ОЖЖ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Тақырып: Организм қазметтерінің орталық реттелуі: ми бөлімдері мен құрылымдарының реттеуші қызметі. Қызметтердің ми қыртысындағы орналасуы. ОЖЖ интеграциялық қызметі. ОЖЖ-гі тежелу. Балалардағы ОЖЖ қызметінің ерекшеліктері.
ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:
№1 тапсырма. Мидың негізгі құрылымдарының қызметтерін кесте түрінде келтіріңіз.
Құрылым
|
Негізгі қызметтері
|
Сопақша ми
|
Тыныс алу, қан тамырларын тарылтып кеңітуге, жүрек соғуының жиілігіне, қорғаныс және ас қорыту рефлекстеріне қатысады.
|
Мишық
|
Тепе- теңдік сақтау, қимыл әрекеттерді үйлестіру.
|
Вароли көпірі
|
Жүйке серпіністерін өткізу, көлденең жолақты еттерді ширықтыру, ұйқу және ояну циклин, дем шығару үрдістерін реттеу.
|
Ортаңғы ми
|
Төрт төмпешік: Алдыңғы төмпешігі көру рефлексіне,артқы төмпешігі естуге және сақтық рефлекстерін жүзеге асырады.
Қызыл ядро: Қаңқа еттерінің тонусын реттейді.
Қара зат: Саусақтардың нәзік қимылын үйлестіру, шайнау жұту рефлекстеріне қатысады.
Торлы құрылым: Ми қыртысының қызметін күшейтеді.
|
Аралық ми
|
Таламус:нерв импульстерін өткізу , қимылды реттеу.
Гипоталамус:мотивация тудыру , гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерін реттеу.
|
Лимбиялық жүйе
|
Барлық вегетативтік қызметтердің реттелуіне, мотивацияның, эмоцияның, мінез реакцияларының қалыптасуына, зерде механизмдеріне қатысады.
|
Мы қыртысы
|
Ежелгі қыртыс: иісті қабылдау
Ескі қыртыс: вегетативтік әрекет, қорғаныс, жынысты, тағам рефлекстерін реттеу.
Жаңа қыртыс: ойлау, сөйлеу, пікір тудыру, қиялдау, сыртқы ортаға бейімделу, т.б
|
№2 тапсырма. Мишықтың функционалдық жағдайын бағалаңыз.
Мишық келесі негізгі функцияларды орындайды: дене тұрысының және бұлшықет тонусының реттелуі; баяу, мақсатты қозғалыстарды түзету және оларды қалыпты дене тұрысын сақтау рефлекстерімен үйлестіру; қимылдардың жалпы бағдарламасының құрылымында ми қыртысының командалары бойынша жылдам, мақсатты қозғалыстарды дұрыс орындау; вегетативті функцияларды реттеуге қатысу.
Мишық зақымдалғанда келесі негізгі белгілерді байқауға болады:
1. Люциани триадасы: атония, астазия, астения.
2. Шарко үштігі: нистагм, инерциялық діріл, ұранмен сөйлеу.
3. Атаксия - қозғалыстарды үйлестіру механизмі бұзылған.
4. Дисметрия - шамадан тыс немесе жеткіліксіз қозғалыста көрінетін қозғалыс біртектілігінің бұзылуы.
5. Дизартрия - сөйлеу моторикасын ұйымдастырудың бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |