Ожж физиологиясы бойынша


Науқаста қарашық рефлекстерінің өзгергені байқалады. Қарашық рефлекстері қандай мақсатта анықталады?



бет8/12
Дата25.11.2022
өлшемі367,29 Kb.
#52585
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тоқтар Аяжан сроп

Науқаста қарашық рефлекстерінің өзгергені байқалады. Қарашық рефлекстері қандай мақсатта анықталады?
Жауап: Қалыпты жағдайда жарық түскен кезде қарашық тарылады. Қарашықтың жарыққа әсер етпеуі , қарашық рефлексінің бұзылғанын, ОЖЖ зақымданғанын көрсетеді.
Қарашықтың тарылуы немесе миоз кезінде көздің торлы қабығына жарық түскен кезде онда қозу процесі жүреді. Ол импульстарын көру жүйкесі арқылы төрт төмпешіктің алдыңғы төмпешігіне , одан көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросына жібереді. Көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросы өз кезегінде көз қарашығын тарылтатын сфинк бұлшықеттеріне әсер етеді де , көздің қарашығы тарылады.

БӨӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1 тапсырма. «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясы бойынша бағдарламамен жұмыс жасау. (Орыс тілінде орындаңыздар).



А. Жұлын рефлекстерінің орталық тежелуі - (Сеченов И.М. тәжірибесі)
Виртуалды физиологиялық эксперимент




Мақсаты: орталық тежелу құбылысын бақылау.
Жабдықтар: компьютер, «LuPraFi-Sim» жүйке жұйесінің виртуалды физиологиясына арналған бағдарламасы.
Жұмыс барысы: «LuPraFi-Sim» жүйке жүйесінің интерактивті физиологиясына арналған бағдарламаны қолдана отырып, виртуалды режимде Сеченов тәжиребесін орындаңыз.
Жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған ұсыныстар: эксперименттің әр түрлі жағдайындағы рефлекстік уақытты анықтаңыз, бақылау нәтижелерін жазыңыз.Орталық тежелу механизмін түсіндіріңіз.


Жұмыс нәтижелері: Көлбақаның аяғына электрлі тітіркендіргіш қойғанда , рефлекторлы реакция байқалады. Ал оның миын көру төмпешігінен жоғарырақ кесіп тастап , үстіне бірнеше тұз кристалдарын қойғанда рефлекторлы реакция байқалмайды. Бірақ , біраздан соң тұз криссталдарын Рингер ерітіндісімен жуып тастап , қайтадан электрлі тітітркендіргішпен әсер еткенде рефлекторлы реакция байқалды. Яғни, орталықта тұз кристаллының әсерінен тежелу болып , ол шеткі ағзалардың да қызметін тежеп тұр .


Қорытынды: Көлбақаның орталық жүйке жүйесінде нейрондарды біз тұз кристаллы арқылы қоздырып , шеткі ағзалардың қызметін күшейтіп , олардағы тежелу қозу үрдісін тоқтатып , қозудың тууына кедергі жасайды. Бірақ , біз тұз кристаллын Рингер ерітіндісімен шайып тастаған соң нейрондарда зат алмасуы бастапқы қалпына келіп , нейрондар қызметі дұрысталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет