1. Бұл жануарда қандай мінез-құлық бұзылыстары байқалады?
Жауап: Мишығы толық алынып тасталған жануарда атаксия, астазия, астения, атония, дисиметрия, асинергия, адиадохокинез, дизартрия құбылыстары орын алады.
2. Мишық қандай қызметтер атқарады?
Жауап: Қимыл- қозғалысты үйлестіру , тепе-теңдік сақтау , сонымен қатар вегетативтік қызмет.
3. Мишық мидың қандай құрылымдарымен байланысты және осы байланыстардың функционалдық маңызы неде?
Жауап: Мишық мидың басқа құрылымдарымен өзінің аяқшалары арқылы байланысады. Осылар арқылы оған жұлыннан , торлы құрылымнан , вестибула ядролардан серпіністер келеді. Одан соң бұл серпіністерді мишық ары қарай ми қыртысна , қыртыс астылық ядроларға, қызыл ядроға жеткізеді.
2 есеп.
Эксперименталды жануарда ми бағанасын көлденең кескенде децеребрациялық сіресу күйі байқалады.
Сұрақтар:
Бұл күй қалай сипатталынадыі?
Жауап: Децеребрациялық сіресу кезінде жазылу еттері , қаңқа еттері қатайып қалады. Жануар жоғары созылып , басы қақшиып , құйрығы тік көтеріліп , жотасы да созылып кетеді.
Көрсетілген күйді алу үшін қандай құрылымдардың арасын кесу керек?
Жауап: Жұлын мен қызыл ядроны қосатын Манаков будағын кесіп тастаса сіресу жойылады. Себебі , ол кезде Дейтерс ядросы ғана жұлынға әсер етіп (бүгетін орталықты тежеп , жазатын орталықты қоздырады) кесілгенде әсер етеді.Сонымен қатар , жұлынның артқы түбіршігін кесіп тастаса да , децеребрациялық мелшию жойылады.
Децеребрациялық сіресу қандай механизмдерге негізделген?
Жауап: Қызыл ядро қаңқа орталықтарының тонусын реттейтін орталық болғандықтан , оған зақым келуі қаңқа еттерін қатайтып жібереді. Қызыл ядроның жұлынмен қосылатын жолы Манаков будағы деп аталады.Ол бүгетін орталықты қоздырып, жазатын орталықты тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: |